Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет415/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

аутосомды-рецессивті жолмен беріледі 
(кемістік 20-шы хромосомада). Гомозиготтыларда аденозин мен дезоксиаденозиннің 
инозин мен дезоксиинозинге ауысуының бұзылысы дезоксиаденозинтрифосфаттың 
жиналуына әкеледі.
Соңғысы рибонуклеотид-редуктазаны тежеп, осы арқылы ДНҚ 
түзілісі басылады. Кемістіктің 
клиникалық көріністері
«швейцарлык типтен» айнымай-ды, 
кейде 1-2 жыл бойына байқалмауы да мүмкін, бірақ кейіннен бәрібір «иммундық жұтау» 
өрбиді. Аденозиндезаминаза кемістігінің иммундықтан өзге көріністері ерекше: 
қабырғалар шетінің мүжілуі, қабырға-шеміршек қосылысы жуандауы, шығынқы 
жауырын, жамбас сүйектерінің кеңеюі және т.б. байқалады. Диагнозын көп мөлшерде 
зәрден дезоксиаденозин табылуы, эритроцит лизаттарында аденозиндезаминаза 
белсенділігінін жоқтығы толықтырады. Кейбір балалар дер кезінде диагноз қойылып, 
тиімді ем қолданудан кейін жазылып кетеді. 
Оротацидурия – аутосомды
-рецессивті жолмен беріледі. Бұның негізінде 
пиримидиндер негіздері түзілісіне қатынасатын ферменттердің бір немесе екеуінің де
(оротатфосфорибозилтрансфераза мен орнитин-5-фосфатдекарбоксилаза) 
%-дық кемістігі
Сонымен катар, Т-лимфоциттер қабілетінің өте нашарлығы, жиі инфекцияларға қоса, 
айқын мегалобластикалық анемия тән. Уридин қолдану гематологиялық көрсеткіштерге 
оң әсер етсе де ИТС-ға көмегі болмайды. 
Н (биотин) витамині алмасуынын т ұқым қуалаушылық бұзылыста-ры 
негізіндегі ИТС 
аутосомды-рецессивті жолмен беріледі
(бірінші варианты биотин 
тәуелді голокарбоксилаза синтетаза кемістігінен, екіншісі биотин-синтетазаға қатысты). 
Клиникасы 
органикалық ацидемиямен (кето-, лактат-ацидоз) орайласады: құсу, ентігу, 
тромбоцитопения, тырысулар, миоклония, атаксия, гипотония, атетоз, кома; бұған және 
тері, көз бұзылыстары (алопеция, кірпік пен қастың түсуі, санырауқұлақтарға қатысты 
бұзылыстар, кератоконъюктивит, сірі қабығынын жаралары) қосылады. Иммуно-логиялық 


620 
тексеруде Т-клеткалар саны мен А-иммуноглобулиндер азаюы анықталады. Биотинмен 
емдеу (күніне 5-10 мг) клиникалық және иммунды оң әсер береді. Голокар-боксилаза 
кемістігі, әдетте, туа, ал биосинтетаза жетіспеушілігі 1-3 айлық кезде білінеді. 
Энтеропатиялык акродерматит
цинк кемістігі негізінде, аутосомды-рецес-сивті 
жолмен беріледі.
ИТС бұл жағдайда аралас; яғни Т- және В-клеткалық буындары 
бұзылыстарына иммуноглобулиндер кемістігі қосылады, өсудің тоқтауы, гипотрофия, 
анемия, гепатоспленомегалия, гиперкератоз, гиперпигментация мен гипогонадизм, 
гипопротеинемия көріністері тән. Ішек инфекциялары, әдетте, тері кандидиоздарымен 
қосыла жүреді. Цинк қосылған дәрілер тағайындау ауру жағдайын едәуір жақсартады. 
Т-ЛИМФОЦИТТЕРМЕН ОРАЙЛАСҚАН БІРІНШІЛІК КЛЕТКАЛЫҚ ИММУНИТЕТ 
ТАПШЫЛЫҒЫ 
Ди-Джорджи синдромы (айырша без гипоплазиясы). Тұқым қуаламайды. 
Өрбуі 
эмбриопатия салдары, айырша және паратиреоидтық бездер гипоплазиясымен 
ерекшеленеді

Клиникасы 
– туғаннан тетания, бет дамуының кемістіктері («балық» 
ауыз, ерін, тандай жарықтары және т.б.) мен жүрек-қантамыр жүйесі ақаулары, 
катаракта, өкпе, ішек инфекцияларының қайталануларымен көрініс табады. 
Параклиникалық айқын ауытқулары: гипокальциемия, гиперфосфатемия, жүрек ақауы 
мен (немесе) қолқаның оң доғасы, лимфоцитопения, Т-клеткаларының азайып, ФГА-
ға жауап бермеуі, бірақ иммуноглобулиндер мен В-лимфоциттер саны қалыпта немесе 
жоғары. 
Болжам
диагноз 
дер кезінде қойылып, жүрек ақауы мен Т-жүйесі кемістігіне 
өзгеріс енгізу мүмкіншілігіне қарай (тимус трансплантациясы). 
Пуриннуклеозидфосфорилаза тапшылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет