Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет102/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Оқушылардың қатысымдық әдісі.
Бұл әдіс – негізгі және күнделікті 
өмірде тілді үйретуді жүзеге асыру мақсатында сабақты практикалық жағынан 
қамтамасыз ететін әдіс. 
Бұл әдіс бойынша сөйлесім әрекеттерінің барлық түрлерін меңгерту керек, 
яғни айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім жұмыстары әр тақырып 
бойынша өзара байланыста жүргізіледі. Бұл жұмыс ауызша айтылым мен 
тыңдалым арқылы жүргізілсе, жазбаша жазылым мен оқылым арқылы 
жүргізіледі. Ал тілдесу жұмысы ауызба-ауыз сөйлесу арқылы іске асады. 
2.
Оқытудың ойын әдісі 
арқылы оқушылардың тілін дамыту жұмысы іске 
асырылады. Ойындар рольдік, сюжеттік болып бөлінеді, оқушылардың 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады. 
3.
Дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі
бойынша оқушының жеке бас 
ерекшелігі ескеріліп, оқушының алғашқы қадамынан бастап біліктілік пен 
білімнің даму жолын қалыптастырады. 
Дара тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы бойынша қазақ тілін 
оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда келесі талап қойылады: 
-
диалогтік, полилогтік; 
-
әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы; 
-
оқушының жеке басы дамуына сәйкестігі; 
-
оқушының өздік және шығармашылық әрекеттерінің дамытылуы. 
Аталған технологиялар екі түрлі жолмен іске асырылады: 
1)
сыныпты «мықты-орташа-әлсіз» топтарға бөлу; 
2)
оқушылардың жеке бас қабілеттеріне сәйкес өзіндік траекторияларын 
құрып, әр оқушының жеке білім траекторияларын таңдау, мазмұн мен көлемі әр 
түрлі оқу материалдарын іріктеу. 
Филология ғылымының докторы, профессор Ф.Оразбаева: «Оқушы тілін 
дамыту ауызша және жазбаша жүргізіледі. Тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар 
байланыста іске асырылады. Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде ауызша 
тіл дамыту басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз 


196 
болады», - дейді [2]. Демек, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі 
сабағы негізінен тіл дамыту бағытында жүргізіледі. Яғни, сөздік қорды байыту; 
байланыстырып сөйлеуді дамыту; грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді 
үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, т.б. 
Белгілі ғалым А.Байтұрсынов өзінің «Оқу құралы» деген тұңғыш 
әліппесінде үш принципті жүзеге асыру жолдарын дәлелдейді [3]. Ол:
1.
Сөздердің алдына дыбыс қою (ата-бата, су-асу, асық-қасық). 
2.
Сөз соңына дыбыс қою (ата-атақ, ау-ауа, бала-балақ). 
3.
Бір дыбысты өзгерту арқылы тіл дамыту (ара-ала, қыз-құз, құлақ-құрақ). 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқушылар өзінің ана тілімен қатар 
бірінші сыныптан бастап қазақ тілін өте бастайды. Баланың жасы кіші болған 
сайын, оның тілі екінші тілді игеруге икемді келеді. Сондықтан, бірінші 
сыныпта, яғни қазақ тілін оқытудың алғашқы сатысында, оқушылардың бұл 
тілге тән дыбыстардың дұрыс айтуын қалыптастыру керек. Бұл кезеңде 
оқушылар дыбыстардың жеке, сөз ішінде және сөйлем ішінде айтылуын 
үйренеді. 
Қазақ тілін оқытпайтын мектептерде өтілетін қазақ тілі сабағы негізінен 
үлкен екі тақырыпты қамтиды: лексикалық тақырып және грамматикалық 
тақырып. Лексикалық тақырыптар бойынша жұмыстар (мәтінмен, жеке сөзбен) 
жүргізіледі де, ал грамматикалық тақырып лексикалық материалдарды игерту 
барысында түсіндіріледі. 
Алдымен дексикалық тақырып бойынша сөз, сөйлеу үлгілері үйретіліп, 
мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ал сөздер жеке тұрғанда тек заттың атын ғана 
білдіреді. Оқушы тек грамматиканы игеру арқылы, яғни сөз бен сөздің 
байланысын, түрлі грамматикалық заңдылықтарды түсіну арқылы мәтіннің 
мағынасын игереді. Сондықтан қазақ тілі сабағы мәтін сабағы не грамматика, 
оқу сабағы емес, бұл екеуін де қамтитын тұтас тіл дамыту сабағы болып 
есептеледі [4]. 
Қазақ тілін оқыту жұмысының дұрыс жолға қойылуы мұғалімнен 
шеберлікті, ізденуді талап етеді. Оқытушы қауым тілдің әдістемелік жолдарын 
игеру мақсатында озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйеніп, оқытудың 
жұмыс түрлерін өз бетінше зерттейді. 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілінен мынадай жұмыс 
түрлерін жүргізуге болады. Олар: 
1.
Диалогті сөйлеуге үйрету. 
2.
Сөздікпен жұмыс істеу, аударма жұмысы. 
3.
Суретпен жұмыс істеу. 
4.
Мәтінмен жұмыс істеу. 
5.
Монологті сөйлеуге үйрету. 
6.
Сөйлеу, сөйлем модельдерін үйрету. 
7.
Сөзді не сөйлемді толықтыру арқылы грамматиканы игеру. 
8.
Сөйлемнің түрлерін түсіндіруде кеспе қағаздарымен, суретпен жұмыс 
істеу. 
9.
Грамматикалық жаттығуларды орындау. 


197 
10.
Әдепті сөйлеу үлгілерін үйрету 
11.
Сын жұмыстарын жүргізу 
12.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу 
Сабақтың әдістемелік дұрыс өтуіне негізгі арқау мәтінмен жұмыс істеу 
болып табылады. Олар бағдарлама бойынша берілген тақырыптарға сай 
таңдалады. Талапқа сай болмаған жағдайда мұғалімдер өздері дайындайды. 
Алынған мәтін бойынша жұмыс келесі тәртіппен жүргізіледі: 
1.
Кіріспе әңгіме. 
2.
Мәтіннің оқу үлгісін көрсету. 
3.
Сөздік жұмысын жүргізу. 
4.
Мәтіннің мазмұнын игерту. 
5.
Мәтін бойынша тіл ұстарту. 
Келесі кезектегі жұмыс мәтін материалын түсіндіруде теориялық 
ережелерді пайдалану, мәтіннен грамматикалық тақырыпқа сай жалғау мен 
жұрнақтарды, септіктің түрлерін, етістіктің шақ формаларын, не болмаса басқа 
грамматикалық формаларды табу, түсіндіру, олармен жеке сөйлем құрастыру, 
т.б. жүргізіледі [4]. 
Сонымен, әрбір лексикалық тақырыптарға алынған түрлі мәтіндер 
бойынша мұғалім оқушылармен көптеген тіл дамыту жұмыстарын жүргізеді. 
Олар: сөздікті игеру, мәтінді аудару, мазмұнын айту, диалог, монолог құру, 
мәтін бойынша грамматикалық тапсырма орындау; жазба жұмыстарын 
орындау; рольдік ойындар ұйымдастыру т.б. Мысалы өтілген грамматикалық 
тақырыпты пысықтауда мұғалім түрлі жазба жұмыстарын жүргізеді. Жазба 
жұмыстары арқылы оқушылар ойды байланыстырып құрастыруға, сөздерді 
дұрыс айтып дағдылануға үйренді. Олар: 
-
тірек сөздермен сөйлем құрау 
-
сұраққа жауап беру 
-
үлгі бойынша сөйлем құрастыру 
-
көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазукөп нүктенің 
орнына тиісті сөздерді қойып жазу 
-
суреттер бойынша сөйлем құрастыру 
-
берілген сөз тіркестерімен сөйлем құру 
-
орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға аудару, т.б. 
Мұғалім сабақта білім берумен қатар тәрбиелік жұмысты да жүргізеді. 
Оқушылардың эстетикалық рухани сезімдерінің қалыптасып, дүниетанымының 
кеңеюіне жол ашады. Алынған материалдардың құндылығына, тәрбиелік 
маңызына назар аударады. Мәтіндер қазақ халқының өмірінен, салт-дәстүрінен, 
әдет-ғұрыптарынан алынады. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ 
тілінен білім беру жұмысы тек берілген сағат мөлшерінде жүргізілмей, 
оқушыларға сабақтан тыс уақытта қазақ тілін қатынас құралы ретінде 
пайдалануға жол ашу үшін тілдік орта ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. 
Қазақ тілі сабағы сабақтан тыс уақытта пән мұғалімнің басшылығымен 
ұйымдастырылған үйірме жұмыстарында жалғасын табуы керек. Әрбір мұғалім 
өзі сабақ беретін сыныптарда міндетті түрде үйірме жұмысына жетекшілік 


198 
етеді. Онда оқушылар қазақ халқының өнері мен мәдениетінен, салт-дәстүрінен 
жан-жақты білім алумен қатар рухани байлыққа ие болады. Тілге деген құрмет 
арттырады. 
Белгілі ғалымдар Н.Оралбаева, Н.Жақсылықова «Орыс тіліндегі 
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» деген еңбегінде [5] келесі әдіс 
түрлерін ұсынады: баяндау әдісі, түсіндіру әдісі, оқушыларды ойландыру әдісі, 
жалқылау, жалпылау әдістері, әңгімелеу әдісі, еліктеу әдісі, жаттықтыру әдісі
оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі, техникалық құралды 
пайдалану әдісі. 
Ешбір сабақ жалғыз бір әдіспен жүргізілмейді. Аталған әдістің барлық 
түрлері сабақта бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтырыла сабақ 
мақсатына сай қолданылады. Тіл мамандарының міндеті бұл әдістерді санына 
қарай емес, сапасына қарай қиыстырып, сабақта ұтымды пайдалану арқылы 
білімді меңгерту болып табылады. 
К.Ы.Сариева, А.Қ.Рауандина, Ж.Д.Адамбаева т.б. «Қазақ тілі» оқу пәні 
орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған бағдарламасында 
оқушылардың бұл пән арқылы қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігі мен 
әуездігін, сөйлеу мәдениеті мен этикетін, фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық нормалары мен оны қолдануын меңгеруі тиіс делінген. 
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамымызда халықтар арасында ізгілік 
қатынасты, түсіністікті, келісімділікті нығайтуға, оның ұйытқысы болуға 
қызмет етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттігін, территория 
тұтастығын, халықтар достығын, заңын, мемлекеттік рәміздердің құрметтеуге 
үндей отырып, оқушылар бойында Қазақстандық ұлтжандылық сезімін 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет