«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жоспары (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып Мазмұны



бет3/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
#15723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Өсімдіктер Өсімдіктердің көп түрлілігі

1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;


(Ж,Қ) Оқушыларға «Өсімдіктерді неліктен тірі ағза деп айтамыз?» деген сұрақ қойыңыз. Олардың жауаптарын талқылаңыз. Қалыптастырушы бағалау – олардың жауаптарын және бар білімін бағалаңыз.
(Ұ,Т,Қ) Оқушылармен бірге мектеп маңайына серуенге шығыңыз – өсімдіктердің суретін салыңыз/жазыңыз немесе суретке түсіріңіз. Сынып бөлмесіне қайтып оралып, ақпаратпен бөлісіңіз. Ауруға шалдықпаған өсімдікте нені көруге тиісті екені жөнінде бір пікірге келіңіздер (Мұғалімге арналған ескертпелерді қараңыз).

Қалыптастырушы бағалау –сау өсімдікті анықтай білуін бағалаңыз.
(Ө) Олар көрген өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз немесе ол туралы жазыңыз. Өсімдіктер мен гүлдердің әр түрлі бөліктерінен коллаж жасаңыз.
(Ұ) Оқушыларға тірі өсімдік және үлгісін көруге ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан тірі өсімдіктің осындай болатынындығын айқындайтын белгілерін атауды ұсыныңыз. Оқушыларға өсімдіктердің басты сипаттамаларын атап шығуға көмектесіңіз: қозғалмауы, дем алуы, қоректенуі, жасыл түсі.

Ешқашан гүлдемейтін, дегенмен өсімдіктерге тән ортақ сипаттамаларға сай келетін мүктер, плаундар, папоротниктер, қарағайлар, шыршалардың өсімдіктер қатарына жататынына оқушылардың назарын міндетті түрде сала кету керек.

Қандай өсімдіктерді жұлуға болатындығын талқылаңыздар. Қауіпсіздік шарасы – бейтаныс жидектерді, тұқымдарды немесе жемістерді жеуге болмайтынын және өсімдіктермен жұмыс істеген соң немесе ұстағаннан соң қолды жуу керектігін түсіндіріңіз.


Оқушыларға өз аймақтарында өсетін өсімдіктердің гербарий үлгілерін көрсетіп, сол бойынша негізгі сипаттамаларын атауды ұсыну. Өсімдіктердің ұқсастығын, сонымен қатар өздеріне тән айырмашылықтарын көрсетіп кету маңызды.


Бірдей екі өсімдік, бірі - сау, екіншісі – ауру.

Фотокамера. Қағаз қысуға арналған планшет /қағаздар/қарындаштар.

Жұмыс дәптері.

Коллаж жасауға қажетті материалдар: жіп, қағаз, желім, қайшы.


Жергілікті өсімдіктердің тірі үлгілері, өсімдіктердің үлгілері және жасанды түрлері, өсімдіктердің гербарий үлгілері.

Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату



(Ұ) Өсімдіктер туралы ән айту.

(Ұ, Т, Ж, Ө, Қ) Өсімдіктерді сипаттап, бөліктерін атау – тамыр, сабақ, жапырақ және гүл. Интерактивті тапсырманы пайдалану - ресурстарды қараңыз. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар өсімдік бөліктерін атап айтуын Бағалаңыз.
(Ұ, Т, Ж, Ө, Қ) Оқушыларға өсімдіктердің гербарий үлгілерін қарап шығуды ұсыныңыз. Өсімдіктердің бөліктерін олардың үлгісінде тұрған жері бойынша атап шығуын сұраңыз.
(Ө, Қ) Сөздерді табуға арналған тапсырма (сөзжұмбақ шешу): оқушылар өсімдік бөліктерінің атауларын табады. Қалыптастырушы бағалау – өсімдік бөліктерін білуін.
(Ұ) Рөлдік ойын: тамырлар еденде жатады, сабағы тік тұрады, балалар жапырақ ретінде сабақтың айналасына қолдарын жаяды, сабақтың басындағы гүл айқара ашылған қолдар мен қылтиып тұрған саусақтармен көрсетіледі. Өсімдіктер бөліктері бойынша «судағы саяхат» туралы әңгімелеу.

(Ө, Т, Қ) Өсімдік коллажын жасап, бөліктерін белгілеу.

Қалыптастырушы бағалау – өз бетінше өсімдік бөліктерін атай, белгілей алады.

Мынаған ұқсас әнді табуға тырысыңыз:



www.mrsjonesroom.com/themes/Өсімдіктер.html

Өсімдік бөліктері туралы әнді айтып көріңіз.

Түрлі жемістерді қараңыз: www.thefruitpages.com/alphabet.shtml.

Әр түрлі елдің жеміс тұқымдарын пайдалану.

Дифференциация: сөзді іздеуге тапсырма (сөзжұмбақ) дайындау, қабілеті төменірек оқушылар үшін - тек көлденең жазылған сөздерді табу.
Оқушыларға өсімдіктердің дайын бөліктерін ұсыныңыз. Ісмерлері өздері жасап алады. Өсімдіктердің әр бір бөліктері әр түрлі түске боялғаны абзал, өйткені ол оқушыларға жылдам қабылданады.


Үй өсімдігі

Тұқымы бар, ортасынан қақ бөлінген жеміс, мысалы, қызанақ, авокадо, апельсин.



https://www.google.kz/search?q=части+растений



Парақ: (сөзжұмбақ) сөз табу.

Өшіргіш, сабан, қағаз, қайшы, желім т.б.




Өсімдіктер Өсімдіктердің көп түрлілігі

1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;



(МК) Әр түрлі табиғи және климаттық жағдайларда өсетін өсімдіктердің суреттерін оқушыларға қарап шығуға ұсыныс жасаңыз. Мәселен, шөлдегі кактус, орман етегіндегі інжугүл, аптап ыстықтағы күнбағыс, таудағы еңлікгүл, көлдегі тұңғиық.

(Т) Сыныпты екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті жағдайларының өзгешеліктерін сараптауды ұсыныңыз. Екінші топқа өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті жағдайларының сәйкестіктерін синтездеуді ұсыныңыз. Алынған нәтижелерді талқылаңыздар.


(Т) Оқушыларды 4 топқа ұйымдастырыңыз:

  • Жарық;

  • Су;

  • Жылу;

  • Ауа;

Әрбір топқа өздеріне түскен қажетті жағдайдың өсімдіктер тіршілігі үшін ең маңызды екендігі туралы сөз дайындауды ұсыныңыз.
(ОТ) Оқушыларға бөлме өсімдігінің (мысалы, қазтамақ, колеус, бегония) сабағының әр түрлі жағдайда өсуін бақылауды ұсыныңыз. Ол үшін бір өсімдіктің 8 сабағы қажет болады. Барлық сабақтың ұзындығын өлшеп, кесте түрінде жасалған постерге жазып алып, сосын су құйылған стаканға салу керек. Төрт сабақты бөлме жағдайында қалдырып, қалған төртеуін 2-3 тәулікке әр түрлі жағдайға қойыңыз:

1 сабақ – қараңғы жерге қою (жарық әсері);

2 сабақ – құрғақ стаканға салу (су әсері);

3 сабақ – салқын жерге қою (температура әсері);

4 сабақ – қалпақ астына немесе мойны кең құтыға салу (ауа әсері).

Тәжірибе аяқталысымен, оқушылармен нәтижелерді талдап шыққан жөн. Қарапайым қорытынды жасатыңыз.



Суреттерді бейне фрагменттермен немесе бөлме өсімдіктерінің тірі үлгілерімен алмастыруға болады.

Берілген тапсырманы әр топта істеуге, болмаса, қос тапсырманы да әрбір топқа беріп қоюға болады. Оқушылардың мүмкіншіліктерін ескерген жөн.

Өсімдіктер өміріне қоршаған орта жағдайларының рөлі туралы мұғалімнің әңгімесі немесе бейне ролик түріндегі негіздемелер қажет болуы мүмкін.
Топтардың сөз сөйлер алдында бір-біріне деген құрмет пен мінез-құлық ережелерін анықтап алыңыздар.

Тәжірибе барысында оқушылар сегіз сабақтың өсуіндегі өзгерістерді бақылайды. Бірінші топ – төрт сабақ, бақылау болады, ал екінші топ – тәжірибелік болады. Бұл тәжірибетерді оқушылар едәуір ұзақ мерзімге өз үйлерінде де өткізе алады.



Әр түрлі табиғи аймақтар өсімдіктерінің суреттері

Ештеңе талғамайтын өсімдіктер туралы бейнефильм:



https://www.youtube.com/watch?v=5aMtquTgQX0

Әр түрлі табиғи аймақтар өсімдіктерінің суреттері

Өсімдіктердің өсуі туралы бейне роликтер: https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w

Бөлме өсімдіктерінің сабақтары, сызғыш, өлшем стакандары



Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;



(МК) Оқушыларға «Екі минутта өсу және гүлдену» атты бейне ролик көруді ұсыныңыз. Оқушылардан бейне ролик көргеннен пайда болған эмоцияларымен бөлісуін өтініңіз.
(Т) Оқушыларға жеміс ағашының мысалында, өсімдік өмірінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер көрсетіңіз. Суреттерді ретімен қойып шығуын сұраңыз (тұқым, бүршік, көшет, гүлденген ағаш, жеміс беретін ағаш).
(Ұ) Оқушылардан өсімдік тіршілігі кезінде болатын өзгерістерді тізіп шығуын сұраңыз. Назар аудартыңыз: Барлық өсімдіктер біркелкі өсе ме және барлығында ұқсас өзгерістер орын ала ма?
(ОТ, Ұ) Оқушыларға сынып жағдайында бидай не үрмебұршақ тұқымдарын өндіру тәжірибесін ұсыныңыз. Жас өсімдіктермен күн сайын болатын өзгерістерді белгілеп отырыңыз.

Оқу мақсатына жету үшін оқушыларда эмоционалды мотивацияны ояту маңызды. Бейне ресурстың жоқтығын фотографиялар және суреттермен алмастыруға болады.
Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға жетпей тұрған 1-2 кезеңі бар өсімдіктер тіршілігінің дайын кезеңін пайдалана отыра, тапсырманы жеңілдетуге болады.

Блум таксономиясы бойынша құрылған конструктивті сұрақ диалог ұйымдастырыңыз.

Осы тәжірибенің нәтижелерін оқушылардың бақылау күнделігіне жазуға, суретке түсіруге болады немесе бейне күнделік жасауға болады.


«Екі минуттің ішінде өсу және гүлдену» бейне ролигі https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w

«Гүл қалай өседі?» таныстырылымыhttps://www.youtube.com/watch?v=x1exzwhlzBA

Топырағы бар науа, бидай немесе үрмебұршақ тұқымдары, суқұйғыш, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, бейнекамера, фотоаппарат.


Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;



(Ұ, Ж) Өз үйлерінің бақтарында (егер бар болса) немесе жергілікті бақтарда/ботаникалық бақтарда өсетін гүлдер мен өсімдіктерді талқылау. Ішінде кейбірін атаңыз.
(Ұ, Қ) Жергілікті паркке не ботаникалық баққа, болмаса қала сыртына тсеруенге шығуды ұйымдастыру. Сол аймақта өсетін өсімдіктерді суретке түсіру және анықтау. Қалыптастырушы бағалау: оқушылар кейбір жергілікті өсімдіктерді анықтап, атын атайды.
(Ұ, Қ) Өзге аймақтың өсімдіктерімен жұмыс. Оларды жабайы және мәдени деп екі топқа бөлу. Олардың неге жабайы, неге мәден болып бөлінетінін талқылау. Қалыптастырушы бағалау: оқушылар өсімдіктерді жабайы және мәдени деп ажырата алады.
(Ұ) Бүкіл сынып болып, жергілікті 10 өсімдіктің тізімін не кестесін құрастыру; суреттерді пайдаланып, өсімдіктерді атау.

Қауіпсіздік техникасы: балаларды мектеп сыртына шығарар кезде, мектеп тәртіп ережесін сақтау – ересек адамның санының оқушылардың санымен мөлшерлестігі, жол қозғалысы көп көшені қиып өтудегі жол ережелері, т.б.

Мәдени өсімдіктерді сәндік үшін және тағам ретінде өсіреді. Ал жабайы өсімдіктер жануарларға қорек ретінде өседі және кейбір шөптер бізді құмды бархандардан қорғайды.





Ботаникалық бақтардан/үй-жай учаскесінен өсімдіктер нұсқалары.
Фотокамера, қысқышы бар планшетниктер, қағаз, қарындаштар.

Интернеттен не кітаптардан алынған жабайы өсімдіктердің суреттері.




Өсімдіктер. Өсімдіктерді қорғау.

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау



(Ұ, Ж) Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні мен маңызын талқылаңыз. Өсімдіктер үшін энергияның қажеттілігі туралы ойлану. Өсімдіктер біз шығаратын көмірқышқыл газын сіңіреді.
(Ұ) Өсімдіктерге жылу, су, жарық, қоректік заттар керек екендігін талқылаңыздар. Осының бәрін қайдан алатындарын ойлану. Біз өсімдіктерді күтпеген жағдайда оның салдары қандай болуы мүмкін екенін ойлау.
(Т, Ө, Қ) Тұқым егіп, өсімдікті өсіру, күту. Қалыптастырушы бағалау - өсімдіктің өсуі үшін не қажет екенін біле ме?
(Ұ, Т) Қазақстанның Қызыл кітапбына енген жойылып бара жатқан өсімдіктер туралы материал табыңыз. Басқа оқушыларға түсіндіру үшін буклеттер/брошюралар жасаңыз.

(МК) Бөлме өсімдіктерін күту (суару, тыңайтқыш, қопсыту, топырағын ауыстыру, өсімдік зиянкестері мен сырқатынан қорғау) жайлы және мәдени өсімдіктерді күту (суару, тыңайтқыш, зиянкестер мен арам шөптерден қорғау, түптеу, қопсыту) туралы бейнебаян көрсетіңіз. Көргендерін оқушылармен талқылаңыздар.



Өсімдіктердің энергияны күн сәулесінен алатынын түсіндіріңіз.

Қоршаған ортаның өсімдіктерге қалай әсер ететіні жайлы мысалдарды көрсетіп ету қажет.

Қандай өсімдікті таңдайтыныңызға байланысты, бұл тапсырма осы тоқсанда басталуы тиіс, бірақ бұл тапсырмаға өсімдік өскен кезде 4-тоқсанда қайта оралу керек.

Бейне роликті талқылаған кезде, (Блум таксономиясына сәйкес) «сараптама», «синтез», «бағалау» деген сияқты таксондарға негізделген жоғары реттің сұрақтарын пайдаланыңыз.




Сау өсімдіктердің үлгілері

Тұқым, ыдыстар, су, қара топырақ.

Фотокамера.
Әр түрлі өмір сүрі орталарынан өсетін өсімдіктердің суреттері.

Тұқым, ыдыстар, су, қара топырақ.

Фотокамера.

Қазақстанның Қызыл Кітабы


Бөлме өсімдіктеріне күтім жайлы бейне ролик:

https://www.youtube.com/watch?v=28yVgOpbCNY

Мәдени өсімдіктер жайлы: https://www.youtube.com/watch?v=Rr08tWYvj9Q



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет