Паразиттердің реңін эндо- жэне эктопаразиттер үшін бөліп карастыру кажет.
Эндопаразиттер. Ішкі паразиттерте тэн белгі. ол пигментацияның жоктығына байланысты денесінің түсі акшыл не- месе аздап сарғыш болуы»Пигмснтацияныңжоқтығы, паразиттердің караңгыда болуына байланысты, осыған ұксас көрініс үңгір немесе жер асты организмдерінде байкалады. Әндопаразиттін түсі болса, ол жабынының пигментациясына емес, ішектің реніне, коректік затка, жұмыртканын немесе тыныс алу пигментінің болуына байланысты.
93
Жаңа сорылған немесе корытылған канның түсі кейбір сорғыштарда (баканың куығындағы Polystoma, былықтың желбезегіндегі Clinostomum адолескариі) ішектің түсін кызыл неме се қара түске бояйды.
Егер бояғыш зат майлы болса, онда сары уызы көптеген сорғыштардың денесінің кабырғасынан сарғыш, кызғылт-сарғыш, күңгірт дақ ретінде көрініп тұрады. Тұкы балыктарындағы Acanthcephalus он^м/7/йге-скребниінің май қоры эртүрлі мөлшердегі кызғылт-сары тамшы ретінде, ал ақсака балығының ішегіндегі Echinorhynchus salmonis эртүрлі: біреуі акшыл түсті, екіншісі қызғылт (майдың болуына байланысты), үшіншісі қошқыл, кара (майдың болуына байланысты, бірак боялған түзіндінің мөлшеріне карай) түске боялады.
Көптеген гельминттердің (сорғыштар, цестодтар, нематодтар) үрыктанған жэне кабыкшамен оралған жұмырткалары кабыкшаның катуына байланысты сарғыш, кошкыл, кара түске дейін енеді. Осыған байланысты жұмыртка толы жатыны боялған канал ретінде денеден бөлек ерекшеленіп көрініп тұрады. Кейбір немотодтардың түсі куыс сұйыктығының тыныс алу кызметіне байланысты алкызыл, ашык- кызыл болып келеді. Балык ішігіндегі Camallanus паразитінің түсі гемоглобиннің болуына байланысты алкызыл, ал балыктагы куыс жэне ұлпалык паразиттер (Filaria sanguined) ашык-кызыл түсті, иттің баска да жануарлардың бүйрегіндегі алып (1 м-дейін) нематод- Diactophyme renale кан-кызыл түсті болады. Барлык жағдайда пигмент ол паразитгің куыс сүйықтығында немесе ұлгіасындағы гемоглобиннің болуына жэне оның тыныс алу кызметіне байланы сты орын алады.
Эктопаразиттер. Эктопаразиттердің реңінде ешкандай кызықты заңдылык жоқ. Су жануарларындағы моногенетикалык сорғыштар иесінің желбезек қакпақшасында жасырынып, эндопаразиттердін түсіне ұксас болады. Паразитті сүліктердің түсінде еркін тіршілік ететіндерден еш айырмашылығы жок. Паразит шаянтәрізділердің түсі гонадалары көрініп тұратындай
жартылай мөлдір немесе сұр түсті. Балыктардын желбезегінде паразитті тіршілік ететін Ergasilus ескекаякты шаянының жүмыртқа капшыктары көкшіл түсті жэне денесінің ішінде көк пигментті дактары болады.
Иесінің денесінде тіршілік ететін эктопаразитті насекомдардың түсінде де еш ерекшелік жок. Бірак оларда еркін тіршілік ететін
94
насекомдарға тэн ашык жэне түрлі-түсті реңі болмайды. Кейбір мәліметтер бойынша, ақ түсті кұста тіршілік ететін мамық жегіштердің түсі, қошқыл түсті қүстардағы мамық жегіштің түсімен салыстырғанда акшыл болып келеді.
Тек дернэсілдік кезеңінде паразитті тіршілік ететін насекомдардың (шаншар, паразитті аралар, тахина шыбыны, бөгелек, т.б) реңі еркін тіршілік ететін туыстарынан еш ерекшеленбейді. Өйткені бүл паразиттердің имаголык кезеңі барлык насекомдардағы сиякты жарыкта өтеді.