«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мм бойынша дене тәрбиесі және эстетикалық пен әдістемелік бірлестігінің



Дата22.08.2017
өлшемі81,94 Kb.
#23761
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ бойынша

дене тәрбиесі және эстетикалық пен әдістемелік бірлестігінің

2015-2016 оқу жылындағы жылдық жұмыстарының сараптамасы

Мектеп мәселесі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдіс-тәсілдері.

Әдістемелік бірлестігінің мәселесі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде оқушылардың тұлғалық қабілеттерін қалыптасттыру арқылы эстетикалық талғамын дамыту.

Мақсат пен міндеттері:

-Жан – жақты дамыған, ой - өрісі кең, рухани жан – дүниесі бай, эстетикалық талғамы мен адамгершілік қасиеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу;

-Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелей отырып, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында тұлғалық қабілеттерін дамыту;



-Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыра отырып жалғастыру;

-Мектеп оқушыларының тума дарын, жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеу, шығармашылық жұмыстарына тарту;

- Пәндік курстар арқылы, оқушыларды ән – музыка, қолөнері, спорттық жарыстар мен олимпиадаларға тарта отырып, диагностикалық тұрғыдан талдау ретінде жеке даму траекториясын жасау;

-Психологиялық-диагностикалық негізінде оқушылардың өздігінен есте сақтау қызығушылығын арттыру;

Эстетикалық әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері 2015-2016 оқу жылында бағдарламаға сай жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу арқылы, оқушылардың пәнге, жалпы өмірге, қоғамға деген қызығушылығын оята білді. Балалардың эстетикалық сезімімен ұғымын, көркемдік шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Оқушылардың дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған түрлі жұмыстар өткізілуде.

Әдістемелік бірлестікте 8 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 100% жоғары білімді, ІІ-санат 2 мұғалім, І- санат 3 мұғалім, 3 мұғалім санаты жоқ.

Жылдың басында әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізіліп, жоспар бекітілді. Әдістемелік бірлестік отырысында мұғалімдердің факультатив бағдарламалар қаралып, бекітілді. Ырғақ пәнінің мұғалімі Жетыбаева А.А. 5-6 сыныптарға арналған «Балауса» би үйірмесі, С.К. Бакаев «Жас мерген», М.К. Жабагин «Шахмат», «Футбол». Есімжанова А.С. «Тоғыз құмалақ», Е.К. Асылханов «Үстел теннис», Волейбол. Г.Е. Рустемова қимыл-қозғалыс ойындар, боскетбол. А.Т.Баянбаева «Қылқалам» көркем сурет «Маржан-қол» үйірме-секциялар қаралып бекітілді, жоспар бойынша жүргізілді.

Мектепшілік ата-аналар жиналысында мектеп психологы Ақбота Есімжанова «Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады», музыка пәнінің мұғалімі Анар Жетыбаева « Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері» атты баяндамалар оқыды.

2015 жылы №3 «Бейнелеу өнері,еңбекке баулу және сызу журналына «Ал қанеки қыздар!» атты сайысым журнал бетіне жарияланды.

2015 жылы №4 «Бейнелеу өнері,еңбекке баулу және сызу журналына «Тұрғын үй интерьері. Тұрғын үй гигенасы.» атты ашық сабағым журнал бетіне жарияланды.

Май ауданының білім беру бөлімінен Алғыс хатпен Баянбаева Айнагуль Толеуовна марапатталды 2015 жылы.

Қыркүйек , айында жоспар бойынша денсаулық күні өткізілді. Қыркүйек айында топ саяхатына барып, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Қараша айында 2- кезеңнен тұратын денсаулық күні өтті.

Жоспар құрылып, бекітілді.

Бірінші кезеңде күзгі кросс, пионербол, қозғалмалы ойындар, «Мерген» атты әскери –патриоттық ойын өткізілді.

Екінші кезенде оқушылар үшін гепатит атты анимациялық мультфильм көрсетілді. «Салауаттты өмір салтын» ұстанайық атты қылқалам сурет сайысы өтті. Денсаулық күні волейбол жарысымен жалғасты.

Тоқсанның аяғында болып тұрады. Күзгі кросс мектепшілік қыркүйекте, мақсаты аудандық жарысқа іріктеу болды. Облысқа екі бала қатысып келді.

Күзгі каникул кезінде қамқоршылар күніне арналған «жүректен-жүрекке» атты көгілдір от өткізілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын табыс етті.

Қысқы каникул кезінде, қаңтар айында жоспар бойынша денсаулық күні өткізілді. Көктемгі каникул кезіндегі, наурыз айында жоспар бойынша денсаулық күні өткізілді.

Бұл Сертификат Бакаев С.К. берілді,ол 2015ж. 12-15 аралығында «ActivInspire БҚ интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.

Сертификат Төтенше және Азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамының және мамандарының біліктілігін арттырудың курсын өткені туралы берілді Бакаев С.К. оқу тобы преподователи уч. заведений по дисцеплине НВП и ОБЖ оқу уақыты 28-30.03.2016ж. сертифекат 2019 дейін жарамды.

Сертификат Есімжанова А. С. Қалалық және облыстық мектептердің психологтарына арналған «Мекткптегі психологиялық қызмет көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша облыстық оқу семинарында қатысқандығын растайды 2015 жылғы 14 желтоқсан.

Сертификат «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту атты өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне арналған облыстық сырттай байқауына қатысқан үшін Аукенова А.Р. берілді 2016ж. Павлодар қаласы, ӨРЛЕУ.

2016 жылдың 04 және 15 сәуір аралығында дене тәрбиесі және эстетикалық пән әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Бұл апталықтын негізгі мақсаты оқушылардың дене тәрбиесі және эстетикалық пәндері бойынша оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, негізінде тұлғалық қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және мұғалімдер арасында өзара іс- тәжірибе алмасу, жетңлдіру. Бірінші күні апталықтын ашылу күніне салтанатты жиын ұйымдастырылды, әр пәндер бойынша өлеңдер, тақпақтар жатқа айтылды. Оқушылар қызығып қатысты.

Ашық сабақтар өткізілді. Музыка пәнінің мұғалімі А.А.Жетыбаева 6 «А» сыныбында «Туған жерін ән еткен» Ескендір Хасангалиев. Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі А.Р. Аукенова 7 «А» сыныбында «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған». Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.Т. Баянбаева 6 «А» сыныбында « Қазақтың ұлттық киімдері». Психолог А.С. Есимжанова «Отбасы махаббаты» атты тренигін ата-аналармен өткізді.

Сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Аукенова А. Р. дөңгелек үстел өткізді, тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет» 5-7 сыныптар арасында мультимедиялық кабинеттінде өткізілді. Есімжанова А.С. ойын өткізді, «Тоғыз құмалақ» ойыны 5-10 сыныптар арасында психология кабинеттінде өткізілді. Жетыбаева А.А. әдеби-музыка-лық кешін өткізді, тақырыбы: «Александр Зацепиннің 90-жыл», 5-10 сыныптар арасында актовый залда өткізілді. Баянбаева А.Т. сайыс өткізді, «Сән, сымбат» сайысын 5-10 сыныптар арасында актовый залда өткізілді. Аукенова А. Р.

Сурет сайысын өткізді, «Әрқашан күн сөнбесін» 5-8 сыныптар аралығында

11-сыныптар 25- аудандық жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша тоғыз құмалақ жарысында 2- орынға ие болды. Аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды 6-оқушы жетекшісі Есімжанова Акбота С. Апталықтын жоспарланған шаралар қызықты, тартымды, мағыналы ұйымдастырылды.

Ашық сабақтар өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.К. Асылханов 6 «А» сыныбында «Допты жоғарыдан екі қолмен алу тәсілі».

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.К.Жабагин 8 «А» сыныбында «Допты тоқтатыу әдістері». Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.К. Бакаев 10 «А» сыныбында «Автоматы бөлшектеу және жинақтау».

Сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Бакаев С.К. сайыс өткізді, «Жас мерген» сайысын 7-10 сыныптар арасында тир залы өткізілді. Асылханов Е. К. волейбол өткізді, «Волейбол» мектепшілік турнир 5-8 сыныптар арасында спорт залда өткізілді. Жабагин М.К. ойын өткізді, «Шағын футбол» 5-9 сыныптар арасында стадионда өткізілді.

9-сынып 15- аудандық қысқы спартакиада бағдарламасы бойынша президенттік көпсайыс жарысында 2- орынға ие болған А. Жарылгасимов Аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Асылханов. Е.К. Апталықтын жоспарланған шаралар қызықты, тартымды, мағыналы ұйымдастырылды.

Әр бір шараларды фотоға, бейне фильмге түсіріп жинақталды. Оқушылар белсене қызыға қатысты. 5-10 сыныптарда әр пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Апталықтың қорытындысы бойынша әр сабақта білім бере отырып, тәрбиелеудің үлкен нәтижеге жеткізетіні сөзсіз екеніне тағы да көз жеткізілді. Эстетикалық пәндері апталықта оқушылардың жан-жақты дамуына үлесқосып, эстетикалық пәндеріне деген көзқарасы мен қызығушылығын арттырды.

Жабылуында сайыстын қорытындысын марапаттадық.

25 аудандық жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша жеңіл атлетика жарысында 100 м-ге жүгіруден ІІІ – орынға болғаны үшін Жангүл Жолдыбаева

Аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Жағымды жақтары:

ХХV аудандық Волейболдан жазғы спартакиада жарысынан II-орынға ие болғандар Жақсылық Қымбат, Дебрецени Берта Марапатталды 2015 жылы.

ХV Аудандық қысқы президенттік көпсайыс жарысынан II- орынға ие болғандар Дебрецени Берта, Жарылгасимов Алмаз марапатталады 2016 жылы.

ХV Аудандық қысқы спартакиададан шаңғы жарысынан II- орынға ие болған Дебрецени Берта марапатталады 2016 жылы.

ХV Аудандық қысқы спартакиададан шаңғы жарысынан ІII- орынға ие болған Малайсары ОМ командасы марапатталады 2016 жылы.

ХХV аудандық жазғы спартакиада жарысында 3000 м-ге жүгіруден ІII-орынға ие болған Жарылгасимов Алмаз марапатталады 2016 жылы.

ХХV аудандық жазғы спартакиада жарысында 1500 м-ге жүгіруден ІII-орынға ие болған Дебрецени Берта марапатталады 2016 жылы.

ХХV аудандық жазғы спартакиада жарысында 100 м-ге жүгіруден ІII-орынға ие болған Жолдыбаева Жангүл марапатталады 2016 жылы.

ХХV аудандық жазғы спартакиададан тоғыз құмалақ жарысында II-орынға ие болған 11 сынып оқушылары марапатталады 2016 жылы. Жетекшісі: Есімжанова А.С.

Диплом Май ауданының білім беру бөлімі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық көркемсурет конкурсының ІІ орын иегері Махметова Динаны марапаттайды 2015жылы.



Диплом Май ауданының білім беру бөлімі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық көркемсурет конкурсының ІІІ орын иегері Жарылгасимов Алмазды марапаттайды 2015жылы. Жетекшісі: Баянбаева А.Т.

Әлсіз жақтары:

  1. «Маржан-қол» үйірменің оқушыларының сайыстарға қатыспауы.

  2. Мектеп оқушыларының облыстық спорттық жарыстарда нәтиженің жоқтығы.

  3. Дарынды балалармен дұрыс жұмыс атқармауы;

Әдістеме бірлестіктің 2015-2016 оқу жылында басты бағыттары:

  1. Оқушылардың денсаулығын нығайтуды жалғастыру;

  2. Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі жүргізу;

  3. Оқушыларды облыстық деңгейде өткізілетін жарыстар мен сайыстарға жүйелі түрде дайындау.

  4. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында «Жас мерген» және музыкалық қабілеттін арттыру мақсатында «Жас қанат» вокалдық үйірмелер ашу.

Әдістемелік бірлестіктің 2015-2016 оқу жылына алдымызға қойған мақсатымыз:

  1. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары

  2. Әр мұғалім сабағына 7 модулді тиімді пайдалану;

  3. Инновациялық әдістер мен жаңа оқыту технологияларын сабақта қолдану;

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу – оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
ӘБ жетекшісі: А.Т. Баянбаева.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет