Pisa зерттеуінің басты мақсаты не?



бет22/57
Дата18.04.2022
өлшемі1,86 Mb.
#139739
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
Pisa зерттеуіні басты ма саты не
Ассирия, Ежелгі грек, Философия рк2, обп
3. Жағдаят типтері
PISA зерттеуінде оқудың әлеуметтік, танымдық, дербес аспектілері ескеріледі. Бұл аспектілер адам мен мәтін арасындағы байланыстан туатын түрлі жағдаяттарда көрініс табады. Әрқайсысына тоқталып өтейік.

  • Жеке мақсатта оқу (өзі үшін оқу) жағдаятына жеке хаттар (соның ішінде, блог жазбасы, чат, хабарламалар), көркем әдеби шығармалар, өмірбаяндар және т.б. жатады.

  • Қоғамдық мақсатта оқуға ресми құжаттар, қоғамдық мән-маңызы бар оқиғалар туралы әртүрлі сипаттағы ақпараттар және т.б. жатады.

  • Кәсіби мақсатта оқуға нұсқаулық мәтіндері, тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттар, жарнама, жолбағдарлар, көліктердің жүру кестесі, афишалар және т.б. жатады.

  • Білім алу үшін оқуға оқу-танымдық, анықтамалық әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер жатады.

Жағдаяттарды типке бөлу оқу мақсатымен қатар, мәтін тақырыптарын да айқындауға мүмкіндік береді. Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» оқу бағдарламасында (5-9-сыныптар) ұсынылатын мәтіндерді келесі тақырыптық салаларға біріктіруге болады: тұлғааралық қарым-қатынастар, адам мен табиғат, адам мен техникалық прогресс, экологиялық мәселелер, салауатты өмір салты, қауіпсіздік, саяхаттау, ғылыми жаңалықтар, тауарлар мен қызметтерді таңдау, білім беру, еліміздің ұлы тұлғалары, болашағы және басқалары. Мұндай тақырыптар оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейтіп, пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мәтіннің қызметтік жағдаяты оқырман мен мәтін арасында байланыс орнататын контекстіні (жеке, қоғамдық, кәсіби, танымдық) анықтап береді.
Дереккөз:

  1. PISA 2018 DRAFT ANALYTICAL FRAMEWORKS MAY 2016 // https://www.oecd.org/pisa/data/PISA-2018-draft-frameworks.pdf

Артқа

Оқу сауаттылығын бағалаудың негізгі тәсілдері (2-бөлім)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет