Сабақ Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!


Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



бет9/9
Дата26.10.2019
өлшемі273,76 Kb.
#50651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 класс алматы баспа



Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 18
Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақтың мақсаты: оқушыларға ішкі тыныштықты сақтай отырып риясыз жақсылық жасауға үйрету.

Міндеті:

1. оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды

шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру, іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
2. жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

3. оқушыларды өзің-өзі алдамауға, шыдамдылық пен байсалдылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
Жақсының жақсылығын айт нұры тассын.

Халық мақалы

- Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа  кенеліп жүрейік.




3. Әңгімелесу

Ү

«Қамқорлық» (82 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.



Сұрақтар:

  • - Мектепке бара жатқанда кімдер кездесті?

  • - Нақысбек кімді қолтықтап алған?

  • - Оған Назымбек не деп айтты?

  • - Нақысбектің жауабы қандай болды?

  • - Кішкентай баланың есімі кім екен?

  • - Оның аяғына не болды?

  • - Назымбек қандай іс жасады?

  • - Жақсылық жасау адамға парыз ба? Неліктен?

- Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады?
Аңыз айту

Бүркіт пен оның балапандары 

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

- Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.





4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. «Жылы шеңбер» ойыны
Балалар бір – бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды.     

2.  Тапсырма                         

- Дұрыс сөзді орнына қой: 

Қайырымдық

Өтірік айту

Мейірімділік

Ұру


Ізгілік

ұрлау


Қамқор

Жамандық


3. ойын «Жақсылық пен жамандық»

Мұғалім сөйлемдер оқиды, соған байланысты оқушылар жақсылық па ол жамандық па ажыратады.






6. Топпен ән айту.

«Бақыт әні» өлеңі Т. Молдағалевтікі

әні И. Нұсіпбаевтікі







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп______________Мерзiмі № 19

Тақырып: Қарым –қатынас әліппесі.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, риясыздық, саналылық.

Мұғалiм:

Сынып:




Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адами қарым-қатынас жасау ұғымын сыйластық қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру.

- оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып, ізгілік, тәртіптілік, сыйластық қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке, сыластыққа тәрбиелеу.


Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсылықтан жақсылық туады»

халық мақалы

- Жақсылықты қалай түсінесіндер?

Адал ниет, шын көңілмен жасалған қарым-қатынас үйлесімді болады.

Қарым – қатынастың жақсы болу сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді , үйлесімді болады. Ол адамдардың өзара түсіністігін , сыйластығын туғызып, өзін және өзгеледі құрметтеуге жеткізеді.





3. Әңгiмелеу

«Мейірімнің күші» әңгіменің сұрақтар қою арқылы мәнін ашу.

- Бір адам не істеді?

- Оның досы қандай жақсылық жасады?


  • Жақсылық қалай жалғасын табады?

- Олардың бойларында қандай қасиет бар?

- Ал сендерде ол қасиет бар ма?



  • Адамдардың бақытсыздықтан құтылуының сыры неде?

  • Өзгелердің жақсылығын мен мейірімін қалай сезінесіңдер?

- Сендер біреуге жақсылық жасап көрдіңдер ма?





4. Шығармашылық жұмыс

«Қарлығаш пен дәуіт» мультфильмін көру.

Сахналау

Берілген мәтін негізінде сахналық көрініс дайындау.



Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.

Қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау ережесін жасаңдар.





5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі» Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф. Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп______________Мерзiмі № 20

Тақырып: Қарым –қатынас әліппесі.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, тәртіптілік, сыйластық

Мұғалiм:

Сынып:




Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адами қарым-қатынас жасау ұғымын сыйластық қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру.

- оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып, ізгілік, тәртіптілік, сыйластық қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсылықтан жақсылық туады» халық мақалы.

Жақсылықты қалай түсінесіндер?

Адал ниет, шын көңілмен жасалған қарым-қатынас үйлесімді болады.

Қарым – қатынастың жақсы болу сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі мәнді , үйлесімді болады. Ол адамдардың өзара түсіністігін , сыйластығын туғызып, өзін және өзгеледі құрметтеуге жеткізеді.







3. Әңгiмелеу

«Ақылды соқыр» әңгіменің маңызын ашу.

- Соқыр адам өзімен не алып шықты?

- Неге олай жасады?

- Қасынан өтіп бара жатқан біреу не деді?

- Соқыр адамның іс-әрекетін өмірде немен салыстыруға болады?


  • Адамдармен қарым-қатынас жасағанда өзгелерді түсіну қандай нәтижеге жеткізеді?

- «Өзгеге жарық қыл , өзіңе қақтықпас» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалімнің сыйы.

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме

Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:

- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді.

Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:

- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.

Досы сасып қалып:

- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.

Қарт:


- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.

Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:

- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен!

Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда. 







4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

1. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысы маңызды деп ойласыңдар? Ретімен айтыңдар.

2. Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі» Сөзі С.Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп __Мерзiмі №21сабақ

Тақырып: Көңіл күй шаттығы

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: ақниеттілікке,ақкөңілділікке,кеңпейілділік.

Мұғалiм:

Сынып:




Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш , шаттық екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды жағымды ойлауға баулу арқылы кеңпейілділік қасиетін дамыту.

- оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, ақкөңілділікке,кеңпейілділікке тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды»

халық мақалы

- Осы мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Көңіл күйді басқару адамның өзіне байланысты. Жақсы көңіл күй адамға қанат бітіріп, қуат береді. Адам ішкі тыныштығын тапқан кезде шынайы, жағымды көңіл күйге бөленеді. Сөзі шын жүректен шығып, өз ісіне қанағаттанған адамның көңіл күйі шаттыққа толады. Ондай адамның денсаулығы да жақсы болады. Жақсы көңіл күйдегі адам айналасына да қуаныш сыйлайды.





3. Әңгiмелеу

«Таңғы сәулелер» әңгіменің сұрақтар арқылы мәнін ашу.

  • Нұрлы күн сәулелерін қайда таратты?

  • Күн сәулесі тағы қай жаққа түсті?

  • Шынайы көңіл күйге қалайша бөленуге болады?

  • Күннің барша тіршілікке деген риясыз сүйіспеншілігін қалай байқаймыз?

  • Сенің айналаңда күннің риясыз сүйіспеншілігіндей адамдар бар ма?


Мұғалімнің сыйы.

«Алты түлкі» ертегісі

Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтысыныңбіреуінін құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі, — «сенің құйрығьң жоқ»,— деп, келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: — «қалай мен осы бес түлкінің құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын», — деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:

- Бәріміз бір ойын ойнайық! —деп.

Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі бір биік таудың басына шығып, түлкілерге айтты:

- Мына жақта бүркіттер келе жатыр, — деп өзі қашты. Сонда бес  түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, барлығы  шолақ болып қалады.Сөйтіп,  шолақ түлкі басқаларын да шолақ кылып, өзіне серік қылды. Алтауы бірдей шолақ болғаннан кейін, ешкім ешкімді мазақ қылып күлмейтін болды.

Түлкінің көңілді болуының себебі неде?






4. Шығармашылық жұмыс

«Күн сәулесі» ойыны

Нұсқау:Күнге қарай қолымызды созайық.Күн сәулесі сенің көзіне түсті. Көзіңді жұм. Ол ары қарай сенің бетіңе түсті, алақаныңмен маңдайыңды, мұрныңды, ауызыңды сипала. Бетінде, тамақ асты, мойныңда, ішінде, қолыңда жүр, жәй ғана үркітіп алмай сипала. Онымен достасып ал.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма

  • Суретке қараңдар. Ондағы адамдардың неліктен шынайы көңіл күйге бөленіп тұрғанын айтыңдар.

  • Суреттерге қарап, риясыз қызмет арқылы адамның көңіл күйін қалайша көтеруге болады? Сахналау.




5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі»Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 22 сабақ

Тақырып: Көңіл күй шаттығы

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: ақниеттілікке,ақкөңілділікке,кеңпейілділік.

Мұғалiм:

Сынып:




Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш , шаттық екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды жағымды ойлауға баулу арқылы кеңпейілділік қасиетін дамыту.

- оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, ақкөңілділікке,кеңпейілділікке тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Көңіл табу - көргенділік»

халық мақалы

  • Көңіл-күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, бақытты, қайғылы деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың көңілін табу жақсы болады. Оларда сол кезде солай жасайды.







3.Әңгiмелеу
«Ақ тиін мен қасқыр» ертегінің мәнінашу.

Сұрақтар:

  • Ақ тиін не істеді?

  • Ашулы қасқыр ақ тиінге не деді?

  • Қасқыр неліктен әр уақытта ашулы жүреді?

  • Ал ақ тиіндер неліктен әр қашан да көңілді жүреді ?

  • Қалай ойлайсыңдар, адам қандай жағдайда қуанышта, шаттықта болады?

  • Өздерің аңдардың қайсысынан үлгі алар едіңдер?

  • Ал сен үнемі қандай болып жүресіңдер? Неліктен?

Мұғалімнің сыйы.

«Обал» әңгімесі

Жаз күнi. Таңертең Әсет iнiмдi ертiп, бұзауларды өрiске айдап тастап, үйге беттеп келе жатқанбыз. Алдымыздан қанаты сынған ба, әлде, топшысы үзiлген бе, бiр үйрек жерден көтерiле берiп, таяқ тастам жерге барып құлап түстi. Тұра қудық. Бiз жақындағанда ұша жөнеледi де, ұзамай қайта қонады. Үйректi қуалап жүрiп, ауылдан ұзап кетiппiз. Үйрек аспанға көтерiлiп, алғаш ұшқан жерiне қайта барып қонды. Балапандарын өзенге апара жатқан құс екенiн сонда бiлдiк. Бiзден балапандарын қорғау үшiн қолданған амалы екен.Жүр, балапандарын ұстап алайық, – дедiм Әсетке. Жүгiрiп отырып үйрек қонған жерге келдiк. Балапандар өзеннiң жарқабағына таяп қалыпты. Бiздi көрген үйрек: «Өлтiрiңдер, менi өлтiрiңдер, балапандарыма тие көрмеңдер!» дегендей жолымызды бөгеп, қалшиып тұр. Әсет жерден тас алып, жiберiп қалып едi, үйректiң басына тиiп, құлап түстi. Үйректi ұрып алғанымызға қуандық. Үйге келген соң, екеумiз жарыса сөйлеп, апамызға айттық. Апам қынжыла сөйледi:

-Байғұс ана-ай!.. Баласы үшiн отқа да, суға да түсiп, өлiмге де барады-ау. Мына үйрек те балапандарын қорғау үшiн өлiмге басын тiгiп, тайсалмаған. Бұл қылықтарың бекершiлiк болған. Шешесiнен айырылған балапандар қалай күн көредi, қайтiп жан сақтайды?..

Қателiгiмiздi мойындадық. Балапандарды аяп, мұ-ңайып қалдық. Қап, әттеген-ай!.. Обал болды-ау.






4. Шығармашылық жұмыс

«Алдар Көсе » мультфильмін көру.



Дәптермен жұмыс.

Тапсырма


  • Сендердің көңіл күйлеріңді кімдер көтереді, нелер қуантады? Суретін салындар.

  • Жақсы көңіл күйге бөленудің жолдарын құрыңдар.




6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі»

Сөзі С.Молдасанұлының.

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_ _____Мерзiмі № 23сабақ

Тақырып:Менің Отаным

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Отансүйгіштік, жауапкершілік,татулық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға Отан ұғымы туралы түсінік бере отырып,отансүйгіштік қасиетін ұғындыру.

- оқушыларды Отанды сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту.

- оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке,жауапкершілікке,татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Отан- оттан да ыстық»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.




3. Әңгiмелеу

«Отан деген...»әңгіменің мәнің ашу.

Сұрақтар:

  • Сыныптастар неге сөз таластырды?

  • Салтанат қандай сөз айтты? Оның бойында қандай қасиет бар деп ойласыңдар?

  • Самалдың бойынан қандай құндылықтарды көріп тұрсыңдар?

  • Сен үшін Отан деген не?

  • «Отан», «Қазақстан» дегенде ойыңа не түседі?

  • Сен Отанынды сүйеін бе?

Мұғалімнің сыйы.

«Менің Отаным» әңгімесі

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан


Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 




4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


- Менің Қазақстаным тақырыбына сурет салу.

- Қазақстаннды жер картасынан көру.



Дәптермен жұмыс.

  • Жер шары картасындағы Отанынды және барлық мемлекеттерді өзіңе ұнайтын гүлдерді салып, безендіріңдер.







5.Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

Отанымыз-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтамыз.

Сөзі:Ж.Нәжімеденов. Н.Назарбаев. Әні:Ш.Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны-

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой!

Менің елім,менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін елім,

Туған жерім менің –Қазақстаным.

Балалардың жауаптары тыңдалады.





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_ _______Мерзiмі__ __________ № 24 сабақ

Тақырып: Менің Отаным

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отансүйгіштік, жауапкершілік, татулық, бірлік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға Отан ұғымы туралы түсінік бере отырып,отансүйгіштік қасиетін ұғындыру.

- оқушыларды Отанды сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту.

- оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке, жауапкершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Отан- оттан да ыстық»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?



Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.




3. Әңгiмелеу

«Туған жер туы» әңгіменің сұрақтар арқылы мәнін ашу.

  • Әжесі мен Асылзат туған жерге сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?

  • Әжей өзінің қарттығына қарамастан , неліктен туған жерге риясыз қызымет етуге асықты?

  • Өздерің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірекіңдер?


Мұғалімнің сыйы.

«Менің Отаным» әңгімесі

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан


Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 




4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


  • Отаныңа алғыс хат жазыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Менің Қазақстаным»






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп ______Мерзiм__ ______ № 25 сабақ

Тақырып: Туған табиғат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық

Мұғалiм:

Сынып:



Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға табиғатқа риясыз қызмет ету арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушылардың табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыруда ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Табиғат- әсемдік айнасы»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Бізді қоршап тұрғанның бәрі – туған табиғат. Табиғат адамға берілген сый. Табиғат сұлулығының сыры оның тазалығы мен мөлдірлігінде. Күллі тіршілікке риясыз қызмет етуінде.

Адамда риясыз қызмет еткенде, ойы, сөзі, ісі таза болғанда сұлулана түседі.




3. Әңгiмелеу

«Табиғат деген не?» әңгімесін оқып келу.

  • Жан-жануарлар неліктен өз мекендерін мақтады?

  • Олардың бәрін біріктіретін не?

Ал адамдарды не біріктіреді?

Мұғалімнің сыйы.

«Күн, ай және қораз» ертегісі

- Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Аспанда айынды үшеу:Күн,Ай, және Қораз тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашауға кеткенде,үйде Ай мен Қораз қалыпты.ай барып тұрған сотанақ екен.Қоразға тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жібереді.Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.

Ойланып отырып,былай депті:

-Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып,тыныш отыра алатын түрің жоқ екен.Қайтып бетіңді көрмейін.Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін,ал,сен тек түнде шығасың,- депті.

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо- қо -қо!» деп айқайлайтын болыпты.Онысы «Қайрлы таң,мейремді аға!»-дегені екен.

Ал Күн батып,Ай көріне бастағанда,Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.





4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


  • Менің Қазақстаным тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Жас дәуірдің түлегіміз!» Өлең: Ермек Өтетілеуов

әні: Ибрагим Нүсіпбаев

1. Бау-бақша, белдер,

Орман тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.



Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

2. Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп___ ___Мерзiмі__ _______ № 26 сабақ

Тақырып: Туған табиғат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ақпейілділік, қамқорлық, сезімталдық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға табиғатқа риясыз қызмет ету арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушылардың табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыруда ақпейілділік, сезімталдық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
«Табиғат- әсемдік айнасы»

халық мақалы

  • Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Бізді қоршап тұрғанның бәрі – туған табиғат. Табиғат адамға берілген сый. Табиғат сұлулығының сыры оның тазалығы мен мөлдірлігінде. Күллі тіршілікке риясыз қызмет етуінде.

Адамда риясыз қызмет еткенде, ойы, сөзі, ісі таза болғанда сұлулана түседі.




3. Әңгiмелеу

«Бұлақ көрсең, көзін аш!» әңгіменің мәнін ашу.

  • Бастаудың, бұлақтың суы неліктен тап – таза, мөп- мөлдір болады?

  • Ал адамның бастау бұлағы қайда деп ойлайсыңдар?

Өз бастау бұлағыңды қалай таза ұстауға болады?
Мұғалімнің сыйы.

«Екі түп алма ағашы» /аңыз әңгіме/

Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі

-Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екеншісі болса:

-Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, – дейді.

Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді.

-Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?

-Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?





4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


- Туып өскен табиғаттың суретін салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Табиғат - жаратылыс пернесі» Өлең: Қадыр Мырза Әли

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Ұлың боп ойлап барам да,

Құлын боп ойнап қайтамын.

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Солған Ай болып барам да,

Толған Ай болып қайтамын.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_ _________Мерзiмі № 27 сабақ

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушылаға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту.

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?



Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады.Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күшжігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.




3. Әңгiмелеу

«Жақсылық» ертегісінің мәнін ашу.

  • Бала бұлаққа жету жолындағы сынақтардан қалай өтті?

  • Адам қандай қасиеттері арқылы мұратына жетеді?

Адамның денсаулығына қандай қасиеттер қуат береді?
Мұғалімнің сыйы.

- Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.

Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі:

- Денсаулық дұрыс тамақтану.

- Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

- Денсаулық таза ауада көбірек жүру.

- Денсаулық тазалық сақтау.

- Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

- Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?






4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


- Оқулықтағы берілен суреттерге қарап,ондағы қай балаға ұқсағылары келетінін,неліктен екенін айтып береді.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Денсаулық»
Денсаулық ол – шыныққан 
Барлық денең мүшесі. 
Денсаулық ол - тыныққан 
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің 


Көңіл – күйің жадырай, 
Денсаулық ол – жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай.
Балалардың жауаптары тыңдалады.





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_________Мерзiмі____________№ 28 сабақ

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушылаға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту..

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?



Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады.Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күшжігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.




3. Әңгiмелеу

«Өсиет әңгіме» әңгіменің мәнің ашу.

Сұрақтар:

  • Қарттың жаны мен тәнінің саулығының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  • Қарт неліктен бірінші орынға ой – сана тазалығын қойды?

Өздерің ой – сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?
Мұғалімнің сыйы

«Алтын бала»

- Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:

Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!..

Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.

- Әлгi жүгермек қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?!

– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен Ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:

– Зәукенге кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

– Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмiрi ұзақ болсын! – деп Нағима апай да, ақ тiлеуiн айтып жатыр. – Кеше су ала алмай жатыр ем, жүгiрiп келiп су алып, үйге жеткiзiп бердi.

Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.

– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.

– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып.





4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Денсаулық тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі» Сөзі С.Молдасанұлының

Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

Балалардың жауаптары тыңдалады.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_ _________Мерзiмі № 29 сабақ

Тақырып: Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: құрметтеу, сыйластық, ақкөңілділік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларға әрдайым көмектесу , ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, ақкөңілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтеуарқылы сыйластық қасиетіне баулу.

- оқушыларды жақсылық жасау жолында сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасам!» халық мақалы.

Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды.

Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама.





3. Әңгiмелеу

«Аңыз» аңыздың мәнің ашу

Сұрақтар:

  • Жолаушы түйе мінген адамның жақсылығын неліктен түсінбеді?

  • Түйе міеген адамның өзгелерді көп ойлауының себебі неде?

Неге ол жолаушыға ренжімей, тек жай ғана өтініш айтты?
Мұғалімнің сыйы.

«Қасқыр мен кісі» ертегісі

- Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені   қабыңа    салып,    арқалап   жүре    бер»,— дейді. 


   Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды: 
- Қашып     бара    жатқан     қасқыр     көрмедің    бе?—деп.
     Кісі:

- Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді.      Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:


- «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:

- «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді.


     Егінші байғұс сасқалақтап:
- Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете  ме  екен, олай  болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді.
     Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады. Түлкі:
- Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді.
     Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:
- Қапқа   кірмей   сенбеймін,— дейді.  
Қасқыр   сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:
- «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын   кезің  келді,   қане   мен   көрейін,  күздігүні   егінді қалай соғып жүрсің?»-дейді.
    Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
- Енді қаптың аузын аш,— дейді.
    Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі:
- «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті.
     Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты. -




4. Шығармашылық жұмыс

Оқулықтағы суреттерге мұқият қара,онда көрсетілгендердің қайсысын көмек деп айтуға болады?



Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту

Балалар барлығы қосылып ән айтады.



«Бала тілегі» Сөзі С. Молдасанұлының

Әні Ф. Жолдасованың

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

Балалардың жауаптары тыңдалады.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 30 сабақ

Тақырып: Әрдайым көмектес, ешқандай зиян келтірме

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: Сыйластық, жауапкершілік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларға әрдайым көмектесу , ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, сыйлапстық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру.

- оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтеу арқылы сыйластық қасиетіне баулу.

- оқушыларды жақсылық жасау жолында сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасама!»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды.

Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама.






3. Әңгiмелеу

«Адалдық жолы» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Баланың қандай әрекеті қарақшыларға сабақ болды?

  • Адамдар біреуге немесе бір нәрсеге неліктен зиян келтіреді деп ойлайсындар?

  • Зиян келтірмей , қиянат жасамай өмір сүруге бола ма ? Қалай?

  • Саған өмірде өзіңді дұрыс әрекет жасауға сабақ болған жағдайлар болда ма? әңгімелеп бер.


Мұғалімнің сыйы.

- Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да соны айтады. -Қидым,-дейді кедей. -Неге?-деп сұрайды хан. -Менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей. Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты досым депті.






4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Жақсылық тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







6.Топпен ән айту.

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б.Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-


Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 31 сабақ

Тақырып: Жер –ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жердің ортақ үй екенің түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

- оқушыларды Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.



Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..»

Абай Құнанбаев

- Құнанбаевтың сөзін қалай түсініп отырсыңдар?



Жер шарында өздерің сияқаты балалар тұрады. Олар сендер сияқты ойнайды, оқиды, армандайды. Олардың түрі, тілі, діні әртүрлі болғанымен, жүректері бізбен бір. Жер бетіндегі барлық бала достықта , тату – тәтті өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.




3. Әңгiмелеу

«Бір ананың баласымыз» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Адамдардың тұратын жері әртүрлі болса да , ақын өлеңде неліктен «БІР адамның баласымыз» дейді?

  • Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық болуының маңызы қандай?

Өзіңнің бүкіл әлемнің бір бөлшегі екеніңді қалайша сезінесің?
Мұғалімнің сыйы.
Асан қайғы

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай

шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол

жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да,

жаман қонысқа да баға беріп отырады. Түркістанның қасында ескі қорған қала

Сауранды

көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен.

Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», -

деген екен. Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Асанның екі баласы:

«Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?» - дегенде, Асан қайғы: «Түбінде мал

баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - депті. Жетісуды көргенде:

«Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен»,

- депті. Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қойсемірмес», - деп, Асан

қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

Қаратал өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан Қаратал, артың кең, алдың

тар-ау!» - депті. Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен.

Осы күнгі Мерке ауданындағы Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол,

шөбіңе суың жетер!» - деп жүріп кетіпті. Шу өлкесін көргенде: «Ей, Шу, атыңды теріс

қойыпты! Тегінде бір шулағаның болмаса, ну қамысың еліңді жұтқа бермес», - депті.

Шудың аяғында Сарысу елі шөп жимай, Шудың қамысын қыстап, жаз Арқаны

жайлайды екен. Әулие-Атаның (қазіргі Тараз қаласы) шығысынан аққан Талас,

батысынан аққан - Келес дейтін өзендерді көргенде, малға жайлы екенін біліп: «Ей,

екі Талас, бір Келес, малсыз күнің кенелмес. Жері де жайылған малға жұт болмас!»

- деген екен. Жуалы жеріндегі Ауан дейтін қара топырақты, егістік аймақты көргенде:

«Шөбің семіз, қарың мол, топырағың май екен, кәдіріңді егін салған ел білер», - депті.

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің

шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас,

малыңның көзіне сақ бол!» - депті. Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз

екен,тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар,

жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті. Нарын - Самар аймағын көргенде: «Е, Нарын,

тайың


айғырдай, тайлағың бурадай екен! Қысың ұзақ: шаруаңа сақ бол!» - депті. Шыңғырлау

өзенін көргенде, түсе қалып, Желмаясын оттатып: «Жылқының өзі өскен жоқ,

Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!» - деп, қонып кетіпті. Бірақ Асан ол кезде шұрайлы,

қоныс, нулы өлке таба

алмапты. Ол Ұлытау жаққа келіп өліпті.








5. Топпен ән айту

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б. Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-


Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 32 сабақ

Тақырып: Жер –ортақ үйіміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, ынтымақтастық

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жердің ортақ үй екенің түсіндіре отырып, ынтымақтастық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қасиетін дамыту.

- оқушыларды Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..»

Абай Құнанбаев

- Сөзін қалай түсініп отырсыңдар?



Жер шарында өздерің сияқаты балалар тұрады. Олар сендер сияқты ойнайды, оқиды, армандайды. Олардың түрі, тілі, діні әртүрлі болғанымен, жүректері бізбен бір. Жер бетіндегі барлық бала достықта , тату – тәтті өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.




3. Әңгiмелеу

«Жер – біздің ортақ үйіміз» әңгіменің мәнін ашу.

Сұрақтар:

  • Жер қалайша ортақ үйіміз болады?

  • Жер – ананың риясыз қызыметін неден байқауға болады?

  • Жер- анаға риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады?

Жер-ананың алдындағы парызымыз қандай?





4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


- Жер – ана тақырыбына сурет салу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.






5. Топпен ән айту

«Айгөлек» сөзі: Н. Баймұхамедов

әні: Б. Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 33 сабақ

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік

Мұғалiм:

Сынып:


Сабақ мақсаты: оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға баққытты өмір сүрудің мәнін түсіндіру арқылы ізгілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды риясыз қызмет етуге үйрете отырып ,бақыт туралы түсініктерін дамыту.

- оқушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке, баққыттың мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Татулық – табылмас бақыт»

нақыл сөз

- Нақыл сөзді қалай түсініп отырсыңдар?



Балалар, өзін-өзі тану сабақтарынанкөп нәрсе білдіңдер.

Ақиқат, Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет , Тыныштық, Қиянат жасамау мәңгілік жалпыадамызаттық құндылықтардың мәнін ашуға талпындыңдар.

Адал, шынщыл, мейірімді, қамқоршыл, бауырмал, әдіпті болуды үйрендіңдер.

Отбасын, Отанды сүйесіңдер. Табиғатқа қамқор бола аласаңдар.

Әрқашан тату-тәтті , бақытты болыңдар!




3. Әңгiмелеу

«Асыл тас» әңгіменің мәнің ашу

Сұрақтар:

  • - «Үшкір, әрі өткір қырлары жоқ» адамда қандай қасиеттер болды?

  • - Қалай ойлайсыңдар, адам мінезіндегі «үшкір, әрі өткір қырларынан» құтылуына не көмектеседі?

- «Үшкір, әрі өткір қырлары жоқ» тегістеуге сыныптағы жағдайлар қалай көмектеседі? Мысал келтіріңдер
Мұғалімнің сыйы.

Аңыз айту



Асыл тас

-Үшкір,әрі өткір қырлары жоқ адамда қандай қасиеттер болады?

-Қалай ойлайсыңдар,адам мінезіндегі үшкір,әрі өткір қырларынан

құтылуына не көмектеседі?

- Үшкір,әрі өткір қырларды тегістеуге сыныптағы жағдайлар қалай

көмектеседі?Мысал келтіріңдер.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Жауаптарын тыңдап, қорытындылау:






4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма


  • Сахналап көрсетіңдер.

1. Шындықты айту-парызым

2. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол!

3. Әдептілік-әдемілік

4. Мен отанымды сүйемін!


Тапсырма

  • Суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.


Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







5. Топпен ән айту

«Мен бақытты баламын»







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет