Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет16/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Шығыс елдеріндегі идеологиялық өмір.

  2. Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің өзара әсерлесуі мен өзара әрекеттілігі.

  3. Әдебиеттің демократиялық бағыты.

  4. Тибеттік және моңғолдық әдеби дәстүрлер.



XYIII ғасырдағы Еуропа әдебиеті
XYIII ғ. әлем әдебиеті дамуындағы ерекше кезең болып табы­ла­ды. Әлем­нің көп бөлігін­де феодалдық тәртіп сақталып, ортаға­сырлық мәдениет айтар­лық­­тай өзгере қоймай, Батыс Еу­ро­пада үш ғасыр бұрын басталған капиталистік даму өз жалғасын табады.

XYII ғ. болған Англиядағы өндірістік төңкеріс капитализмнің дамуын тез­де­теді. Ал Фран­цияда XYIII ғ. алдағы ұлы француз бур­жуа­зиялық төңкерісіне дайын­­дық кезең болатын.

XYIII ғ. Еуропа әдебиеті тарихында әдебиет саласындағы түрлі жаңалық­тар арқылы та­ны­мал болған. Ғасырдың бірінші жарты­сын­да Англия, Франция, Германия, Дания әдебиет­те­рінде маңызды өзгеріс­тер байқалды. Атал­ған елдерде өзгерістердің бағыты, ақын­дар мен жа­зу­шылардың эстетикалық тал­ғам­дары мен талаптары ұқсас болатын. Ғасырдың екінші жар­ты­сында Оңтүс­тік, Солтүстік және Шығыс Еуропа әдебиеттері бір арнада тоғысады. Деген­мен ағартушылық кезең әдебиетінің көркем сипаттары осындай ауқым­ды аймақ­тағы түрлі ұлттардың ерекшеліктеріне байланысты біркел­кі болмайды. Қоғамдық жағдайлар мен ағар­ту­шы­лық жұмыстардың ұлттық сипатты Англия­да жарық көрген «Робинзон Крузо» мен «Памела», ал Ресейде «Ақымақ бозбала», «Петербургтан Мәскеуге саяхат» сияқты кітап­тардың пайда болуы­мен түсіндіріледі.

XYIII ғ. Еуропада «ақыл-ой ғасыры» деп аталады. Батыс Еуропа­дағы ағартушылық кезеңнің басы оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» (1691 ж.) деген негізгі еңбегі жарыққа шықан кезбен сәйкес келеді десек болады. Джон Локк осы еңбегінде XYIII ғ. үлкен маңызға ие болған мәселе­лерді қозғап, оның бұл туындысы түрлі бағыттағы жазушылардың шығармашы­лығына, ғалымдардың дүниетанымы мен ойлау жүйесіне айтарлықтай әсер етеді.

XYIII ғ. екінші жартысында Еуропа елдерінде сентимантализм деп атала­тын жаңа әдеби бағыт дүниеге келеді. Осылайша, еуропа­лық ағартушылар өздері­нің адам туралы түсінік­те­рінде арнайы қағидаларға сүйенеді. Сол кездегі әдебиет те осындай қағидаларға негізделіп, оған қарсы келетін өмірдің барлық тұстарынан бас тартады. Бұл тұтастық түрлі шығарма­шы­лық бағыттағы (оның ішінде классицизм мен сентиментализм) ағартушыларды бір арнаға біріктіреді.

Еуропаның барлық елдерінде жаңа мазмұн мен жаңа форма­дағы шығарма­ларды дүниеге әкеліп, әдебиетке жаңаша көзқараспен қараған жазушылардың жаңа толқыны пайда болады. Әдебиет қоғамды қайта қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылып, осы арқылы XYII ғ. әдебиеттен ерекшеленеді. Көптеген жазушылар қоғамдық ойларды батыл әрі ашық жеткізе­тін халық жаршыларына айна­лады. Қайта өрлеу дәуірінде Петрарканың стилистикалық тә­сіл­­­дері мен поэтикалық тіліне еліктеп өлең жазған ақындарды петраркашылар десе, Вольтер­дің феодалдар мен шіркеу обуску­рант­­та­­рына деген жеккөруші­лігін уағыздап, тіпті қолына қалам ұстама­ған­дарды да вольтершілер деп атаған.



Вольтер (1694-1778) Парижде дүниеге келеді. Шын есімі Франсуа-Мари Аруэ (Вольтер - әдебиеттегі лақап аты). Ол дворян­дық ортадан шықпаса да, әкесі ауқатты буржуа болады. Вольтер Ұлы Людовиктің иезуттік колледж-аристократтық училищесінде білі­мін алған.

Вольтердің оппозиция­лық көңіл-күйі «Эдип» трагедиясында көрініс тауып, Руанада жасырын жазылған «Лига» поэмасында анық көрінеді. Халық арасында кең таралған Вольтердің поэмасы аз уақыттың ішінде үлкен құрмет пен жетістікке ие болады. Ол Фран­ция­ның әйгілі ақыны ретінде аты шығады. Бірақ қарапайым, үлкен талант иесі Отан алдындағы осындай дәрежесіне қарамастан, ақсүйек­тердің тіміскі әрекетте­рі­нен құтыла ал­май­ды.

Вольтер тарих, математика, философия туралы еңбектер, трагедиялар мен комедиялар жазған. Ол әйгілі «Орлеандық қыз» сатиралық поэмасын жарыққа шығарып, осы жылдары «Ма­га­мет» (1742) пен «Меропа» (1743) трагедияларын, «Қаңғыбас бала» (1736) мен «Нани­на» (1749) комедияларын, «Задиг» (1748) философиялық повесін, ал 1758 ж. өзінің әйгілі «Кандид және Оптимизм» атты повесін жазады.

Батыс елдерінде орын алған ұлттық даму түрлі дәрежеде болғаны­мен, ортақ бағыттарды да байқауға болады. XYIII ғ. орын алған ерекше құбы­лыс феодалдық құрылысқа қарсы идеологиялық қозғалыстар алдыңғы шепке шығып, жалпыға ортақ сипатқа ие болуы еді. Көп­те­ген еуропалық елдердегі әдебиеттің даму қарқынын анық­таған күшті қозғалыс (ағар­тушылық) пайда болып, антифеодалдық көзқарастар жүйесі қалыптасады.

Әдебиет ешқашан «Бақыт туралы ғылым» және адамзаттың экономикалық жетістігі ретінде өмірдің барлық тұстарын қамтитын философиямен тығыз әрі үйлесімді байланысқа түспеген еді. «Адамзат табиғаты» туралы мәселелер философтардың трактат­тары­мен қатар поэма, романдар мен пьесалардың беттерінде де қарастырыла бастайды. Философия­лық тұжырымдар ағартушы­лардың көркем шығармаларындағы кейіпкерлер арқылы талқыланып қана қоймай, шығарманың негізгі мақсатына айналады. Мысалы, «Кандид немес оптимизм» деп аталатын повесте Вольтер мен Лейбниц айтысқа түссе, «Том Джонс» шығармасында Филдинг Шефтсберидің идеяларын жоққа шығарады, ал «Тристрам Шенд» туындысында Стерн Джон Локкты әзілмен сынға алады.

Лоренс Стерн (1713-1768). Кембридж университетін бітірген Стерн, Йоркширде дінба­сылық қызметіне ие болып, өмірінің үлкен бөлігін сонда өткізеді. Оның «Сентименталды саяхат» кітабында кездесетін дінбасы Йорик Стерннің автопортреті болып табылады. Жалпы Стерннің «Өмір мен Тристрам Шендидің пікірі» және «Сентименталды саяхат» атты екі кітабы танымал болады. Байрон, Теккерей, Ш. Бронте сияқты ұлы тұлғалардың тарапынан бұл шығармалар үлкен сынға ұшарағанымен, Гейне мен Толстойдың тарапынан қолдау табады. Оның «Сентименталдық саяхат» атты кітабы 1768 ж. екі том болып шыққан. Бірақ бұл кітап аяқталмай жатып автор жарық дүниемен қош айтысады. Бұл шығарма Стерн­нің автопортреті, ал шығарманың бас кейіпкері Йорик сезімтал саяхатшы, оны елдердің ұлттық ерекшеліктері емес, адамдар­дың адамгершілігі ғана қызықтырады. Оның шығармалары арқылы Стерннің өз заманының ұлы жазушысы болғанын көре аламыз.

XYIII ғ. ағартушылық эсселер мазмұны жағынан да, формасы жағы­­­нан да ауқымды болып, үлкен сұранысқа ие болады. Аталған жанр елде болып жатқан жағадайға тез бейім­деліп, онда сыни мақа­ла­лар, публицистикалық памфлет, тіпті ағартушылық романдардың бастапқы үлгілері де болған.



Дидро (1713-1784). 1713 ж. Францияның ескі қаласы Ланграда дүниеге келеді. Оның әкесі қолөнерші болып, отбасындағы пышақ жасау өнері атадан балаға беріліп отырған. Отбасы ауқатты болады, сондықтан Дени Дидро астананың ең жақсы мектебінде білім алып, Париждің Гаркур колледжінде өз білімін жалғастырады. Әкесі ұлының өз нұсқауларын орындап, дін қызмет­ші­сі бол­мағаны үшін материалдық қолғабыс беруден бас тартады.

1746 ж. оның «Философиялық ойлар» атты еңбегі жарыққа шығып, Париждік соттың үкімімен бұл шығарма жендеттер арқылы отқа жағылады. 1749 ж. Дидро өзінің атеистік «Со­қыр­лар туралы хат» атты шығармасы үшін 100 күнге Венсен сарайындағы түрмеге қамауға алынады.

1746 ж. Лебретон баспасы үлкен ғылыми сөздік шығару ниеті­мен оны «Энциклопедия» редакторы ретінде қызмет істеуге шақы­ра­ды. Дидро осындай кішкентай ойды үлкен ғылыми-мәдени және саяси маңызы бар іс-шараға айналдырады. Ол барлық француз ағартушы­ла­рымен біріге отырып, көптеген қиындықтар мен өткір сындарға қарамастан, өмірінің соңына дейін ұлттық маңы­зы бар монументалды шығарма жасап шығарады. «Энциклопедия» 30 жыл көлемінде құрастырылады. Ол «Энциклопедияға» мыңға жуық мақа­ла жазған. Бірақ 1759 ж. 3 қыр­күйек­те ХІІІ Климент бұйры­ғымен энциклопедияны жағуға үкім шығарылады.

Дидро материализм мен атеизмнің ұстанымдары бойынша өмір сүріп, материалистік принциптер айқын көрінетін «Табиғат пен философиялық принциптерді түсіндіретін ойлар» (1754), «Д’Аламбер мен Дидроның әңгімесі», «Д’Аламбердің түсі», (1769), «Физиологияның элементтері» (1774-1780) атты философиялық шығармаларды да жазады.

Дидроның көркем таланты драматургияда емес, прозаикалық новеллары­нан да көрінеді. К. Маркс Дидроның «Рамоның жиені» атты повестін оқып таң қалса, Энгельс оған «Диалек­тиканың жоғар­ғы көрінісі» деген баға береді. Бұл шығармада ұшқыр ойлы адамның әңгімесі жайында айтылады, олардың бірі (автордың өзі) кедей, байларды жек көретін, бірақ жоғары адамгершілік қасиеттердің иесі, адамзаттың иделы ретінде суреттелсе, екіншісі (Рамоның жиені) өзінің адамгершілік қасиеттері мен абыройынан бас тартқан, бір ғана өмірлік ұстаны­мы бар, тек өзінің сезімдерін қанағаттандыруды ғана ойлайтын адам ретінде бейнеленген. Ең басты кейіпкердің прототипі өмірде болып, оны Дидро өте жақсы білген. Дидро шын мәнісін де француз композиторы Жан Филипп Рамоның жиені болған. Рамо жағымпаздық аянышты лас өмір кешіп, 1771 ж. баспанаға да қол жеткізе алмастан дүние салған. Дидро ол адамның өмірінен сол дәуірге лайықты ерекше сипатты көрген.

Дидро бұл повесті жазуды 1762 ж. бастайды. Повесть автор­дың көзі тірісі кезінде басылып шықпайды, тіпті бір кездері ол жоғалып кетеді. Тек 1805 ж. оның көшірмелері Шиллердің қолына түседі де, ол Гетеге береді. Гете оны неміс тіліне аударып, басып шыға­рады. Тек 1823 ж. ғана түпнұсқасы табылып, Францияда басы­лып шығарылады.

Романтизм қарасыңында романның мүлдем жаңа түрі пайда болады. Бұл ақыл-ойдың иесі – жағымды кейпкерлерден бас тарту мен ағартушылық кезеңдегі оптимизмге қарсы бо­ла­ды. Ағартушы­лар­дың кафедрасы мен трибуна­сы театр болады. Филдингтің сатиралық комедиялары мен Гольдонидің тұтас драматургиясы, Бомаршенің «Фигароның үйленуі» мен Шиллердің «Қарақшы­лар» атты туындылары демократиялық бағытты ұстанатын көрермен­дерге арналған XYIII ғ. қоғамдық күрестің актілері болатын. Хольберг, Гей, Филдинг, Шери­дан, Бомарше мен Гольдони сияқты асқан шеберлердің қыл қаламынан туындаған комедиялар үлкен жетістіктерге жетеді.

Бомарше (1732-1799). XYIII ғ. Франция комедиясының негізін салушы. Әкесі де, өзі де сағатшы болып, сағат механизмін кемеліне жеткізгендердің қатарынан табылған. Кейбіреу­лер оның жасап шығарғандарын тартып алмақшы болғанда бозбала батыл күреске шығып, өзінің авторлық құқын дәлелдеп, қорғап шығады. Осылайша, Париждің ең жақсы сағатшысы аталғанымен, өз өнерін тастап, сарай маңынан үлкен лауазымға ие болып, өзінің Карон есімін дворяндық де Бомаршеге өзгертеді. Бомарше өте дарынды, әрі механик, әрі өнертап­қыш, дипломат, музыкант және ақын болған. Оның Франция, Германия, Англия мен Ресейде қойылған «Евгения» атты алғашқы пьесасы авторға жетістіктер сыйлап, оған үлкен атақ әкеледі. 1772 ж. Бомарше шу­мақ­ты комедиялық опера жазып, оның бірінші нұсқ­асы «Севильдік шаштаразшы» деп аталады. Мұнде жастардың қызметшілердің көмегі арқылы ақсақалдарды мазақ етулері жайлы айтылады. Шым-шыты­рық оқиғалар мен қателіктерге толы бұл комедияның бас кейіпкері білімді, батыл әрі пысық Фигаро атты жігіт болатын..

Свифт Джонатан (1667-1745) ағылшын жазушысы, сатирик, ақын, публицист әрі саясаткер болған. Ол 1667 ж. 30 қарашада Дублинде ағылшын отбасында дүниеге келген. Свифтің әкесі жас­тайы­нан қайтыс болып, ол ағасының қолында тәрбиеленеді. Свифт Ирландияда өз заманына сай өте жақсы жоға­ры білім алады. Алғашында графтар мектебі Килкенниде содан соң дублиндік Тринити-колледжінде оқиды.

1704 ж. жазылған «Бөшке туралы ертегі» деген шығармасында оның католиктермен қақатығысы туралы жазылған. 1726 жылы жазылған «Гулливер саяхаты» атты шығармасы Свифтің ең соңғы және қорытынды кітабы болатын. Онда автордың фантастикалық, өмірлік, шығармашылық өте бай тәжірибесі көрініс тапқан.

Свифтті әлемдегі адамзат тағдыры жайындағы мысқылды әрі мұңды толғауға толы «Гулливер саяхаты» атты мәңгі өлмес роман­ның авторы ретінде бүкіл әлем таныған. Свифттің кейіпкері Гулли­вер әлемнің төрт еліне саяхат жасап, оны баяндау саяхатшының ресми және қысқа есеп беруі ретінде келген. «Англияда саяхат жайлы кітаптар толып жатыр», - дейді оқырманның тек көңілін көтеруді мақсат тұтып, түрлі аңыз-әңгімелер мен жоқты тілге тиек ететін авторларға көңілі толмаған Гулливер. Автор саяхатшының негізгі мақсаты адамдарды өзі болған елге қатысты жақсы-жаман мысалдардан хабардар етіп, оқырманның ой-санасы мен дүниета­ны­мын арттыру екенін көрсетеді. Хирург, кеме дәрігері, лауазым­сыз, қарапайым Гулливердің қысқа жазбаларының астарында қалыптасқан адамзат өміріне, саналы түрде басталмаған қоғамдық қатынастарға қатысты тамаша сатира жатыр.

С. Ричардсон (1689-1761) өзін әдебиетші ретінде дайында­ған жоқ еді, ол тіпті әдеби атақ туралы да ойламаған болатын, оның жазушылық шеберлігі кездейсоқ ашылады. Ағаш ұстасының ұлы болған Ричардсон жас кезінен-ақ типографияға қызметке тұрып, оның иесінің қол астында өседі де, кейін оның қызына үйленіп, өзі де баспа ісінің қожайыны болады. Сол кезде жеке хат жазысу жоғары деңгейде болғандықтан, хат үлгісіндегі кітапшалар да кең сұраныста болады. Ричардсонға да осындай бір дайын хат үлгілер жинағын басып шығару қажет болатын. Қолайлы мәтіннің болмаған­дығынан, Ричардсон оны өзі жазып шығаруға бел буады. Ыңғайлы болу үшін сюжеттік ертегі құрастырады. Автор қатты қызығып, эпистолярлық жанрдың алғашқы үлгісі болған бірнеше хаттардан тұратын «Памела немесе сыйға бөленген ізгілік» (1740) атты роман жазып шығарды. Осылайша, 50 жастағы типограф әлемге жазушы ретінде танылады.

«Памелада» Ричардсон «төменнен» жоғары қарай көтерілудің идеалды жолын сурет­тейді. Романның атының өзі-ақ оның ақыл берушілік бағытта жазылғандығын аңғар­тады. Онда бейнеленген қайшылық әлеуметтік сипатта болып, адамгершілігі мол, инабатты Паме­ла есімді қызметші қыз бен оның жас қожайыны арасындағы күрес асқан шеберлікпен суреттелген.

Ричардсонның шебер туындысы болып табылатын «Кларисса» романында жанры мен стилі жағынан әр қилы хаттар кездеседі. Роман қайталауларға толы болғандықтан, «Кларис­са» ағылшын тілінде жазылған романдардың ішінде ең ұзақ туынды болып табылады. Ричардсон романдары, әсіресе «Кларисса» Еуропаның ағарту­шы­лық әдебиетінде өшпес­тей із қалдырады. Ричардсон шығарма­лары кейінгі сентимен­тальды прозаның ұлы туынды­ларының (Ж.Ж. Руссо «Жаңа Элоиза», Гете «Жас Вертердің қайғысы») жарық­қа шығуына негіз болады.

Сентименталист-жазушылар әдебиетке үлкен үлес қосқан. Олар­дың шы­ғар­ма­шылық­тары классицистердің шығармаларынан әлдеқайда өзгеше бола­тын. Трагедиялық сюжеттер ұлы адамдар мен ұлы оқиғалар тақырыпта­рынан құралады. Ал сентимента­лис­тер қарапайым, қуғынға ұшыраған, әлсіз адамдар­дың образдарына жүгінген.



Ж.Ж. Руссо (1712-1778). Жазушы 1712 ж. Женевада дүниеге келген. Руссо­ның әкесі сағатшы болған, анасы Руссо туылған кезде қайтыс болады. Руссо он жасқа толғанда оның әкесі Женевадан қашуға мәжбүр болып, жас­тайы­нан жалғыз қала­ды. Осы­лайша, оның қиын өмірі басталады. Кейіннен жас Руссо мейірімді Варенс ханымның қолына түсіп, шіркеуде тәрбиеленеді.

1749 ж. бастап Руссо танымал бола бастайды. «Эмиль» атты романынан кейін Руссо қуғынға ұшырап, жасырынуға мәжбүр бола­ды. Алайда 1753 ж. Руссоның «Ауылдық сиқыр­шы» атты комикалық опе­ра­сы париждіктердің көңілінен шығып, тіпті XY Людовиктің де қызығу­шылығын оятады. Руссо өмірінің соңғы он жылын Парижде өткізеді. Сыйлық­тар мен зейнет­а­қы­дан бас тартқан Руссо өмірінің соңына дейін кедейлікте күн кешеді.

1761 ж. жазылған Руссоның ең атақты шығармасы «Жаңа Элоиза» романы Руссоның замандастары үшін күтпеген жағдай болатын. Прозамен жазылған лирика, махаббат әуені, сезім поэзия­сы, табиғатқа сүйсіну мен оның әсемдігін бағалау романның негізі болып табылады. Бұл шығармадан халық бостандығы мен құқық­тары үшін аянбай күрескен Руссоның ұлы ойларын көре аламыз.

Ұлы француз революциясы ағартушылық кезеңнің соңғы нүкте­сі болған. Төңкеріс жылдары және төңкерістен кейінгі жыл­дарда ағартушылық, философиялық, әлеуметтік көзқарастар жүйесі өзгере бастайды. Ғасырдың соңында өмір сүрген жазушылар мен ойшыл­дардың жаңа толқыны төңкерістен оянған жаңа әлемді көреді. Осы жылдары қалыптасқан романтизм XYІІІ ғ. жаңа буржуазиялық қоғамда пайда болған мәселерге жауап ретінде қалыптасады.


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

1. Халықаралық әдеби байланыстар.

2. Ағартушылық кезең әдебиетінде пайда болған жанрлар.

3. Көркем шығармалардағы буржуазиялық өмірге тән әлеуметтік

жағдайларға берілген сын.

4. Ағартушылық кезеңдегі эстетика мен ойлар жүйесі

5. Кейіпкердің жаңа типі.

6. Әдеби тілде кездесетін мәселелер


XYIII ғасырдағы Шығыс елдерінің әдебиеті
XYIII ғасырда Шығыс елдерінің барлығы дерлік кейінгі ортағасырлық кезеңде болатын. Дегенмен әлемнің түрлі аймақта­рын­да ортағасырлық қоғамдық институттар мен жаңа идео­ло­гия­ның қалыптасуы түрлі деңгейде жүреді. Батыс пен Шығыс елдері­нің арасындағы қай­шы­лықтармен қатар, Шығыс елдерінің де даму деңгейі түрліше болған.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия, Таяу Шығыс (көрші араб және парсы елдеріне қарағанда жаңа бағыттар ертерек қалыптасқан Түркияны санамағанда) және Орта Азия елдерінде ортағасырлық қоғамдық құрылыс нық орнаған болатын.

Көптеген халықтардың тағдырына сол кездегі жойқын соғыс­тар өз әсерін тигізбей қоймады. XYIII ғ. Оңтүстік Азияның Күңгей Кавказдан Кампучийге дейін созылып жатқан кең байтақ даласын­дағы жағдай өте қайғылы болатын. Жаулап алушылар бірінен соң бірі бұл аймаққа басып кіріп, халқын бірнеше рет қырғынға ұшыра­тады. Мұндай қырғи-қабақ соғыс­тар тек жекелеген билеушілер мен әулеттердің тағдырын ғана емес, сонымен қатар тұтастай халықтың тағдырын да шешіп отырған. Осылайша, ғасырдың соңына қарай ойраттар Орта Азияға басып кіріп, қазақтардың жеріне, олардың бірлігіне үлкен қауіп төндіреді. Бірақ отыз жылдан кейін-ақ ойраттар (жоңғарлар) 1755-1758 ж. маньчжур императоры әскері­нің шап­қын­­шы­лығынан кейін тарих сахнасынан біржола кетеді. Оңтүстік Азия аймағында өмір сүріп жатқан халықтар үшін Надир-шахтың жаугершілік соғыстары өте ауыр болады. Ол Иранның ауған және түрік шапқыншыларына қарсы күресі кезінде үлкен күшке ие болады. Билік ба­сы­­на келген Надир-шах 1736-1747 ж. аралығындағы жаугершілік соғыстарынан кейін уақытша орта азиялық хандықтар мен Үндістанның солтүстік-батыс айма­ғын, Дағыстан мен Күңгей Кавказдың біраз бөлігін жаулап алады.

Қалалар мен ауылдар аңырап бос қалады, тірі қалған тұрғын­дар өмірлерін сақтап қалу үшін басқа жерлерге жаппай көше бастайды, егін, мал шаруашы­лығы, қолөнер құлдырап, халықтың саны азайып, мәдени ескерт­кіштер қираты­лады, кітаптар мен қол­жаз­балар өртке оралып, көптеген ақын, жазушылардың аттары мәңгі ұмыт болады.

Бізге жеткен ақындардың шығармашылығынан тек мұң мен зарға, қайғы-қасіретке толы бірнеше жолдарды табамыз. Түріктердің шапқын­шы­лығынан кейін аман қалған грузин ақыны Д. Гурамишвили өзінің поэмасын «Грузия апаты» деп атаған. Шексіз соғыстар мен жал­­пыға ортақ тоқыраулар сол кездегі халықтың жүрегіне үлкен қорқыныш сезімін ұялатқан бола­тын. Иранда тұтқында болып, көп қиындықтарды басынан кешірген түркімен ақыны Махтумкули өз еліндегі өзара қырғи-қабақ соғыстарды тоқтатуға шықырып, әлемде үстемдік еткен зұлымдық пен қырғын соғыстан құтылудың шешімін іздеп, қайғыға батады. Ол үшін бүкіл әлем ақылынан адасып, «өмірлік негіздер» жойлып бара жатқандай көрінетін. Түркімен ақынының шынайы апаттарды жан-тәнімен сезінуі дәстүрлі сопылық формулалармен сәйкес келеді. Махтумкулидің қайғылы діни-философиялық дүниета­ны­мы­­ның өзіндік ерекшелігіне қарамастан, оның шығармашылығы неміс ақындарының барокко стиліне жақын келеді.

Махтумкулидің шығармашылығы ерекше сипатқа ие. Жалпы алғанда енді қалыптасып келе жатқан және кейінгі ортағасырлық поэзияда жаңа дәуірде өшпес із қалдырған талантты тұлғалар (Армениядағы Саят-Нова, Тибет­тегі YI Далай-ламаны) айтсақ болады.

ХYIII ғ. Батыстағы алып мемлекеттердің Азия мен Африка елдеріне шапқыншылығы өз жалғасын тауып, бұл елдердің өзара соғыстары мен талас-тартыстары отралау саясатын жыл­дам­дата түседі.

Отарлау халықтарды тонау, олардың саяси-экономикалық құры­лым­дарын бұзу, жаулап алған елдерді Батыс елдеріндегі қалыпта­­сып келе жатқан капиталистік қоғамдық құрылыс­тардың талаптарына еріксіз көндіруді білдіреді. Еуропалықтардың Шығыс елдеріне баса көктеп кіруі бір-бірінен мүлдем ерекше екі мәдениет­тің қақтығысуына әкеледі. Отарлаушы елдердің әскерінен кейін немесе олардан бұрын сол елдің саудагерлері, миссионерлер мен түрлі дін өкілдері, қазба байлықтарын іздеуді мақсат еткен геолог­тар­дан бастап, жаңа әлем­нің мәдениетіне қызыға қараған этнограф­тар мен тілшілерге дейін түрлі саладағы ғалымдар келетін еді. Осының әсерінен елде түрлі жағдайлар қалыптасып отырған.

Испан католиктік шіркеуі жаулап алған халықтар христиан дініне сену керек деген ұста­ным­ға сүйенеді. Осылайша, Филиппин­де болған христиан дінін күшпен тарату елдің өзіндік мәдениетіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл құбылыстың орын алуын Филиппинде мемлекеттік діннің болмауымен байланыстыруға болады. Сонымен қатар испан тілі жергілікті тілдерді бір­тіндеп ығыстыра бастайды. Елде ұлттық филиппиндік және батыстық мәдениеттердің син­тезі ретінде қарастыруға болмайтын жаңа испантілді мәдениет пайда болады.

Ағылшын отарларында миссионерлер осындай маңыздылыққа ие болмады, ағылшын шіркеуінің өзі өзге сенімдегілерге үлкен сабырлықпен қарады, тіпті мемлекеттік саясатта да испан шіркеуі­не қарағанда шешуші рөлге ие бола алмады. Ағылшындар қол астындағы халықтың мәдени өміріне араласпай, өздерінің ғалымда­рына жергілікті тіл мен мәдениетті зерттеуге мүмкіндіктер бере отырып өздерінің стратегиялық және экономикалық жоспарла­рын құрып, алға қойған мақсаттарына жету үшін әркеттер жасайды. Сөздіктер жасалып, грамматика жазылып, әдеби ескерткіштер ағылшын тіліне аударыла бастады да, олар еуропа­лық мәдениеттің құндылығына арналады.

XYIII ғ. өзара байланыстардың дами түсуі (отарлау саясаты мен суда қатынастары) бір­жақты сипатқа ие. Батыс бірте-бірте Шығыс халықтарымен терең танысып, олармен тығыз байланыс орнатса, Шығыс елдері әлі де Батыс өркениетіне асқан сақтықпен қарады.

Жат жерліктердің басып кіруіне қарсы оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі халықтардың ежелден қалыптасқан дәстүрлерді қатаң ұстануы өзін-өзі қорғаудың бір түрі ретінде қарасты­рылады. Осы­дан олардың арасында өздерінің философиясы, сенімі мен шығар­ма­шылық тал­ғам­да­рын сақтап қалуға деген талпыныс пайда болады.

Осындай қалыптасқан жағдайларға байланысты XYIII ғ. әлем әдебиетінің тұтастығы болмады. Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі әдебиетте өткен ғасырларда қалыптасқан дәстүрлер үстемдік етіп, ортағасырлық эстетикалық қағидалар мен жанрлар жүйесі сақталып қалады. Әдебиеттің гүлдену кезеңін ерте бастан кешірген араб елдерінде, Иран мен Үндістанда XYII ғ. сияқты XYIII ғ. әдебиет өткен дәуірде өмір сүр­ген ұлы ақындардың естелігімен байланысты болып, дәстүрлі тәсілдер­ді пайдаланып қана қой­май, оларды қайталаумен ғана шектеледі. Ортағасырлық дәстүрлер поэзияға айтарлықтай әсер етеді. Дәуірдің ерекше сипаты ретінде формасы жағынан нәзік әрі күрделі поэзияның кейбір ортада үлкен сұранысқа ие болуын айтса болады. Ауғанстан, Орталық Азия, Иран мен Үндістанның ақын­да­ры XYII ғ. парсы тілінде жазған Бедиль ақынның дәстүрінен негіз алады. Парсы тіліндегі әдебиетте оның есіміне байланысты философиялық (сопылық) поэ­зия­­ның күрделі түрі болып табыла­тын бедилизм атты бағыт пайда болады. Осыған ұқсас құбылысты басқа да халықтардың поэзиясынан көруге болады (хинди тіліндегі рити-кави, Явадағы «явандық қайта өрлеу», Бирмадағы «тапқыр жолдар» поэзиясы). Бұл поэзияны Батыстағы прециоздық поэзия­мен, маризизм және гогоризммен байланыстыруға болады.

Поэзиядағы стильдің күрделенуіне қарапайымдылық пен нақ­ты­лық қарсы қойылады. Осыдан классикалық дәстүрлер мен фольк­лор­дың поэтикасына деген талпыныс байқалады. Мысалы, Иран поэзиясында ежелгі дәстүрге қайта оралу, яғни моңғол дәуіріне дейінгі ақын­дардың шығармашылық тәжірибесіне қайта оралу құбылысы орын алады.

Батыста араб елдерінен шығыста Филиппинге дейінгі аталған аймақтардың барлығында ортағасырлық сипаттарды сақтай отырып проза қосымша мәнге ие болады. Барлық елдегі көр­кем проза тарихи және географиялық суреттеулер мен мәтіндерден бөлініп, жеке жанр ре­тінде қалыптаса қоймайды. Көптеген елдерде ауызша және жазбаша түрдегі халық әде­биетінің ескерткіштері бір мезгілде өмір сүреді.

Қиыр Шығыс елдері ерекше аймақ ретінде қарастырылады. XYIII ғ. бұл аймақта Қытай, Жапония, Корея және олармен мәдени-тарихи байланыста болған Вьетнам елдерінің әдебиеті ерекше көзге түседі. Осы кезде аталған төрт елдің әдеби дамуы мен ондағы керемет көркем шығармаларды көлемі жағынан еуропалық әдеби ескерткіштермен салыстыруға болады. Н.И. Конрад XYIII ғ. әлемдік маңыздылығы бар шығармашылық жаңалықтарды дүниеге әкел­ген екі аймақ Еуропа мен Қиыр Шығыс болған деп есептейді.

XYIII ғ. Шығыс Азия мен басқа да аймақтағы елдердің әде­биеті үшін ерекше дәуір бола алмады. Жоғарыда аталған төрт елде жаңа бағыттар түрлі кезеңдерде пайда болады. Бұл елдердегі әдеби сипаттарда біркелкілік болмады.

Қиыр Шығыс елдеріндегі жаңа буржуазиялық қатынастар өте баяу түрде жүреді. Елдегі осындай құбылыстарағы билік басында­ғылар қарсы тұрып, XYII ғ. Қытай мен Жапонияда жаңа бағыттарға деген қарсылық күшейе түседі. Бұл жағдай ортағасырлық ойлар жүйесі және бейнелер мен жанрлар кешенінен әлі қол үзбеген мәдениетке де өз әсерін тигізбей қой­майды. Ежелгі дәстүрлер мен қайта жаңару идеясы арасындағы қақтығыстарды Кореядан көре аламыз. XYII-XYIII ғ. Кореяда орын алған сирхактардың қозғалы­сы (тәжірибелік білім үшін) сол дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар­дың түсінігін ортағасырлық догмалардан азат ету­де үлкен маңыз­ды­­лыққа ие болады.

Сирхак қозғалысының қайраткерлері арқылы жасалған осын­дай әлемдік ұлы ашылулар сыртқы құрылымы жағынан Еуропа мәдениетіндегі Қайта өрлеу дәуірінде орын алған құбы­лыс­тарды еске түсірді. Дегенмен де Сирхак қозғалысы Ренессанстан айтар­лықтай ерекше­ленеді. Корей қоғамдық өмірінде орын алған күрделі әлеуметтік қайшылықтардың негізінде қалыптасқан бұл қозғалыс еуропалық Қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық, философиялық, ойлармен байланысқа түспестен жұмыста­рын жүргізді.

Әйел тағдырына деген алаңдаушылық осы аймақтағы әде­биетке тән сипаттардың бірі болады. Әлеуметтік және діни қағида­лар әйелдің қоғамда алатын орнын анықтап, сол кездегі әйел бала­сы­ның мүшкіл жағдайын көрсетеді. Әйел баласының ар-намысы мен оның адамдық құндылықтары үшін күрес жапон драматургия­сында да, Вьетнам поэзиясында да негізгі орын­да тұратын.

XYIII ғ. әлеуметтік қайшылықтар жазушылардың сыни көзқа­рас­та­рын күшейте түседі. Мысалы, 1771-1802 ж. аралығында Вьетнамда тэйшондар бастаған шаруалар соғысы бой көтереді. Бұл жағдай ғасырдың соңындағы қоғамдық ойлардың жылдам дамуы мен сол дәуірдегі ақындардың шығармашылығына айтарлықтай әсер етеді.

Осы кезде антифеодалдық үдерістің күшейе түсуіне қарамас­тан, шығыс және оңтүстік-шығыс Азияның ойшылдары өз еңбек­терін жаңа конфуцийшілдік пен будизм және дәстүрлі философия­лық жүйелер негізінде жазады. Мысалы, тэйшондар қозғалысы тұсында өмір сүрген атақты вьетнам ақыны Нгуен Зу өзінің «Қиналған рухтың айқайы» атты поэмасында буддизмнің тағдырға қарсы келуге болмайды деген түсініктерімен қатар өзінің кейіпкері арқылы адам өз тағдырын өзі жасауға ерікті және оған толық құқы бар екенін айтады.

Андо Сёэки XYIII ғ. Жапонияда қалыптасқан идеологияда жалғыз бола­тын. Жапон ғалымдарының оны Томас Мюнцермен салыс­тыруы да кездейсоқтық емес. Андо Сёэкиді тек оның заман­дас­тары ғана емес, сонымен қатар ХІХ ғ. жапон ағартушылары да түсіне алмады. Тек ХХ ғ. ғана оның еңбектері жоғары бағалана бастайды. ХХ ғ. Кореядағы сирхак қозғалы­сының көрнекті қайрат­кері Ли Иктің шығармалары да жарыққа шыға бастайды.

Ағартушылық ойлардың тұтас жүйесі қалыптасқан Еуропа елдеріндегі XYIII ғ. әдебиетіне жауыздықтың жойылып, ақылдың үстемдік құруына деген сенім мен оптимизм тән болатын.Өмірлік қуанышқа толы мотивтер Шығыс жазушыларында да кездеседі, бірақ мұнда оптимизм мен пессимизмнің сипаты мүлдем басқаша болатын. Қиыр Шығыс пен Вьетнам әдебиетіндегі идеялық қайшылық­тар XYIII ғ. еуропалық ойлардың арасындағы қайшылықтармен сәйкес келмейді

Сондықтан да Шығыс Азия елдеріндегі әдеби дамуларға қарамастан елдегі қоғамдық және идеологиялық шарттарға байла­нысты Батыс Еуропадағы ағартушылық кезеңге тән өзгерістер мен төңкерістердің алғышарттары байқалмады.

Таяу Шығыс пен оңтүстік-шығыс Азия елдеріне қарағанда Шығыс Азия (Қиыр Шығыс) әдебиетінде еуропалық әдеби құбы­лыс­тармен салыстыруға келетін түрлі жаңа бағыттарды көре аламыз. Осы аймақтағы әдебиетте тек жанрлардың түрлері өзгеріске ұшырап, прозада ортағасырлық мәдениетке тән шарттылық, симво­лика мен фантастиканың алдын алуға үлкен мүмкіндіктер туып, әдебиет өмірдің шынайылығын суреттеді. Прозаикалық шығарма­лар күрделене түсіп, бірте-бірте ортағасырлық повестер мен оқиға­лар­ға тән «бір ізділік» бағыты жойыла бастайды. Дегенмен Шығыс Азия елдеріндегі прозада шындықты шынайы түрде жеткізу тәсілдері ғана пайда болады. Мысал ретінде Цао Сюэ-циннің «Қызыл үйшіктегі ұйқы» (1791) атты романын келтірсек болады. Онда сыни көзқарастар, кейіпкердің өзін қоршаған шынайы өмірге қанағаттанбауы даостық және буддизмдегі символдардың күрделі жүйесі арқылы суреттейді.

XYIII ғ. көптеген елдерде екі тіл қатар өмір сүреді. Мысалы, Корея мен Вьетнамда, тіпті Жапонияда әдеби шығармалар ұлттық тілде де, ежелгі қытай тілінің грамматикалық және лексикалық қағидаларына негізделген жалпыға ортақ әдеби тілде де жазылады. Қытайда әдебиет ежелгі классикалық тілде (вэньянь) де, жаңа тірі тілде де (байхуа) дами түседі. Корея мен Вьетнамдағы қытай тілінде жазылған шығармалар жанры жағынан классикалық қытай әдебиетіне тән дәстүрлермен тығыз байланысты болып келеді. Азияның да көптеген елде­рінде жазу тілі мен сөйлеу тілі сәйкес келмейтін. Сондықтан да ұлттық тіл мәселесі әлі шешіле қоймады және ол үшін қолайлы тарихи жағдайлар да жасалмады.

XYIII ғ. Еуропада жалпы Шығыс елдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, ондағы халықтардың өміріне деген қызығушылық арта түседі. Мысалы, XYII ғ. өзінде Францияда «Шығыс кітапхана­сы» атты бірнеше томдық басылымдар пайда болады. XYIII ғ. басында халық арасында араб, парсы және басқа да шығыс тілдеріндегі шығармалардың аудармалары тарала бастайды. Әсіре­се, «Мың бір түнге» деген сұраныс артып, оның бірнеше нұсқадағы аудармалары пайда болады. Көптеген кітаптар француз тілі арқылы басқа еуропалық тілдерге, оның ішінде орыс тіліне да аударылады. Шығысқа деген қызығушылықтың артуы­на Калидастың «Шакун­та­­ла» атты шығармасының аудармалары дәлел бола алады (Англия­да В. Джонс, Германияда Форстер, Ресейде Карамзин аударған).

Жоғарыда аталғандардың ішінен ең маңыздысы түрлі халық­тар­дың мәдениетін теориялық тұрғыда зерттеу үдерісі басталады.
Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Таяу Шығыс аймағындағы халық әдебиетінде кезедсетін шығармалар.

  2. Әдебиеттердің жергілікті тілдерде қалыптасуы.

  3. Қытай әдебиетіндегі роман жанрының дамуы.

  4. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азиядағы әдебиетке тигізген жергілікті діндердің ықпалы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. История Всемирной литературы в 9 т., М.: Наука, 1983—1994.

  2. Брагинский В.И. Проблемы типологии средневековых литератур Востока. М., 1991.

  3. Куделин А.Б. Арабская литература. М., 2003.

  4. Фильштинский И.М. История арабской литературы. X–XYIII века. М., 1991.

  5. Шайтанов И.О. История зарубежной литературы. Эпоха Возрождения. В 2-х тт. М., Владос, 2001.

  6. Индийская литература: древность и средневековье /Курс лекций. Сост. Искакова З.Е. Изд-во: Қазақ университеті. - Алматы, 2006.

Қосымша

  1. Хрестоматия по зарубежной литературе Средних веков. В 2-х тт. М., 2005.

  2. Федотов, Олег Иванович. История западноевропейской литературы средних веков: учебник-хрестоматия: идеограммы, схемы, графики/ О. И. Федотов. - М.: Флинта: Наука, 1999.

  3. Эко, Умберто. Эволюция средневековой эстетики. СПб., 2004

  4. Воскресенский Д.Н., Воскресенский А.Д Литературный Китай в XYII веке: Судьбы истории, философии и социального бытия в китайской классической литературно-художественной традиции. –М.: Аспект-Пресс, 2009 .

  5. Баринг-Гоулд С. Мифы и легенды Средневековья. – М.: Центрполиграф, 2009.

  6. История зарубежной литературы XYIII века/ Под ред. З.И. Плавскина. М., 1991.

  7. Неупокоева И.Г. История всемирной литературы: Проблемы системного и сравнительного анализа. М., 1976.

  8. Дүйсенғазин С. Шетел әдебиетінің тарихы. Астана, 2010


Франция әдебиеті
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет ауқымды әдеби жаңалықтарға толы болып, ақындар мен жазушылардың жарқын есімдерімен байи түседі. Жаңа ғасыр тарихы көптеген құбылыстар мен үдерістерге жаңаша көзқарасты талап еткен 1914-1918 жылдарда­ғы Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастау алады.

Соғыс жылдарында француз жазушыларының шығармашылығында «Адам және қоғам» мәселесі алдыңғы шепке шығады. Олар өздерінің көзқарастары, дүниетанымы мен эстетика­лық ұстанымдарына байланысты бұл мәселені шешуде түрлі тәсілдерді қолданады. Олар өзде­рінің кейіпкерлерімен бірге өмірдің мәні мен ақиқатты іздеу барысында қилы-қилы жолдармен жүреді.



Гийом Аполлионердің (1880-1918) шығармашылығы француз поэзиясының бастауын білдіреді. Оның эстетикалық ұстанымдары ХХ ғасырдағы ақын­дардың манифесіне арналған «Жаңа сана-сезім және ақындар» атты мақаласында (1918) жинақталған. Аполлионер өзінің өлеңдерінде замандастарының дүниетанымы мен олардың өмірге деген көзқарастарын көрсе­теді. Бұл көрініс оның «Ішімдіктер» (1913) және «Каллиграмма» (1918) атты жинақтарында айқын байқалады. Аполлионердің өлеңдерінде Бірінші дүниежүзілік соғыс жиі қозғалады. Ол өзі де осы соғысқа қатысып, ауыр жарақат алып, жастайынан қайтыс болады.

Аполлионердің шығармашылығында «өмірдің қатыгездігін» көрсету мен «жаңа гума­нистік лиризмге» қарай ұмтылыс байқалады. Ол өлең жолдарын белгілі бір ретпен орналас­тыру арқылы түрлі суреттерді, құмыра мен гүлдердің, жануарлар мен құстардың бейнесін жасайтын. Кейде тыныс белгілерінен мүлдем бас тартып, ал кейде оларды өте шебер қолда­натын. 1917 ж. Аполлионер «сюрреалистік» драма деп таныл­ған «Терезия төсі» деп аталатын пьеса жазады.



Марсель Пруст (1871-1922) әлем әдебиеті тарихына «Өткен уақытты іздену бары­сында» атты романның авторы ретінде еніп, «модернизмнің атасы» атанған. Ол батыл тәжі­ри­беші, импрессионистік прозаның шебері ретінде таны­лады. Прусттың поэзиясы автордың жаңа эстетикалық ұстанымдары арқылы ерекшеленеді. Ол: «Жалғыз ғана шынайы әлем, бұл - ішкі әлем» деп жазады. Пруст өзінің басты кейіпкерін Марсель деп атап, өзінің ішкі әлемін көр­сетпекші болады. Романда Марсельдің өткен өмірі жайлы сөз қозғалып, шығарманың сю­жеті жазушының ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі сезімдері мен оның естеліктеріне негіз­деліп құрылған.

1908 жылдан бастап 14 жыл бойы жазған «Өткен уақытты іздеу барысында» атты еңбегі жеті кітаптан тұрады: «Саванаға қарай бағытта» (1913), «Германттарда» (1921), «Содом мен Гоморра» (1921), «Тұтқынға түскен қыз» (1923), «Қашқын әйел» (1925) және «Қайта оралған уақыт» (1927).

Демікпе ауруына шалдыққан жазушы өмірінің соңына қарай достарымен сирек кез­десіп, бір бөлмеде оқшауланып, өзінің романын жаза бастайды. Романда Марсельдің (романның бас кейіпкері) өткен өмірі жайлы естеліктері, өзінің балалық шағы, достары мен Парижде өткізген өмірі, салтанатты кештер мен шенеуніктер туралы асқан шеберлікпен жазылған. Жазушы өзінің шығармасында тарих пен саясатқа назар аудармастан, тек өзінің жан дүниесіндегі терең сезімдерін жазу арқылы барлық адам басынан кешіретін сезімдерді көрсете білгені. Пруст уақыт пен кеңістікті өзінше түсіне отырып, адамның сезімдерін жаңа тәсілдер арқылы жеткізу арқылы романның жаңа түрін өмірге әкеліп, ХХ ғасыр әдебиетіне өз әсерін тигізбей қоймады.

Ромен Роллан (1866-1964) Бірінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ романист, драматург, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің өмір жолын зерттеуші, әдебиет, сурет және театр туралы мақалалардың авторы ретінде кеңінен танылады. Ол 1890 жылдан бастап «Сенім қасіреті» және «Төңкеріс театры» деп аталатын драмалық шығармаларын жарыққа шығарады. 1915 ж. Роллан Нобель сыйлығының лауреаты атанады. Ол өзін саясаттан аулақ ұстап, үнді философиясы мен Гандидің іліміне қызуғышылық танытады. Алайда көп ұзамай Роллан қоғамдық-саяси өмірге араласып, соғысты бастағандарды өткір сынға ала бастайды. Оның сөздері бүкіл Еуропаға тарап, өзінің «рухтардың тәуелсіздік декларациясы» атты мақаласында Еуропа зиялыларын бір тудың астына бірігіп, рухани бостандық үшін күресуге шақырады. Қазіргі әдебиеттануда Ролланның «Тамсандырған жан» атты романы тарихи, әлеу­мет­тік-психологиялық және отбасылық романдардың элемент­терінен тұратын роман-ағын түрі­не жатқызылады.

Франсуа Мориак (1885-1970) француз әдебиетінің классигі, әлеуметтік-психологиялық және жанұялық-тұрмыстық романдардың шебері, драматург, публицист және әдеби сыншы ретінде де танымалған болған. Ол - француз Академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лау­реа­ты (1952). Мориак­тың шығармашылығы реалистік әдебиетте дамыды. Бальзактың дәстү­рін жал­ғастыра отырып, Флобер, Достоевский, Прусттың еңбектерінен нәр алған. Мориак «әлем­нің ұлы роман жазушысы» деп Толстойды атаған.

Франсуа Мориак ауқатты буржуазиялық отбасынан шыққан. Оның балалық шағы Бордо қаласының маңында орналасқан жерде өтеді. Жанұясында католиктік тәрбие алып, кейін католиктік мектеп пен колледжді бітіріп, католицизм бағыттарының бірі янсенизмді мең­гереді. Мориак туындыларында француз провинциясының өмірі суреттелген. Бордоның ауасы мен желі, биік қарағайы, орманы мен құмы, ондағы тыныштық пен жалғыздық оған тансық болмаған. Оның «Дұға үшін жайылған қолдар» (1909), «Жастықпен қоштасу» (1911), «Тереза Дескейру» (1927), «Жылан иірімі» (1932), «Ешқайда апармайтын жол» (1939) сияқты еңбектері белгілі.

Мориак ХХ ғасырдағы Францияның ұлы жазушыларының бірі ретінде танымал бола отырып, өзінің адамға деген үмітін ешқашан жоғалтпайды. Оның адамзатқа деген үміті мен сенімділігі жазушының еңбектерінен айқын көрінеді.

Андре Жид (1869-1951) - психологиялық прозаның асқан шебері. А. Жид «Әдепсіз» (1902), «Ватикан зынданы» (1914), «Жалған ақша жасаушылар» (1925) атты роман­дар мен Достоевский туралы еңбектердің («Достоевский», 1923), «КСРО-дан оралу» (1936) атты кітаптардың авторы ретінде танымал болған. А. Жидтің шығар­ма­шы­лығында жеке тұлғаны азат ету, оның бостандықтары мен құқықта­ры басты орынға ие. Оның «еркін таңдау» идеялары француз әдебие­тін­дегі экзистенциализм бағытының негізін салушы ретіндегі жазушы деп қарастырады.

Жан Поль Сартр (1905-1980) философ әрі жазушы, атеистік экзистен­циа­лизмнің өкілі ретінде танымал болған. Оның шығармашылық ерекшелігін «Жүрек айнуы» (1938) атты романы мен «Еріндік жолы» (1946-1949) трилогия­сынан, «Қабырға» (1939) атты әңгімелер жи­на­ғы мен «Шыбындар» (1943), «Жерлеусіз қалған өліктер» (1946) атты пьесаларынан, соны­мен қатар «Әңгіме» (1964) атты автобиографиялық туындысы мен Г. Флобердің балалық шағы туралы еңбегіннен («Отбасылық ақымақ, 1972») көруге болады. Сартр жоғары педагогикалық білімді (Эколь Нормаль) Парижде алады, армияда қызмет етіп, Гавр лицейінде философиядан дәріс берді. Сартрдың негізгі философиялық еңбек­те­ріне «Қиял» (1936), «Сезім теориясының нұсқасы» (1939), «Болмыс және тұл» (1943), «Экзистенциализм бұл гуманизм бе?» (1946), «Диалектикалық ақыл-парасатқа сын» (1960) атты шығармаларын жатқызуға болады.

Сартр Екінші дүниежүзілік соғыста Қарсыласу қозғалысына қатысып, соғыстан кейінгі жылдары бейбітшілік үшін күрес жүргізеді. 60 жылдардың соңына қарай жастар қозғалысына белсене қатысады. 1964 жылы Сартрға Нобель сыйлығы беріледі, бірақ ол одан бас тартады.

Экзистенциализмнің негізгі принциптері Сартрдың «Болмыс және тұл» атты еңбегінде көрініс табады. Бұл шығарма «Жүрек айнуы» атты романмен байланысты. Бұл романдарда адамның өз таңдауы мен құқығы, оның бостандығы мен адам болмысы туралы жазылады. «Жүрек айнуы» атты рома­нын­да оқиға Антуан Рокантеннің атынан баяндалады. Сартрды Рокантен­нің дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы мен оның қоршаған ортамен байланысы қызықтырады. Антуан жалғыздықты ұнатып, өзіне деген сенімділікті жоғалтып, әр бір іске күмәнданады. Ол біршама жұмыс бастағаны­мен, оны аяғына дейін жеткізе алмай қиын­шылдықтарға тап болады. Ол өз-өзін жек көріп, үрейлене бастайды. Шығарманың соңында кейіпкер өз-өзін түсініп, дүниенің кілтін тапқандай болады. Сартрдың философиясы және көркем туындылары өз замандаста­рының еңбектеріне айтарлықтай ықпал етеді.

Альбер Камю (1913-1960) - прозаик, драматург, эссеист, философ-экзсистенциалист. Жазушының дүниетанымына Кьеркегордың, Ницше мен Хайдеггердің, әсіресе Достоевский­дің шығармашылығы көп әсерін тигізеді.

Камю Алжирде дүниеге келген. Әкесі француз Люссен Камю фермада жұмыс істеген. Ол Соғыстың бас кезінде Марне шайқасында қайтыс болады. Жесір қалған испандық Катрин Камю жетім қалған екі ұлын өзі тәрбиелейді.

Камю қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, 1934 ж. Франция компартиясының Алжир секциясына мүше болады, фашизмге қарсы халықа­ралық қозғалыстың жұмысына да араласады. Осы кезде алғашқы эсселерін («Келбет және ішкі әлем», «Алжирдің жазы» және т.б.) жазады. 1940 ж. Камю Париждегі «Парисуар» газетіне редакторлыққа шақыры­лып, Алжирден Францияға қоныс аударады. Парижге неміс басқыншыларынан бұрын келіп, соғыс жылдары «Камба» ұйымына мүше болып, фашистерге қарсы қозғалысқа қатысады. Соғыс жылда­рын­дағы қиыншылыққа қарамай, Камю 1940 ж. «Бөтен» атты романын аяқтап, 1941 ж. «Сизиф туралы миф» атты эссесін басып шығарады. 1947 ж. «Гумма» романы, 1951 ж. «Бүлік шығар­ған адам» трактаты, 1956 ж. «Құлдырау» повесі жарық көреді. 1957 ж. Нобель сыйлығының лауреаты атанады.

Камюдің шығармаларында негізінен адам баласының тыныс-тіршілігі мен оның әділетсіздікке қарсы күресі, бостандыққа деген ұмтылысы сөз болды. 1944 жылы Камю «Неміс досыма хат» атты эсселер жинағын аяқтайды. Ол өзінің бұл шығармасында адамзат баласының әлемде болып жатқан құбылыс­тар­ға тікелей жауапты екенін ескертеді. Жазу­шы­ның бұл көзқарастары оның «Оба» атты романында да көрініс табады. Оның «Бүлік шығар­ған адам» атты трактаты философиялық тұрғыда жазылса, 50-жылдары жарық көрген шығар­ма­ларында адам мен табиғаттың байланысы көрсетілген. Камю «Құлдырау» атты повесінде екіжүзділік пен жалғандықты, өзімшілдікті қатты сынға алады. Камю өз шығармаларында ХХ ғасырда туындаған философиялық мәселелерді оқырман назарына ұсынып, оны шешу жолдарын қарастыруға шақырған.



Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) – әскери ұшқыш әрі жазушы. Ол өзінің «Адам­дар планетасы» балалар мен ересектерге арналған «Кішкентай ханзада» атты философиялық ертегінің авторы ретінде танымал болған.

Жазушы Лиондағы дворяндар тегіне жататын отбасында дүниеге келген. Екінші дүние­жүзілік соғыста фашистермен шайқаста қаза тапқан. Бала кезінен ұшқыш болуды арманда­ған. Жазу­шы адам ұшақпен әуе жолдарын бағындыра отырып, түрлі философиялық сұрақ­тар­ға жауап іздейді деп ойлаған. Ол әуеге көтерілген сайын бостандық мен еркіндікті сезінген. Өзінің мамандығы жайлы, көрген білгенде­рін төмендегі кітаптарында әңгімелеген: «Оңтүстік пошта» (1929); «Түнгі ұшу» (1931); «Адамдар планетасы» (1939).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет