Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет106/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
216 
«Жыл мойыны жақын ба» деп дәме қылысып еді... Көкек аяқтап, мамырға да 
тақадық. Бірақ ақпан-қаңтардай боп әлі қақап тұр. Енді не қалды? - деп, 
Базаралы түңіліп отыр. 
- Қырылып жатқан қой ғой. Ал, мына ірі қара жағы қалай? Шыңғыста одан 
үміт бар ма екен? - деп Жиренше тым құрса, өзге малдың аман қалары болар ма 
екен деп еді. 
Тобықтының малы жылқы мен қой емес пе? Ірі қара дегенде сиыр болса
ол кесел қойдан да жаман екен... Түйе де жұтқа осал неме ғой... әйтеуір қолдағы 
малдың аманы болмас!.. - деді Базаралы. 
Шай үсті мен барлық осы іңірде жігіттердің әңгімесі елдің бүгінгі қысталаң 
халы туралы болды. Мал жұты ғана емес. Көпшілік, кедей көпшіліктің 
ашаршылыққа ұшырай бастағаны да білініпті. Соғымы тәуір ауқатты ауылдарға 
Шыңғыс ішінде ас-су іздеп шұбыра бастаған нашарларды да Базаралы көріпті. 
Мұндайлардың алды осы Жидебайға, Абайдың шешелерінің үйіне де келіп 
жатқан. Бірер асым ет, бидай, тары болса сұрастырып, көмек әкетіп жатқан 
кемпір-шалдар бар-ды. 
«Жұттан аман қалар ел бар ма? Қазірде тың тұяқ тұрған кімдер?» дескен 
уақытта, Базаралы: 
- Ат төбеліндей аз ауылдар аман болар. Ырғызбай, Көтібақ, Жігітек, 
Бөкенші ішінде жақсы қыстау алып, жерді мол басқан ауылдар әзір қысылған 
жоқ, - деді. 
- Әсіресе Ырғызбай іші аман. Қыстаулық жері сайлы. Күзден алған пішені 
де бар, - деп, Ербол жаңадан өзі көрген жайларын айта бастады. 
Бағанадан бері үнсіз ойланып отырған Абай: 
- Жалғыз Ырғызбайдың амандығы кімге медеу, кімге дәрі? - деді. 
Базаралы Абайдың бұл сөзін ұнатып қалды. 
- Әйтеуір күші бардық күйі бар болады екен. Күнекең әперген жер 
Ырғызбайды сақтайтын көрінеді ғой! 
Абай қабағын түйіп, жалт етіп Базаралыға қарап: 
- Тәңір-ай, тартып алып жетіскеннің несі сөз? Ырғызбайдың иемденіп 
отырғаны жер ме? Көрінеу көздін жасы емес пе? 
Асылбек пен Жиренше Абайдың мынау ашық сынына қатты сүйсініп, 
күліп жіберді. 
- Япырай, Абайжан-ай, көптің көңілінде жүрсе де, аузы бармайтын сөзін 
өзің айттың-ау! - деп, бағанадан бері уайыммен отырған Базаралы да жадырап 
қалды. 
Бұл жігіттер Абайдың әр жайдан шындасып сырласатын досы есепті. 
Әсіресе, Ербол бес-алты жылдан бері Абайдан айырылмайтын үзеңгі жолдасы 
боп алған. Сол арқылы Жиренше, Асылбек те Абаймен әбден жақындасып, 
қысы-жазы көп араласа беретін. Құнанбай болса, Абайдың дәл осы жігіттермен 
достығын сүймейтін. Сырттан бірнеше рет қатты сөйлеп: 
- Ылғи кешегі жау ауылдардың бөлтіріктерін жиып апты. Дос тапқан екен! 
- деп тыжыртып, жақтырмай жүретін. 
Бірақ Абай өзі әке мінездерін сынағыш болғаннан бері, сол әкеден қорлық 
көрген елдің қай-қайсысының болса да, сөз ұғар деген адамдарымен сырласа 


 
217 
сөйлесе, әке мінездері, ел күйі, көптің мұңы сияқтыны толық ұғынып, кең 
түсіне бастаған. 
Абайдан екі-үш жастай үлкен болса да, Жиренше, Ербол, Асылбектер бұл 
кезде әбден жақын құрбы-құрдастай боп ап, өз маңдарындағы үлкеннен, кәрі-
құртаңнан есіткен шер уайымды да ірікпей айтып келе беретін. 
Жалғыз-ақ мұндай бел шешісіп кеңескен сөздеріне Базаралы бұрын көп 
араласқан жоқ-ты. Ол өзі осы жұттың бұл өңірдің еліне аса қатты тиетін бір 
себебі Кұнанбайдан деп білетін. Жол бойы көріп келді. Кұнанбай оң қараған 
жуан ауылдар Ырғызбай ішіне малдарын айдап апарып, сонда жан сақтап 
жатыр. Ал, Кұнанбай адам деп санамайтын аз ата, сансыз атсыз көпшілік болса, 
малы қайда барарын, басы қайда қаларын білмей сеңдей соғылып жүр. 
Өз ішіне талай түрлі ызалы, наразы ойлар жиса да, Базаралы әлі ешкімге 
тіс жарып айтқан жоқ-ты. 
Енді Абайдан жаңағы сөзді есіткен соң шешіле түсті. Көп ауыртпалықтың 
түп тамырларын қазбалап кеп: 
- Көпшілік сорлы ғой. Санда бар да санатта жоқ. Егесте сойыл соғар, еседе 
құм қабар. Атаусыз, жоқтаусыз кеткені ғой. Бүгін міне, аппақ сүйек боп 
қырылғалы отыр. Кешегі «жақсы», «басшы» дегендерің қайсысының 
қабырғасы қайысар екен?.. Көрерсіңдер ертең! Кім қынжылар, кім болысар 
екен! - деді. 
Абай Базаралының өзгеден бөлек мынандай қамқор ойларына ішінен таң 
қалды. Жалғыз жүрсе де, Базаралы ел дауын шешен қып айтып, түкпірлеп 
ойлап жүрген сияқты. Өзі батыр бейнелі, өзі әнші, шешен Базаралы үлкендер 
сынынша бір тентек, сотқар көрінуші еді. Жалғыз жайылған сыйымсыз. 
Аузының дуасы жоқ. Ащы тілдің тыйымсызы боп аталатын. Қазірде Абай 
байқаса, мына Базаралы ол емес. 
Жұрт жайын ойлап жабырқау тартқан жастарға Базаралы: 
- Жігіт болсаң, жігерің болса, мынау шұбырған елге пана болыңдар. Малың 
аманда, жаның сақта... Әншейін-де есе бермесе ең болмаса осындай қысылған 
күнде артығынан үлессін... Жерінен жайылыс берсін. Қыстау қорығынан пана 
берсін көпке! Үлеске салсын жиған қорын. Елден ерек аман қалған Күнекең, 
Байсал, Байдалы, Сүйіндіктер мен тұтас Ырғызбай кімге тұлға болады? Бар ел 
жүген ұстап қалып, аштан шұбыратын күн болса тіпті оларды аман да 
отырғызбайды. Жер мекеніне босып кетуден бұрын, ең әуелі осылардың өзінде 
барды ұйпап кетпей тұра ма? Мұны ап-аман қойып, өздері ауған қояндай құр 
жосып кетсе, оның тіпті елдігі қайсы? Қысқасы, ел кетпейді! Кетсе, тек 
кетпейді! - деді. 
Бұл сөздері барлық жиынды қатты ойландырды. Асылбек, Базаралы 
дауының кейбір жерін теріс деп білген. 
Жұт деген киіз туырлықты қазақтың атам заманнан бергі зәулісі емес пе? 
Жалғыз бүгінгі күннің адамынан боп отыр ма? Сыңар езу кетіп, бір-ақ жаққа 
салмақ сап отырсың... Осының оғат! - деді. 
Базаралы дауласайын деген ойда емес. Көңіліндегі өзі ұғынған наразылық 
бетінен қайтқан жоқ. Асылбектің сөздерін: «Әкең Сүйіндіктен келе жатқан 
жалтақтық кой!» деп, жақтырмай тыңдады. Асылбекке ажырая қарап, басын 
изеп қоя салды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет