Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және ӛрнек,
теңдеулер мен теңсіздіктер, есептер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шама-
ларды ӛлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер
арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Бастауыш математика курсының негізгі ӛзегі – теріс
емес бүтін сандар нумерациясы, ал бастауыш математика курсын құрайтын қалған материалдар
соның тӛңірегіне орналасады да, мән-мағынасын ашуға негіз болады. Ал нақты есеп мәселесіне кел-
сек, ол мазмұндық-әдістемелік желілердің қайсысын алмасақ та, әрқайсысына байланысты да, тәуелді
де. Осы ойымызды бірнеше мысалдармен дәлелдеп берсек. М: есептеу тәсілдерін, оның ішінде қосу-
дың кестелік жағдайларын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқытып-үйрету кезінде есеп мәтінін-
де осы материалға байланысты сандар келтіріледі. Немесе кестелік жағдайларды есте сақтау, жатқа
білумен байланысты білік пен дағды қалыптастыруға бағытталған шамаларға амалдар қолдану, кесін-
дінің ұзындықтарын ӛлшеу, одан бірнеше сантиметр ұзын не қысқа кесінділердің ұзындықтарын
анықтау, салу жұмыстары да пәнішілік интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |