271
Канада университеттерінде
шағын курстарды, семинарларды,
зертханалық сабақтарды және кампустағы оқытуды, қашықтықтан
курстар мен дәрістерді біріктіретін аралас оқытуды ұйымдастырады.
Ол үшін онлайн оқытуда оқытушыларды қолдау үшін веб-сайт
құрылды.
Қытайда
ЖОО-лар Classic, Canvas электрондық платформалары
және ЖОО-ның веб-сайты арқылы онлайн-форматта сабақ алады.
Бұл ретте профессорлық-оқытушылық құрамның дәріс оқуға бірнеше
мүмкіндігі бар: live режиміндегі дәрістер, алдын ала жазылған
дәрістер, вебинарлар, бұқаралық ашық онлайн-курстар (MOOC).
Материалдар ЖОО веб-сайтына жүктеледі.
Профессор-оқытушылар
құрамы мен студенттер күніне 16 сағат жұмыс істейтін чатқа қол
жеткізе алады, онда олар сұрақтар қойып, көмек сұрай алады.
Австралияда
университеттер
білім
алушылардың
оқуға
икемділік беретін алдын-ала жазылған дәрістерді қолданады. Білім
алушылардың өздері дәріс оқу үшін қызықты нәрселерді таңдап,
оқу мазмұнын басқаруға құқылы. Сондай-ақ,
алдын-ала жазылған
дәрістер бөліктерге бөлінеді. Білім алушының барлық дәрісті тыңдауы
міндетті емес, оның орнына ол секцияларды шарлауды қолдана алады.
Жалпы, бұл тәсіл білім алушыларға қолайлы, өйткені олар интер-
нет жылдамдығына аз тәуелді болады және болашақта материалды
қайталауға арналған ресурсқа ие болады.
Малайзияда оқу үдерісі онлайн оқыту және зерттеу үшін
дәстүрлі оқыту зертханаларда, шеберханаларда,
дизайн-студияларда
ұйымдастырылады.
Жинақталған әлемдік оң тәжірибені пайдалана отырып,
академиялық және басқару дербестігі шеңберінде Қазақстан Респуб-
ликасының жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру бағдарламалары, телекоммуникация дәрістерінің форматтары:
жанды дәріс, ZOOM-дағы семинарлық (студенттер чатта немесе дауы-
спен сұрақтар қоя алады), өз бетінше жұмыс істеу үшін консультация-
лар, білім алушылардың оқытушысыз материалдарды зерделеуі.
Достарыңызбен бөлісу: