Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет12/30
Дата17.06.2018
өлшемі2,51 Mb.
#42793
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Үш элементі бойынша үшбұрыш салу
Үшбұрыштар теңдігінің белгілеріне сүйеніп, циркуль мен сызғыштың көмегі арқылы төмендегідей салу есептерін орындауға болады.

Үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу.

Есеп. Берілген үш а, b, с қабырғалары бойынша үшбұрыш салу керек.

Шешуі. Сәуле алып оның бойына а-ға тең ВС кесіндісін саламыз (25-сурет). Циркульдің ашасын с-ға тең етіп, В нүктесін центр етіп алып доға жүргіземіз. Одан соң циркульдің ашасын b-ға тең етіп, С нүктесін центр егіп екінші доға жүргіземіз. Бұл доғаларды ВС сәулесінің бір жағында жүргіземіз. Сонда олар бір А нүктесінде қиылысады. А нүктесін В және С нүктелерімен қосып ABC үшбұрышын аламыз. Бұл ізделініп отырған үшбұрыш. Себебі оның қабырғалары берілген кесінділерге тең: [ВС] =а, [ВА]=с, [СА]=b.


Есептің шешімі болуы үшін екі қабырғаның қосындысы үшінші қабырғадан артық болуы керек, яғни а<b+с, b<а+с және с<а+b шарттары орындалуы керек.



Есеп. Екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш салу керек.

Шешуі, Төбесі Е нүктедегі - бұрыш және b, с кесінділері берілсін (26-сурет). Е бұрышына тең А бұрышын саламыз.

Циркульдің көмегімен А бұрышының қабырғаларының бойына төбесінен өлшеп b-ға тен AC кесіндісін және с-ға тең АВ кесіндісін салалық. В, С нүктелерін қосьш, ізделінді ABC үшбұрышын аламыз.



Шындығында, салуымыз бойьшша |АВ|=с, |АС|=b, А=Е. Есептің жалғыз ғана шешімі бар.
Есеп. Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрыштары бойынша үшбұрыш салу керек.

Шешуі. Төбелері Е және F болатын сәйкес екі бұрыш және а кесіндісі берілсін (27-сурет).



l түзуін жүргізіп оның бойына берілген а кесіндісіне тең ВС кесіндісін өлшеп салалық. l тузуімен анықталған жарты жазықтықтың бірінде екі бұрыш салалық. Бір қабырғасы ВС сәулесімен бағытталған Е бұрышына тең бұрыш және бір қабырғасы СВ сәулесімен бағытталған F бұрышына тең бұрыштар саламыз. Олардың екінші қабырғалары А нүктесінде қиылысады. Шыққан ABC үшбұрышы ізделінді үшбұрыш.



Шындығында, салуымыз бойьшша В=Е, C=F және [ВС]=а. Үшбұрыштың екі бұрышы бірден доғал бола алмайды.Сондықтан есептің шешімі болу үшін E+ F < 180° шарты орындалуы керек.
Үшбұрыштың тамаша нүктелері
Біз үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысатынын және үшбұрыш биссектрисаларының да бір нүктеде қиылысады. Осындай қасиетке үшбұрыштың медианалары да, биіктіктері де ие болады екен.

Медианалардың қасиетін үшбұрыштың орта сызығының қасиетіне және Фалес теоремасына сүйеніп дәлелделік.

Теорема . Үшбұрыштың медианалары бір нүктеде қиылысада және төбелерінен санағанда бұл нүктеде 2:1 қатынасындай болып бөлінеді (28, a - сурет).

Дәлелдеу. ABC үшбұрышын қарастыралық (28, ә - сурет). О -деп оның АА1 және BB1 медианаларының қиылысу нүктесін, ал С1 -деп АВ қабырғасының ортасын белгілелік.



Ортақ АА1 - қабырғалы АСА1 , ABA1 үшбұрыштарының B1B2, С1С2 орта сызықтарын жүргізелік. Сонда ВС қабырғасы тең төрт бөлікке, ал BB1 медианасы тең үш бөлікке белінеді (ұшбұрыштың орта сызығының қасиеті және Фалес теоремасы бойынша). Демек, |ОВ|=2|ОВІ|. Бұдан |BO|:|OB1|=2:1. Осы 2діспен АА1 медианасы да О қиылысу нүктесінде төбеден санағанда 2:1 қатынаста бөлінетінін көрсетеміз. Дәл осылайша, ВВ1 және СС1 медианаларының қиьшысу нүктесі, олардың әрқайсысын төбесінен санағанда 2:1 қатынасынды бөледі, демек, О нүктесімен дәл келеді. Сонымен ABC үшбұрышының үш медианасы да О нүктесінде қиылысып, төбесінен санағанда 2:1 қатынасында бөлінеді.


Биіктіктердің қасиетін кесіндіге орта перпендикулярлардың

қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейміз.

Теорема. Үшбұрыштың биіктіктері (не олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады (28-сурет).

Дәлелдеу. Кез-келген ABC үшбұрышын алып, оның биіктіктері жататын АА1 , BB1 және CC1 түзулердің бір нүктеде қиылысатынын дәлелдейік (28,ә - сурет). ABC үшбұрышының әр төбесі арқылы қарама-қарсы қабырғасына параллель түзулер жүргізейік. Сонда А2В2С2 үбұрышын аламыз. Ал АВА2С және АВСВ2 төртбұрыштары -параллелограмдар.



Сондықтан |АВ|=|А2С| және |АB|=|СB2|, бұдан |А2С|=|СВ2|. Осы сияқты |С2А|=|АВ2| және 2В|=|ВА2|. Оған қоса, салудан көрініп тұрғандай

СС1 А2В2, АА1В2С2 және BB1A2C2. Осылайша, АА1 , ВВ1 және СС1 түзулері А2В2С2 үшбұрышының қабырғаларына жүргізілген орта перпендикуляр болып табылады. Демек, олар бір нүктеде қиылысады.

Сонымен, әрбір үшбұрышпен төрт нүкте байланысты: медианалардың қиылысу нүктесі, биссектрисаларының қиылысу нүктесі, қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесі және биіктіктерінің (не олардың созындыларының) қиылысу нүктесі. Осы төрт нүкте үшбұрыштың тамаша нүктелері деп аталады.



Каталог: uploads -> doc -> 0ae2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ae2 -> Сабақ Тақырыбы: Дауыссыз л мен р әріптері. 163-167 жаттығу. Мұғалім Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен Р. 163-167 жаттығу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет