Музыка оқу жоспары 1-сынып (орта білім беру жаңарту аясында)



бет5/7
Дата11.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#8986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7


Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып

5-бөлім: Саяхат


Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

4-бөлімде оқушылар ауа райының түрлі құбылыстары мен көңіл-күйін білдіретін дыбыстарды тыңдап, музыка шығарады. Басқа бөлімдердегідей де оқушылар есту қабілеті және ырғақтық дағдыларын, музыкалық шығармалардың ырғағын аспаптарды ойнау арқылы жеткізеді. Curwen-Kodaly әдісі бойынша қол белгілерін қолдануды жалғастырады. Оқушылар қыс мезгілінің сипатын әр түрлі өнер түрлері арқылы жеткізуге болатынын түсінеді.




Осы бөлімнің тілдікмақсаттары

Бөлім бойынша оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мазмұнды қараңыз.



Тілдік мақсаттар

Пәнлексикасымен терминологиясы

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

• Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын ажыратады



  • күй

  • тұяқтас

  • дауыс

  • бұғышақ

  • сақпан.

  • Дыбыс бояуы

  • электронды дыбыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл дыбыстар қалай жасалған?

  • Қандай бөліктері жақсы шықты?

  • Қандай бөліктерін жақсартуға болады?

  • Неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  • … бөліктері жақсырақ шықты деп есептейсіз?

  • Бұл бөліктерді қалай жақсартуға болады деп ойлайсыз?

  • Мен бұл дыбысты мынадай тәсілмен өзгертер едім...

  • Мен барлығы жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені...

  • Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады…

  • Мен көріністі … жолымен жақсартар едім.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде төрт тақырып бар. Бөлімде берілген тақырыптар бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Музыка сабағын өткізу барысында бөлім ішіндегі параллель тақырыптарды байланыстырып, сабақтастықты жоғалтып алмауы қажет. Оқушылар «дыбыс бояуы», «ырғақ» сынды түсініктермен танысатын болады. Бұл бөлімде оқушылар өзге бөлімдердегі сияқты ырғақ, қарапайым ырғақтық дағдыларын дамыту мақсатында ұрмалы аспаптарды қолдануды жалғастырады. Сонымен қатар тыңдау, орындау, аспапта ойнау, зерттеу дағдыларын жетілдіре түседі.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған нұсқаулық


Оқыту ресурстары

1.1

Музыка тыңдау және талдау

1.2

Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет


1.3

Музыкалық сауаттылық



1.1.1.2

Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау

1.1.2.2

қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау



1.1.3.2

қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату




Кең далаға саяхат
1-тапсырма. Тыңдалым

Құрманғазының күйін тыңдаңыздар. Оқушыларға күй әуеніне сәйкес келетін сурет таңдап алуын сұраңыз.

«Настроение» сөзінің қазақ тіліне аудармасын сұраңыз. Қазақ халқының аспаптық музыкасы мен адамның көңіл-күйі сөздерінің бірдей аталуы жөнінде сөз қозғаңыз.
2тапсырма.

Неліктен осы суретті таңдап алдың?
Сыныпта «Сарыарқа» күйін талқылаңыздар.

Неліктен Құрманғазының өз күйін осылай атағанын анықтаңыздар



3-тапсырма. Талдау

Сарыарқа даласын салатын болсаң, оны қандай қылып және қандай түстермен салар едің?



4-тапсырма 4. Талдау

Тайтұяқ аспабының көмегімен үнді қалай шығаруға болатынын анықтаңыздар.


5-тапсырма. Тыңдалым

«Көңілді паровоз» әнін тыңдап жаттаңыз.



6-тапсырма. Орындау

А.Естеновтің, А.Танидің «Көңілді паровоз» әнінің ырғақтарын тұяқтаспен соғып көріңіздер.



Ескертпе

Сыныпқа кіріп келе жатқанда эмоционалдық серпін беру мақсатында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін қоюға болады. Мұғалім жаңа ақпаратты түсіндіруді бастаған кезде күй бәсең орындалады. Осы орындалып тұрған күйдің «Сарыарқа» екенін айтыңыз.


1-тапсырмада мұғалім оқушылардға күй тыңдатады. Және бірнеше картина береді. Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің әуеніне сәйкес суретті таңдаған оқушы өз таңдауын түсіндіріп беруі тиіс.
2-тапсырмада мұғалім сыныпта оқушылардың «Сарыарқа» күйін талдап, талқылауы үшін арнайы материал дайындайды.

«Сарыарқа» күйі – Құрманғазының атақты күйі. Бұл туған жер, кең-байтақ дала, жазира жайлау туралы күй. Құрманғазы өз домбырасының үнінде қазақ халқының, даланың үнін бере білген.


3-тапсырмада мұғалім Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің сүйемелдеуімен сарыарқа суреттерін слайд арқылы көрсете алады. Сонымен қатар оқушылардан Сарыарқа даласын қандай түспен бояуға болатынын сұраңыз. Екі суретті салыстырып, түстерінің ұқсастығын табыңыз.

Сары түске неге қазақтар мән берген? Өткен сабақтардан мемлекеттік рәміздер туралы мағлұматтарды есіне түсіріңіз.



4-тапсырмада қазақтың ұлттық ұрмалы аспабы «тұяқтасты» көрсетіңіз. Тұяқтас аспабы жылқының тұяғынан жасалатынын түсіндіріңіз. Сонымен қатар оқушыларға аспапты ұстап, аттың шапқанда және аяңмен жүргенде қандай дыбыс шығаратынын анықтауды ұсыныңыз.
5-тапсырмада оқушыларға А.Естеновтің, А.Танидің «Көңілді паровоз» әнін үйренуді ұсыныңыз. Оқушылардан әннің мән-мағынасы мен оның көңіл күйін сұраңыз, әнді шумақтап жаттап алыңыздар.
6-тапсырмада оқушыларға «Көңілді паровоз» әнін айтқызып, тайтұяқ аспабының көмегімен оның ырғағын соқтырып көріңіз. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай басқа да әндерді таңдай алады.

«Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Сарыарка» күйінің жазбасы,

Қазақстан картасы (Сарыарқаны көрсету),

кең даладағы жылқылар шабысын бейнелейтін слайд көрсетілімі,

«Көңілді паровоз» әні. Сөзі А.Естеновтікі, музыкасы А.Танидікі

Музыка аспаптары (фортепиано, баян) немесе сүйемелдеу жазылған компакт-дискісі;
қазақтың соқпалы аспабы «тұяқ», төртбұрышты пішіндегі сары, қызыл және қара түсті карточкалар.


1.1


Музыка тыңдау және талдау

1.2


Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет

1.3


Музыкалық сауаттылық

1.1.1.2

Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау

1.1.2.1

әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.1.3.1

жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау



Аң аулауға шығамыз
1-тапсырма. Тыңдалым

К.М. Вебердің «Вольный стрелок» операсындағы аңшылар хорының әуенімен тыңдаңыздар. Оқушыларды музыканы ынта қойып тыңдауға дайындаңыз. Шығармада қандай дыбыстардың шығатынын анықтауды сұраңыз. Олар нені еске түсіреді? Оларды қайда естуге болады?




Тапсырма 2. Орындау

Бүркітпен аң аулау туралы бейнежазбаны көріңіз, содан кейін олардан дауыстарымен немесе қимылдарымен көрсетіңіз.




3-тапсырма. Тыңдау

Бұғышақ пен сақпан үрмелі аспаптарының үнін тыңдаңыз.



4-тапсырма. Орындау

Өткен сабақта А.Естеновтің, А.Танидің «Көңілді паровоз» әнін айтайық. Әнді үйрету ережелерін сақтай отырып орындатыңыз. Ән орындау барысында әннің көңілді орындалуына көңіл бөліңіз.




1-тапсырманы К.М. Вебердің «Вольный стрелок» операсындағы аңшылар хорының әуенімен бастаңыз. Оқушылардан аңшылық құралдары мен ер адамдардың дауыстарының дыбыстарын тыңдауларын өтініңіз.

Аңшылық құралдар тақырыбына кіріспе ретінде оқушыларға К. М. Вебердің «Вольный стрелок» хоры туралы айтып беріңіз.

Қазақстандағы аңшылық дәстүрі. Экраннан Қазақстанның дәстүрлі аңшылық өнері бейнеленген слайдты көрсетіңіз. Слайд бойынша бүркіт пен бүркітші жайлы баяндап беріңіз.
2-тапсырмада оқушыларға Қазақстаннан қандай құстарды көруге болатынын естеріне түсіруді ұсыныңыз. Мұғалім музыкалық шығарманы қалай және ненің көмегімен жақсартуға болатыны туралы талқылау ұйымдастыруы керек. Мысалы, кейбір музыкалық шығармаларға құстардың дауысын қосса, қызықтырақ болатындығын айтыңыз.
3-тапсырмада оқушылар аспаптардың дыбысталуын тыңдайды. Оқушылардан: Дыбыстарда айырмашылық бар ма? Үрмелі аспап шығарады, ал шулы аспап ше? деп сұраңыз. Оқушыларды үрмелі көне аспаппен таныстырыңыз. Оның бірі «бұғышақ», сондай-ақ, шулы аспаптарға жататын сақпанағаш сылдырмағы.
4-тапсырмада өткен сабақта үйренген А.Естеновтің, А.Танидің «Көңілді паровоз» әнін қайталауды ұсыныныз. Әнді үйрену барысын ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы, мұғалім аң аулауға жүйрік атпен шығуды ұсынады. Балалардан әнді орындарынан тұрып айтуларын сұраңыз. Ән тұяқ, асатаяқ, маракас секілді ұрмалы аспаптармен сүйемелденеді. Ән салғанда екпіннің нақтылығын, дыбыс әуезділігі мен үйлесімін, вокалды-хорды болуды талап етіңіз. Ұжымдық дыбысталу – жеке жұмыс түрімен сүйемелденеді: бір оқушы тұяқта екпінді соқса, екіншісі, асатаяқ, маракасты соғады. Ән салғанда шығарманың екпінді мінезін көрсетіңіздер. Ән айту барысында тұлпармен шапқандай қимыл көрсетуге болады.


К.-М. Вебердің «Вольный стрелок» операсынан аңшылар хорының жазбасы. http://ololo.fm http://5mp3.org
Бүркітшілердің фотосуреттерінің слайдкөрсетілімі; видеожазба: http://www.youtube.com http:www.youtube.com Казахстан: охота с беркутом1
Қазақ халқының аңшылықта пайдаланатын музыкалық аспаптары: үрмелі «бұғышақ» және шулы «сақпан» (видеокөрсетілім); аңшылықта пайдаланылатын музыкалық аспап дыбысының жазбасы; http://vk.com/kazmuzmuseum
Tұяқ, сылдырмақ: маракас;
«Біз аңға шығамыз» ойынына қажетті жабдықтар: түлкі мен қоянның бетперделері, «оригами» техникасымен жасалған қағаз бүркіт.

1.3 Музыкалық сауаттылық


2.1


Идея және материалдар жинақтау

3.1


Музыканы бағалау және көрсету

1.1.3.1

жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау

1.2.1.1

Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну

1.3.1.1

өз шығармашылық жұмысын көрсете білу


Көңілді паровоз

Тақтаға паровоздың және терезелері ашық үш вагонның суреті немесе сұлбасы бекітілген. «Көңілді паровоз» А. Естенов, А. Тани, «Голубой вогон» Э. Успенский, В. Шаинский әндері шырқалады.


1-тапсырма. Тыңдау және орындау

Композитор М. Старокадомский және ақын С. Михалковтың «Көңілді саяхатшылар» атты жеңіл әнін тыңдау және орындау.




2-тапсырма. Орындау

Жануарлардың дауысы мен дауыс бояуын анықта.

Отарбаға ұқсап тіркесе жүретін ойын ойнатыңыз.

«Тембр» терминін меңгертіңіз.


3-тапсырма. Зерттеу

Сыныпта аспаптарды зеттеп, олардың дауыс бояуын суреттеңіз.

Әрбір музыкалық аспаптың өзіне тән дыбыс бояуы бар екенін ескертіңіз. Әрбір аспапты зерттей отырып, оның әрбірінің дыбысына зер салуға шақырыңыз.

4-тапсырма. Тыңдау

Зерттеу әрекетіне тапсырма. Жұптаса отырып бір-бірінің дауысын таспаға немесе диктофонға жазып алып, тембрді ажырататын тапсырма беріңіз.



5-тапсырма. Музыка шығару

Кем дегенде 2 дыбысты қолданым, түрлі дауыс бояуын көрсететін музыка шығарыңыз.


6-тапсырма. Таныстыру

Сынып алдында жұмысыңызды таныстырыңыз.




Ескертпелер

Көңілді саяхат атмосферасын туғызу үшін сабақты машинистің ысқырығын және отарбаның дауысын тыңдаудан бастаңыздар. Бүгінгі сабақтың мақсатын айтып беріңіздер (көңілді отарбамен саяхат жасау).


1-тапсырмада композитор М. Старокадомский және ақын С. Михалковтың «Көңілді саяхатшылар» атты жеңіл әнін жаттап алуды ұсыныңыз. Әнді әр фразаны жеке және бірге қайталау арқылы ақырындап бір сөйлемге жинақтаңыз. Бір шумақ пен қайырмасын жаттауға болады.
2-тапсырмада мұғалім ойын түрінде «тембр» ұғымымен таныстырады. Ойын ережелерімен таныстырыңыз.

Бірінші болып дұрыс жауап берген оқушыға тақтаға бекітілген терезесі ашық отарбаға аюды отырғызуды жүктейді. Отарбаның 3 вагоны бар, оның келесі жолаушысына құсты алуға болады: жоғары дауыс және әуезді тембр; қозы: орташа дауыс және маңырайтын тембр. Дұрыс тапқан балаларға жануарларды вагонға «отырғызу» құқығы беріледі.

Ойынның соңында оқушылар тембр сөзі мен сілтемені үш тілде жаттап алулары керек.


3-тапсырмада музыкалық аспаптардың өзіндік жеке тембрлерін зерттеу оқушылардың музыкалық естіп қабылдау қабілетін, есте сақтау және зейінін дамытады. Оларға аспаптарды сыныпта зерттеп көруді және соңынан әр аспаптың тембрін суреттеп беруді сұраңыз.

Жауабы: Бубен жоғары, домбыра - ортаңғы, ал тұяқтас - төмен үн шығарады. Алайда оқушылар қоршаған ортадан, айналасындағы заттардан аспаптың тембріне ұқсасын табуы керек. Аспаптарды бірнеше рет тыңдай отырып, ортаңғысын табулары керек.
4-тапсырманы орындауда мұғалім оқушыларға көмектесуі керек. Ол үшін алдын ала қатты, күшті, сыңғырланған, көңілді, төмен, қатаң, бәсең, нәзік, ащы, жоғары және т.с.с. сын есімдерді дайындап қою керек. Бұл айдардың тапсырмалары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
5-тапсырмада оқушылар әр түрлі тембрлі дыбыстарды (жанарлар, машиналар, дауыстар, аспаптар, т.б.), кеімнде екі дыбысты таңдап, түрлі тембрді беретін музыка шығарады.

6-тапсырмада оқушылардың бір бірінің алдында жұмысын таныстыруын сұраңыз.

Бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмыстары бойынша өз пікірлерімен бөліседі және жұмысын жақсарту бойынша ойларын айтады.




«Көңілді паровоз» А. Естенов, А. Тани, «Голубой вагон» Э. Успенского, В. Шаинского.
Компьютер, бейне құралдар немесе интерактивті тақта,
«Көңілді паровоз» ойынына қажетті атрибуттар (құс, қозы, аю), отарбаның және 3 вагонның суреті немесе қиылған сұлбасы,

М. Старокадомский мен С. Михалковтың «Көңілді саяхатшылар» әніне сүйемелдеуге арналған аспап немесе әннің музыкалық сүйемелі бар СD диск.



1.2

Музыкалық-орындаушылық


3.1


Музыканы бағалау және көрсету

1.1.2.1

әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.3.1.1

өз шығармашылық жұмысын көрсете білу




Ғарышқа саяхат

Тапсырма 1. Тыңдалым

Электронды музыканы тыңдай келе, оның табиғи дыбыстармен ұқсастықтарын және өзгешелігін анықтаңыз.



2-тапсырма. Орындау

«Сағат» қысқа әнін айтып, оны диктофонға жазыңыз. оқушылардан «Сағат» қысқа әнін айтып көруді сұраңыз. «Соқ-са са-ғат бір-кел-кі, тық-тық, тық-тық. Ә-сем ды-быс ес-ті-лер, нық-нық, нық-нық.». Диктофонға қалай жазып алуға болатынын көрсетіңіз. Диктофон болмаса, магнитофонды немесе ұялы телефонды қолданыңыз.

Оқушылардан ән айту кезінде өз дауыстарын жазып алуды өтініңіз.

Жазып алған дауыстарын тыңдауға рұқсат беріңіз. «Дауыстарың өзгерді ме?» деген сұрақ қойыңыз. Әдетте жазып алғанда дауыс өзгереді, онда жасанды дауыс ырғағы пайда болады және балалар кейде өз дауыстарын танымай қалады.


Тапсырма 3. Таныстыру

Сыныпқа өз жұмысыңызды таныстырыңыз




1-тапсырмада оқушыларға дыбыстардың табиғи және электрондық болып бөлінетіні туралы айтып беріңіз. Таза электронды дыбыс компьютердің және синтезатордың көмегімен алынады. Олардың қалай естілетінін тыңдатыңыз. Электрондық дыбыстарды зерделей отырып, олардың табиғи дыбыстармен байланысын және айырмашылығын табыңыздар.

Жауап: Әуен, гармония, ырғақ және тембр бір-бірімен байланысты. Олар қатты, тыныш, біркелкі дыбыспен үн шығаруы мүмкін. Айырмашылығы табиғи және электрондық дыбыстардың пайда болуында.
2-тапсырмада Табиғи дыбысты анықтау – адамның дауысы мен жасанды (электронды) дауыс арасындағы айырмашылықты анықтауға арналған тапсырма.

3-тапсырмада оқушыларды сыныпқа өз жұмысын таныстыруын сұраңыз.


Интерактивті тақта, компьютер, дыбыс күшейткіш,


магнитофон немесе диктофон, ғарыштың және Жер ғаламшарының бейнесуреттері.
Көлеңкелер театры үшін: үлкен зымыран, электрондық дыбыстардың, зымыранның ұшуының бейнежазбасы.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет