5В072300- «Техникалық физика» мамандығы үшін



бет2/5
Дата23.10.2020
өлшемі189,5 Kb.
#68443
1   2   3   4   5

4. КУРС ФОРМАТЫ



Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 4 рет жүргізіледі, ОБСӨЖ уақытын қоса есептегенде. Курс форматы - аралас. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы, дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (1015 минут), дәріс (3540 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.

Практикалық сабактар есептер шығару, жұлдыз карталарымен жұмыс жасау негізінде теориялық материалды тереңірек түсінуге және дағдырларды алуға арналған.

Аудиториялық ОБСӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе лабораториялық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.

Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОБСӨЖ сабағын өткіземін.

Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, ОБСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.
5. КУРС САЯСАТЫ
Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойятын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.

1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу және сабақ үстінде бір–бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе практикалық сабаққа қатысқаны үшін +4 баллмен бағаланады, ал дәрісті немесе практикалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда -4 баллмен бағаланады.

Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз.

2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.

4. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

6. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

7. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

6. Қорытынды аттестация (емтихан) ауызша емтихан арқылы өткізіледі. Әрбір билетте екі теориялық сұрақ жяне бір есеп болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет