Сабақ: № Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет36/50
Дата17.02.2017
өлшемі7,61 Mb.
#9520
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
окушылар берілген нәрсені талдап немесе толықтырып жатпай-ақ, оның жетіспейтін көріністерін сала алады.

115-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген геометриялық денелердің сол жақ көріністерін сал. Олардың тікбұрышты изометриясын немесе қиғашбұрышты фронталь диметриясын тұрғыз.



Үйге тапсырма беру: 116-суретте алдыңғы және сол жақ көріністері берілген денелердің үстіңгі көріністерін сал. Одан кейін денелердің аксонометрияларын тұрғызып, оған дейін салынған үстіңгі көріністердің дұрыстығын тексер.


Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы:

Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке жетелеу. Жаңа сабақты

өту барысында сауаттылықтарын, белсенділік қабілетін

арттыру, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету.



ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой

қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін

дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін



тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Көптеген техникалық тетікбөлшектер пішіні әртүрлі геометриялық денелерден тұрады. Геометриялық денелердің беттері өзара қиылысады. Сонда тетікбөлшектердің беттерінде қиылысу немесе өту сызықтары деп аталатын сызықтар пайда болады. Қиылысу сызықтарын немесе өту сызықтары сала білу керек.

1-мысал. Бүйір жақтары горизонталь проекциялаушы фигуралар болатын алтыбұрышты дұрыс призма мен бүйір жақтары профиль проекциялаушы фигуралар болып келген бесбұрышты призманың қиылысу сызығын тұрғызу керек болсын (117-сурет). Қиылысу сызығы төбелері бір жазықтықта жатпайтын алтыбұрышты тұйық сынық болатынын байқау қиын емес. Оның төбелерін А, В, С, D, Е және Ғ деп белгілейік. Бұл нүктелер дұрыс алтыбұрышты призма қырларының екінші призма бетімен қиылысу нүктелері болады. Алтыбұрышты призманың қырлары горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болғандықтан, қиылысу сызығының горизонталь проекциясы болатын А2, В2, С2, D2, Е2, Ғ2 алтыбұрыш оның горизонталь проекциясымен дәл келеді. Бұл нүктелер бесбұрышты призманың бетінде жатады. Аталған нүктелердің профиль проекциялары да оңай табылады. А және D нүктелерінің профиль проекциялары горизонталь орналасқан призманың ең жоғары орналасқан қырының профиль проекциясы болатын нүктеде жатады (А3, D3). Осы сияқты, В және С нүктелерінің профиль проекциялары В3 пен С3 бірігеді, Е мен Ғ нүктелерінің профиль проекциялары Е3 пен Ғ3 бірігеді. А және В нүктелерінің фронталь проекциялары А1 пен D1 және вертикаль және горизонталь орналасқан призмалардың сәйкес қырларының фронталь проекцияларының қиылысу нүктелері ретінде анықталған. В3 = С3 нүктесінен жүргізілген горизонталь байланыс сызығы Е3 = Ғ3 нүктесі аркылы өтеді. Осы байланыс сызығы алтыбұрышты дұрыс призманың сәйкес қырларының фронталь проекцияларын В1 және С1 нүктелерінде қияды. Е1 нүктесі С1 нүктесімен, Ғ1 нүктесі В1 нүктесімен бірігіп түседі. Сонда қиылысу сызығы алдыңғы көріністе үш кесіндіден тұратын, ал сол жақ көріністе екі кесіндіден тұратын сынық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет