Полимерлі материалдар (пластмассалар) түралы жалпы
мəліметтер
Полимерлер – қарапайым кəдімгі молекулалы (молекуладан
тұратын атомдары аз) органикалық заттардың, яғни мономерлердің, өзара
əрекеттесіп, байланысуынан түзілетін үлкен молекулалы қосылыстар.
* Лигроин - мұнайды айырғанда бөлінетін бензиннен сəл ауыр зат (кейде оны "ауыр
бензин" - дейді). ** Мазут - мұнайдан бензинді, керосинді жəне газоильді айырып алғаннан кейінгі
қалдық. Құрылыста жасанды жолмен алынатын синтетикалық үлкен
молекулалы органикалық қосылыстар пайдаланылады. Мұндай
полимерлер органикалық байланыстырғыш заттар тобына жатады.
Пластмассалар– негізгі синтетикалық полимерден тұратын, белгілі
бір температурада пластикалық икемді күйге жəне қысыммен керекті
пішінге айналатын жасанды материалдар. Пластмассалар тек қана
полимерден тұруы мүмкін. Мысалы, кəдімгі органикалық шыны, плексиглас - полиметилметакрилат полимерінен тұрады. Мұндай
пластмассаларға – полиэтилен, полистирол, т.б. мысал бола алады. Бұл
жағдайда "пластмасса" деген сөздің "полимер" деген сөзден
айырмашылығы жоқ. Дегенмен, көптеген пластмассалар органикалық
полимерлермен қатар, əртүрлі толтырғыштар мен үстемелерден тұрады.
Толтырғыштар біріншіден – полимерді үнемдейді, екіншіден –
түзілген пластмассаның техникалық қасиеттерін, атап айтқанда
беріктігі мен қаттылығын өсіреді. Ал өлшемінің шөгуін, яғни
мөлшерінің қысқаруы мен пластмассадан жасалынған
конструкциялардың күш əсерінен жылуын азайтады.
Үстемелер ретінде: пластификаторлар, қатайтқыштар, стабилизаторлар, бояғыштар, т.б. қолданылады. Пластификаторлар –
пластмассаның иілімділігін (созымдығын) арттырып, морттығын
азайтады. Пластификаторлар – полимердің үлкен молекулаларының
өзара жылжымалылығын арттырады, пластмассадан бұйымдарды сығу
арқылы өндіруді жеңілдетеді. Пластификаторлар – кіші молекулалы, жоғары температурада қайнайтын, аз ұшатын сұйық заттар
(сдибутилфталат, хлорпарафин). Бұлар қатты полимердің тұтқыр затқа
айналу температурасын төмендетеді. Мысалы, қатты полихлорвилл
тек 70°С температурада ғана иілімді болады, ал оған пластификатор –
сдибутилфталат қосса, ол кəдімгі үй температурасының өзінде де
(20°С) пластикалы болады. Полимердің құрамы мен қасиетіне
байланысты пластификаторларды 5-50°С- ке дейін қосады.
Қатайтқыштар – тұтқыр (сұйық) пластмассаларды қатты күйге
келтіру үшін қосылады. Мысалы, эпоксидті пластмасса малеинді, ангидрит қосқанда қатаяды. Қатайтқыштар – полимерлеу процесінің
инициаторы (ұйытқышы) болғандықтан, пластмассаның қатаю
уақытын жылдамдатады, соның нəтижесінде пластмассадан бұйым
жасауда технологиялық процестер тездетіледі.