«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жоспары (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып Мазмұны



бет2/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,38 Mb.
#15723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқумақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

(МК) Оқушыларға құс пен ұшақ, медуза мен ғарыш кемесі, балық пен сүңгуір қайық, найзағай мен электр шамы бейнеленген бейнефрагмент не суреттерді қарап шығуды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге тірі табиғат нысандарын бақылаудың адам үшін ғылым мен техникадағы жаңалықтарға қаншалықты әсер еткенін талқылаңыз.
(Т) Топтарға найзағайлы жауын астында ұшып келе жатқан құс бейнеленген бір суреттен таратыңыз. Сурет бойынша тірі табиғат нысанын (құс), табиғат құбылысын (жауын) және үдерісті (қозғалыс, құстың демі) анықтауды ұсыныңыз.
(Т) Оқушыларға топта қоршаған әлем нысандары мен үдерістері, табиғат құбылыстары бейнеленген бірнеше суреттерді қарастыруды ұсыныңыз. Оқушылардан суреттерді екі топқа: тірі табиғат нысандары мен құбылыстарға бөліп шығуды сұраңыз. Жұмыс соңында оқушылар өз таңдауларын негіздеп айтуы қажет.
(Ұ) Оқушыларға «Иә-Жоқ» атты ойынды ойнауды ұсыныңыз. Пайымдау ретінде қоршаған әлемнің таңсық құбылыстары мен нысандары жайлы фактілерді таңдаңыз. Мысалы:

  • Атмосфераның ластануынан, жоғары ылғалдылықтан немесе өзге себептерден Ай кейде боялған болып көрінеді.

  • Алмас шаңы дегеніміз Күн жарығын шашырататын судың мұз тамшылары




Құс пен ұшақтың, балық пен сүңгуір қайықтың суреттерін қарастырған кезде, дененің сүйір пішініне; медуза мен ракетада қозғалысқа; найзағай мен электрлікте электр разрядтарына көңіл бөлу.

Оқушыларға тірі табиғаттың нысандары, онда болып жатқан үдерістер мен құбылыстар туралы ұғымдық аппаратты қалыптастыруға міндетті түрде көмектесу.

Суреттерді үй жұмысы ретінде оқушылар өздері алдын-ала дайындай алады.

Ойнау үшін оқу кабинетінің қарама-қарсы жақтарына «Иә» және «Жоқ» деген жазулары бар қағаздарды іліп қойыңыз. Сыныпқа қоршаған әлемнің нысандары, құбылыстары мен үдерістері жайлы пайымдауларды оқыған кезде, оқушылар дұрыс жауапты «Иә» деген жазуы бар қағаздың жанына тұрып көрсетуі керек.



Құс, ұшақ, медуза, ғарыш кемесі, балық, сүңгуір қайық, найзағай, электр шамы суреті

Жауын астында ұшып келе жатқан құс суреті


«Иә», «Жоқ» жазылған үлкен қағаз.

Табиғат құбылыстары туралы қызықты деректер жинау


Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;



(МК) Оқушыларға бақылау – зерттеу тәсілі (ғылыми зерттеу әдісі) екенін түсіндіріңіз. Бақылау үдерісінде үнемі бақылаушы, зерттеу нысаны және зерттеу жабдығы болады.
(Т) Оқушыларға «Із кесуші» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Барлық оқушылар із кесушілер (бақылаушы) рөлінде шығады. Әр топтың қолында зерттеу жабдықтары (мысалы: дүрбі, фотоаппарат, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы) салынған суреттер топтамасы бар. Мұғалім зерттеу нысанын (мысалы: құс, жылан, ағаш, сәбіз тамыры, жаңғақ) ұсынады, ал оқушылар топтаса зерттеу нысанын анықтайды.

(МК) Оқушыларға орнитологтар туралы суреттер мен бейне сюжеттерді көріп шығуды ұсыныңыз.
(Т) Сынып ішінде топтар арасында «Негеш» ойынын ұйымдастырыңыз. Ол үшін үлкен куб (жұмсақ ойыншық түрінде де болады) алып, оның жақтарына сұрақтар бекітіңіз:

  • «Орнитолог» сөзі не мағынаны білдіреді?

  • Орнитолог құстарды қалай бақылайды?

  • Табиғатта кім құстарды бақылайды?

  • Орнитологтар құстарды не үшін бақылайды?

  • Орнитолог мамандығы не үшін маңызды?

  • Құстарды бақылау неге адамдарға жаңалық ашуға көмектеседі?


(Ж) Оқушыларға жұп болып, өз өмірлерінде жасаған бақылаулары туралы әңгімеулерін ұсыныңыз. Оқушылар кімді/нені, қашан, қалай және не үшін бақылағандарын айтып бөліссін.


Түсіндіру үшін PowerPoint бағдарламасындағы таныстырылым не бейне роликтер/анимациялық фильмдер пайдалануға болады. Материалды визуалды көрсету оқушыларға ақпаратты қабылдаудың өзге түрлерімен тең мүмкіндікті береді.

Суреттерді гербарий, дәлбедер, жануарлардың тұлыбы түріндегі тірі табиғаттың шынайы нысандарына, сонымен қатар, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы, дүрбі, фотоаппарат сияқты зерттеудің нағыз жабдықтарына алмастыруға болады.


Сюжет немесе суреттер оқушыларға түсінікті боларлықтай әспетті және ұғынықты болуы шарт.


Жаттығу кубтың бұрыштарына әр түрлі сұрақтарды жазуды болжалдайтын сыни ойлаудың «Кубизм» атты стратегиясына негізделген. Оқушылар кубты лақтыра отыра, сұрақ қабылдайды. Кубтағы сұрақтарды өздеріне сәйкес келетін сандармен тығып қоюға болады. Ойын барысында мұғалім сұрақтарды оқиды.
Талқылауға арналған сұрақтарды тақтаға жазып қоюға болады немесе оқушыларды сұрақтармен шектемей, ойлануға толық еркіндік беруге болады.

Барбоскиндер–Ғылыми зерттеулер (мультфильм)

https://www.youtube.com/watch?v=KFEdhzgFWuE


суреттер, дүрбі, фотоаппарат, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы, құс, жылан, ағаш, сәбіздің тамыры, жаңғақ.

Орнитологтар туралы қазақ тілінде бейне роликтерhttps://www.youtube.com/watch?v=vhtu0dNKhaQ

Орыс тілінде https://www.youtube.com/watch?v=7ZYhCZge0TQ

Сұрақтар нөмірлері бар картон не жұмсақ куб.


1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу


(ОТ) Оқушыларға қоршаған әлемнің құбылыстарын бақылауды ұсыныңыз. Ол үшін «Барлаушылар» ойыны үшін мектеп учаскесіне экскурсия ұйымдастырылады. Әр барлаушы жорыққа зерттеу жабдықтарының (дүрбі, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш) біреуін алады. «Барлаушылардың» тапсырмасы – табиғаттағы өздеріне таныс гүлдер, ағаштар, бұталармен болған өзгерістерге көңіл бөлу.
(ОТ) Оқушыларға күн сәулелерінің әсерінен су температурасының өзгеруін бақылауды ұсыныңыз. Ол үшін су құйылған ыдысты терезе алдына күннің тіке сәулелелрі астына қойыңыз. Оқушылардан белгілі уақыт аралығында (3-5 минут) температураны өлшеп тұруды сұраңыз. Бақылауды құм пайдалана отырып, қайталауға болады.
(ОТ, Т) Оқушылардан ауа райын белгілейтін дәстүрлі белгілерді пайдалана отыра, оқу кабинетінен сырт даладағы ауа райын сипаттауын сұраңыз.
(Ө) Оқушыларға «Жас метеоролог» конференциясын өткізуді ұсыныңыз. Әрбір оқушы конференцияға ауа райы жағдайының жақсару не нашарлауының бір белгісінің суретін (постер) даярлайды. Конференция соңына қарай оқушыларға ауа райы жағдайларын бақылауға және олардың өзгеруін болжауда тәжірибелі болуға ұсыныс жасаңыз.

Экскурсия алдында оқушылар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізу қажет.

Экскурсия барысында оқушылар жануарлар әлеміндегі өзгерістерді бақылай алады.


Бұл зерттеуді әр түрлі көлемде су құйылған ыдыстарды топтарға таратып орындауға болады. Бұл жағдайда көлеміне байланысты судың қызуының түрлі жылдамдығын бақылауға болады.

Ауа райын көрсетудің дәстүрлі белгілері:



Конференцияға жергілікті қоғамдастықты: жоғары сынып оқушыларын, ата-аналар мен мұғалімдерді шақыруға болады. Қиналған оқушылар топта шыға алады. Сабақты өткізудің формасын «Галереядағы тур» түрінде де өткізіп, оқушылардың жұмыстарын оқу кабинетіне іліп қоюға болады.



Зерттеу жабдықтары: дүрбі, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Өлшем ыдыстары (пластмассадан жасалған жөн), термометрлер (электрлік болғаны жөн).


Қағаз парақтар, бақылау күнделіктері, дүрбілер.

Постерлер, маркерлер, скотч.



1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру



(Ұ) Оқушыларға тәжірибенің бақылау секілді зерттеу тәсілі (ғылыми зерттеудің әдісі) екенін түсіндіріңіз. Тәжірибе – зерттеудің белсенді тәсілі екендігіне оқушылардың назарын міндетті түрде аудару қажет.
(МК) Оқушыларға орнитологтардың құстарды бақылауы туралы бейне фрагменттер және химия бойынша қарапайым тәжірибелер көруді ұсыныңыз.

(Ұ) Оқушылармен тәжірибенің бақылаудан айырмашылығын талқылап өтіңіз. Оларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:



  • Тәжірибе деген не?

  • Тәжірибе мысалдарын келтіріңіз.

  • Адам іс-әрекетінің қай саласында тәжірибелер қолдануға болады?

  • Тәжірибе мен бақылауды салыстырыңыз.

  • Тәжірибе мен бақылауды адамға пайда алып келерліктей қалай қолдануға болады?

  • Неге тәжірибе адамға бақылаудан көрі көбірек ақпарат береді?

(Т) Оқушыларға өз тәжірибелерін ойлап табуларын ұсыныңыз. Мысалы, заттардың суда еруін анықтау немесе әр түрлі сұйықтықтардың жылуы бойынша.



«Тәжірибе» анықтамасын толық түсіну үшін оқушыларға тәжірибе мен бақылаудың мысалдарын көрсетіп өтуге болады.

Бейне фрагменттерді оқушылармен бірге алдын-ала дайындалған суреттермен, фотографиялармен алмастыруға болады.


Оқу үдерісінің инклюзивтілігін санатқа ала отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін, сұрақтарды құруда Блум таксономиясына жүгініңіздер.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың «жақын аралағы даму аймағын» есепке алыңыз. Ол үшін оларға төсеме тақталар ойластырып қойыңыз.


Балаларға арналған қарапайым химиялық тәжірибелер: http://www.tavika.ru/2011/04/blog-post_13.html

Қалай орнитолог болуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=jZuDr2v6WkU




1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру


(ОТ) Оқушыларға азық-түліктерде (күрделі көмірсу) крахмалды анықтау бойынша тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Ол үшін азық-түліктің бестен кем емес үлгісін алып, оны майдалап тураңыздар, сосын кішігірім сумен араластырып, йод ерітіндісінің бірнеше тамшыларын (5%) тамызыңыздар. Боялған түс ерітіндіде крахмалдың бар екенін растайды – көкшіл түстен (төмен концентрация) қара-көк түске дейін (жоғары концентрация).

(Т, ОТ) Оқушыларға топта заттардың әр түрлі тығыздығына негізделген күрделі емес тәжірибе өткізулерін ұсыныңыз. Әр топқа төрт стаканнан таратыңыз. Бірінші стаканда – 50 мл боялған су, екінші стаканда – 50 мл күнбағыс майы, үшінші стаканда – 50 мл сироп құйылған, төртінші стакан (үлкен) – бос.

Балаларға егер барлық стакандағы сұйықтықты бір стаканға құйса, не болатыны жайлы жорамалдауды ұсыныңыз. Тәжірибеден күтілетін нәтижелерді талқылаған соң, оны жүзеге асыруларын сұраңыз. Тәжірибе қорытындысында мынадай жағдай өріс алу керек: ең тығыз сұйықтық ретінде сироп стакан түбіне түседі, су ортасында қалады, ал май бетіне қалқып шығады.



(Т, ОТ) Оқушыларға топта судың жылуды жұтып алуы бойынша тәжірибе жүргізуді ұсыныңыз. Ол үшін әрбір топқа екі әуе шарынан таратыңыз. Біреуін үрлеп, екіншісіне су толтырыңыз. Оқушылар майшамның үстіне бірінші ауа толтырылған шарды ұстап, екінші рет суы бар шарды ұстасын. Су толтырылған шардың жарылмайтынын балалар атап өтеді. Ойлануға және өз пікірлерін негіздеуге уақыт беріңіз. Шардың ішіндегі су майшамның жылуын жұтып қоятынын түсіндіріңіз. Сондықтан шар өртенбейді, демек жарылмайды.



Азық-түлік түрінде ұсынарымыз: ұн, жеміс шырыны, сүт, өсімдік майы, күріш.

Тәжірибеке дайындық үдерісінде оқушылармен техника қауіпсіздігін қадағалау ережелерін талқылап шығыңыз. Әрбір оқушыда алжапқыш не халат болуын қадағалаңыз.

Нәтижесінде ойын барысында балаларда сұйықтықтың әр түрлі тығыздығы туралы ұғым қалыптастырылады.

Тәжірибеге дайындық үдерісінде оқушылармен техника қауіпсіздігін қадағалау ережелерін талқылап шығыңыз. Әрбір оқушыда алжапқыш не халат болуын қадағалаңыз. Тәжірибеде ашық оттың болуына орай, тәжірибені көрсетілім ретінде өткізіп, оның нәтижелерін топта талқылауды ұсынуға болады.



Келі, келсап, 5% йод ерітіндісі, дәрі тамызғыш, Петри ыдыстары, пинцет, өлшем стакандары, су.

100 мл үш өлшем стакандары, 500 мл бір өлшем стаканы, 50 мл боялған су, 50 мл күнбағыс майы, 50 мл сироп.

Балаларға көрсетуге тұрарлық 5 қарапайым тәжірибе:



http://www.adme.ru/zhizn-nauka/5-prostyh-opytov-kotorye-stoit-pokazat-detyam-897310/
Әуе шарлары, су, сіріңке, майшам, шамдал.



«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

1-тоқсан

2- бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі болуы керек.

Контекст

«Менің мектебім» тақырыбы аясында оқушылар мектеп ауласында, тұратын жерінде, Қазақстанда және сонымен қатар бүкіл әлем бойынша өсетін кейбір өсімдіктерді таниды және атай алады.

Бөлімнің тілдік мақсаты
Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген

Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге тән лексика және терминология

Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері

Оқушылар:

мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата біледі



Оқушылар:

  • Өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылайды және салыстырады (мысалы, жабайы және мәдени өсімдіктер арасындағы)

  • … бірдей;

  • …бойынша ерекшеленеді;

  • дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі;

  • ағаш, бұта, шөп;

  • жабайы өсімдік, мәдени өсімдік;

  • тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс;

  • жыл мезгілдері.




Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

  • Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

  • Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме?

  • Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз.

  • Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

Сіздер неге деп ойлайсыңдар?

  • …бұл өсімдік жабайы/мәдени

  • …өсімдіктердің тамыры/сабағы/гүлі бар

  • …өсімдіктер біз үшін маңызды.

Жазбаша тапсырмалар:

Өзіңіз көрген тірі өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз және жазыңыз.



Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар жергілікті жерде өсетін жабайы және мәдени өсімдіктерді қарастырады, өсімдіктердің басты бөліктерін атайды және олардың басты қызметтерін анықтайды. Содан кейін олар кейбір өсімдікті өсіріп, өсуге қажетті жағдайларды зерттейді. Бұл «Менің мектебім» тақырыбымен байланысып маусымдық өзгерістерді және айналадағы кейбір өсімдіктердің маусымдық өзгеріске ұшырайтындығын қарастырады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет