Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет18/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Көрсеткіш:

көркем, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі



  1. Қосымша білім беретін ұйымдарының және мектеп ішіндегі үйірмелердің санын көтеру.

2. Қосымша білім алу әрекетін қарастырған заң күшіндегі актілер қабылданды


2015 жылы мектеп жасындағы

666 678 бала қосымша білім беретін 851 ұйымда спортпен айналысты (көркем-эстетикалық ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлке тану, әскери-патриоттық шығармашылық).



Анықтама: 2015 жылы білім беру жүйесінде 860 қосымш білім беретін ұйымдар жұмыс істейді (2014 ж. – 833 бірл.).Оларға 673 219 бала барады (666 678 мектеп жасындағы бала көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологтық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық бағыттармен, 6 541 – білім беру жүйесіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен қамтылған).

Балалар 56,6 мың үйірмеде шығармашылық және танымдық белсенділікті іске асырады, оларда қосымша біліммен 1 027 354 мың оқушы қамтылған (37,4%).

Барлығы қосымша біліммен 1 700 573 мектеп жасындағы бала қамтылған, бұл олардың жалпы санының 61,9% құрайды.

Көрсеткіш:

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

1. АӘПТ кабинеттерін құру, даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқутуға арналған біріктірілген және модульдік бағдарламаларды құру

2. Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (ТПҰҒПО) және – «Өрлеу» БАҰО» АҚ негізіндегі курстарында педагогтер біліктілігін арттырып жатыр



2015 жылы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы саны 141 952 баланы құрады. Оның ішінде 46 340 бала инклюзивті білім берумен қамтылған.

Балалардың инклюзивті білім берумен ең көп қамтылуы Қостанай (44,2%), Батыс Қазақстан (39,2%), Шығыс Қазақстан (39%), Оңтүстік Қазақстан (37,1%), Ақмола (36,8%) облыстарында тіркелген.

Ең аз қамтылуы – Алматы қаласында (5,6%), Атырау (15%) және Жамбыл (19,4%) облыстарында.


Көрсеткіш:

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды тегін дәрумен қосылған ыстық тамақпен қамтамасыз ету

1. Ауыл аймақтарында бәсекелестігі нарықтың кішкене мөлшерімен қатал талаптары кесірінен жок. Сол себептен жеткізушілердің арасында конкурсты өткізу және олардың ішінде таңдау шаралары қиыншылыққа тіреледі.

2. Тамақ қамтамасыз ету мемлекттік сатып алумен ұйымдастырылады сол себептен сапалы жеткізушіні таңдау қиындатылып жатыр.

3. Жергілікті бюджеттінен қаржыландыруының жетіспеушілігі


2015 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың жалпы санынан (247 925) 247 667-сі (99,9%) тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Астана және Алматы ққ. 13 облысында 100% аз қамтылған отбасылар балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Тек Қостанай облысында балалардың 2,6% (258) тегін ыстық тамақпен қамтылмаған.



2015 жылы ҚР БҒМ «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттары бойында тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметінің стандарты бекітілген. Бұл қызмет e.gov электронды үкімет порталы арқылы автоматтандырылған.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы уәкілеттіктерді ажырату мәселесі бойынша ҚР Заңын орындау аясында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №20 бұйрығы орындалады.Бұл бұйрықта7 ден 16 дейін өлшемдер тізілімі кеңейтілген, мына талаптар қарастырылған:кәсіпкердің қызметіне міндетті санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу, өндірістік бақылау, тағамдардың технологиялық картасының болуы, халықтың амандығының санитарлық-эпидемиологиялық нормативті құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау, бұл қызметтерді жеткізушілерді таңдауға субъективті тәсілдеме талаптарын алып тастайды.

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін,түрлерін және оны беру қағидаларын ұсыну ережесін және бекіту туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ толықтырулар енгізу туралы»2015 жылғы 25 сәуірдегі №326 Үкімет Қаулысымен мектептегі бір реттік тамақтандырудың нормалары бекітілген.

Тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау үшін Министрлікпен тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері бекітілген. 2015 жылы 6 өңірдегі 46 білім беру нысаны тексерілді (Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Шығыс-қазақстан облыстарында және Астана қ.). Тексеру нәтижелері бойынша облыс әкімдеріне бұзылымдарды жою және лауазымды тұлғалар жөнінде тәртіптік жазалау шараларын қабылдау үшін хат жіберілді.


Индикатор:

Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі



2015 жылы КДДБ процедурасынан 102 562 бітіруші өтті, оның ішінде 65 402 бюджеттік негізде.

102 562 түлектің ішінен 88 305 (86%) түлек КДДБ рәсімінен бірден өтті.

2014 жылмен салыстырғанда КДДБ процедурасына қатысушы бітірушілер саны (105 152 бітірушілер) 2,590 мыңға азайды. Өз кезегінде КДДБ процедурасын бірінші реттен өткен бітірушілер үлесі 1% артты
(2015 ж. - 86%, 2014 ж. - 85%).

Бітірушілер мұқият дайындалады, байқау сынағы өткізіледі.Осыған байланысты білім сапасы жақсарған. Сондықтан КДДБ бірінші реттен тапсырған бітірушілер саны 86% құрады.



Индикатор:

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі



  1. Республикадағы экономикалық ебедейсіз жағдай (мұнай өнімдерінің бағасы төмендетілуі, отандық өндірушілерді қолдауға арналған валютаның құнсыздануы) жұмыс берушілердің колледж бітірушілірге жұмыс беруіне әсер етеді

  2. ТжКБ бітірушілер таңдайтыны:ЖОО-да оқуынын жалғастыру, әскер, декрет және т. б.

2015 жылы ТжКБ бітірушілер саны 129,7 мың адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 76,7 мың адам*.

ЖАО деректері бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің (78,2%) 60,0 мыңы жұмысқа орналастырылды.



*Ескертпе: күндізгі оқу формасы бойынша бітіру.

Индикатор:

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі

1. Қаржыландыру. ҚР «Білім туралы» заңында 9-1 тармағында ұйым аккредитацияны өз қаражалар арқылы өз еркінмен өтеді


«Білім беру туралы» ҚРЗ сәйкес білім беру ұйымдары уәкілетті органның тізіліміне енгізілген, аккредитациялық органдарда ұлттық және халықаралық институционалды, мамандандырылған аккредитациядан өтуге құқылы.

Анықтама: республикада 807 колледждер жұмыс істейді, оның ішінде 462 мемлекеттік, 345 жекеменшік.

2013 бастап 2015 жылдарда жеке қаражаты есебінен 16 колледж аккредитациядан өтті (12 мемлекеттік, 4 жекеменшік), оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тізіліміне енгізілген, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің негізінде 14 институционалды, 2 маандандырылған.

2015 жылы 5 колледж аккредитациядан өтті: (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Алматы қ., Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж, Орал қ., Түркістан медициналық колледжі, Түркістан қ., Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі).

«Білім туралы» ҚР Заңының 9-1-бабына сәйкес білім беру ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылатынына және білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізілетініне байланысты жоспарлы мәнге қол жеткізілмеді. ЖАО ТжКБ оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерін өткізуге арналған қаражат қарастырмаған.



Көрсеткіш:

мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

Кәсіби стандарттар бірнеше орындаушылармен дамытылып жатыр, сол себептен арасында ТжКБ стандарттардың дамыту туралы жалпы келісімділік жок


2012-2014 жылдары 345 кәсіптік стандарттар әзірленген. Оның ішінде Дүниежүзілік Банктің қарызы бойынша - 147.

2015 жылы ҚР ДСӘДМ 38 кәсіптік стандарт әзірлеген.

2015 жылы 69 кәсіптік стандарт бекітілді (ТжКБ кәсіптері мен мамандықтарының жіктемесіне сәйкес жалпы мамандықтар санынан 30% (231 мамандық).

Көрсеткіш:

ТжКБ мамандықтары бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен (кәсіптік стандарттар негізінде) әзірленген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесі

ТжКБ мамандыктары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары дамытуға арналған қаржыландыруыды кемейтуі


2015 жылы кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ мамандықтары бойынша 147 білім беру модульдік бағдарламалары әзірленді (жалпы мамандықтар санынан 63,6% (231)).

2015 жылы ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жүзеге асырылмаған (қаражатты РБК мақұлдамады).



Көрсеткіш:

жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

1. Біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларға арналған қаржыландыруды кемейтуі.

2. Жұмыс берушілердің біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларды дамытудың уәдеменің жеткіліксіздігі



60 біріктірілген білім беру бағдарламасы әзірленді, бұл әзірленген үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларынан 40,8%-ды (147) құрайды.

Көрсеткіш:

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

1. Колледждер жумыс берушілермен өндірістік тәжірибе туралы жұмыстар өткізіп жатыр

2. Жумыс берушілер кадрлерді өз сипаттамалармен дайындауға қызығушылық көрсетіп жатыр

3. Қаржыландыру студенттердің өндірістік тәжірибенің өтуіне әсер тигізеді


2015 жылы мемтапсырыс бойынша білім алушы 156,4 мың студенттер тәжірибеден өтуге мұқтаж болды.Олардың ішінде 132,9 мың адам кәсіпорын негізінде тәжірибеден өтуге орындармен қамтамасыз етілді, бұл 85% құрайды.

Көрсеткіш:

білім алушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қаражаты есебінен ТжКБ-да білім алушылардың үлесі.

1. ТжКБ-да білім алудың кем лауазымы кадрлердің дайындаулыңына әсер етеді

2. Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Самұрық – Энерго» АҚ деген сияқты үлкен фирмалары қатысқанымен жетеді. Сонымен қатар аймақтарда ШОБ ТжКБ саласына қаржы еңгізуге құштарлығын көрсетпейді. Ол бизнестың жақсы дамыған жоқ сыздығыммен және инвестициялауды ынталандыру механизмдері бамағандықпен байланыстырады. Сонымен қатар жұмыс берушілерде колледжбен ЖОО-ның білім беру сапасына сенімшілік білдірмейді.



ЖАО деректері бойынша жұмыс берушілер есебінен 6 266 студент оқиды және стипендия алады, бұл білім алушылар контингентінің жалпы санынан 1,2%-ды құрайды (499 477).

Көрсеткіш:

техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

1. Мектепте ерте кәсіптік бағдарламалардың жоқтыңы

2. Әлеуметтік-мәдени өзгерістер – 14-24 жастар арасындағы демографиялық құлдырау



2015-2016 оқу жылында ТжКБ ұйымдарының контингенті 31 976 адамға (6%-ға) төмендеген және 499 477 студентті құрады. Олардың ішінде 14 жастан 24 жастағы 458 996 студент.

ЖАО деректері бойынша 14 жастан 24 жастағы жастар 2 759 017 адамды құрады (2014 жылғы қаңтар - 2 921 253).

Әдеттегі жастағы жастарды (14-24 лет)техникалық және кәсіптік біліммен қамту 16,6% құрайды.

Болжамды мәнге қол жетпеу ТжәнеКБ контингентінің төмендеуімен және республикадағы жастар санының азаюымен ескертілген.



Көрсеткіш:

ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы орындарының саны

1. Колледждер құрастырып жатқан адал немесе жосықсыз құрылыс фирмалар

2. Колледждер құрастыруға арнап қаржы шығару



Республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында 800 орындық колледждің құрылысы және қолданысқа енгізілуі жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының баяу қарқынына және құрылыс кестесінен кешігуіне байланысты, нысандарды қолданысқа уақытында енгізе алмау қаупі бар.

Осыған байланысты нысан құрылысының аяқталуы 2016 жылға шегерілді және жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджетпен ортақ қаржыландыру есебінен бітіріледі.

«НурОтан» Платформасының щеңберінде 42 колледждің құрылысы жоспарланған, олардың 6-ның құрылысы аяқталды. Астана қаласындағы 800 орындық 2 колледждің құрылысын 2016 жылы бітіру жоспарланған. 34 колледждің құрылыс қаражаты ҚРБ-мен қарастырылмаған.

Астана және Алматы қалаларында «Холдинг «Кәсіпқор»» КАҚ колледжердің құрылысы.

Алматы қаласында құрылыстың бірінші кезеңіндегі (1 кезек) жұмыс жобасына 2014 жылдың 30 шілдесінде РММ «Госэкспертиза» № 02-0457/14болымды жергілікті тұжырымын берді, 2015 жылдың 13 ақпанында құрылыстың 2-нші кезеңіне РММ «Госэкспертиза» № 02-0074/15 жергілікті тұжырымын берді.

Астана қаласында 2014 жылдың 24 шілдесінде құрылыстың 1-нші кезеңіне РММ «Госэкспертиза» № 01-0403/14 болымды жергілікті тұжырымын берді, 2015 жылдың 16 қаңтарында құрылыстың 2-нші кезеңіне РММ «Госэкспертиза» № 01-0018/15 жергілікті тұжырымын берді.

Қазіргі кезде жиынтық тұжырымды алу шаралары жүргізіліп жатыр. РММ «Госэкспертиза» ұлттық валютаның орнатылған бағамына сәйкес құнын белгілеу кезінде ескертулер берді.

2014-2015 оқу жылының басында 3 колледж колданысқа берілді: Алматы облысы Қаракемер кентінде 600 орындық, Жамбыл облысы Тараз қаласында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық колледж және Қарағанды облысы Киевка кентінде 100 орындық жатақханасы бар 200 орындық колледж.

2013 жылы 1480 орын пайдалануға енгізілді, оның ішінде Алматы қаласында 720 орынға арналған мемлекеттік жолаушылар көлігі мен технологиялар колледжі (ЖБ) және Маңғыстау облысы Қарақиян қаласында 400 орынға арналған колледж (РБ), Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян Бәйдібек ауданында 360 орынға арналған колледж (РБ) пайдалануға берілді.

2012 жылы 19 колледж ашылды (840 орын).

2011 жылы Көкшетау қаласында - 404 орынға арналған Кадет корпусы, ОҚО 400 орынға арналған колледж ашылды.


Көрсеткіш:

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

1. Жатақханаларды құрастырып жатқан адал немесе жосықсыз құрылыс фирмалар

2. Жатақханалар құрастыруға арнап қаржы шығару



2015 жылы құрылыс және реконструкциялау есебінен 1708 орынға арналған 19 жатақхана енгізілді. Олардың ішінде:

- Алматы облысында 670 орынға арналған 4 жатақхана пайдалануға енгізілді,

- Атырау қаласында ЖБ есебінен 124 орынға арналған жатақхана пайдалануға енгізілді (К.Дутпаев атындағы гуманитарлық колледж),

- Шығыс Қазақстан облысында 534 орынға арналған 5 жатақхана пайдалануға енгізілді,

- Жамбыл облысында 100 орынға арналған жатақхана пайдалануға енгізілді,

- Қарағанды қаласында ЖБ есебінен 70 орынға арналған жатақхана пайдалануға енгізілді (Жезқазған бизнес және көлік колледжі),

- Павлодар облысында 160 орынға арналған 5 жатақхана пайдалануға енгізілді,

- СҚО-да 20 орынға арналған жатақхана пайдалануға енгізілді,

- Астана қаласында 30 орынға арналған жатақхана пайдалануға енгізілді.

2014 жылы құрылыс және реконструкциялау есебінен 595 орынға арналған 6 жатақхана пайдалануға енгізілді.

2013 жылы 5 жатақханада білім алушылар үшін 772 орын, оның ішінде Алматы облысында (140 орын), Жамбыл (32), Қостанай (100 орын), Маңғыстау (200 орын), ОҚО-да (300 орын) берілді.

2012 жылы 577 орын енгізілді:

- Қостанай облысында – Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі жанындағы ғимаратты реконструкциялау есебінен 207 орынға арналған және Рудный қаласындағы № 11 кәсіптік лицей жанындағы ғимаратты реконструкциялау есебінен 126 орынға арналған 2 жатақхана;

- Жамбыл облысында – Т.Рысқұлов ауданы ауылшаруашылығы колледжі жатақханасын реконструкциялау есебінен 1 жатақхана;

- Павлодар облысы Баянауыл ауданының №16 колледждің оқу корпусы базасындағы үй-жайлар 40 орынға арналған жатақхана етіп қайта реконструкцияланды.

2011 жылы жатақхананы реконструкциялау есебінен қосымша 280 орын енгізілді (СҚО-да - 220 орын, Ақтөбе облысында – 60 орын).



Көрсеткіш:

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу

1. ТжКБ орындарын жабдықтыруға арналған қаржының болыу немесе болмауы

2. Жаңа жабдықтарды тексеріс пен мониторинг жасау



2015 жылы ТжКБ оқу орындарының 87 шеберхана және зертхананың МТБ-ын заманауи жабдыөпен нығайту үшін 2 175,0 млн теңге қарастырылған, бюджеттің секвестрлеуіне байланысты қаржыландыру қысқартылды.

2011-2015 жылдары 462 мемлекеттік колледжден 351 колледж (76%) заманауи жабдықпен жарақтандырылды.

ЖБ-ден қаржы бөлу, демеушілердің қаржыларын тарту және лизингтік құрылғыларды жетілдіру арқылы ЖАО-мен бірге берілген бағыттағы жұмыстар жалғастырылады.


Индикатор:

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ЖОО түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі

ЖОО бітірушілердің біліктілігін анықтау үшін нормативтікпен институционалдық база жоқ


2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазХҚжӘТУ, Семей қ. ММУ, ҚазМемҚызПУ және КЭУК-да Жұмыс берушілердің Кеңесі құрылды және қызмет көрсетеді.

Жұмыс берушілердің қызметі сапалы білім беру жығдайын құру, еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып университеттің білім беру және ғылыми потенциалын нығайту саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Осылайша, 2015 жылы техникалық мамандық бойынша 28 мың түлектің шамамен 10 мыңы өндірістік практика шеңберінде жұмыс берушілерде сертификаттаудан бірден өтті.


Индикатор:

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

1. ЖОО әлеуметтік әріптестер-кәсіпорындармен жұмысқа орналасу туралы қарым-қатынастар орнату.

2. Республикадағы экономикалық ебедейсіз жағдай (мұнай өнімдерінің бағасы төмендетілуі, отандық өндірушілерді қолдауға арналған валютаның құнсыздануы) жұмыс берушілердің ЖОО бітірушілірге жұмыс беруіне әсер етеді



ЖОО 138 мың түлегінің 71%-ы жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,6%-ға жоғары.

2015 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған студенттер 35 790 адамды құрады, олардың ішінде 29 442 адам жұмысқа орналастырылды.

Түлектерді жұмысқа орналастырудың сенімділігі үшін ҚР БҒМ мен ҚР ДСӘДМ-нің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығының ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы ҚР ДСӘДМ-мен бірлескен бұйрық әзірленді және бекітілді (ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 маусымдағы №496 және ҚР ДСӘДМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 маусымдағы №621 бұйрықтары).

ИИДМБ-2 шеңберінде кәсіби тәжірибе және жұмыспен қамту базаларыменкепілді тәрде қамтамасыз ету үшін ЖОО, магистрант және Республикалық пен аймақтық индустриаландыру картасына кіретін ИИДМБ-2 кәсіпорындары арасында үшжақты келісімшартқа қол қою қарастырылған.

25.11.2015 жылғы жағдайға қарағанда ЖОО, магистрант және ИИДМБ-2 кәсіпорындары арсында 1444 келісімшарт жасалған, олардың ішінде:

- Л.Н.Гумилеватындағы ЕҰУ-де «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру» мамандығы бойынша – 130 келісімшарт; «Ғарыштық техника және технология» мамандығы бойынша – 69 келісімшарт. Жалпы алғанды, 210 білім алушылардың арасынан 199 магистрант келісімшарт жасасқан (95%);

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» мамндығы бойынша – 150 келісімшарт; «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша - 54 келісімшарт. Жалпы алғанда, 350 білім алушының арасынан 204 магистрант келісімшарт жасасқан (58%);

- Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да «Көлікқұрылысы» мамандығы бойынша – 84, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» маандығы бойынша – 32, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша – 54 келісімшарт. Жалпы алғанда, 350 білім алушының арасынан барлық магистранттар келісімшарт жасасқан (49%);

- ҚазҰАУ-де «Тағамдық қауіпсіздік» мамандығы бойынша – 85, «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша – 32 келісімшарт. Жалпы алғанда, 190 білім алушының арасынан барлық маистранттар кеісімшарт жасасқан (62%);

- М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Органикалық емес заттардың жимиялық технологиясы» мамандығы бойынша – 60, «Қайта өңдеуші өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша – 60, «Баяу балқитын металлдық емес және силикат материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша – 60 келісімшарт. Жалпы алғанда, 180 білім алушының арасынан барлық магистранттар келісімшарт жасасқан (100%);

- А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де «Технологиялық көліктер және жабдықтар» мамандығы бойынша – 62, «Малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша – 62 келісімшарт. Жалпы алғанда, 124 білім алушының арасынан барлық магистранттар келісімшарт жасасқан (100%);

- ҚарМТУ-де «Металлургия» мамандығы бойынша – 62, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша – 62 келісімшарт. Жалпы алғанда, 124 білім алушының арасынан барлық магистранттар келісімшарт жасасқан (100%);

- С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша – 62, «Технологиялық көліктер және жабдықтар» мамандығы бойынша – 61 келісімшарт. Жалпы алғанда, 124 білім алушының арасынан 123 магистрант келісімшарт жасасқан (99%);

- С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша – 62, «Металлургия» мамандығы бойынша – 62 келісімшарт. Жалпы алғанда, 124 білім алушының арасынан барлық магистранттар келісімшарт жасасқан (100%);

- Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Көлікқұрылысы» мамндығы бойынша – 45, «Металлургия» мамандығы бойынша – 25 келісімшарт. Жалпы алғанда, 124 білім алушының арасынан 70 магистрант келісімшарт жасасқан (56%);

Сонымен қатар ИИДМБ-2 шеңберінде кадрларды дайындау үшін Атырау мұнай және газ институтына бакалавриат бойынша 123 грант бөлінді, соның ішінде: «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша – 48, «Мұнайгаз жұмысы» - 75. Олардың ішінен 9 келісімшарт жасалды (6 және 3 сәйкесінше). Қорытындылағанда, ЖОО бойынша келісімшарт жасау 7% құрады..

Осылайша, қазіргі кезде білім алушылардың жалпы санынан (2023 адам) 1444 келесімшарт жасалған, бұл 71%-ды құрайды. Сонымен қатар, негізгі ЖОО-ларда аталған бағытта жұмыстар жүргізіп жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет