Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет



бет3/9
Дата15.09.2017
өлшемі2,78 Mb.
#32745
1   2   3   4   5   6   7   8   9

56
стратегиялық жоспарлауға барлық ресурс түрімен қамтамасыз етуге және кадрлар квалификациясына жауап беретін дамыту тобы;

жоспарды орындауға және барлық жоба қызметінің соңғы нәтижесіне жауапкершілік жүктелетін топ.



Өнімді басқару құрылымында бағдарламаны басқару үшін арнайы орган құрылады. Бұл вариантта басшыға жұмыстың сапалы болуына және мерзімінде орындалуына жауапкершілік міндеті беріледі. Бұл құрылымда ірі фирмаларда нақты өнім түріне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік бар. Және сондай-ақ, бұл құрылым кезінде қандайда бір өнім немесе қызмет өндірісі және оны өткізудегі басшылық жөніндегі өкілеттілік сол берілген өнім типіне жауапты болып табылатын бір басшыға беріледі.

Функционалды — обьектілі басқару құрылымы функционалды бәлімшелерде өздеріне бекітілген функционалды міндеттері бар квалификациялы мамандар санына үнемі осы функционалды міндеттеріне қоса, сол бөлімшелерде нақты жұмысқа немесе обьектіге басшылық етуге мамандар таңдалады. Бөлім ішінде сол міндеттер, сол маманға ғана бекітілген функция емес, сонымен қатар басқа да сұрақтарға байланысты жұмыстарға жауапты адам, демек, басшы болып келеді. Олар берілген тапсырысты орындауға байланысты функционалды орындаушылармен қарым-қатынаста болып және оларды басқарып отырады.

Бейімделетін басқару құрылымы бағдарлама бөлімі және өндіруді ҚҮРУДан тұрады. Соңғы функциясына стратегиялық жоспардың °Рьіндалуын, жоспарлы өнімдердің өндірісін және оның орындалуын, Қамтамасыз етеді.

Мәселелерді шешуге бағытталған басқару құрылымы. Бұл еРикан ғалымы Стенли Янкпен жасалынған және онымен УРУХананы басқаруға қолданылған. Оның басқа құрылымдардан


57

ерекшелігі бар. Басқару негізінде Янк мәселелерді іиеиіу процесіңде оны он жікке бөледі, осы кезендерге байланысты басқару Құрыльімы құрылған.

Нарық принциптеріне байланысты ұйымдастырылған басқару құрылымы да американ ғалымы Дж. Форретормен ұсынылғаң . Ол басқа басқару құрылымының негізі болатын " басшы-бағыныщты" байланысьш бұзып, басқару құрылымын құруда басқаша жұмыс істеген. Бұл байланыс таза экономикалық қатынаспен сату — сатып алумен алмастырылады. Фирмада коммерциялық есептеу орталығы құрылып, монополияны жою керек деген, өйткені, автор бәсекелесті тиімділікке жету және прогресстің негізі деп санаған.

Дивизионды басқару к,үрылымының негізгі белгісі бөлім құруда дифференция принциптерінің көптігінде.

Бұдан басқада бірнеше басқару құрылым түрлері бар. Сондықтан біз бастапқы үш негізгі құрылымға тоқталамыз. Оны бастамай тұрып, біз мыналарды да білуіміз қажет.

Басқару пирамидасы

Басқару пирамидасы — бұл басқару деңгейіне байланысты еңбек өнімділігі мен жұмысшылар санының графикалық иллюстрациясы.

Құрылым — элементтер жүйесі арасындағы жиынтық байланыс.

Басқару құрылымын таңдай отырып, нені білу қажет?



Құрылымның оңтайлы белгілері:

  1. Жоғары квалификацияланған персоналы бар аздаған бөлімшелер {үлкен емес бөлімшелер);

  2. Басшылар деңгейінің аздаған көлемі; ' ч

  3. Құрылымдағы нақтылы маманданған топтар;

  4. Тұтынушылардың нысаналық графиктік жұмысы;

  5. Өзгерістерге жылдам көңіл аудара беру;

  6. Ең төменгі шығындар.

Әсер етуші факторлар:

1.

Технология;

2.

Сыртқы орта;

3.

Кәсіпорынның көлемі;

4.

Бизнес стратегиясы;

5.

Персоналы бар болуы;

6.

Шешім жүйесі;

7.

Қалыптасқан құрылым.

Жиынтық қорытындыларының барлық түрінің іс-әрекеті, қорытындының қарапайым сомасының әр қайсысын жеке алғандағысынан жоғары.


Сурет 6. Басқару құрылымдарын функция бойынша бөлу





сУрет 7. Өнім бойынша бөлу
Сурет 8. Тұтынушылар бойынша бөлу.

Осы басқару құрылымына Генри Минцбергтің де еңбегі сіңген. Оның бес түрлі құрылымы берілген:



  1. Қарапайым құрылым (ұлкен емес кішірек штат, көмекші қызмет және 1-2 деңгейде басқару).

  2. Машиналы бюрократия (стандартты процесс, жоғарғы үкіметті орталықгандыру, нақты бюрократизация);

  3. Мамандар бюрократиясы (жеке және жоғары маман жұмысшыларының жиыны);

  4. Дивизионды құрылым ;

  5. "АДНОС" - партия — (қатаң функционалды және икемді өндіру құрылымының жиыны)

Басқару құрылымының негізгі типтерінің кемшіліктері мен артыкдіылъщтары.

1. Сызьщты ңұрылым.

Әр өндірістерде немесе басқару бөлімдерінде барлық міндеттерА1 орындайтын, оған қарасты жұмысшыларды бір өзі басқаратын жәяе басқару функциясының барлығын өз қолында қамтитын басШ61

тұрғысында болады. Оның шешімдері "жоғарыдан төмен" тізбегі арқылы беріледі және төменгі буындарда орындалуы тиіс. Осы негізде басқару жүйесінде басшылар иерархиясы құрылады. Мысалы, инженер, цех бастығы, кәсіпорын директоры т.б. Кейбір мамандар, сызықтық, функционалдық бөлімдері басшыға ақпаратты өндеуде, шығарушылық қызметті талдауда, басқарушылық шешімдерді дайындауда, олардың орындарын бақылауда көмектеседі.

Сызықтық басқару құрылымының артықшылықтары:



  • қарым-қатынас арасындағы нақты байланыс жүйесі;

  • нақты берілген жауапкершілік, тікелей бұйрыққа жылдам жауап беруі;

  • біркелкі және нақты басқарушылығы;

  • орындаушылардың әрекеттерінің келісімділігі;

  • басшының өз бөлімінің қызметінің нәтижесіне жауапкершілігінің жоғарылауы;

  • шешім қабылдаудың оперативтілігі.

Сызықты басқару құрылымының кемшіліктері:

  • дайындық пен жоспарлауды шешуде буындардың қатыспауы;

  • ^басшыға жоғары талаптар қойып, барлық басқару

функциясынан жан-жақты білім мен тәжірибе алуынан, басқарып отырған бөлімінің масштабын қысқартып және басшыға оны тиімді басқару мүмкіндігінен айыру;

  • ақпараттың мүмкіндігінен айыру;

  • ақпаратқа үлкен салмақ түсіру;

жоғары деңгейдегі менеджерлерге қойылған талаптар; жоғары, төмен сатыдағылармен және басқа ұйымдармен кездесулердің көп болуы.

Сызықтық құрылым қиын емес өндірістік орындайтын шағын әне орта фирмаларда қолданылады. Сызықтық басқару

құрылымының схема түріндегі көрінісін төменде көруге бі (Сурет 9).







Сурет 9. Сызықтық құрылым.

2. Функционалды басқару қүрылымы.

Функционалды ұйымдастыру схемасы орта компанияларда кеңінен қолданылады. Барлық басқару деңгейіндегі нақты функцияларды орындау үшін бөлімшелерді құруды талап етеді.

Президент (бас басқарушы), бухгалтер, шығаратын орталық, жоспарлы-экономикалық бөлім, өндіріс бөлімшелері, функционалды департаментализация - бұл ұйымды бөлек элементгерге бөлу процессі.

Оның әрқайсысының анықталған нақты тапсырмалары мен міндеттері болады.

Функционалды құрылым құру олардың кең көлемді мәселелерді орындауына байланысты персоналдық топталуына әкеледі.



Функционалды департаментализация да ұйым нақты сызылған мәселелері бар блоктарға бөлінеді (Сурет 10).


Сурет 10. Функционалды құрылым.

Компаниялардың дәстүрлі функционалды блоктары — бұл өндіріс, маркетинг, қаржы бөлімдері.

Бұл ұйымның мақсатына жетуде кең көлемде қамтамасыз ететін ӘР компаниялардың қызметтері мен функциялары бар. Бірақ бұл бөлімдердің аттары кәсіпкерлік қызмет бағытының маңызды Функцияларында дұрыс сипатталмайды, әсіресе қызмет көрсеіу саласында. Мысалы, авияция ештеме өндірмейтін қызмет саласы. Сондықтан оларда функционалды бөлімдер жай эксплуатациялық

қаржы бөлімдері деп аталады. Егер ұйымнынң мөлшері үлкен болса


онда негізгі функционалды бөлімдерді ұсақ функционалды бөлімдерГе
бөлуге болады. Ол қайталама немесе өндірістік (производный) деп
аталады

Функционалды басқару құрылымының артықшылығы:



  • сызықты менеджерлерді кейбір маман сұрақтарын, шешуден
    басталады, тәжірибелі мамандардың кеңес беру жұмысын орындау
    үшін қолайды;

  • кең профилді мамандардың тұтынушылығын төмендетеді.

Кемшіліктері:

  • әртүрлі функционалды қызметтер арасындағы байланыстың
    әрдайым тұрақты болмауы, шешім қабылдаудағы ұзақ процедуралар;

қарым-қатынастағы құрылым иеархиясы; фунісционалды
қызмет жүмыскерлері мен фирманың өндірістік бөлімі арасындағы
түсініспеушілік пен бірліктің болмауы;

  • қарым-қатынастардың қиындауы;

  • үйлесімділіктің қиындауы;

  • қажетті уақытта орталықтандыру тенденциясы пайда болады.

Әуе компаниясы туралы мысалды жалғастырсақ,

эксплуатациялық бөлімге инженерлік-техникалық демек, тек қызмет


көрсету жатады. Мұндағы негізгі ой мамандандырудыҢ
артықшылығын максималды қолданып, басшылыққа ауыртпалық;
түсірмеу. Бұл жерде бір нәрсені байқау керек, яғни берілген бөлімніЧ
мақсаты жалпы ұйымның мақсатынан жоғары болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет