«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жоспары (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып Мазмұны



бет5/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
#15723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Ғарыш

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;


(МК) Оқушыларға ғарышта виртуалды саяхат жасауды ұсыныңыз. Ол үшін «Ғарыш балалар үшін» интернет-ресурсының интерактивті мүмкіншіліктерін қолданыңыз. Оқушыларға келесі жол бағыттарын ұсыныңыз:

  • Құс жолында саяхат

  • Ғалам масштабын зерттеу

  • Визуалды планетарий

  • Метеориттердің құлау картасы

  • Айға саяхат

  • Галактикалардың соқтығысу үлгісі


(МК, Ұ) Оқушылардың «Ғарыш» атты рөлдік ойынға қатысуларын сұраңыз. Ол үшін балаларға Күн, Ай, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың, астероидтар мен кометалардың рөлдерін таратыңыз. Ұғымдық аппаратын қалыптастыру үшін, оқушыларға Күн жүйесіндегі ғаламшарлар, Күн, Ай, астероидтар мен кометалардың орналасу орнын анықтап шығуды ұсыныңыз. Осыны оқушылармен талдап шығыңыз.
(Ө) Оқушылардан ғарышты бейнелуді сұраңыз. Сыныпта оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.
(Ө) Үй жұмысы ретінде оқушыларға «Ғарыш» тақырыбына жұмбақтар мен мақалдар алып келуді ұсыныңыз. Сабақ үстінде оқушылармен жұмбақ шешіп көріңіздер.

Виртуалды экскурсияны өткізе алмаған жағдайда, оқушыларға фотографиялар мен суреттер ұсыныңыз.

«Ғарыш» ұғымын терең ұғыну үшін, әңгімеңізді бейне роликтермен, фотолармен және суреттермен өрнектеңіз.


Көрме «Галереяда тур» түрінде ұйымдастыра алады.



«Ғарыш балалар үшін» сайты: ғарыштың интерактивті 3Dбейнелерhttp://v-kosmose.com/kosmos-dlya-detei/

Күн жүйесінің ғаламшарлары:http://www.cosmos-online.ru/planets-of-the-solar-system.html

Сурет салу жиынтықтары


Ғарыш.

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау


(МК) Оқушыларға астрономия ғылымының тарихи дамуы туралы бейне роликті көріп шығуды ұсыныңыз. Оқушылармен жаңа ғылымның пайда болу себептерін және адам өміріндегі маңызын талқылаңыздар.

(Т) Оқушыларға «Жұлдыз санаушы» рөлдік ойынына қатысуды сұраңыз. Экранға жұлдызды аспанды шығарыңыз да, оқушылардан барынша шоқжұлдыздарды табуды сұраңыз. Жұмыс аяғында оқушыларға жұлдыздардың бір жерге жиналуын неге шоқжұлдыз деп атайтынын түсіндіріп өтіңіз. Астрономдар жұлдыздарды неге зерттейтінін түсіндіріңіз.

(ОТ) Оқушыларға бірігіп қолдан қарапайым телескоп жасауды ұсыныңыз. Ол үшін келесі іс-әрекетті ұйымдастыру керек:


  • Телескопты не екенін және оның қызметі қандай екенін зерттеп шығу.

  • Қарапайым телескоптың құрылысын зерттеу.

  • Қолдан қарапайым телескоп жасаудың жолдарын анықтау.

  • Қарапайым телескопты жасау үшін қандай қолда барзаттар қажет екенін анықтау.

(Ұ) Оқушыларға «Тақтаның алдында бір минут» жаттығуларын ұсыныңыз. Ол үшін бір-бірден оқушыларды тақта алдына шақырыңыз да, оларға бір минут ішінде берілген тақырыпта сөйлеуді ұсыныңыз. Барлық тақырыптарды оқу мақсатымен байланыстыру керек, мысалы:

  • Мен астроном болғым келеді, өйткені…

  • Астрономия – қызғылықты ғылым, себебі…

  • Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені…

Талдау кезінде, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін, жоғары реттің сұрақтарын қолданыңыз.

Берілген жаттығуды сонымен қатар суреттер және жұлдызды аспан картасының көмегімен де өткізуге болады.

Жұмысты топта өткізуге болады, сонымен қатар, отбасы мүшелерін қызықтыру үшін, үй жұмысы ретінде де беруге болады.

Бұл жаттығу оқушылардың монологты тілін және сыни ойлауын дамытуға септік тигізеді.



«Ежелгі заманның астрономдары» бейнефильмі:https://www.youtube.com/watch?v=k5t7dtpEhiU

«Астрономия балалар үшін» дамытатын мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=UAZmhBLAQMM

Қарапайым микроскоп жасау жайлы ақпараты бар ресурс:

http://xage.ru/kak-sdelat-prostejshij-teleskop/

http://www.astrogorizont.com/content/read-Telescope

http://fishki.net/1472472-kak-sdelat-teleskop-refraktor-svoimi-rukami-iz-ochkovyh-stekol.html




Ғарыш.

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

(МК, Ұ) Оқушыларға ғарыштың әр түрлі жабдықтар мен аспаптардың көмегімен игерілетінін түсіндіріп кетіңіз. Мысалы, телескоптар және күрделі оптикалық құрылғылар.. Ғалымдар оларды ғаламшарлардың құрамын, температурасын және өзге мәліметтерді анықтау үшін пайдаланады.

(Ұ,Т,Ж,Ө) Конструктор бөлшектерінен немесе қағаз бен ауа шарынан ғарыш зымыранын жасаңыз. Оны кері санай отырып, ұшырыңыз, 10, 9, 8...0 (Ұшу). Ғарышқа шығу үшін олар Жер атмосферасын қалай бұзып өтетінін түсіндіріңіз. Ғарыш зымыранының ұшырылуы және ғарышкер болу туралы бейнебаян көріңіз.

(Ө) Рөлдік ойын кезінде Айға немесе басқа планетаға сапарды жоспарлаңыз. Қандай қажетті заттарды алу керек екендігін шешіңіз. Қандай киім киесіз? Немен қоректенесіз?

(Ө) Оқушыларға «Мен ғарышты зерттеймін» атты тақырыпқа қолдан жасаған заттарынан көрме ұйымдастырып, оқу кабинетінде қоюды ұсыныңыз.



Мұғалімнің түсіндірмесі слайдтар не фотографиялар көрсетілімімен жалғасуы мүмкін.

Ғарышкерлер немесе ракетаны ұшыру туралы видео көрсетіңіз.

Бұл бірнеше сабақтар бойына орындалуы мүмкін.

Рөлдік ойын алаңы ретінде Ғарыш станциясын жасап қойыңыз.

Бірнеше апта ғарыш алаңы тұрсын.

Оқушылардың отбасынан бір мүшені қолдан жасалған заттардың көрмесіне қатысуға шақырыңыз.



Ғарышты зерттеу үшін қолданылатын жабдықтар, құралдар мен ұшу аппараттарының суреттері мен фотографиялары

Конструкторлар.

Түрлі заттардан құрастыруға арналған материалдар.

http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/rockets-and-astronauts/13293.html

Сурет салу жиынтығы







1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау


(МК) Оқушылармен бірге аспан денелері туралы дамытушы бейне роликті көріңіз. Олар нені білгенін, ал фильмнен кейін тағы не үйренгенін тексеріңіз.

(МК) Оқушыларға аспан денелері бейнеленген ғарыш суреті немесе жұлдыздар картасын қарап шығуды ұсыныңыз:

  • Жұлдыздар

  • Ғаламшарлар

  • Ғаламшар серіктері

  • Астероидтар

  • Кометалар

Берілген аспан денелері сыртқы зерттеуде қандай болып көрінетінін көрсетіңіздер.

(Ө) Оқушыларға жұмыс дәптерлеріне кейбір аспан денелерін бейнелеп, аттарын жазуды ұсыныңыз:



  • Күн жұлдызын

  • Жер ғаламшарын

  • Жер серігі – Айды

  • Астероидты

  • Кометаны

(Ж) Кейбір аспан денелерінің сырт келбетін өзара салыстырып, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атауды ұсыныңыз:

  • Жұлдыз (жарық, жанып тұрған)

  • Ғаламшар (суық)

  • Комета (құйрықты жұлдыз).




Берілген жаттығу оқушылардың ең жақын маңдағы даму аймағын анықтауға көмектеседі.

Берілген тапсырма оқушылардың ұғыну аппаратын қалыптастыруға көзделген.

Еске жақсы сақтау үшін тақтаға аспан денелерін суреттерін атауларымен іліп қойған жөн.

Оқушыларға суреттер орындалатын бейнелерді ұсынып қойған жөн.



Салыстыру үшін жұптарға екі немесе үш аспан денесін ұсынуға болады.

Дамытушымультфильм.Ғарыш балалар үшін.https://www.youtube.com/watch?v=Km71OCO6vKw

Аспан денелері туралы сайт http://blgy.ru/biology5/planet

Сурет салу жиынтығы


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет