Тақырып: Обал мен сауап Құндылық: қиянат жасамау



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі49,36 Kb.
#26070
түріСабақ
1   2
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 19 сабақ «Құс ұясын бұзбайық»
Б.Әділов

  1. Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

  2. Біз жан-жануарларға қандай қамқорлық көрсете аламыз?

  3. Өзгелерді ренжіткенде біз қандай сезімде боламыз?




Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесін
Халық даналығы

  1. Сауап дегенді қалай түсінеміз?

  2. Қиянат жасамаудың жолдары қандай?

  3. Қиянат жасамайтын адам қандай адам?







  1. Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы
Ертегі
«Түлкімен ешкі»
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың жаным жай тауып тұр.

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онын мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып , жөніне кетіпті...

  • Балалар түлкінің бұл іс – әрекеті дұрыспа?

  • Сіздер түлкінің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

  • Өзгелерді ренжітпи қиянат жасамай өмір сүру оңайма?







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін
Ойын «Обал –Сауап»
Қазір біз «Обал –сауап» деген ойын ойнаймыз, мен бір сөйлемді бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы сөйлемді «Обал болады» немесе «Сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. Мысалы:
-көк шөпті жұлма обал болады
-торға түскен құсты босат,сауап болады.
-құстың ұясын бұзба,обал болады.
-ақты төкпе, обал болады.
-көшеде үлкен қарияға жолдан өтуге көмектес сауап болады.
-автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады.
-көршіңе көмектес, сауап болады.






  1. Топпен ән айту.

«Жарқын заман бөбегі»
Сөзі: Е.Жумагалиев
Әні: И.Нүсіпбаев






  1. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.
Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөлені табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы боламын. Мен жақсылық нұрын құямын





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет