«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жоспары (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып Мазмұны



бет6/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
#15723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Жер

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау


(Ж, Ұ, МК) Оқушылардан қандай елде тұрып жатқанын сұраңыздар. Қазақстанды глобустан табуды тапсырыңңыз. Оны жапсырғышпен белгілеп қойыңыз. Көршілес елдерді анықтаңыздар – оларды глобустан көрсетіңіздер.
(Ж, Қ, Ө) Глобуспен жұмысқа сүйене отырып, оқушылардан Жер пішінін анықтауды сұраңыздар. Жер шар пішіндес екенін және үш өлшемді кеңістіктік фигурадан тұратынын айтып кетіңіз. Қалыптастырушы бағалау: кім Жердің шар тәріздес екенін біледі? Жер үлгісін қағаздан жасаңыз.
(Ұ) Өзге таныс мемлекеттермен салыстырмалы түрде Қазақстанның көлемі туралы сөйлесіңіздер. Қазақстан ішінде және Қазақстаннан басқа елдерге саяхаттау жолдарын қарап шығыңыздар. Оларды глобуста және әлем картасында жіп пен кнопкалардың көмегімен белгілеп шығыңыз. Оқушылар қай елге саяхаттағанын сұрап, оларды картада белгілеп қойыңыз.
(Ұ,Қ) Глобусты тағы да көрсетіңіз. Оқушыларды таныс жерлерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың назарын полюстерге, мұхиттар, шөлдер мен тауларға аударыңыз. Осы жерлердің табиғи жағдайларын айтыңыз. Қысқаша бейне роликтер көрсетіңіз. Қалыптастырушы бағалау: жердің қай бөліктерін тани алады?

(Ұ,Қ) Оқушылармен әр түрлі жерлерді және Жердің шар тәріздес пішініне байланысты полюстер мен экваторда температураның қалай өзгеретінін талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардан Жерде орналасқанына орай және күннен алшақтығына байланысты жағдайларды сипаттап беруін сұраңыз.
(Ж,Ө,Ұ) Глобусқа қарап, Жер шары мен ғарыштық кеңістік аралығында не жатқаны жөнінде ой жүгіртіңіз. Ғарыштан жасалған Жер суреттерін қараңыз, сосын тағы да глобусқа көз тігіңіз.

«Өзін-өзі тану» пәнімен және «Саяхат» тақырыбымен пәнаралық байланысты өткізіңіз, глобуста Қазақстан мен балалар өздері барған елдерді көрсетіңіз.

«Үшөлшемді» ұғымы кейбір оқушылардың түсінуіне қиын соғуы мүмкін. Математика бойынша кеңістіктік фигуралармен пәнаралық байланысты өткізіңіз. Жер толыққанды сфера болып саналмайды, бірақ бірінші сынып оқушыларына бұл сипаттама ұғынықты келеді.


BBC, Planetearth хабар тарату корпорацияларының бейне роликтерін көру мен іздеу үшін іздеу жүйелерін қолданыңыз. «Саяхат» тақырыбымен байланыс жасаңыз.

Бұл жаттығу оқушыларға өз білімдерін түйіндеп, сәйкес фактілерді таңдауға көмектеседі.

Берілген тапсырма бір сабақтан көп болуы мүмкін.

Шындығында, Жер атмосферасы мен ғарышты бөліп тұрған сызық жоқ. Мұны бірінші сынып оқушыларына қабылдау қиындау болады.

Альтернатива ретінде ғарышкерлер/ ракетаның ұшырылуы бейнеленген бейне роликтер көрсетіңіз.

Берілген тапсырманы бірнеше сабақ барысында қолдануға болады.

Глобус, жапсырғыштар

Газеттер, желім, қайшы, бояу, әуе шарлары, пластилин

Әлем картасы, жіп, кнопкалар

Демалыс брошюралары немесе интернеттен алынған суреттер

Глобус


Интернетке қолжетімділік

Суреттер (интернеттен не кітапттардан)


Жазба тапсырмасына арналған формалар
Глобус

http://www.bbc.co.uk/newsround/21639840

жердің ғарыштан түсірілген суреттері

сурет салу жиынтығы


Жер

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау



(МК) Оқушыларға біздің бабаларымыз жазып кеткен Жер бедерінің тарихи очерктерін ұсыныңыз. Міндетті түрде адамның Жерді бірден өз осі бойынша айналатын шар пішінінде бейнелей бастамағаны туралы ұғымды қалыптастыру керек.
(Ө) Оқушылардың өз бетінше Жердің суретін бөліктері атауын жазып салуды ұсыныңыз.

(Т) Оқушыларға Жердің жасанды үлгісі (глобус) мен ғарыштан түсірілген шынайы бейнесін салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуды сұраңыз.

Суреттерді оқушыларға Жер пішінін зерттеу үдерісінде пайда болуымен сәйкестендіріп, көрсетуге болады.

Қабілеттері төмен балаларға бояуға және бөліктерін енгізуге Жер шаблоны түрінде мүмкін тіректерді ойластырып қойыңыз.

Берілген тапсырманы бір топқа ұқсастықтарын, екінші топқа өзгешеліктерін тұжырымдауды ұсынып, өзгертуге болады.


Жер бейнеленген суреттер

«Жердің 3-Dүлгісі» бейнефильмі: https://www.youtube.com/watch?v=kvymLTh417U


Сурет салу жиынтықтары, Жер шаблондары.

Глобус, ғарыштан түсірілген Жердің бейне роликтері мен фотографиялары.



Кеңістік пен уақыт

1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру


(МК) Оқушыларға «Уақытыңды құртпа!» атты анимациялық фильмді көруді ұсыныңыз. Көрен соң талқылаңыздар:

  • Уақыт деген не?

  • Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек?

  • Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді?Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?

(Ө) Сыныпта орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде уақыт туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды білуден «Кім көп біледі?» деген сайыс ұйымдастырыңыз.
(Т) Оқушыларға уақыттарын барынша тимімді пайдалану үшін өз күн тәртіптерін құруды ұсыныңыз. Топтар өздері талқылап, өз нұсқаларын өздері көрсетсін. Жалпы күн тәртібін қабылдап, оны сыныпта іліп қойыңыз.

Берілген тапсырманы орындауда зая кеткен уақыт туралы кез келген анимациялық фильмді көрсетуге болады.
Талқылау үшін сұрақтарды құрғанда, жоғары реттік сұрақтарға ықылас танытып, Блум таксономиясына жүгініңіз.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың күн ілгері үй дайындығы талап етіледі.

Оқушыларға күн тәртібін өз жанұяларының ортасында құруды ұсыныңыз.


«Уақытыңды құртпа!» балалар мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=hAHw_GbOhHw

Анимация күн тәртібіhttps://www.youtube.com/watch?v=6tEzh_SREJE



Кеңістік пен уақыт

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау



(Ұ) Оқушылармен бірге минуттерді, сағатты, айларды, жылдарды қандай тәсілмен санауға болатынын талқылаңыздар.
(МК) Оқушыларға уақытты өлшеудің қарапайым тәсілдері мен жабдықтарын қарастыруды ұсыныңыз:

  • Сағат

  • Секундомер

  • Күнтізбе

Олардың адам өмірінде маңызын талқылаңыздар.
(Т) Үш топқа уақытты өлшеудің тәсілдері мен жабдықтарының бірінің маңыздылығын көрсететін жарнама дайындауды ұсыныңыз:

1-топ: сағатты жарнамалайды

2-топ: секундомерді жарнамалайды

3-топ: күнтізбені жарнамалайды

(ОТ, Т) Оқушыларға келесі жаттығуларды жасағанда, адамның қанша уақыт жұмсайтынын анықтауды ұсыныңыз:


  • 10 рет отырып тұрады

  • 20 рет дем алып, дем шығарады

  • 10 рет көзін ашып-жұмады

Тәжірибенің нәтижесін оқушылар дәптерлеріне жазады, сосын, талқылаған кезде, бірдей іс-әрекетті орындауда уақыттың біркелкі болмайтынын көрсету үшін нәтижелерді салыстыру қажет.

Берілген жаттығу оқушының жақынаралық даму аумағын анықтауға себін тигізеді.

Осы кезеңде оқушыларда уақытты өлшеуге арналған жабдықтар мен құралдардың ұғыну аппаратын қалыптастыру қажет.


Жарнаманың болашақ сценарийлерін балаларға ұсынуды ойластырыңыз.


Оқушылармен өмір қауіпсіздігі негіздерін еске түсіру және оларды сақтауы міндетті.



Сағат


Секундомер

Күнтізбе

Сағат, секундомер, күнтізбе, костюмдер

Секундомер






«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

3-тоқсан

5- бөлім. Табиғат физикасы: Жылу. Электр. Магниттілік

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар «жылы», «суық», «ыстық» заттардың сапалық белгілерін біледі. Өсімдіктер, жануарлар,адам бөлімдерінен олар жылуды Жердегі өмір сүруге қолайлы маңыздылықтың бірі ретінде біледі.

Контекст

«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы аясында оқушылар жылытатын жабдықтар мен тұрмыста кездестіретін құрылғыларды анықтап, атын атайды. Электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі маңыздылығын түсіндіреді. Оқушылар электр энергиясын энергияның альтернативті көздерінен алуға болатыны туралы білетін болады. Әр дененің магниттік қасиеттерін анықтайды. Оқушылар тәжірибе барысында магниттің қасиеттерін зерттейді.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың осы бөлімнің тілдік мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, төменде сыныпта ғылыми тілді пайдаланудың тілдік мақсатына мысал көрсетілген оқушылардың пәндік мақсаттарға жетуіне көмектеседі



Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

  • Жылыту жабдықтары мен құрылғыларды атайды

  • электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі маңыздылығын түсіндіреді

  • Магниттік қасиеттері бар жеке денелерді білетін болады

Оқушылар:

  • Қарапайым жылыту жабдықтарының өзгешеліктерін салыстырып түсіндіреді.

  • адамның электр энергиясының тұрмыста болуына тәуелділігін дәлелді түрде талқылайды

  • Магниттік қасиеттері бар жеке денелерді атайды;

  • Адам өмірінде магнитті қолдануды түсіндіреді.

Келесі терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды:

  • Су радиаторы, электр май радиатор, пеш, көмір, отын, газ

  • , энергияның альтернативті қайнар көздері, электр энергиясын пайдалану, энергия көздері

  • магнит, магниттік қасиеттер, металдар, денелер, темірдің магниттік қасиеттерін пайдалану.

  • Мына жылыту жабдығы бізге жылуды … арқасында береді

  • Мына жылыту жабдығының атауы ….

  • Біздің үйде … жылыту жабдықтары қолданылады.

  • Тұрмыста сіздер электр энергиясын қаншалықты жиі қолданасыздар?

  • Электр энергиясының үйде болуы сізге қаншалықты маңызды?

  • Электр энергиясын неліктен үнемдеу маңызды?

  • Берілген дененің магниттік қасиеті бар, өйткені….

  • Бұл магнит, себебі...

  • Мынау ... магниттік қасиеттерге ие, ал .... оның қасиеттері

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз..

Қысқаша шолу

Оқушылар адамдар үйлерін жылытуға пайдаланатын жылыту жабдықтарының қандай болатынын біледі. Электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі маңыздылығын анықтайды.. Олар электр энергиясын үнемдеу мақсатында энергияның альтернативті көздерінен ұсынып, талқылайды. Оқушылар темірдің магниттік қасиеттері мен өзге денелерде магниттік қасиеттердің болмауын білетін болады. Тәжірибе барысында оқушылар жердің магниттік алқабын анықтайды, магниттің полюстерін анықтайды және темірге магниттік қасиеттерді жіберу мүмкіншіліктерін үйренеді.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Жылу

1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау


(МК) Оқушыларға жылынғысы келген кішкентай жолбарыс туралы «Күнбағыстың үстіндегі шөнжік» атты мультфильмді көрсетіңіз. Осы фильмді оқушылармен бірге талқылаңыз. Неліктен жылу көптеген тірі ағзалардың өмір сүруінің басты маңызды жағдайы екенін айтыңыздар.
(Ұ) Сыныпта оқушыларды жылу туралы әңгіме құруға ынталандыратын викторина ұйымдастырыңыз:

1.Бұрында ауылда піскен ыстық ботқасы бар қазанды тонға орайтын болған. Неге олай істейтін?

2. Айда ауа жоқ. Айда күн шыққанда, 120° ыстық болады, ал түнде күн көкжиекке кеткенде, Айдың бетінде 180° аяз болады. Неге Жер бетінде ондай аяз бен ыстық болмайды? Күн Жерден Айға қарағанда, алыс та емес, жақын да емес қой.
3. Кейбір ыстық елдерде адамдар жазда мақта халаттар мен жүн бас киімдер киеді. Неге олай істейді?
4. Солтүстікте адамдар кейде үйді қардан соғады. Неге қардан жасалған үйде далаға қарағанда жылы болады?

5. Бағаналардағы сымдар қай мезгілде тартылып тұрады – қыста ма әлде жазда ма?


6. Қалай ойлайсың, темір жол тораптарында неліктен рельстердің тіркесетін жерлерінде араларына саңылау қалдырады?
7. Бөлме термометріне назар салып қараңыз. Сол термометрде кеңейіп, қысылатын не нәрсе?
8. Ағашты не темірді аралағанда, ара неге қызады?

9. Қалай ойлайсың, егер сенде сіріңке мен қорап бар болса, отты үйкелеп шығаруға бола ма?

10. Неліктен шақпақтың дөңгелегі тасқа соғылғанда, тастан ұшқындар шығады?
(МК,Т) Оқушыларға «Жұбыңды тап» атты жаттығу ұсыныңыз. Әрбір топқа жылыту жабдықтарының суреттері жиынтығын және олардың атауы жазылған карточкаларды таратыңыз. Топтағы оқушылар жылыту жабдықтарының суреттері мен атауларын сәйкестендіріп табулары керек.
(Ж) Оқушыларға жылыту жабдықтарының суреттері бар жұмыс қағазын беріңіз:


  • Су радиаторы (шойын, металл батарея)

  • Май радиатор (электрлік)

  • Пеш (көмірде, отында немесе газда істейтін)

Оқушыларға суреттерге жазба жазуын сұраңыз.
(Ө) Оқушыларға келешектің жылыту жабдығын салуды ұсыныңыз. Сыныпта оқушылар жұмысының көрмесін ұйымдастырып қойыңыз.

Мультфильмді тоңып тұрған жануарлардың суреттерімен алмастыруға болады. Жақсы мысал ретінде, биік таулардың термальді қайнарларында жылынып отыратын Жапония маймылдарын алуға болады.

Сұрақтардың өзге тұжырымдамасына жол беріледі. Ол оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты.

Едәуір талапты балалар жылыту жабдықтарының атауларын өздері атай алады.

Оқушылардың жылыту жабдықтарын біздің үйлерді жылыту үшін жылу беретінін түсінуі өте маңызды.

Тапсырманы орындау кезінде, оқушыларға жылудың альтернативті қайнар көздерін ұсынуға болады (Күн, гейзерлер).


«Күнбағыстың үстіндегі шөнжік» мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=FJgXJh1yv8s

Сұрақтарға суреттер.

Жылыту жабдықтарының суреттері жиынтығы және олардың атауы жазылған карточкалар

Жылыту жабдықтарының суреттері, жұмыс қағаздары


Сурет салу жиынтығы


Электрлік

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру


(Ұ) Оқушылардан олардың күні бойы істейтін іс-әрекеттерін тізіп шығуын сұраңыз (музыка тыңдау, теледидар көру, микро толқынды пеште ас қыздыру, т.б.). Осыдан кейін, олар қаншалықты электр энергиясын жиі пайдаланатынын сараптап шығыңыз.
(МК) Оқушыларға PowerPoint бағдарламасында отын жағу (газ, көмір, мазут, солярка) арқасында және су энергиясынан өндіретін электр энергиясын көрсетуді сұраңыз. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы белсенді түрде игеріп жатқан энергияның альтернативті көздері: жел энергетикасы, күн батареялары, туралы айтып беріңіз.
(Т) Оқушыларға электр энергиясының адамдардың күнделікті өміріндегі қолданысы туралы постерлер жасауды ұсыныңыз. Талқылау кезінде, кей кезде электр энергиясына адамның өмірі тәуелді екеніндігіне де назар аударып кетіңіздер (аурухана, ана мен бала үйлері, қоғамдық тамақтану пунктері, азық-түліктерді тоңазытқыштарда сақтау, т.б.).
(Ж) Оқушыларға жұп болып бір-бірінен сыныптастың өмірінде электр энергиясының қаншалықты маңызды екендігі турасында интервью өткізулеріне ұсыныс жасаңыз.
(Қ,Т) Оқушыларға топта «Түймедақ» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын барысында олар сөз тіркестерін жалғастырады. Барлық сөз тіркестері гүл ретінде қыстырылған. Гүл күлтелерінің саны топтағы оқушылардың санына сай болуы керек. Ойынды жалғастыруға арналған сөз тіркестері:

  • Күнделікті мен келесі электр жабдықтарын қолданамын…

  • Біздің отбасы үшін ең маңызды электр жабдығы ол….

(Ұ) Оқушылармен электр энергиясын үнемдеу туралы міндетті түрде сөйлесу қажет. Электр энергиясын үнемдеуге арналған мультфильм көрсетіңіз.

Аталған іс-әрекеттерді сызба түрінде бейнелеп, тақатаға іліп қоюға болады. Онымен қатар, күн тәртібін мультфильмнен де көруге болады.

Көрстеілім барысында оқушылармен конструктивті диалог құрып, олардың альтернативті электр энергиясын пайдалану туралы ойларын дамытыңыз.


Оқушылардың әр түрлі мүмкіндіктерін ескеру керек. Сондықтан жартылай толтырылған сызбалар дайындаңыз, қабілеті төмен оқушылар сызбаны тек толықтыратын болады.

Жаңалықтар студиясын безендіріп, интервью алуға жақсы жағдай жасау тиімді болады.


Берілген тапсырма «Блум түймедағы» сыни ойлау әдісіне негізделген.

Оқушыларға көмір, газ, мұнайды өртеген кезде, атмосфераға парниктік газдар ұшып, олар Жердің бетін қыздыратынын айтып кету керек. мұның бәрі жаһандық экологиялық мәселе болып табылатын парниктік әсерге әкеліп соқтырады.


«Патрик пен оның достарының күн тәртібі» мультфильмі

https://www.youtube.com/watch?v=QMyEFsYgetE

Электр энергиясын тұрмыста қолдану туралы оқу презентациясы.

Плакаттар, сурет салу жиынтығы

Микрофон, бейнекамера.

«Аю үйде электр энергиясын үнемдеуді үйреніп отыр» мультфильм і https://www.youtube.com/watch?v=1H_HzoclVdE



Магниттілік

1.2 Табиғатты тану әдістері



1.5.6.1 магниттік қасиеттері бар жекелеген денелерді анықтау
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру




(МК, Ұ) Оқушыларға магнит туралы мультфильм көруге ұсыныс жасаңыз. Магниттің қасиеттері туралы не білетіндерін сұрап талқылаңыздар.
(Ұ) Оқушыларға магниттің магниттік алқаптары бар дене екенін түсіндіріңіз. Табиғатта магнит үлкен кесек тас – магниттік темір (магнетит) түрінде кездеседі. Ол темір кеніне өте қатты ұқсайды да өзге осы секілді тастарды өзіне тарта алатындығымен белгілі. Атауы ежелде магнитит қоймалары табылған Кіші Азиядағы Магнисияның таулары мен жерінен шыққан. Бірақ өзге тілдерде «магнит» сөзі тек «сүюші» мағынасын білдіреді – магниттің өзіне тартатын қасиетінен қойылған.
(ОТ,Т) Оқушыларға магниттік қасиеттері бар денелерді анықтауды сұраңыз. Ол үшін үстел үстіне металл, пластмасса, шыны, мата, ағаш заттарды қойыңыз. Әр топқа магниттен беріп, магниттік қасиеттері бар жеке денелерді анықтауды сұраңыз.
(Т,Қ) Оқушыларға магниттердің адам өміріне пайдасы бар деген постер не көрстелім жасауды ұсыныңыз.

Берілген тапсырма тақырып бойынша оқушылардың жақын маңдағы даму аумағын анықтауға көмектеседі.
Түсіндіру кезінде, едәуір қабілетті де білімқұмар/танымпаз оқушыларға сіздің әңгімеңізді әрі қарай жалғастыруға немесе өздеріне магнит деген не екенін айтып беруге ұсыныс жасауға болады.

Балалар үшін әдетте жылтыраған заттардың көбісі темірден жасалмағандығы үлкен жаңалық болады. Олар «темір» деп үйреніп қалған (алюминий, никель, т.б.) металдарды магнит тартпайды екен. Магнит өзіне тек темірді тартады.


Магнит арқылы зауыттарда ауыр жүктерді көтереді, магниттік жабдықтар ауруханаларда емдеу және диагноз қою үшін пайдаланылады, магнит адамдарға кеңістікте жол табуға көмектеседі, магнит арқылы телефон тұтқасында, магнитофон мен теледидар динамигінде дыбыс естіледі, компьютер мен пластик карточкаларындағы мәліметтерді магниттеу арқылы жазады.

Мультфильм «Магнит» https://www.youtube.com/watch?v=ZK1kBU0EhWYМультфильм «Фиксиктер. Магнит» https://www.youtube.com/watch?v=zGwBKkMEZ00

Оқу презентациясы


Магниттілік бойынша балаларға арналған тәжірибелер сайты http://www.tavika.ru/2013/02/experiments-with-magnets.html

Сурет салу жинағы, костюм


Магниттілік

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру




(ОТ,Т) Оқушыларға магниттің полюстерін зерттеуді ұсыныңыз. Егер екі магнитті бір-біріне жақындатса, олар бір жағымен жақындайды да, екінші жағымен бірін-бірі тебеді екен. Магниттің бір жағы оңтүстік немесе оң полюс деп аталады да, «+» белгісімен көрсетіледі. Екінші жағы солтүстік (теріс) полюс және ол «-» белгісімен белгіленеді. Магниттер біріне-бірі әр түрлі полюспен тартылады да, бірін-бірі бірдей полюстермен тебеді.

Оқушыға магнитті беріп, оның магнитті бірдей полюстермен бе әлде теріс полюстермен жақындата ма, осыны бақылаңыз.


(ОТ,Т) Оқушыларға топта магниттік алқапты зерттеуді ұсыныңыз. Ол үшін қағаз бетін аздап металл ұнтағын себу керек. Қағаз астына магнитті жүгіртсек, ұнтақ «тіріледі». Олар қозғалып, жыбырлап, «аяз өрнектерін» сала бастайды. Егер магнитті толығымен ұнтақ астына қойсақ, барлық ұнтақтың магниттің айналасына айқын кескін бойынша жиналатынын көруге болады. Бұл магниттік алқаптың шекаралары. Олар оң полюстен теріске жүреді.
(ОТ,Ж) Оқушыларға магниттің қасиеттерін қарапйым темірге беру жолын көрсетіңіз. Күшті магнит астына қыстырғышты іліп қойыңыз. Егер оған тағы бір қыстырғышты жақындатсақ, онда бірінші қыстырғыштың екіншісін магниттеп тұрғанын көреміз! Осылайша, бір біріне жабысқан қыстырғыштар тізбегін жасап көріңіз. Егер магнитті алсақ, қыстырғыштардың барлығы шашылып қалады. Бірақ сол қыстырғыштың біреуін алып, басқасына жақындатсақ, оның магнит тартатынын көреміз қыстырғыш өзі магнитке айналды!

Егер магниттік алқапта біраз тұрса, осының бәрі темір заттарға (шеге, ине, гайка) да жұғады.


(ОТ, Ж) Оқушыларға Жердің магниттік алқабын зерттеуді ұсыныңыз. Компас ежелгі Қытайда ойлап табылған. Оқушыларға осы тәжірибеті орындауды ұсыныңыз. Ол үшін ине мен су құйылған кесе қажет. Тәжірибе өткелі тұрған орыннан магнит пен магниттік алқаптың көздерін (ұялы телефон, компьютер, динамик) алып тастаңыз. Ине магниттеңіз. Сосын инені өсімдік майымен майлап, абайлап су бетіне қойыңыз. Тартылыс заңына сай ине суға батпайды, су бетінде қалқып қала береді. Қалқып қана қалмай, су бетінде белгілі бір бағытқа бұрылады. Тәжірибені қанша өткізсеңіз де, нәтижесі осылай болады. Иненің ақпаратын магниттің қызыл тілшесімен салыстырып көріңіз – олар сай түсуі қажет.


Тәжірибеден кейін міндетті түрде оқушыларда магниттілік туралы ұғым қалыптастыру мақсатында нәтижелерді талқылап шығыңыздар.

Тәжірибете металл ұнтағының болуына байланысты, оқушылармен міндетті түрде қауіпсіздік техникасының нұсқаулық жүргізіңіз.

Тәжірибе нәтижелерін оқушылармен талқылаңыз.

Қорытынды: Магниттік алқап темір ұнтақтарды магнит сызығы бойынша орналасуына мәжбүрлейді.

Тәжірибе нәтижелерін оқушылармен талқылаңыз.
Қорытынды:

Магнит алқабын қолдан жасауға болады.

Егер сіздің сынып оқушыларыңыз төмендегі ақпаратты қабылдауға қабілетті деп санасаңыз, төмендегі ақпаратты ұсынуыңызға болады:

Олардың атомдары магнитті темірдегі атомдар секілді бір ретке тұрады да, өздерінің магниттік алқаптарын құрады.

Бірақ бұл алқап ұзаққа созылмайды. Затты тез бір соқса, жасанды магнит тез шашылып қалады. Болмаса, 60 градустан жоғары қыздырса да, солай болады. Зат ішіндегі атомдар өз бағдарын жоғалтады да, темір қарапайым формасына қайтып келеді.
Тәжірибете ине қолдануға байланысты, оқушылармен міндетті түрде қауіпсіздік техникасының нұсқаулық жүргізіңіз.

Қорытынды: 

Біздің Жер – үлкен магнит және оның полюстері ғаламшардың географиялық полюстеріне өте жақын орналасқан. Біздің барлық магниттердің магниттік алқаптары Жердің магниттік алқабымен өзара әрекеттеседі. Компастың жұмысы да осы, оның магниттік тілшесі жердің магниттік алқаптарының шекараларын жағалй қозғалып, ылғи солтүстікке нұсқап тұрады.



Әр түрлі формадағы магниттер.

Қағаз парақтары, металл ұнтақтары, зертханалық көзілдіріктер.

Магнит, қыстырғыш

Компас, темір ине, су құйылған шыны ыдыс.





«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

4-тоқсан

5- бөлім. Табиғат физикасы: Жарық

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар қай кезде жарық және қараңғы түсетінін ажырата білуі қажет, Жарықтың кейбір қарапайым көздерін анықтай алу керек.

Контекст

«Тағам және сусын» тақырыбы аясында оқушылар жарықты қолдану тұрғысынан мерекелермен және фестивальдармен танысады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың осы бөлімнің тілдік мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, төменгі сыныпта ғылыми тілді пайдаланудың тілдік мақсатына мысал көрсетілген.



Пән бойынша оқу мақсаты

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогке / жазуға қажетті тіркестер

Оқушылар:

Жарықтың жасанды және табиғи көздерін ажырататын болады



«Табиғи» және «жасанды» жарық көздерін ажырата алады.




  • Табиғи;

  • Жасанды;

  • Көзі;

  • Жарық;

  • Қараңғы.




Пікірталас сұрақтары:


  • Сіздің ойыңызша жарық қайдан пайда болады?

  • Сіздің ойыңызша, мына суретте «жасанды» немесе «табиғи» жарық көзінің қайсысы көрсетілген?

  • Біз қандай жасанды жарық көздерін қолданамыз?

  • Түнгі мезгілде қандай жұмыс орындары істейді?

  • Өзіңізді калай сезінесіз, қараңғы жерде болған тәжірибеңіз турадлы айтып беріңіз.

  • Қандай жануарлар қараңғыда тіршілік етеді?

Неліктен қараңғы түсетінін айта аласыз ба? ,

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар табиғи және жасанды жарық ұғымдарымен танысады. Олар әр түрлі жарық көздерін атап, анықтауды бастайды. Жасанды жарықты қалай қолданатымызды түсінеді. Қараңғылық жарық көзінің болмауынан болатынын түсінеді. Алған білімдері «Тағам және сусын» тақырыбы аясында іс-әрекеттерімен байланысты болады.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

8.Жарық– физикалық құбылыс

1.5.2.1 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;


(Ж,Ұ,Қ) «Жарық қайдан пайда болады?» деген сұрақ аясында әңгіме құрыңыз.

(Т,Ө,Қ) Жарықтың түрлі көздерін атаңыз. Оларды табиғи және жасанды деп жіктеңіз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар табиғи және жасанды жарық көздерін анықтай алады.

(Ұ,МК) Майшам қалай жанатынын көрсету. Жарық көздерінің көмегімен жарықтың шығуын талқылау. Керосин шамы, фонар, электр шамы, жалын көздерін мысал арқылы талқылау. Кез келген ашық жалын көзін көрсетіңіз.

(Ұ) Майшам жарығымен әңгіме оқыңыз.

(Ө,Қ) Жасанды және табиғи жарық көздерінің мысалдарын жазыңыз/суретін салыңыз/таспаға түсіріп алыңыз. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың табиғи және жасанды жарық көздерін анықтай алады.


Күн – жанып тұрган газды шар екендігін түсіндіріңіз.

Қауіпсіздік ережелері: Күнге тура қарама.



Табиғи: Күн (жанып тұрған газ), жұлдыздар (жанып тұрған газ), найзағай (күн күркіреуде пайда болатын электр жарығы), жарық қоңыздар (денесінде арнайы клеткалары бар).

Жасанды:май шам (май), шам (балауыз), фонарь (батарейлер), электр лампасы (электр тоғы).

Айдың жарығы Күн жарығының шағылысуынан пайда болатынын түсіңдіріңіз.




Суреттер.

Белгілер: жасанды және табиғи.

Жарық шығаратын заттар: балауыз, фонарлар, керосиндік шамдар.

Әңгіме.


Жұмыс дәптері.

Жарық– физикалық құбылыс

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау




(Ж,Ұ,Қ) Жарықтандыру мақсатында қолданатын әр түрлі жасанды жарық көздерін талқылаңыз. Бүгінгі күні қолданған жарық көдерін атап шығыңыз (мысалы, жарық шамдары, теледидар, компьютер мониторы, автомобильдер/автобустар, ас үй аспаптары және т.б.)

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар күнделікті өмірде қолданатын жарық көздерін анықтай алады.



(Ұ,Ж,Т, Ө, Қ) Басқа да жарық көздерін қарастырыңыз (мысалы, фонарлар, жол белгілері, жедел жәрдем көрсету көліктері, дүкен маңдайшалары, театрлар, жәрмеңке орындары, цирк, прожектор және т.б.) Қалыптастырушы бағалау– оқушылар күнделікті қолданылатын негізгі жарық көздерін анықтайды.

(Ұ) Жасанды жарықты безендіру және арнайы әсер ету мақсатында қолданатын мерекелер мен фестивалдар туралы талқылаңыздар. Кейбір декорация түрлерін мектепке әкеліп мерекені тойлаңыздар. Көктемде Канада және Стамбулда өтетін «Қызғалдақтар» фестивалі суреттерін көрсетіңіз. Ал циркке баруға мүмкіндік болса, ыңғайлы кезде барыңыз. Егер мүмкін болмаса, ғаламтор арқылы вебсайттардан көрсетіңіз.

«Қызғалдақтар» фестивалі мейрамы декорация қолдануымен өтеді,(сәуір-маусым аралығында).

Жергілікті циркке барыңыздар, - оқушылардың мектептен тыс серуен кезінде жолда жүру ережелерін сақтауын қадағалаңыз.


Жасанды жарық көздерінің суреттері.

Фонарлар.

Жарықты қолдана отырып өткізілген шағын мерекелерге арналған реквизит.


Жарық– физикалық құбылыс

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;


(Ж) Түнгі уақытта біздің не істейтініміз туралы әңгіме құрыңыз – ұйықтаймыз, үй ішінде боламыз және т.б.

(Ұ) Күннің шығуы мен батуы және біздің таңертең ұйқыдан тұрып, ал түнде ұйықтайтынымыз туралы әңгімелесіңіз.

(Ұ) Жарық пен қараңғы туралы әңгіме оқыңыз. Ол қараңғыдан қорқу туралы болуы мүмкін.

(Ұ) Қараңғы жерлерде, үңгірде, болып көрген тәжірибесі туралы сөз қозғаңыз.

(Ө) Қараңғыда болу туралы әңгімелер ауызша құрастырыңыз/жаздырыңыз. Тапсырманы күңгірт жарық кезінде орындап көруін сұраңыз.

(Т,Ж,Қ) Ойын ұйымдастырыңыз. Оқушының көздерін байлап, достарының нұсқауымен қойылған кедергілер алабын жүріп өтуді тапсырыңыз.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың болмау себебінен қараңғы болатынын біледі.

(Т,Ж,Қ) Қараңғыда өмір сүретін жануарларды зерттеңіз, мысалы, көртышқандар, теңіз түбіндегі ағзалар. Өзіңіздің тапқан мағлұматтардан таныстырылым жасаңыз және мағлұматтарыңызды сынып алдында айтып беріңіз.

Түнде жұмыс істейтін немесе жарықты қажет ететін жұмыс орындарын анықтатыңыз, мысалы, жөндеумен айналысатын жұмысшылар, хирургтер және т.б. Жарық сәулесі болмағандықтан қараңғы түсетінін түсіндіріңіз. Жарық болмағанда қараңғы пайда болады.Түнгі уақыт (күн батқаннан таң атқанша) біздің ұйықтауымызға қолайлы мезгіл.

Үңгір үлгісінде рөлдік ойын алаңын жасап қойыңыз.

Оқушылардың көзін байлау кезінде әрқайсысынан рұқсат сұраңыз, әйтпесе, кейбірі қорқуы мүмкін.


Күнделікті қолданатын жасанды жарықтардың суреттері.

Оқиғаны жазатын үлгілер.

Дене шынықтыру пәнінде қолданылатын заттар.

Көз байлауға арналған орамал/таңғыш, суреттер, ақпараттар.













«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

5- бөлім. Табиғат физикасы: Дыбыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Біз күн сайын түрлі көптеген табиғи және адам шығаратын дыбыстарды естиміз. Музыкалық аспаптар дыбыс шығаратынын, дыбыс жай және қатты болуы мүмкін екендігін біледі.

Контекст

«Дені саудың - жаны сау» ортақ тақырыбы аясында есту жайлы, қандай дыбысты ұнататынымыз және дыбыстардан әуендердің құрылуы туралы ойланыңыз.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушылардың осы бөлімнің тілдік мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, төменде сыныпта ғылыми тілді пайдаланудың тілдік мақсатына мысал көрсетілген оқушылардың пәндік мақсаттарға жетуіне көмектеседі



Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

  • Дыбыс таралымының ерекшеліктерін атайды

Оқушылар:

  • Дыбыстың қалай барлық бағытта таралатыны турасында ойланады

  • «дыбыс көзі», «қатты», «жай» терминдерін дұрыс қолданады.

  • Дыбыс;

  • жақын, алыс;

  • табиғи, жасанды;

  • адам және жануарлар шығаратын дыбыс;

  • қатты, жай.

Пікірсайыс сұрақтары:

  • Сенің ойыңша, дыбыс қандай қашықтықтан шықты?

  • Сол дыбыс күшейді ме, әлде жайлады ма?

  • Сендер қандай дыбыстар естідіңдер?

  • Бұл дыбыс табиғи немесе жасағанды дыбыс па?

  • Біз музыканың даусын күшейткенде не жай қойған кезде дыбыс ұлғайтқыштағы күрішке қандай әсері болды?




Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз..

Қысқаша шолу

Оқушылар дыбыстың қалай таралатынын түрлі дыбыстардың , қалай шығатынын, олардың қатты және жай болатынын біледі. Оқушылар берілген ақпаратты көңіл-күйі сергіп, демалу үшін музыка тыңдау кезінде қолданады.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Дыбыс

1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру



Дыбыс қалай тарайды?

(Ұ) Алыстан шыққан және жақын жердегі дыбысты ажыратуға мүмкіндік беретін интерактивтік ойынды ойнатыңыз. Әрекетті бастамас бұрын, оны талқылап алыңыз.

(Ж,Қ) Күнделікті кездесетін қатты және жай дыбыстар яғни – сирена, жол қозғалысы, т.с.с.дыбыстар туралы әңгімелесіңіз.

Қалыптастырушы бағалау- оқушылар жақын және алыстан шыққан дыбыстарды анықтай алады.

Қауіпсіздік ережелері: оқушыларға егер дыбыс өте қатты болса, құлақты ауыртуы мүмкін екенін естеріне салыңыз.

Күрделі тапсырмалар таңдаңыз.




http://www.bbc.co.uk/bitesize/ks1/science/sounds_and_pitch/play/

Дыбыс көздері.



(Ұ,ОТ,Қ) Далаға шығып, шеңбер бойына тұрыңыздар. Дыбысты тыңдаңыз, дыбыс шығу көзінен бірте-бірте алыстаңыз. Дыбыстың естілмей қалатын қашықтығын анықтаңыз.

Қалыптастырушы бағалау- оқушылар дыбыс көзінен алыстаған сайын, оның күші азая түсетінін түсінгенін анықтау мақсатында сұрақ қойыңыз.

(Ө,Қ) Дыбыстың қайдан шығатыны, таралатыны туралы сурет салыңыз/жазыңыз.

Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың жұмысын талдаңыз. Бұл олардың қалай дыбыс таралатыны туралы түсінгендігін көрсетеді.

Дыбыс барлық бағытта тарайтынын түсіндіріңіз.

Дифференциация: қойылған сұрақтардың деңгейі бойынша.






Дыбыс

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Дыбыс көздері
(Ж,Ө) Құлақты мұқият қараңыз, бізге не үшін қажет екендігін талқылаңыз .
(Ұ,Ө,Қ) Бір минут айналаңызға құлақ түріңіз – барлық естіген дыбыстарыңызды жазып алыңыз. Мектеп айналасына серуенге шығып, сол жерде естіген дыбыстарыңызды жазып алыңыз.

Қалыптастырушы бағалау - оқушылартабиғи және жасанды дыбыстарды таниды және анықтай алады.


(Ж,Ө,Қ) Бірнеше дыбыс көздерін тыңдаңыз және дыбыстардың неден шыққанын анықтаңыз.

Қалыптастырушы бағалау: табиғи және адам жасаған дыбыстар деп жіктей алады.

(Ұ, Ө,Қ) Түрлі жануарлар шығаратын дыбыстарды және олардың қалай дыбыстайтынын анықтаңыздар. Мысалы, шегіртке артқы аяқтарын ысу арқылы, құстардың әні т.б. Жануарлар дыбыстау түрлерін атаңыз – арыстанның ақыруы, жылқының кісінеуі т.б.

Қалыптастырушы бағалау: жануарлар дыбыстарын анықтай алады.



Қауіпсіздік ережелері: егер дыбыс өте қатты болса, құлақтарын ауыртып алуы мүмкін екенін естеріне салыңыз.

Дифференциация: оқушылардың әр тобына анықтау мақсатында түрлі дыбыс көздерін беріңіз.

Таныс және жаңа дыбыс көздерін таңдаңыз.


Дыбыс шығаратын заттардың суреттері: қоңырау, музыкалық аспаптар, электр қоңырауы, жазылған дыбыстар: құстардың сайрауы, жел.
Сағат, секундомер немесе

Таймер


Жануарлар дыбыстары жазбасын табыңыз.

Жануарлар және олардың дыбыстарын белгілеуге арналған кесте.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет