Кіріспе Негізгі бөлімі 1. Остроградский – Гаусс заңын пайдалану 2. Электродинамика құбылысы 3.Остроградский-Гаусс теоремасы және оның электр өрісін есептеуде қолдану Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Ағылшын физигі У.Гильберттің пікірі бойынша кейбір денелерде үйкелгеннен кейін ұсақ бөлшектерді өзіне тарту қасиеті байқалған, ол электрлену құбылысы деп аталады. Электрленген дене зарядталады. Қазір пікір бойынша заряд денелер бір-бірімен тиістірілгенде ғана пайда болып, электрлік күй бір денеден екінші денеге беріле алады. Сөйтіп электр зарядының бар болуы зарядталған денелердің басқадай зарядталған денемен өзара әсерлесетінінен көрінеді. Француз ғалымы Дюфе электр заряды екі түрлі болатынын тұжырымдаса, американдық ғалым Франклин шартты түрде оң және теріс деп аталатын екі түрлі электр зарядының бар екенін айтты. Мысалы, шыны таяқшаны теріге үйкегенде оның оі таңбалы электрленуі, ал терінің теріс электрленуі кездейсоқ ашылған болатын. Осы себептен электрленген денелердің өткізгіш және өткізбейтін болып бөлінуін бірінші рет ағылшын ғалымы Грей 1729 жылы айтқан.
Жалпы жағдайда нүктелік зарядтар жүйесін немесе формалы зарядталған денелер туғызушы электр өрісінің кернеулігін есептеу өте күрделі болып табылады.Есептеуді жеңілдету үшін әр түрлі қосымша әдістер қолданылады.Бұл әдістердің ең қарапайымы-Остраградский-Гаустың теоремасына негізделген әдіс.Осы жұмыста Остраградский-Гаустың теоремасын электр өрістерін есептеуде қолданылуна мысалдар келтіремін.Әр бір өріске формула мен суреттермен мысалдар кетіріледі.Остроградский – Гаусс теоремасы кез келген тұйық беттен өтетін электрлік ығысу ағынының сол беттің ішіндегі электр зарядының арасындағы байланысты көрсетеді. Сөйтіп бұл теорема бірте-бірте ең қарапайым нүктелік зарядтың электр өрісін, кез келген бетте таралып орналасқан зарядтар жүйесінің өрістерін қарастырады. Тұйықталған бет арқылы өтетін электр өрісі кернеулігінің векторлық ағыны осы беттің ішіндегі зарядтардың алгебралық қосындысын бөлгенге тең. Осы теореманы математикалық тұрғыда кейінірек орыс математигі Остроградский М.В. әртекті өріс кернеулігі үшін қорытып шығарды.