Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты

бет6/7
Дата12.03.2018
өлшемі1,42 Mb.
#39204
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабақты бекіту: «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін

І-Бетпе-беттің сұрақтары

1-оқушы

  • Оқушыны таныстырамын

  • Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?

  • Сақтар қандай тайпа екен?

  • Оларға тән ерекшелік

  • Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.

2-оқушыға

  • Сақтар туралы қандай деректерден алынды?

  • Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?

  • Әйелдері туралы Ктесий ?

  • Ирандықтар сақтарды қалай атаған?

  • Алтын адам туралы не білесіз?

3-оқушы

  • Сақтарды гректер қалай атаған?

  • Томирис туралы не білесіз?

  • «Авеста» қандай кітап?

  • Сақтар қандай өркениетті елдермен байланыс жасаған?

  • Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?

ІІ-ККК әдісі бойынша оқушыларды бөлеміз.

Суретшілер

Математиктер

Тарихшылар

Географтар

Археологтар Сарапшы 1 оқушы

Осы маман иелері бүгінгі тақырыпты өз мамандығы бойынша баяндап береді

Сарапшы сараптама жасайды.

Сабақты қорыту:

Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма:

№12 картамен жұмыс. Сақ патшасы Томирис туралы қосымша мағлұмат дайындау.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

  • «Тарихтың атасы» атанғаг Геродоттың сақтар тауралы айтып кеткен деректері бойынша сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы оқушыларға баяндау, олардың темірді өңдеу әдістері туралы айту.

  • Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Азиялық скифтер», «құдіретті еркектер», «жүйрік атты турлар» деп қай деректерде айтылған?

  2. Сақ тайпалыры мен тайпалық одақтарының топтарын атап, олардың қоныстарын атап, олардың қоныстарын картадан көрсет.

  3. Сақ әйелдерінің қоғамдағы орны

  4. Сақ қоғамында көсемдердің рөлі қалай бағаланды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың тұрмысы

  2. Сақтардың шаруашылығы

  • Шірік-Рабат-б.з.б.4-б.з.-13 ғасырларына жататын ежелгі қалашық

  1. Ертедегі темір өндіру

  • Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандар пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті. Өйткені темір құралдыр тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді.

Сабақты бекіту:

  • Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?

  • Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген?

  • Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан

  • Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13. Қосымша оқып келу.

  1. Геродоттың «Тарихынан» үзінді

  2. Страбонның «Географиясынан» үзінді.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?

  • Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген?

  • Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан

  • Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Кир әскерінің басып кіруі

  • Геродоттың сипаттауынша, «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі».

  1. Шырақтың ерлігі

  • Томирис патшайым б.з.б. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген.

  1. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

  • Грек тарихшысы Аррираннан жеткен деректер

Сабақты бекіту:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §14.

  1. «Шырақ ерлігі» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.

  2. Б.з. І ғасырында өмір сүрген рим тарихшысы Помпей Трог Томирис пен Кир шайқасы туралы... /қосымша оқу/

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сақ мәдениеті және ескерткіштері.

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың мәдени мұралы, «Аң стилі»,Бесшатыр қорымы, «Алтын киімді адам» туралы кеңінен мәлімет бере отырып, белсенділігі жоғары дамыған ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың мәдени мұралары

  2. «Аң стилі»

  • «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарынжа танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жольарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

  1. Бесшатыр қорымы.

  • Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірек ауыз және жерлеу бөлмесі.

  1. «Алтын киімді адам»

  • Қабірден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. К.Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

Сабақты бекіту:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.

  2. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

  3. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §15. «Қорғанның құрылымы» /қосымша материалды оқу/

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Жетісуда шоғырланған Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, олардың хронологиялық шеңбері, қоғамдық құрылымы туралы түсіндіру.

  • Үйсіндер туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.

  2. Оқулықтың мәтінінен сақтарда аңдың стильдің болғанын дәлелдейтін жерді тауып оқы.

  3. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

  4. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үйсіндердің орналасқан жері

  • Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып келеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу мен Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

  1. Үйсіндер туралы жазба деректер.

  1. Қоғамдық құрылысы.

  • Үйсіндердің басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.

Сабақты бекіту: Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?

  1. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.

  2. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды? Оларды сип. айтып бер.

  3. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?

  4. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Бағалау: Үйге тапсырма: §16. Қосымша материалды оқып, мағынасын түсіндіру. / «Қытай патшайымының өлеңі»

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушыларды қазіргі шаруашылық түрлерімен салыстырту, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?

  2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.

  3. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды?

  4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?

  5. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үйсіндердің мал шаруашылығы

  2. Егіншілік пен отырықшылық

  • Үйсіндер егін алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мәлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген ғалымдар бірнеше көне қаланың орнын тапты.

  1. Түрлі кәсіпшілік.

  • Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында күнделікті тіршілікке қажетті киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі де өрістеген. Мата тоқу үшін қарапайым, кәдімгі «өрмекке» ұқсас тоқыма кермесі қолданылған.

  1. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.

Сабақты бекіту:

  1. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған? Малдың қандай түрлері өсірілді? Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Оларды жасау үшін нені пайдаланды?

  2. Суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама бер.

Бағалау: Үйге тапсырма: §17. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары

Сабақтың тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Қаңлы қоғамы, олардың орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы айта отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған? Малдың қандай түрлері өсірілді?

  • Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Оларды жасау үшін нені пайдаланды?

  • Суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама бер.

  • Үйсін ескерткіштері қай аймақтан көп табылған? Картадан көрсет.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қаңлылар туралы деректер.

  • Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп таалатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғаты тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.

  1. Қаңлылардың орналасуы.

  • Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.

  1. Қоғамдық құрылысы.

  • Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.

  1. Археологиялық ескерткіштер.

  • Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар

Сабақты бекіту:

  • Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

  • Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

  • Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

  • Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §18.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Егін шаруашылығы жақсы дамыған қаңлылардың металл өндірісі, сауда қатынастары, мәдениеті мен діни нанымдары туралы баяндай отырып, отансүйгіш, мәдениетті азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

  • Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

  • Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

  • Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Егіншілік

  2. Мал шарушылығы мен кәсіпшілігі

  3. Металл өндірісі

  4. Сауда қатынастыры

  • Қаңлылар Ұлы Жібек жолының аса маңызды орталық бөлігінде қоныстанды. Олар Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.

  1. Мәдениеті мен діни нанымдары

  • Қаңлылар арасында ән-күй, узыка, би өнері жақсы дамыды. Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған.

Сабақты бекіту:

  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?

  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Қаңл. мал шару. егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпш. айналысқан?

  4. Қаңл. шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрс-і ата.

  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 19. «Биші бикеш» қосымша матераил.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуығын негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?

  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Қаңлылар мал шаруашылығы, егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпшілікпен айналысқан?

  4. Қаңлылардың шет елдермен сауа байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.

  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі

  • Б.з.б. 1мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн», атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен тберілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.

  1. Ғұндар мемлекетінің құрылымы

  • Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» мдеп жазылған.

  1. Ғұн тайпаларының бірлестігі

  • Б.з.б. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болыпекіге бөлінді.

  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 20. «Қытай төресінің кеңесі», тест тапсырмаларын шешу.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.

  • Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді ащзамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

  • Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

  1. Ғұн жорықтарының маңызы.

  • Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген.

  • Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

  1. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.

  • 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

  3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §21. Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастырыңдар.»

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың қоғамдық құрылысы /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуығын негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?

  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Қаңлылар мал шаруашылығы, егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпшілікпен айналысқан?

  4. Қаңлылардың шет елдермен сауа байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.

  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі

  • Б.з.б. 1мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн», атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен тберілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.

  1. Ғұндар мемлекетінің құрылымы

  • Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» мдеп жазылған.

  1. Ғұн тайпаларының бірлестігі

  • Б.з.б. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болыпекіге бөлінді.

  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 20. «Қытай төресінің кеңесі», тест тапсырмаларын шешу

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Тарихшы ғалымдардың деректерін келтіре отырып, ғұналрдың тұрмысы мен шаруашылығынан мол мағлұмат беру. Белсенділігі жоғары білімді, шыдамды, адамге Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

  • ршілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

қты бекіту:

  1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

  3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

  4. Б.з.б. 209 жылы Орталық Азиядағы ғұндарды Мөде басқарды.и Б.з.-дың 445 жылы ғұндардың басшысы Аттила болы. Бұл екі оқиғаның арасында қанша жыл өтті?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндардың тұрмысы

  • Ғұндар

  • Негізінен мал шаруашылығымен айналысты

  • Аң аулаумен шұғылданды

  • Егіншілікпен де шұғылданды

  • Киіз үйде тұрды.

  1. Қоғамдық құрылысы

  2. Ғұндардың мәдениеті

  • «полихромдық стиль»

Сабақты бекіту: Оқулықтағы материалдарды пайдаланып, Сыма Цянь, Аммиан Марцеллин, Приисктің ғұндар туралы айтқандарын салыстыр.

  1. Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

  2. Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер.

  3. Ғұндардың билеушісі қалай билік жүргізген?

  4. Ғұндардың мәдениеті жөнінде әңгіме құрастыр.

Бағалау: Үйге тапсырма: §22. Киіз үй туралы көлемді әңгіме құрастыр, іздену жұмыстарын жаса.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сармат тайпаларының орналасуы /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Сарматтардың орналасу территориясы, ескерткіштері, жорықтары туралы баяндай отырып, білікті, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілік: карта Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезең

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Оқулықтағы материалдарды пайдаланып, Сыма Цянь, Аммиан марцеллин, Приисктің ғұндар туралы айтқандарын салыстыр.

  2. Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

  3. Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер.

  4. Ғұндардың билеушісі қалай билік жүргізген?

  5. Ғұндардың мәдениеті жөнінде әңгіме құрастыр.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сарматтар туралы деректер

  • Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасырында мекендеген.

  1. Сарматтар мәдениеті.

  • Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.

  1. Сарматтар туралы болжамдар.

  2. Сарматтардың наным-сенімі.

Сабақты бекіту:

  1. Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.

  2. Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?

  3. «Савромат-сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта эссе жаз

  4. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 23. Тест. Амазонкалар туралы аңызды оқып, түсінігін айту.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Қоғамдық құрылысы, тұрмысы,шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы баяндай отырып, білімді, азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.

  2. Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?

  3. «Савромат-сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта эссе жаз

  4. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қоғамдық құрылысы.

    Сарматтардың қоғамдық құрылысы

    Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты

    Әскери демократия жетілді

    Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.

  2. Сарматтардың тұрмысы

  3. Сарматтардың шаруашылығы

    Сарматтардың шаруашылығы

    Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты

    Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді

    Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті

    Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды

    Зергерлік өмір жоғары дамыды

  4. Сарматтардың заттай мәдениеті

  • Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой суданы жерінен табылған аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері табылған.

Сабақты бекіту:

  1. Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

  2. Әскери демократияның мәні неде?

  3. Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

  4. Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

  5. Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §24. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  • Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар, Сарматтар тақырыбын , сонымен қоса ІІІ тоқсан материалдарын қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

  • Әскери демократияның мәні неде?

  • Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

  • Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

  • Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Қайталанатын материалдар:

  1. Үйсіндердің тарихы, орналасқан жері, шаруашылығы мен тұрмысы.

  2. Қаңлылар, олардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.

  3. Ғұндар тарихы, Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

  4. Халықтардың ұлы қоныс аударуы

  5. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

  6. Сармат тайпаларының орналасуы.

  7. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • «Эрудит»

    • «Өрмекші» ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІІІ тоқсан материалдарын қайталау

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуірі

Сабақтың мақсаты:

  • Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы ескерткіштерінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тарихи танымы жоғары дәрежеде қалыптасқан тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

  • Әскери демократияның мәні неде?

  • Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

  • Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

  • Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ерте темір дәуіріне шолу

  2. Сарыарқа-ұлы дала

  • Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.

  1. Сарыарқаның тұрғындары

  • Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.

  1. Шаруашылығы

  • Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.

Сабақты бекіту:Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

  1. Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.

  2. Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?

  3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

Бағалау: Үйге тапсырма: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тасмола археологиялық мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Тарихта Ұлыбай-Тасмола мәдениеті деген атпен қалған Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жағдайы, ескерткіштері, металды өңдеу әдісі т.б. туралы айта отырып, белсенділігі жоғары, иманды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

  • Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.

  • Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?

  • Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшеліктері

  2. Тұрғындар туралы жазба деректер

  • Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударады.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары б.з.б. 1 мыңжылдықта көшпелі өмір салтына ауысқан.

  1. Мал бағу ерекшеліктері

  • Қазақ даласында оқта-текте жұт болып тұрды. Жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрды.

  1. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері

  2. Металл ұқсату

Сабақты бекіту:

  1. Солтүтік Қазақстан деген тарихи географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?

  2. Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы табиғат пен климаттың ерекшеліктерін Солтүстік Қазақстанмен салыстыр.

  3. Солтүстік Қазақстанда мал жаю ерекшеліктері неде? Жұт дегеніміз не? Халық табиғаттың бұл құбылысына қарсы қалай күресті?

  4. Солтүстік Қазақстанмен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениетіндегі ұқсастықтарды ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 26. Шығармашылық тапсырма

Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің Қазақстанның басқа өңірлердің мәдениетімен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ата.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет