Бау-бақша өсімдіктері



бет1/16
Дата24.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#187783
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Бау-бақша өсімдіктері

Дүниесі: Өсімдіктер – Plantae Бөлімі: Гүлді өсімдіктер – Angiosperms Класс: Қосжарнақтылар – Magnoliopsida Отряд: Раушангүлділер – Rosales Тұқымдасы: Раушангүлділер – Rosaceae Туысы: Алмұрт – Pyrus Түрі: Кәдімгі алмұрт – P. Communis

Сипаттама: Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 10-12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салм. 20-300 гр-дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 40-50 жылдай өседі.

Таралуы: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өсіріледі.

Қолданылуы: Алмұрт қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар йод, калий, мырыш, магний, кремний, темір, флавоноидтарға бай. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды.

Сілтеме: https://kk.wikipedia.org/wiki/Алмұрт Қиланбекова Айкөркем

Бөлімі: Гүлді өсімдіктер – Magnoliophyta Класс: Қос жарнақтылар – Dicotyledoneae Қатар: Жүзім - Rosanea Тұқымдас: Жүзім тектес - Vitoideae Туыс: Жүзім - Vitis Түр: Дақылдық жүзім – Vitis vinifera

Сипаттамасы: Жүзім –жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі. Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет