Шешуі. төмен қарайғы дөңес функцияны (0, +∞) аралығында қарастырайық. Сонда, деп есептеп, онан кейін Йенсен теңсіздігін қолданайық, сонда
,
осыдан
Соңғы алмастыру мүмкін, өйткені . Ал барлық - оң мәндер қабылдайды, себебі көпбұрыш теңсіздігіне байланысты.
Қорытынды
Мектепте математиканы оқытудың негізгі міндеттері – қазіргі қоғам мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету барысында, сыбайлас пәндерді оқуда және оқуды одан әрі жалғастыруда қажетті болатын жүйелі математикалық білімдер мен біліктіліктердің саналы және сапалы түрде игерілуін қамтамасыз ету. Осы негізгі міндеттерімен, қатар математиканы тереңдетіп оқыту, оқушының пәнге деген қызығушылығының тұрақты болуын, математикалық қабілетті анықтауды және оны дамытуды, математикамен байланысты кәсіби бағдар беруді, жоғары оқу орынында оқуға дайындықты қамтамасыз етеді. Математикада теңсіздіктерді тереңдетіп оқыту, мектеп оқушыларының жасына байланысты мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес мақсаттары бойынша да ерекшелінетін, екі кезеңнен тұрады (VII—IX сыныптар және X—XI сыныптар). Бірінші кезеңде оқушының сандақ теңсіздіктер, сызыұтық теңсіздіктер, квадраттық теңсіздіктер тақырыптарына деген қызығушылығын, өзінің осы пәнді игеру мүмкіншілігін бағалай алатындай және IX сыныптың соңында әрі қарай теңсіздіктер тақырыбын тереңдетіп оқу қарастырылады. Математика пәніндегі теңсіздіктер тақырыбына деген оқушының қызығушылығы мен қабілеті жан жақты дамытылуы тиісті. Екінші кезеңде теңсіздіктер тақырыбы бойынша оқушының математикаға қызығушылығының тұрақтылығы және осы пәнге байланысты қорытынды аттестаттауға дайындығы, мамандықты таңдауы анықтаушы факторлар болады. Бұл кезеңде оқыту жоғары оқу орынына түсе алатындай, онда оқуды жалғастыруға және мамандықты игеруге мейілінше жеткілікті болатындай сапалы математикалық білімді қамтамасыз ететіндей болуы керек. Математиканы тереңдетіп оқытудың маңызын сәтті шешу көп жағдайда оқу үрдісіне байланысты. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқау мен оқытудың ұйымдастырушылық формасын еркін таңдауына мүмкіндік жасалынады. Дипломдық жұмыста математика пәні бойынша «Теңсіздіктер» тақырыбын қарапайымнан күрделіге өтетіндей кезеңдер бойынша теориялық тақырыптар мен практикалық есептерді шешу жолдары қарастырылған.
Математикада «Теңсіздіктер» тақырыбы маңызды орындардың бірін алады. Мектепте балалар бұл тақырыпты бастауыш сыныптарда оқи бастайды, онда олар теңсіздіктердің қасиеттерімен және оларды қарапайым жағдайларда шешу әдістерімен танысады. Теңсіздіктерді қолданып есептерді шешу математиканың барлық саласында: алгебрада, геометрияда, ықтималдықтар теориясында, математикалық физикада және басқа пәндерде қолданылады. Практикада оқушылар кейбір есептерді стандартты түрде шешуге болмайтындығымен бетпе-бет келеді, сондықтан Коши, Бернулли, Коши-Буняковский, Чебышев, Йенсен теңсіздіктері сияқты тамаша теңсіздіктерді қолдануға болатындығы дипломдық жұмыста есептерді шығару барысында көрсетілген. Атап айтар болсақ, теңсіздіктерді дәлелдеуде, сонымен қатар тригонометриялық теңдеулерді шешуде, функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуда, сонымен қатар геометриялық есептерде кеңінен қолданылуы көрсетілген. Дипломдық жұмыста қарастырылған теңсіздіктер және олармен байланысты есептер оларды алгебрада да, геометрияда да қолданудың әртүрлі әдістері мен жолдары арқылы көрсетілген. Қарастырылған теңсіздіктер күрделілігі орташа деңгейден күрделіге өту ретімен қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |