1-дәріс. Мәдениет морфологиясы және мәдениет тілі


«Өркениет» түсінігінің көпмәнділігі



бет6/8
Дата03.10.2023
өлшемі59,55 Kb.
#183411
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс

6. «Өркениет» түсінігінің көпмәнділігі
Адамзат тарихының алғашқы дамуына материалдық-рухани синкретизм (толық жетілмеген құбылыс) тән болды, немқұрайлы «жансыз» қызмет пен қара жұмыс тәжірибесінен көрінетін ол рухани өмірді алшақтатумен болды. Материалдық мәні бар қимыл-істер мен заттар, қызметтер түрлері арасында қағидалық айырмашылықтарды логиканы білмеген адамдармен жандандырылды.
Әлемді айқындау және ұғыну нақты-бейнелі жолмен емес, деректі-логикалық түсініктердің қалыптасуымен діннің, ғылымның, өнердің бөлінуі басталды. Соңынан өркениет болып аталатын, мәдениеттің жаңа тарихи түрі пайда болды.Осылай, заттарды жаппай өндіру және сауда кәсіби қызмет сияқты қолөнердің дамуы басталуымен, қалалардың пайда болуымен, біз екібағыттағы өркениет пен мәдениет бастамасымен байланыстырамыз. Бір жағынан, өркениет мәдениеттің ең жоғарғы деңгейі болып табылады, ал басқа жағынан – қоғамдық өмірді ұйымдастырудың барлық тәсілдері жинақталған өркениет мәдениеттің бір қабаты болып табылады. Өркениет мәдениеттен тыс орналаспаған, керісінше мәдени механизмдер жүйесін қамтамасыз ететін жүйе ретінде мәдениеттің ішіне кіреді.
«Өркениет» сөзі латынның «civitas» - «қалада шоғырланған мемлекет» және «civilis» - азаматты «қала тұрғыны» етіп сипаттайтын мағынаны білдіретін сөздерден шыққан.
Мәдениет пен өркениеттің аратеңдіктерін қарай отырып, олардың келесі мағыналарын айқындауға болады:

  1. Өркениет пен мәдениет бірдей, олар синонимдер (Гердер, Тайлор);

  2. Өркениет – ол мәдениеттің ақыры, онық ескіруі, руханилықтың антиподы (Руссо, Фурье, Шпенглер);

  3. Өркениет – ол мәдениеттің алға дамуы (Белл);

  4. Өркениет – ол жабайылық пен варварлыққа бағытталатын мәдениеттің даму сатысы (Морган);

  5. Өркениет – ол мәдениеттің техникалық, материалдық жағы.

Бірақ мәдениет пен өркениеттің жәй «руханилық» және «материалдық» оппозицияға қарағанда қарым-қатынастары өте күрделі. Олардың ең көп жалпы сипаттамаларын салыстырайық:

  • егер мәдениет – адамдар қоғамының рухани мүмкіндіктерінің жиынтығы сол немесе басқа даму сатысында болса,

онда өркениет – сол мүмкіндіктерді жүзеге асыратын жағдайлардың жиынтығы.

  • егер мәдениет – қоғамның және жеке тұлғаның тұрмыстық жағдайына мән және бағыттар беретін болса,

онда өркениет – әлеуметтік ұйымдастырудың, техникалық заттардың, адамдардың қалыптасу мезгілдерінің түрлерін қамтамасыз етеді.

  • егер мәдениет – жеке және қайталанбас құбылыс болса,

онда өркениет – жалпыға ортақ және барлық уақытта қайталанатын құбылыс.
Мәдениет жанды болып келеді, ал Өркениеттің әдістері мен тәсілдері бар.
Өркениет кез келген адамның мәдениеттегі орны мен рөлін анықтайды, мақсаттарды және мәдени идеалдарды көптеген немесе азғана адекваттық жолмен жеткізу болып табылатын адамдардың қоғамдық тұрмысының ережесін белгілейді.

7. Өркениеттің типологиясы


Өркениеттің маңызы – адамзаттың ірі көлемде мәдени-тарихи дамуына пайдаланатын, айрықша ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік беретін, көптеген қоғамдарға тән келетін, әдістемелік түсінік.
Өркениет келесілермен айқындалады:

  1. шаруашылық қызметтің үстемдік ету түрі бойынша: олар егіншілік, өнеркәсіптік немесе су-теңіз өнеркәсібі, құрлықтағы кәсіп болып табылады;

  2. жаратылыстану-географиялық орта қағидасы бойынша: ашық, жабық (басқа да өркениеттермен өзара қатынас жасау бойынша), интровертті (жалғыздықты сүйетін, өз-өзімен сөйлескенді ұнататын, ішкі әлемінде өмір сүретін жан), экстравертті (адамдармен тез араласуға бейім тұратын, публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын, кез-келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам), шығармашылдық энергиясының бағыттары бойынша;

  3. уақытша немесе діни қағидалар бойынша: уақытша (Э.Тоффлердің мыңжылдық өркениет циклдары: ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, постөнеркәсіптік), діни (діни және зайырлы мәдениет).

Өркениетдамуының екі түрлі даму тұжырымдамасы пайда болды: дәстүрлі және техногенді. Ол өркениеттің түрі, стратегиясы мәдениетпен айқындалады деп мойындаудан туындаған. Батысеуропалық өркениет (техногендік) пен шығыстың (дәстүрлі) арасындағы айырмашылық мәдениуниверсалды үстемдік ететін жүйеден, адамдарды, табиғатты, шындықты, билікті, жеке тұлғаны және тағы басқаларын түсінудегі айырмашылықтан пайда болды.
Бұл типологизацияныңнегіздеріне төрт басты өлшем қарастырылған:

  1. рухани өмірдің жалпы іргелі белгілері;

  2. тарихи-саяси тағдырдың және экономикалық дамудың жалпылама және өзара тәуелділік байланысы;

  3. мәдениеттің өзара араласуы;

  4. перспективалық даму тұрғысынан қарағанда ортақ көзқарастар мен міндеттер болуы.

Осы өлшемдер негізінде өркениеттің төрт басты түрлері айқындалады:

  1. табиғи қауымдастықтар (өмір сүрудің прогрессивті емес нысандары);

  2. өркениеттің шығыстық түрі;

  3. өркениеттің бастыстық түрі;

  4. өркениеттің қазіргі заманғы (техногендік) түрі.

Табиғи қоғамдастықтар. Бұл тарихи қауымдастықтарға кіретін, табиғатпен біртұтас және гармонияда өмір сүретін, прогрессивтік емес өмір сүру түрі болып саналады. Қоғамдастықтың бүкіл өмірі табиғи циклға бағынады. Ол көшпелі немесе жартылай көшпелі өмір салтын жүргізеді. Рухани мәдениет, сенімдер табиғат күшін құрметтеуге байланысты. Әлемді интеллектуалдық және эмоциялық игерудің құралы мифология болып табылады. Бұл қауымдастықтар үшін дәстүрлі сипат тән.


Өркениеттің шығыстық түрі – б.э. дейінгі үшінші мыңжылдықта Ежелгі Шығыста пайда болған өркениеттің тарихи бірінші түрі: ежелгі Үндістанда, Қытайда, Месопотамияда, Ежелгі Египетте қалыптасқан.
Шығыс өркениетінің өзіндік ерекшеліктері:

  • дәстүрлілік – өмір салты мен әлеуметтік құрылымдардың қалыптасқан формаларын жаңғыртуға бағдар беру;

  • адамгершілік, ерік-жігерлік орнату, әлемді таным мен түрлендіруге емес, ақыл-парасаттылық, болмыссыздық, табиғатпен мистикалық бірлік, ішкі рухани өмірге шоғырлану;

  • Ұжымдастыру- қоғамдық өмір ұжымшылдық қағидаларымен құрылған;

  • билікті сакрализациялау – мемлекеттің қоғамнан абсолюттік басым болуы.

Өркениеттің батыстық түрі – Еуропа мен Солтүстік Американың тарихи-мәдени дамуының белгілі бір кезеңдерін қамтитын өркениетті дамудың ерекше түрінің сипаттамасы.
Өркениеттің батыстық түрінің негізгі құндылықтары:

  1. динамизм, жаңашылдыққа бағдар;

  2. индивидуализм, тұлғаның жекешілігіне бағытталу;

  3. ұтымдылық;

  4. мемлекеттік басқарудың барлық басқа нысандарында демократияны артықшылық ету.

Техногенді өркениет. Өркениеттің осы түрінің мәдениетінде басты рөлде ғылыми ұтымдылық тұр, ақыл-ойдың ерекше құндылығы және оған негізделген ғылым мен техниканың прогресі атап көрсетілген. Техногендік өркениет базасында қоғамның екі түрі – индустриялық қоғам мен постиндустриялық қоғам қалыптасты.
Жаһандық өркениет– әлемдік қоғамдастықтың өсіп келе жатқан тұтастығымен, біртұтас жалпы планетарлық өркениеттің қалыптасуымен сипатталатын өркениетті дамудың қазіргі кезеңі. Жаһандану өркениет ең алдымен жердегі барлық қоғамдық қызметтің интернационализациялануымен байланысты. Бұл интернационализация қазіргі заманғы дәуірде барлық адамзат әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және өзге де байланыстар мен қатынастардың бірыңғай жүйесіне кіретінін білдіреді.
Осылайша, «мәдениет» және «өркениет» ұғымдары жиі теңдестіріледі. Бірақ өркениет мәдениетті дамытудың неғұрлым жоғары немесе дағдарыстық кезеңі болып саналады деген көзқарастар кездеседі.
3.Мәдениеттануда өркениетаралық диалогтың кейбір жалпы принциптері тіркелген: әрбір қоғамдастықтың, халықтың мәдениеті мен менталитет ерекшеліктерін сақтай отырып, прогрессивті тәжірибені меңгеру; әрбір қоғамдастық өзге өркениеттер тәжірибесінен оны игере алатын түрлерін ғана алады; басқа бағытқа ауытқыған өзге өркениеттің элементтері жаңа сапаға ие болады; диалог нәтижесінде қазіргі заманғы жаһандық өркениет біртұтас жүйе түріне ғана емес, сонымен қатар ішкі әр түрлі, плюралистік сипатқа да ие болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет