«педагогикалық менеджмент» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/10
Дата31.12.2019
өлшемі145,12 Kb.
#54956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ


Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Менеджмент басқару туралы ғылым

Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А. Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру. Врумның күту теориясы. Портера-Лоулердің сандық тәсілі. Д.Мак Клелландтің теориясы. Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық түрлері.



1

2

Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде.

Білім берудегі басқару түсінігі. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент әдістері. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер. Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары. Білім сапасы- ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде. Жүйені басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты.



1

3

Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары

Мектепішілік менеджменттің заңдылықтары. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы..



1

4

Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары.

Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Педагогикалық жүйелерді басқару ұстанымдары. Өкілеттіктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.



1

5

Мектептегі жаңашылдықты басқару

Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдерісті басқарудың ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар.




1

6

Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде

«Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама. Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты жүйеқұраушы құрылым ретінде. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы. Әдістемелік жүйе, оның құрылымы. Әдістемелік жүйенің мақсаты. Педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны. Мәдени-білім беру ортасы. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.



1

7

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау

"Диагностика" ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы.

Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары және олардың көрсеткіштері. Педагогикалық үдерісті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері..

Білім беру үдерісін бақылау технологиялары. Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны.

Бақылау нәтижелілігінің шарттары. Педагогикалық ұжымдардың қызмет көрсеткіштері. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару сапасының мониторингі.


1

8

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау

Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану.

Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау. Перспективалық және жылдық жоспар.

Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарларын орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі.

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарынын рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Мектеп құжаттарына қойылатын талаптар.


1

9

Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау

Мектептегі әдістемелік қызмет мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде. Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері және іс-әрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және өкілеттілігі. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі.

Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары. Жас мұғалімдер мектебі. Тәлімгерлік. Педагогикалық шеберлік мектебі. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау. Мұғалімдерді жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің рөлі.Тұтас педагогикалық процестің және әрбір мұғалімнің кәсіби даму жетістігінің диагностикасы. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде.


1

10

Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару

Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері. Мектептегі рухани-психологиялық климат. Басқарудың негізгі қағидалары. Басқару жүйесінің құрылымы.Жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері. Басқару формасы. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі. Басқарудың әдістері мен құралдары. Басқару қызметінің түрлері және оларға сипаттама. Жобалау, ұйымдастыру, бақылау, ақпаратты жинау және талдау. Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні. Басқару жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар.



1

11

Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде

Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен. Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі. Адами ресурстардың құндылығы. Ұжымды басқару кезіндегі өзара қарым-қатынас. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісмге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.



1

12

Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы

Педагогикалық менеджменттің коммуникативтік компоненті. Коммуникациялық үдерістің басшысы ретінде мұғалімнің рөлі. Коммуникация процесінің элементтері.

Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. Жалпы этикалық принциптері және іскерлік қарым-қатынас сипаты. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми және бейресми қарым-қатынас түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесу стилі. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесуінін өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері, олардың сипаттамалары. Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мәні. Білім беру мекемесінің басшысының ұжыммен қарым-қатынас этикасы. Дұрыс коммуникацияға кедергі келтіретін себептердің сипаттамасы. Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторлар. Тиімді педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері мен принциптері. Тиімді коммуникация ережелері.


1

13

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару

Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс. Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен ерекшеліктері, элементтері мен субъектілері. Тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыс үстемдігі сипаттамасының себептері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару қиыншылықтары. Қақтығыстарды азайту әрекеттерін басқаруға әкімшілік және педагогикалық қызметкерлердің дайындығы. Алдын-ала қақтығыс жағдайларын болжау.



1

14-15

Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті.

Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы. Үкіметтің, көшбасшылықтың және менеджменттің өзара байланысы. Көшбасшылық педагогикалық менеджменттің маңызды мәселесінің бірі ретінде. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің мазмұны. Көшбасшылық түсінігінің туындауына талдау жасау. Білім беру үдерісінде көшбасшылық өнер және шеберлік ретінде. Мектептегі көшбасшылықтың түрлері және сипаттамасы. Тиімді көшбасшылық және көшбасшылық қасиет.



2

Барлығы: 15

5. СЕМИНАР/ПРАКТИКА, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ /САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ


Апта №

Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың атауы

Сағаты көлемі

1

Менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.

1

2

Білім берудегі менеджмент. Педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі.

1

3

Педагогикалық менеджмент заңдылықтары мен принциптері

1

4

Педагогикалық менеджменттің әдіснамалық негіздері.

1

5

Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты.

1

6

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда мектептің әдістемелік қызметінің рөлі

1

7

Мектепті басқарудағы мектеп құжаттары

1

8

Педагогикалық ұжымның сипаттамасы.

1

9

Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқарудың ерекшеліктері: болжау , ескерту , шешу жолдары

1

10

Менеджменттегі көшбасшылық ұғымы мен анықтамасы.

1

11

Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық

1

12

Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық түрлерінің сипаттамасы .

1

13

Көшбасшылық сапа теориясы.

1

14-15

Тиімді көшбасшылық: шеберлік, өнер.

2


6. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

/өткізілмейді/

7. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР:


  • СОӨЖ-на арналған тапсырмалар;

  • СӨЖ-на арналған тапсырмалар




Апта №

СОӨЖ-на арналған тапсырмалар:

Сағат көлемі

1

Білім берудегі басқару ұғымы. Білім беруді демократиялық басқару моделі. Білім беруді демократиялық басқару ұстанымдары.

2

2

Педагогикалық менеджментті кәсіптік қызметтің айрықша түрі ретінде талдау.

2

3

Жаңашылдық қызметті әр түрлі дәрежеде бақылау.

2

4

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жобалау

2

5

Идеалды мұғалім моделін жобалау

3

6

Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау.

2

7

Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекеретін жоспарлау

2

8

Педагогикалық ұжымда жеке тұлғаны қалыптастырудағы басқаруды дамыту жетістігі.

2

9

Педагогикалық ұжым арқылы жеке тұлғаны дамытудағы басқарудың ерекшеліктері.




10

Ұжым жаңа дидактикалық сапалы білім беру үдерісінің субьектісі ретінде

2

11

Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде.

2

12

Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесу стилі.

2

13

Қақтығыс туындаған жағдайда жеке тұлғаның педагогикалық- психологиялық сипаттарының рөлі.

3

14-15

Педагогикалық процесте менеджердің көшбасшылық сапаны қалыптастыру шарттары Қақтығыстардың сипаттамасы, құрылымы және қызметі.

2

Барлығы:




30



Апта №

СӨЖ-на арналған тапсырмалар

Сағат көлемі

1

Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептерінің кестесін құрастырыңыз (атауы, құрылған жылы, негізгі идеялары). Дайындалған кесте бойынша кез- келген мектептің қысқаша сипаттамасын (оң және теріс жақтарын көрсете отырып) жазбаша беріңіз.

2

2

Педагогикалық менеджменттің американдық, жапондық, батыс еуропалық, азиялық типтерінің ерекшеліктерін көрсететін әдебиеттерді өз бетіңізше зерделеңіз. Оқылған материал негізінде «Шетелдік педагогикалық менеджмент модельдері» кестесін құрастырып, оған ортақ және айрықша белгілерді анықтаңыз. Олардың салыстырмалы сипаттамасын жазбаша беріңіз. Өз позицияңызды анықтаңыз.

3

3

Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары, қызметтері, әдістері, принциптері, заңдалықтарын сипаттайтын сызбалар, кестелер құрастырыңыз. Олар бойынша презентация дайындап, оны қорғаңыз.

3

4

Жүйелі, гуманистік, құзыретті тәсілдер негізінде әрекет ететін мектеп моделін (жобасын) әзірлеңіз. Ол бойынша презентация дайындап, оны қорғаңыз.

2

5

Инновациялық жобаларды басқарудағы педагогикалық диагностика.

2

6

«Қазіргі мәдени -білім беру мектеп кеңістігіндегі жаңашылдықтар» тақырыбы бойынша эссе дайындау (Қазақстан аймақтарындағы мектептерді талдау арқылы).

2

7

Оқыту әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу

2

8

Оқыту технологияларына салыстырмалы талдау жүргізу

2

9

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу

2

10

Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.

2

11

Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

2

12

Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.

2

13

Педагогикалық ұжымда жобалық топтың құрылымын кесте түрінде көрсетіңіз.

2

14-15

Ұсынылған әдебиеттерді зерделей отырып, «Мектеп директорының педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы рөлі"» тақырыбында хабарлама дайындау

2

Барлығы:




30

Каталог: uploads -> doc -> 050d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
050d -> Сабақ тақырыбы : Жанамалардың қасиеттері Кәсіби даму мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет