б) Топтастыру әдісі \ дәптермен жұмыс\ Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп поэзия құдіретіне сеніп кеткен-
«Мұқағали қандай ақын?
ІІІ. Ой толғау. Поэма \қасиет, қасірет\ туралы. а\ «Поэма осылай туған еді».
- Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.
Мұқағали:
Қазақтың қара өлеңі - құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.
Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.
\М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам» деген алғысөзден оқып беру\.
- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың. Жақсы дүние туралы мақтау сөздің өзі - бос сөз.Онан да балалар осы поэма негізінде «Ана қасіреті...» атты сахналық көріністі көріңіздер.
ә\ Сахналық көрініс: «Ана қасіреті...»