Атырау облысы
Махамбет ауданы
О.Шонаев атындағы орта мектебінің
I-санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жанасова Нұржамал Орынғалиқызы
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.
2) Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан - жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулап, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: cұрақ-жауап,ойын,топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд,сурет,, тірек сызбалар, .
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. 3 топқа бөлу. «Жалын», «Сұңқар» , «Тұлпар» топтары өз ұрандарын айтады.
Жылулық шеңбері
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда,
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
2 Өткен сабаққа шолу.
Сөз таптары
Зат есім туралы не білеміз?
3. Үй тапсырмасын тексеру.
I-топ. Абай туралы реферат
II-топ. Ұста туралы әңгіме
III-топ. Зат есімнің ережесі,сұрақтары.
4. Көркем жазу минуты.
М м
Мысық,мата,мақал,мектеп,маса.
5. Оқулықпен жұмыс. 328-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Зат есімдерді тап.Зат есімдерге сұрақ қой.
Абай-қазақ халқының ұлы ақыны.Ол халықты оқуға,білім,өнер үйренуге шақырды.Ақын өтірікші,жалқау,мақтаншақтарды жек көрді.Жастардың білімді болуын аңсады.
6. Ойын «Артығын тап» .Шарты: Зат есім деген үйге керек емес сөзді сызып тастау.
I- топ II- топ III-топ
оқулық ұзын бесінші
Ұзын дәптер алтау
Бала көркем сұр
Келді қасқыр күйші
Тақта жолбарыс алпыс
Аққу адам таға
Мұғалім қалың жүзім
Дәрігер жақсы орындық
Ақылды әнші құлын
Төрт ойнады алдады
7. Топпен жұмыс
Көп нүктенің орнына кім?сұрағына жауап беретін сөздер тауып жаз
I-топ II- топ III-топ
әншілер мұғалімдер ұшқыштар
Күйшілер Әселдер Мараттар
Бишілер шешендер азаматтар
8. Суретпен жұмыс. (Слайдтан суреттер көрсету,сұрақ қойдыру.)
Абай, дәрігер, көбелек т.б
Зат есім--------заттың атын білдіреді-----------кім?кімдер?не? нелер?
9. Шығармашылық жұмыс
Суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлем құрау.
Ү... Т.... Б...
10. Ауызша орындау.
331-жаттығу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт.Неліктен кімдер? Сұрағын қойғаныңды дәлелде.
Ұста - ұсталар, зергер- зергерлер
11. Сабақты қорытындылау
«Кім жылдам ойыны
Атауы ---- Зат есім ----- Сын есім ----- Сан есім ----- Етістік
Алма
Келді
Әдемі
Бес
Отыр
Сұлу
Не білдік?
Зат есім
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Ендеше сабағымызды қорытындылай келе тест жұмысын орындаймыз.
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.
Күннің шуағы пайда болады.
Үйге тапсырма: 332 - жаттығу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |