ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс №8,9. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,68 Mb.
#30829
1   2   3

Дәріс №8,9. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

1. Оқушылар барлық тақырып материалдарын біртіндеп игереді. Бұл оқушы білімін, онда қалыптасатын біліктілік пен дағдыларды логикалық тұрғыда біршама тиянақталған оқу материалдары бойынша тексеріп, есепке алуды қажет етеді.

Қандай да бір жазбаша тексеру жұмысы орындалған соң балалар назарына тапсырмалардың көрнекі етіп жазылған үлгі жауаптары ұсынылады. Оқушы өз жауабы қате болса, оны қызыл түсті сиямен сызып, дәптеріне дұрыс жауапты жазады да, өз жұмысын бағалайды және дәптерін мұғалімге өткізеді. Келесі сабақта ұстаз жұмыстарға талдау жасап, бағаларын бекітеді. Бұл біріншіден, шәкірттерді бақылау жұмысын орындауға ынталандырады, екіншіден, оларда өзіне-өзі сынай қараушылық сияқты өнегелі қасиеттер қалыптастырады.

Оқушыалардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, физикалық диктант алу, өздік жұмысын орындау, бақылау жұмысын орындау, оқулықпен жұмыс жасау, карточкалармен жұмыс жасау тағы сол сияқты.

2. Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын-ала жазылған) таңдалады. Бұл мұғалімінің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.
Дәріс №10,11,12. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда тірек сызбаларды пайдалану

1.ФИЗИКА- жеке тұлғаның ақыл- ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Пәнді оқытудың басты мақсаты оқушылардың ақыл- ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытуға ролін ашу, физикадан берілетін білімді түрлі мәселелерді шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар дағдыларды, ғылыми көзқарастарын оқушы бойында қалыптастыру болып табылмақ.

Оқушылардың білім дәрежесінің жоғары деңгейде болуының бірден- бір шарты физикалық ұғымдарды тиімді қалыптастыру болып табылады.Өйткені ұғымдар жүйесі- білімнің белдеу қазығы. Оқу пәнінің немесе бөлімнің негізін оның құрылымдық моделі, ұғымдар жүйесі және олардың арасындағы байланыс құрайды.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептің білім беру жүйесінің көп түрлілігіне өтуі, мектеп тәжірибесінде оқытудың жеке тұлғалық бағдарланған моделін жүзеге асыруға ұмтылу мектепте физиканы оқыту мазмұнына дәстүрлі көзқарасты өзгертіп, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны қайта қаралуда.

Физика курсында топтаудың және жүйелеудің негіздері- материяның құрылымдық түрлері, бөлшектердің қасиеттері, құбылыс, процесстер, қозғалыс түрлері, құралдар, машиналар, құрылғылар, зерттеу әдіс-т әсілдері, денелердің қасиеттері мен құбылыстарды зерттеу мен суреттеу.

Жүйелеудің түрлерінің бірі- негізгі түсінікті белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлу, яғни тақырыпты, тарауды жүйеге келтіре отырып, заңдылық тағы басқа түрлеріндегі ерекшеліктеріне қарай, жалпы мағынасын ашу және таблица, сызба арқылы көрсету.

Негізгі түсініктерді белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты, топқа бөлуді сызба арқылы оқушы білімін жүйелеу және тарауларды қортындылау кезінде қолдану өте тиімді.

Зерттеліп отырылған шамалардың ара қатынасын және негізгі белгілерін анықтау, барлық жүйенің бөлігі ретінде белгілі бір бөлімді қарастыру да жүйелеуге себепкер болады.

Жоғарыда сызылған сызба оқушылардың алған білімін жүйелеп, қорытындылауға көмектеседі.

Мұғалім өзінің әрбір сабағын жаңа материалды өзі баяндай түсіндіру арқылы емес, оқушылардың өз бетімен оқып меңгеруіне бағыт беретіндей етіп жоспарлау керек. Олар бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды өз бетімен игеруі қажет.

Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Оқушыға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Сабақта трек-сызбаларды пайдалану да оқушылардың өздігінен іздену дағдылары қалыптасады.

Газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы өздері өтетін трубаның көлденең қимасының ауданына байланысты болады: трубаның ауданы үлкен болса, онымен өтетін газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы аз болады және керісінше» дегенді білдіреді.

Негізгі заңдылықты тірек белгілері арқылы беру оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.

Физикалық заңдылықтар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін жаңа тақырыпты тірек конспектілерімен бергенде, 1 тірек конспектісіне 2-3 тақырыпты топтап, блок түрінде берген қолайлы.
Дәріс №13,14,15. Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағаы жоспарды пайдалану.
1. Оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Жүргізілген зерттеулер оқушыларға ұғымдарды игертуде, ұғымдарды оқып-үйренудің жалпыланған жоспарын жасаудың орны айрықша болатындығына көз жеткізді. Жоспардың жалпыланған деп аталу себебі: мұндай жоспарды барлық физикалық ұғымдар үшін құруға болады. Жоспар кез-келген ұғыммен жұмыс істегенде мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де пайдалы. Жоспар ұғымның қалыптасу және даму кезеңдерін бірізділікпен қамтыған сұрақтар жиынына жауап бере отырып жасалады. Ұғымды, құрылған жоспар арқылы оқып-үйрену, ол туралы мәліметтердің жинақы болуына, ең негізгі мәселелеріне баса назар аударуға, басқа білім аумағына еркін қолдануға кең жол ашады. Оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгеруінің басты құралы бола алатын жалпыланған сипаттағы жоспарлар төмендегідей:

Тәжірибе: 1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.

Құбылыс: 1. Құбылыстың басты ерекшеліктері.

2. Өту шарттары.

3. Құбылыс бақыланатын эксперимент тізбегі.

4.Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байланысы.

5. Практикада қолданылуы.

6.Құбылыстың зиянды әсерлерінен сақтандыру амалдары.

Заң: 1.Нені байланыстырады, анықтайды, бекітеді.

2.Қандай негізгі фактілерге негізделіп тұжырымдалған.

3.Қандай физикалық шамаларды байланыстырады.

4.Заңды сипаттайтын формула.

5.Тәжірибе жүзінде бекітілуі.

6.Практикада қолданылуы.

7.Заңның анықтамасы.

Көрсетілген жоспарларды оқушылар ұғымдарды меңгеру жөніндегі өзінің қызметіне бақылау жасау үшін, ал мұғалімге оқушылардың ұғымды меңгеру сапасын тексеру үшін де пайдалануға болады.

Көрсетілген жоспарлар ұғымдары оқып-үйренудің өзекті мәселерін айырып алуға ықпал жасайды, оқушылардың ұғыммен өз бетімен жұмыс істеулеріне көмектеседі, сонымен қатар мұғалімнің ұғым туралы негізгі ойларын түйіндеуге, ұғымды оқытудың басты бағыттарын сараптауға мүмкіншілік туғызады.

Мұндай жоспарларға сүйене отырып жұмыс істеу, ұғымдарды оқушылардың меңгеру сапасын уақытылы тексеріп отыруға көмектеседі, ал ең бастысы оқушылардың молекулалық физика ұғымдарын меңгеруі мақсатты және саналы түрде жүргізіледі.

Көрсетілген жалпылама сипаттағы жоспарлардың кейбіріне қосымша пунктер енгізуге болады: мысалы, нысан – қандай басқа нысандардан тұрады, онда өтетін құбылыстар; шама – шаманың жеке жағдайлардағы мәні, белгіленуі, өзгеру аралығы, қолданылу шегі; құбылыс -қандай физикалық нысандарды сипаттайды, оны сипаттайтын физикалық шамалар, құбылыстың қысқаша теориясы; заң - оның білінуінің жеке жағдайлары, заңның қолданылу аясы.

2. Осы кеңейтілген жоспарды пайдаланып, физикалық ұғымдарды қалыптастыруды қарастырайық. Мұғалім қарастырылып отырған тақырыптың өзекті жерін түсіндіріп болғаннан кейін, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне арналған жалпылама сипаттағы жоспарды пайдаланады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құрады.

Сабақта бұл жоспарлар оқушыларға дайын күйінде берілмейді, жоспар бойынша берілген сұрақтарға жауапты оқушылар өздері іздеп табады.

Физика сабақтарында мұндай жоспарларды пайдаланудағы жүйелі жұмыстың нәтижелілігі мыналарда:

а) курстың негізгі сұрақтары, білімдердің жүйелілігі және логикалық анықтылығы бойынша білімнің құрылымдылығын анықтайды;

ә) оқушыларға мұғалімнің баяндауын түсінуді, меңгеруді жеңілдетеді;

б) оқушыдан оқулық мазмұнын ойша өңдеуді, үй тапсырмасын орындау барысында білімдерді қайта құруды талап етеді және өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;

в) оқушылардан сабақ сұрауды қысқартуға мүмкіндік береді, себебі, оқулық мазмұнын толық айтып беруге қарағанда жоспардың пунктері бойынша уақыт көп шығындалмайды.

Жалпы қорыта келгенде, оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгеруі барысында жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану өте тиімді, әрі олардың алған білімдері белгілі бір жүйеге түсетіндігі анық.

Оқушылар өз ойларын осындай жоспарларды пайдалана отырып өз тілімен баяндайды. Мұның барлығы оқушылардың өз беттерінше оқулықтан, қосымша әдебиеттерден оқығандарынан ең негізгілерін, өзектілерін бөліп ала білу дағдысын қалыптастырады.

Мұнда, тек жалаң қайталау емес оны шығармашылық тұрғыдан қорыту, өзіндік тілмен жаңғырту бар. Бұл, бір жағынан, оқушының сөйлеу машығын меңгеруіне септігін тигізеді.

Осындай жұмыстың барысында оқушыларды өз ойын жүйелі түрде, әрі жинақы баяндауға баулимыз.

Ұғымдарды меңгерудің негізгі ерекше тәсілдеріне жалпылама сипаттағы жоспарларды және жаттығулар жүйесін пайдалануды жатқызамыз. Оқушылардың молекулалық физика ұғымдарын жалпылама сипаттағы жоспар, арнайы жаттығулар жүйесі бойынша меңгеруі олардың ойлау қабілеттерінің дамуына, білім сапасының жоғарылауына зор ықпал жасайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Жалпыдлама сипаттағы жоспар деген не?

2.Жалпылама сипаттағы жоспар не үшін қолданылады?

3.Жалпылама сипаттағы жсопарды сабақтың қай кезінде қолданған дұрыс?Жалпылама сипаттағы жоспарды оқушылар қалай қолданады?

3. Практикалық сабақтар

Тақырып: Өздік жұмысқа қойылатын талаптар; өздік жұмыстың тәрбиелік мәні (1с.)

Мақсаты: Оқушылардың өздік жұмыстарына қойылатын талаптармен таныстыру. Оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарының тәрбиелік мәнін көрсету.

Жоспары:

1. Оқушылардың өздік жұмысы. Оған қойылатын талаптар.

2.Оқушылардың өздік жұмыстарының тәрбелік мәні.

Тақырып: Оқушылардың сабақтағы өздік іскерлігінің әдістері және тәсілері, формалары (1с.)

Мақсаты: Оқушылардың сабақтағы оқу іскерлігінің түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Жоспары:

1. Оқушылардың оқу әіскерлігінің түрелрі.



Тақырып: Физика есептерін шығару бойынша оқушылардың өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Физикалық есептердің түрлерімен таныстыру. Физикалық есептерді шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсету.

Жоспары:

  1. Физикалық есептердің түрлері.

2. Физикалық есептерді шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әістері.

Тақырып: Физикадан сапалық және графиктік есептерді шығару бойынша оқушылардың өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Сапалық және графиктік есептерді шығару әдістерімен, сапалық және графиктік есептерді шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Жоспары:

  1. Сапалық және сандық есептер.

  2. Сапалық және сандық есептерді шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. .

Тақырып: Зертханалық сабақ кезіндегі оқушылардың өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Зертханалық сабақ кезінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесін көрсету.

Жоспары:

  1. Зертханалық сабақ барыснда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырып: Оқушылардың таратпа материалармен орындайтын өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Оқушылардың таратпа материалдармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілімен студенттерді таныстыру.

Жоспары:

1.Оқушылардың таратпа материалдармен орындайтын өздік жұмыстары



Тақырып: Оқушылардың үйде орындайтын өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Оқушылардың өздік жұмыстары, олардың үйде орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерімен таныстыру.

Жоспары:

  1. Оқушылардың үйде орындайтын өздік жұмыстары

  2. Оқушылардың үйде орындайтын өздік жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырып: Техникалық моделдеу және конструкциялау бойынша оқушылардың өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Техникалық моделдеу және конструкциялау бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсету.

Жоспары:

  1. Техникалық моделдеу және конструкциялау бойынша оқушылардың өздік жұмыстары

2. Техникалық моделдеу және конструкциялау бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері.

Тақырып: Физика оқулығымен оқушылардың өздік жұмыстары (1 с.)

Мақсаты: Физика оқулығымен оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсету.

Жоспары:

    1. Физика оқулығымен оқушылардың өздік жұмыстары

    2. Физика оқулығымен оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері.

Тақырып: Оқушылардың оқу әдебиетімен өзбетінше жұмыс жасауының спецификациясы (1 с.)

Мақсаты: Оқушылардың оқу әдебиетімен өзбетінше жұмыс жасауының ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары:

  1. Оқушылардың оқу әдебиетімен өзбетінше жұмыс жасауының спецификациясы

  2. Оқушылардың оқу әдебиетімен өзбетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Тақырып: Физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру процесінде компьютерлік моделдерді қолдану (1 с.)

Мақсаты: Физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру процесінде компьютерлік моделдерді қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Жоспары:

    1. Физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру процесінде компьютерлік моделдерді қолдану

    2. Физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру процесінде компьютерлік моделдерді қолданудың әдістері

Тақырып: Компьютерлік моделдеу оқушылардың оқу белсенділігін арттыру тәсілі ретінде (1 с.)

Мақсаты: Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру тәсілімен студенттерді таныстыру.

Жоспары:

    1. Компьютерлік моделдеудің оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда алатын орны.

    2. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда компьютерлік моделдеоді қолдану.

Тақырып: Физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі (1 с.)

Мақсаты: физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін көрсету.

Жоспары:

  1. Физика сабақтарында қолданылатын компьютерлік бағдарламалар

  2. Физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен орындайтын өздік жұмыстары

Тақырып: Физикадан 7-9 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру (1 с.)

Мақсаты: Физикадан 7-9 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсету.

Жоспары:

  1. Физикадан 7 оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

  2. Физикадан 8 оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

  3. Физикадан 9 оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

Тақырып: Физикадан 10-11 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру (1 с.)

Мақсаты: Физикадан 10-11 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсету.

Жоспары:

    1. Физикадан 10 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

    2. Физикадан 11 сынып оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру


4. Зертханалық сабақтар.

Тақырып: 7 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу (3 с.)

Мақсаты: 7 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдай және оны орындай білу дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

  1. 7 сынып бойынша демонстарциялық тәжірибелерді орындау.

  2. Орындалған тәжірибелерді өңдеу.

Тақырып: 8 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу (3 с.)

Мақсаты: 8 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдай және оны орындай білу дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

  1. 8 сынып бойынша демонстарциялық тәжірибелерді орындау.

  2. Орындалған тәжірибелерді өңдеу.

Тақырып: 9 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу (3 с.)

Мақсаты: 9 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдай және оны орындай білу дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

  1. 9 сынып бойынша демонстарциялық тәжірибелерді орындау.

  2. Орындалған тәжірибелерді өңдеу.

Тақырып: 10 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу (3 с.)

Мақсаты: 10 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдай және оны орындай білу дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

  1. 10 сынып бойынша демонстарциялық тәжірибелерді орындау.

  2. Орындалған тәжірибелерді өңдеу.

Тақырып: 11 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу (3 с.)

Мақсаты: 11 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдай және оны орындай білу дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

  1. 11 сынып бойынша демонстарциялық тәжірибелерді орындау.

  2. Орындалған тәжірибелерді өңдеу.


5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Физика есептерін шығаруда өздік жұмыстары ұйымдастыру әдістемесі

5.2. Оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен өз беттерінде жұмыс жасауды ұйымдастыру

5.3 Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану


Тест тапсырмалары

1 Сабақ жоспары төмендегі элементтерді қамтуы керек: 1- сабақтың тақырыбы мен міндеттерін; 2- сабақты өткізудің уақыты көрсетілген кезеңдерін; 3-білімдерді тексерудің мазмұны мен әдістерін; 4-жаңа материалды меңгеру әдістері мен жалғасымдылығын; 5-қажетті мәліметтерімен қойылған демонстарциялар тізімі; 6-ОТҚ (ТСО) және көрнекіліктердің тізімі; 7-шығарылған есептер мен жаттығулар; 8-үй тапсырмасы

1,4,8 жеткілікті

1,2,3


4,8

+1- 8 көрсетілгендердің барлығы

3,5,8
2 Танымдық қызығушылықты дамытудың негізгі кезеңдер:

+Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық

Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → жеке адамға бағытталушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → тұрақты танымдық қызығушылық

Эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық


3 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: дәріс-сабақ; әңгіме-сабақ; практикалық жұмыстарды орындау сабағы; теориялық зерттеулерді орындау сабағы; аралас сабақ (яғни жұмыстың әртүрі қамтылған)?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

+Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


4 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: есептер шығару сабағы; өз бетінше жұмыстарды орындау сабағы; лабораториялық жұмыс сабағы; экскурсия сабағы; семинар?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

+Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


5 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: ауызша және жазбаша сұрау; сынақ; сынақтық лабораториялық жұмыс; бақылау жұмысы?

+Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


6 Физика бойынша оқушылардың жетістігін тексеру әдістеріне жатады:

Ауызша фронтальды және жеке тексеру

+Ауызша, жазбаша тексеру, практикалық іскерлікті тексеру

Жеке және фронтальды лабораториялық жұмыс, жазбаша тексеру

Практикалық іскерлікті тексеру

Бақылау жұмыстары


7 Оқушылардың нақты білімін анықтау үшін жүргізіледі:

+Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін


8 Оқу материалын меңгеру және оқыту кезеңдерінің барлығында өткізіледі:

Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру

+Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін


9 Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың мынадай түрлері қарастырылған.

+1) Үлгі бойынша орындалатын; 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.

1) Реконструктивті – вариативтік; 2) Жаңалық ашатын; 3) Шығармашылық; 4) Эвристикалық

1)Үлгі бойынша орындалатын; 2) Эвристикалық; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.

1) Жаңалық ашатын; 2) Шығармашылық.

1)Үйде орындайтын 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.


10 Оқушылардың өздік жұмысы деп

+арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің -тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады.

-мұғалімнің қатысуынсыз, мұғалімнің бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады.

-оқушылардың арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы орындайтын жұмысын айтады.

-мұғалімнің тапсыруымен оқушылардың орындайтын жұмысын айтады.
11 Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың формалары:

+жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды игеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды қолдану бойынша жұмыстар; білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды игеру бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар;

-білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар.


12 Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

+Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек


13 Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары:

+мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; оған әсер ететін мотивтер;

мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; оған әсер ететін мотивтер;


14 Физика курсының бөлімін, тақырыбын меңгергеннен кейін немесе оқу тоқсанының соңында әдетте өткізіледі:

Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру;

+Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін.


15 Физика бойынша оқушылардың жетістігін тексеру әдістеріне жатады:

Ауызша фронтальды және жеке тексеру;

+Ауызша, жазбаша тексеру, практикалық іскерлікті тексеру;

Жеке және фронтальды лабораториялық жұмыс, жазбаша тексеру;

Практикалық іскерлікті тексеру;

Бақылау жұмыстары.


16 Оқытудың экранды-дыбыстық техикалық тәсіліне жатқызуға болады:

Радио, магнитофон;

Телевизор;

+Телевизор, кинопроектор, бейнемагнитофон;

Кинопроектор, магнитофон;

Кинопроектор, магнитофон, радио.


17 Орын ауыстыру дегеніміз

+кеңістіктегі бастапқы және соңғы нүктелерді қосатын дененің бағытталған кесіндісі;

траектория ұзындығы;

дененің жүрген жолы;

бағытталған кесінді;

қозғалыстағы дененің кесіндісі.


18 Еркін түсу үдеуі дегеніміз –

+тек қана ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

серпімділік күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

ауа кедергісі әсерінен дененің қозғалысы;

үйкеліс күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

ауырлық күшін ескермегенде дененің қозғалысы.


19 Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын күш

серпімділік күші;

үйкеліс күші;

+ауырлық күші;

кулондық күш;

кері итеруші күш.


20 Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

дененің қозғалыс энергиясы;

дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы;

+серпінді деформацияланған денеің энергиясы;

ыстық дененің суық денеге берген энергиясы;

дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.







Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет