Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды,
оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын ӛздік, зерттеу және жобалық жұмыстар-
ды қолдануды кӛздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр
түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Оқушының ӛзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу
материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың ӛз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логика-
лық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практика-
лық бағыттағы тапсырмаларды орындауды кӛздейді.
«Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында»: «Дамыта оқыту әдісте-
месіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық жағдайына енгізу» екені атап кӛрсетіледі.
Ал бұл мәселе ӛз кезегінде «оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін
кӛрсетеді».
Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы,
«жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «аналогтар-
ды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін кӛру» т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске
жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны «ӛз кӛзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен
даңдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады [5]. Оқу
әрекеті баланың ақыл-ойын дамыту жұмысымен тығыз байланыста математиканы оқытуда оқушы-
лардың тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы да, саналы білім алуы олардың сол мақ-
саттағы ақыл – ой әрекетінің белсенділігі мен сапалылығына байланысты екендігін мұғалім әсте есте
сақтауы тиіс.
Бастауыштың бағдарламасы балалардың шығармашылығын, қиялдау кабілетін дамыту; окытудың
ӛмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсілі ретінде ӛздігінен есептер
құрастырып шығаруды ұсынады. Осындай шығармашьшык жұмыс берілген есепке кepi есеп құрас-
тыру және шығару; шығарылуы, берілген қатынас, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрас-
тыру; сұраққа сәйкестендірінген шартты ipiктeп алу және керісінше, шартқа сәйкесетін суракты
сұрыптау; есептің шартын және сурағын түрлендіру, шамаларды ӛлішеудің нәтижелерін немесе
қосымша материалдарды пайдаланып ӛздігінен әр түрлі есептер құрастыру және тиімді жолдармен
шығару сияқты мәселелерді қамтиды [5].
Бағдарламалық минимум жай және құрама есептерден тұрады.
Бастауыш сыныптар үшін бағдарламалық минимумға барлық жай есептердің түрлері енеді. Жай
есептердің біртіндеп, тізбектеле енгізілуі, қарастырылатын математикалық ұғымдардың, есептер ара-
сындағы ӛзара байланыстардың, сол сияқты есептердің күрделілік деңгейлерінің енгізілулеріне сәй-
кес анықталады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
55
1. Педагогика. (оқулық). – Алматы, 2005.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. –
Алматы, 2002.
3. Педагогика: учебное пособие. Под/ред. Пидкасистого П.И. – М.: Высшее образование, 2008.
4. Щербакова Е.И. «Теория и методика математического развития дошкольников». – М.-Воронеж, 2005.
5. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.
Жалпы бастауыш білім. – Алматы: РОНД, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |