Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет17/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Дәріс тезисі:
1. Қарсылықты, себептес ҚС салаластық және сабақтастық байланыста келе алады. Талғаулықты ҚС салаласа байланысады, оны өткен дәрісте баяндадық. Ал деп көмекші етістігімен жасалған ҚС-дер есімше оралымды күрделенген жай сөйлеммен, сондай-ақ төл сөзді сөйлеммен құрылымы жағынан ұқсап тұрады. Деп көмекші етістігі сабақтас ҚС жасауға қатысады. Мысалы, Қай жерімнен мін табады деп, Жанбота дала жұмысын тасқаяқтай қағыстырып келеді(амал мәнді көсемше оралымды күрделенген жай сөйлем). Сырттан келгендер көрсін деп, қыстағы ойынды сонда апармақ болды (мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем). Сабақтас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруда деп көмекші етістігі айырықша қызмет атқарады. Екі жай сөйлемнің арасын байланыстыруда бұл етістік енді шылаудың қызметін атқаратын болады. Осы жайында А.Н.Кононов былай деп жазған: «Деп көсемшелі түрі сабақтас құрмаласта екі жай сөйлемді байланыстырудағы синтаксистік қызметіне байланысты шылауға айналып кетеді».
2. Іргелес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – жалғаулық қатыспай ұйымдасқан салалас сөйлемдер. Олардың өзіне тән ұйымдасу заңдылықтары, сол заңдылықтарды іске асыру амалдары бар. Іргелес салалас сөйлемдерді ұйымдастыруға анафористік сөздер қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз – екінші компоненттің құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, іргелі сөйлемнің мазмұнын қатыстыратын сөз. Мысалы, кім келді, кім кетті, оны біле алмады деген конструкцияның екінші компонентінде тұрған осы - анафористік сөз. Салалас сөйлемдердің іргелесе (жалғаулықсыз) байланысуын қамтамасыз ететін мынадай екі жағдай бар: 1) СҚС-ға қатысатын 1-компоненттің құрамына арнаулы формадағы баяндауыштардың қатысуы. Олар ҚС компоненттері арасындағы мағыналық қатынасты білдіріп, байланыстырады
Бақылау сұрақтары:
1. Қарсылықты, себептес, талғаулықты, деп көмекші етістігімен жасалған ҚС-дер, грамматикалық, семантикалық сипаты, мағынасы, жұмсалуы, тыныс белгілері қандай?
2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, функциональдық сипаты қандай?
3. Грамматикалық, семантикалық топтары (жалғастық, мезгілдік, қарсылықты, талғаулықты, себептік, шарттық, айқындауыштық, объектілік, теңдік қатынасты білдіретін ІСС, телінбе компонентті ІСС), тыныс белгілері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет