«Көркем аударма шеберлігі» пәні Көркем аударма шығармасы


Аударма. Стилистика. Стиль түрлері



бет19/32
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#83515
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
Аударма алеми

Аударма. Стилистика. Стиль түрлері

Стилистика – сипаты мен көлемі, мазмұны жағынан әлі толық талданып, нақты бір жүйеге түспеген тіл білімінің саласы. Стилистика – стиль туралы ғылым. Стиль латын тілінде жазу құралы деген мағына білдіреді. Ежелгі Греция мен Римде орта ғасырларда стиль сөзге сендіру, иландыру тәсілі, стилистика шешендік (риторика) өнері саналған. Үнді ғалымдары стильді мәнерлеп сөйлеу, стилистика мәнерлеу туралы ғылым деп тұжырымдаған. Стиль дегеніміз белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану үдерісі. Көркем шығарманы талдауда ең қиыны – стильдік талдау. Стиль – автордың ойын жеткізудің көркемдік құралы. Стилистика – лингвистика мен әдебиеттану ғылымының арасындағы дәнекер. Стильдің қолданылу аясы ауқымды. Ең алғашқы мағынасы – көркемдік құралдың жиынтығы. Мысалы, сәулет стилі, Готт стилі, Мавритан стилі. Екінші мағынасы – әдеби шығарманың жанры, авторы немесе әдеби бағытына тән тілдік құралдар жүйесі. Мысалы, романтикалық, прозалық, газеттік, поэтикалық, стиль т.б. Ойды сөзбен ерекше жеткізу тәсілі ретінде мәнерлі, сұрқай, асқақ, ықшамды т.б. стиль болып бөлінеді. Содан соң әдеби шығармаларда қолданылатын ескі стиль, жаңа стиль деген ұғым бар.


Стилистика – тілдегі сөз қолданыстағы, талғамдылықты, мағыналық дәлдікті, тіл мәнерлілігін, тілді көріктеудің амал-тәсілін үйрететін ғылым. Академик В.В. Виноградов стилистиканы үш түрге бөледі: 1) Тіл стилистикасы. Бұл күнделікті қолданылып жүрген қызметтік тіл стильдері (әңгімелесу, ғылыми-іскерлік, газеттік-публицистикалық, ресми-іскери). 2) Сөйлеу стилистикасы. Ол қоғамда түрлі сипатты ауызша және жазбаша тілде қалыптасқан, әртүрлі жанрлардың арасындағы семантикалық, экспрессивтік стилистика сипаттамасының айырмашылығын талдайды. (жарыссөз, лекция, баспасөз мәслихаты, баяндама, әңгіме, сұхбат, бас мақала, ғылыми рецензия, хат т.б. 3) Көркем әдебиет стилистикасы, ол әдеби шығарма стилінің барлық элементтерін, жазушы стилін, әдеби бағыттар стилін қарастырады.
Француз тіл маманы Шарль Балли “Француз стилистикасы” атты кітабында стилистиканы үйрету пәні деп «тілдік жүйе элементтерін, эмоционалдық-экспрессивтілігін және екі тілдегі бейнелеу құралдары жүйесін қалыптастыруға қызмет ететін сөйлеу фактілерінің ықпал етуі» деп есептейді.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңкін эмоциональды-экспрессивтік бояу дейді. Мұны әрі тілдің стилдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Сөздердің сөйлемдегі орналасу тәртібінің де айрықша стильдік мәні бар. Сөздердің орын тәртібі жекелеген сөздердің мағыналарының өзгеруіне ғана әсерін тигізіп қоймайды, сонымен бірге бүкіл сөйлемнің құрылымына ықпал етеді. Стилистика – оксиомология, семасиологиямен, тіліміздегі бейнелеуші, тәсілдердің мағынасын, олардың өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым, грамматикамен, морфологиямен (сөздердің тұлғалық көрінісі, грамматикалық мағынасы), синтаксиспен (сөйлемнің құрылысы, сөздердің тіркесу заңдылықтары), фонетикамен (тілдегі дыбыстардың жасалу, жіктелуі) тығыз байланысты. Яғни, мәнерлілік, бейнелілік, экспрессивтілік сөйлемдегі ойды жеткізуді күшейту. Ол айтылған ойдың әсерін, ықпалын дамыту бағытында жұмсалады. Сөзді, сөйлемді барынша айқын, нақты құрумен бірге, оқырманға терең әсер ететін мәнерлілік мәнімен ерекшелейді. Аудармада мәтіннің эмоционалдық-экспрессивтілігін жеткізу ұғымы да көп жағдайда сөйлемнің, сөздің көркемдік қуатын, сезімдік сипатын бар бояуымен бере білу деген сөз. Әрлі, нәрлі, нақышты, әдеби тілдің әсемдік әлемінде жасалған гауһардай жарқылдаған ой сәулесі көмескіленбей, бұлдырамай тәржімада айқын төгілуі тиіс.
Сөйлеу стилі мен кәсіби жазба стилдің айырмасы үлкен. Іс-қағаздар мен ресми – іскери стильде деректер, мәліметтер дәл көрсетіліп, мәтін қалыптасқан жүйеге сай жазылады. Көбінесе дағдылы сөздер жиынтығы қолданылады. Стильдер бір-бірімен тығыз байланысты:

  1. іскери, көркем, публицистикалық, ғылыми-көпшілік, әңгімелесу. (кітап тілі стилі және тұрмыстық сөйлеу стилі).

  2. көркемдік беллетристикалық, қоғамдық-көпшілік, ғылыми, кәсіби, ресми, құжаттық, эпистолярлық стиль.

  3. ауызша-жазбаша, ғылыми, көркем стиль.

  4. публицистикалық, ғылыми, іскери, көркемдік, әңгімелесу стилі.

  5. ресми-шешендік, ресми-іскерлік, ғылыми-техникалық, публицистикалық-көркем, поэтикалық стиль т.б.

Ғылыми стильде тілдік құралдар қатаң түрде сұрыпталып алынады, мұнда нормаланған, қалыптасқан сөздер қолданылады. Ғылыми жұмыстар стилі ең алдымен, мазмұнымен, ғылыми мәліметті жеткізу мақсатымен мүмкіндігінше қоршаған шындықтың деректерін (фактіні, дәл және толық түсіндірумен, құбылыстардың аралығындағы себеп-салдарлық байланысты, тарихи даму заңдылықтарын) айқындайды. Ғылыми стиль мазмұндаудың логикалық айқындылығымен, ойдың бөліктерінің байланысын реттеу жүйесімен, автордың дәлдікке жету ұмтылысымен, мағынаның біржақтылығымен сипатталады. Ғылыми стилде логикамен тығыз ұштасқан әр салаға тән термин, көбінесе шетелден енген терминдер қалыптасқан. Ғылыми стильде ой күрделі баяндалады, анықтама, талдау, дәлелдеу және формула, ережелер орын алады. Әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Ғылым мен техника тілі бірқатар ғылыми ерекшеліктерге тәуелді.
Ресми – іскери стиль тұйықталған, тұрақты кітаби стиль түрі. Ресми – іскери стиль – бұл құжаттар стилі: халықаралық келісім-шарттар жүргізу, мемлекеттік актілер, заңдар, қаулылар, жарғылар, нұсқаулар, қызметтік жазбалар т.б. Ерекшелігі:

  1. Қысқалылығы, ықшамдылығы, мазмұндау жинақтылығы, тілдік құралдардың үнемді қолданылуы.

  2. Материалды стандартты орналастыру, сирек түрде қолданылу міндеттілігі (жеке куәлік, диплом түрлері, неке туралы куәлік т.б. құжаттар).

  3. Терминологияның кеңінен қолданылуы, номенклатуралық атаулар (заңдылық, әскери, әкімшілік, дипломатиялық т.б.).

  4. Көмекші сөз, етістіктен жасалған зат есімдердің жиі қолданылуы (негізінде, сәйкес, іс жүзінде, мақсатта, есебінде т.б.).

Осының салдарынан күрделі сөздер көп қолданылмайды, эмоциональды-экспрессивті сөздер пайдаланылмайды.
Публицистикалық шығармалар кең ауқымдағы, сан-салалы тақырыптағы қазіргі заманның өзекті мәселелерін, қоғамда қызығушылық туғызатын саяси, экономикалық, философиялық, мәдени, тәрбиелік, әлеуметтік, адамгершілік, күнделікті тұрмыс, спорт т.б. салалардағы мәселелерді қозғайды.
Публицистикалық стиль – газет-журналдар, БАҚ тілі. Газет тілінің басты шарттары:

  1. Тілдік құралдардың үнемділігі, ақпаратты мазмұндаудағы жинақтылық.

  2. Халыққа кеңінен таралған сөздерді қолдану.

  3. Қоғамдық, саяси лексика мен фразеологизмнің басқа стильдегі лексиканы қайта жеткізу (терминология).

  4. Белгілі бір сөйлеу стереотипіне тән сипаттарды пайдалану.

  5. Жанрлық ерекшеліктерге орай көп мағыналы сөздің тілдік құралдарын, стилистикасын пайдаланудың жан-жақтылығы.

  6. Публицистикалық стиль ерекшеліктерімен басқа стиль ерекшеліктерінің араласуы (ғылыми, ресми-іскери, әдеби-көркем, ауызша).

  7. Тілдің бейнелеу, мәнерлеу құралдарын еркін пайдалану.

Кітаби-жазба немесе көркем әдебиет стилі немесе әдеби стиль – бұл жүйеленген, сараланған көркем шығарма тілі. Кітап тілі кітаби стиль деп те аталады. Көркем әдебиет стилі түрлі жанрлық ерекшелікке байланысты қалыптасады. Сөздердің мағынасы, оның өзгеру заңын семантика зерттесе, сөз мағынасын зерттейтін тіл ғылымының саласы – семасиология. Сөздердің мағыналық жағынан бөлек, сапалық жағынан баюы семантика заңымен байланысты. Сондықтан да көркем аудармада шығарма стилінің сәйкес, дәл берілуін талдаған кезде, оның стилистикалық-семантикалық ерекшелігі ескеріледі. Стилистика нормалары:

  1. тіл тазалығы;

  2. мазмұндылығы, ықшамдылығы, қысқалылығы;

  3. ойды дұрыс анық жеткізе білу, ойдың сөзбен дәл сәйкесуі.

“Сонымен, стилистика қандай да бір дәрежеде сөйлеушінің мінез-қылығы. Біз мысалы, сөйлеген сөзіне қарап, адамның түрі қандай екенін тани аламыз” – дейді проф. Б.В. Томашевский. Адамның көңіл-күй көрінісін айғақтайтын да – стиль. Н. Карамзин анықтауынша: «1) Тіл сөйлеушінің дербестігін жеткізуі тиіс; 2) Тіл байлығы – көркемдеу, мәнерлеу байлығында емес, ойлардың мазмұндалуындағы ұлттық тіл қорының молынан қолданылуы». Семантика мағынасына келсек, М. Бреаль анықтамасында – сөз мағынасы туралы ғылым, сөздің айтылу, қолданылу сипатындағы мағыналық өзгерістерінің үдерістері мен себептерін зерттейді. Тіл мамандары семантиканы сөз семантикасы, сөйлем семантикасы, мәтін семантикасы, фонема семантикасы, көмекші морфема семантикасы, азат жол семантикасы деп бөледі. Дегенмен мұның бәрі аударма мәтініне де қатысты екені айқын нәрсе. Сөз мағынасының өзгеру себептерін талдап түсіндіреді. Әдетте аудармада сөздің стилистикалық, семантикалық деңгейін сақтау деген ұғымның өзі де, оның мағыналық сиаптын, ұлтық тіл байлығын сол күйінде жеткізе білу деген сөз.
Кітаби сөздердің басымдылығы бойынша шетелдік сөздер мол енеді. Басқа тілден кіріккен сөздер варваризмдер деп аталады. Тарихи шығармаларға көне заттарды, дүниелерді бейнелейтін лексикалық сөздік құрам тән. Олар көбінесе тарихи шығармалар мен фольклорлық мұраларда кездесетіндіктен, аудармада берілу мәні де айқын. Архаизмдер – қазір қолданылмайтын, орнына басқа сөздерге ауыстырылған көне сөздер. Варваризмдерге ғылым мен техника дамуы бойынша жаңадан ойлап табылған халықаралық сөздер де жатады. Стилистикада жергілікті жердің дағдылы сөздері – диалектизмдер, әдеби тілге қатыссыз қарапайым сөйлеу тілі, кейбір жеке адамдарға ғана тән әңгімелесу сөздері – арго немесе жаргон да енеді. Алайда бұлар негізінен әдеби шығармаларда кейіпкер тілінде белгілі бір мақсатта ғана қолданылуы мүмкін. Белгілі бір топқа тән сөйлеу тілі тәрізді кәсіби және әлеуметтік жаргондар болады. Неологизм жаңа сөз деген мағынасынан бөлек, ақын, жазушы, суреткердің жаңаша ойлау жүйесінен жасалған тың сөз, ізденіс, тәжірибе жемісі, тапқырлық пен шеберлік шыңы. Ол жалпыға ортақ түсініктегі кәдімгі сөздердің санатында аталады.
Жекелеген сөздер (фразеология) стилистикада басқа сөздермен синтаксистік байланыс құрайды. Синтаксис үшін орталық, негізгі бірлік – сөйлем болып табылады. Сөйлем, біріншіден, мағыналық тұтастықты, ішкі бірлікті құрайды. Екіншіден, сөйлем басқа сөйлеммен сабақтасып, ойды мазмұндау желісін жалғастырады. Сөйлем мағынасы сөзбен жеткізілген ойлардан жинақталады. Ой тұтастай шығарманы біріктіреді. Сөйлемде сөздер мағыналық сипатта бір-бірімен синтаксистік байланыс аралығында бірігеді. Оның төрт түрі бар: предикативтік – субъект пен предикат аралығында, компететивтік – предикат пен қосымша аралығында, атрибутивтік – анықталған және анықталмаған сөз аралығында, жағдайлық – мекендік және оған қатысты сөздер аралығында. Сол және басқа да синтаксистік байланыс біріктіретін сөздер, сөз тіркестерін құрайды. Сөз тіркестері тиянақты және еркін болуы мүмкін. Біріншісі сөйленген сөзде дайын күйінде жасалса, екіншісі, оны әр сөзде қолдану жағдайында жаңадан жасалады. Аудармада сөз, сөз тіркесі, сөйлем жүйесінің байланысына, сабақтастығына, құрылуына, нақты бір ойды білдіру қызметіне т.б. ерекше мән беру керек.

1. Стилистика пәнінің міндеті, мақсаты. Басқа пәндермен байланысы.


2. Стилистика және стиль ұғымы.
3. Стиль түрлерінің жіктелуі.
4. Аударма және стиль. Стильдің әр саладағы қолданылуы және ерекшелігі.
5. Стилистика мен салыстырмалы стилистикалға сараптама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет