Музыка оқу жоспары 1-сынып (орта білім беру жаңарту аясында)



бет6/7
Дата11.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#8986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7




Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып

6-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор


Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдерден әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық аккомпанемент құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренді.




Осы бөлімнің тілдікмақсаттары

Бөлім бойынша оқушылардың оқыту мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқада тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мазмұнына қараңыз.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасымен терминологиясы

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

•тыңдалған музыканы сипаттайды, халық музыкасы жөнінде өз пікірін айтады, өз көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізе біледі



қазақ музыкалық аспаптарының аттары;

  • күй, күйші

  • қобыз;

  • халық биі;

  • Наурыз мерекесі;

  • қазақтың ұлттық киімі;

  • халық ертегілері

Талқылауға арналған сұрақтар:
• Бұл дыбыс неге ұқсайды?

• Бұл аспап қалай аталады?

• Бұл аспапта қалай ойнау керек?


  • Бұл мереке тағы қандай халықтарда кезедеседі?

  • Сен Наурыз мерекесін қалай қарсы аласың?

Қысқаша шолу

Оқушылар ұлттық музыканың үлгілерімен танысады, музыка мен бейнелеу өнері арасындағы байланысын және олардың тарихпен байланыстарын зерделейді. Олар ойы мен сезімін түсіндіруге шабыттандыратын музыка тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады. Басқа бөлімдердегідей оқып үйренуде динамикалық карталарды пайдалана отырып, музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады. Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділерді көрсетеді, дәстүрлі халық әндерін үйренеді, күй тыңдайды, ұлттық би түрлерімен және би қимылдарымен, Наурыз мерекесі туралы ақпараттармен танысады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқыту ресурстары

1.1


Музыка тыңдау және талдау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет



1.1.1.1

Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, екпінін, динамикасын анықтау

1.1.2.2 қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау




Дәстүр

1-тапсырма

Тыңдау және талдау

Оқушылардын «салт», «дәстүр», терминдерінің.мағынасы жөнінде білімдерін анықтаңыз. Қазақ халқының қандай салттарын біліп көргендері бар? Неліктен салт, дәстірлер ән, өлеңдер, билердің қатысуымен болады?

«Қара жорға» әнін тыңдап, би қимылдарын жасаңыз.

«Бесік жыры», «Бір бала» әндерін тыңдаңыз. Бұл әндерді кім, қай жерде орындай алады? Неліктен? Осы әндердің әуенін тыңдағанда қандай қимылдар жасауға болады? Неліктен?

Тыңдаған музыкалық шығарманың көңіл күйін анықтауды (көңілді, қуанышты, қарқынды, салтанатты, мұңды, т.б.), тиісті сын есімдерді пайдалана отырып, музыканың көңіл күйін сипаттауды ұсыныңыз.

2-тапсырма: Аспапта орындау
Музыкалық-шулы аспаптармен қарапайым әуендік ырғақтарды соғып орындаңыз.

Ырғақтар жазылған үлестірмелерді қолданып аспаппен немесе қол соғып ырғақты орындаңыз.

Дәстүрлі халық әнін есту немесе аудиожазбасы бойынша үйретіңіз.

3-тапсырма

Музыка шығару

Қазақ халқының ертегісін оқып беріңіз. Оқушыларға тыңдалған ертегісін негізге ала отырып, шағын музыкалық сүйемелдеулер орындауды тапсырыңыз. Шағын музыкалық шығарма ойластырып, оны музыкалық шулы аспаптармен немесе дауыспен көркемдеп орындауына болады.

Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында (асатаяқ, қонырау, тұяқтас, дауылпаз) ойнауға жеңіл ырғақ таңдап алыңыз және олардан ырғақты үлестірме парақшаларды пайдалануды сұраңыз.

4-тапсырма.

Орындау

Қазақ халық әні «Тұсау кесу» үйретіңіз. Тұсау кесу дәстүрін таныстырыңыз. Әннің әуенін, музыкалық ырғағын қолмен шапалақтап немесе ырғақты соғып орындаңыз. Үлестірме материалдарын қолданыңыз.






1-тапсырма

Қазақтың ауылына виртуалды саяхат жасау арқылы олардың қызығушылығын арттырыңыз. Сабақтан тыс уақытта, мүмкіндік болса, оқушылардың ата-аналарымен бірлесе «бесікке салу», «тұсау кесу» салттарын көрсетуге болады.



«Дәстүр» тақырыбы 2 сабаққа бөлініп берілген. Сабақты қазақ халық әні «Қара жорға» биінің ырғақты қимылдарымен бастаңыз.

Қазақтың халық дәстүрлері туралы қандай білімдері бар екенін анықтаңыз, оқушылармен бірге талқылаңыз.

Қазақ халқының «Бір бала» мен «Бесік жыры» әнідерін Тыңдаңыздар. «Бұл әндер қай жерде, қандай жағдайда орындалады?» Неліктен?.

«Қара жорға», «Бесік жыры» мен «Бір бала» әндерінің мазмұнын, көңіл-күйін, ырғағын, екпінін, динамикалық бояуларын салыстырып, талқылаңыз.


2-тапсырма

Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында (астатаяқ, қоңырау, тұяқтас, дауылпаз) ойналатын қарапайым ырғақтарды таңдап, ырғақтық карталарды пайдалана отырып, қарапайым ырғақтық шығарма орындаңыздар.

Мұғалім қазақтың халық аспаптары туралы әңгімелеп, оны дәріптеуде қазақ музыкасын өзі ойнап немесе домбыра аспабының сүйемелдеуімен қалауынша орындайды.
3-тапсырма
Оқушыларға кейіпкерлердің ойлары мен сезімдерін жеткізіп көрсете алатын ертегіні таңдатыңыз. Мыс: «Ер Төстік», «Жыл басы кім болады?» ертегілерін оқи отырып, оларға кейіпкерлерге арналған шағын суреттемелер жасауды тапсырыңыз.

4-тапсырма
Тұсау кесу рәсімін қай жерде және қандай жағдайларда жасайтыны туралы әңгіме жүргізіңіз.

Тұсау кесу дәстүрінің қазақ халқында алатын орны мен оның мәні туралы балалардың пікірлерін ортаға салыңыз. Видео материалдар қолданыңыз.




Дәстүрлі қазақ музыкасы, мұғалім таңдаған ертегі
https://www.youtube.com/watch?v=KDAhRF6ACPA

https://www.youtube.com/watch?v=x5Klnl9Iazo
«Бесік жыры» қазақ халық әні, видео сюжеттер

Қазақстың халық әні «Бесік жыры»

Қазақтың халық әні "Бір бала"

Қазақ халқының ұрмалы аспаптары


https://www.youtube.com/watch?v=17wN9ccIZk0
https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1U

https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1


«Наурыз-думан» Т.Сарыбаев

Видеозаписи про праздник « Наурыз»

«Наурыз вальсі» З.Бейімбетова



https://www.youtube.com/watch?v=42znRt7puII

Қазақтың халық әні «Тұсау кесу»
https://www.youtube.com/watch?v=eHuVIvOP11I

Ырғақ жазылған карталар



1.1


Музыка тыңдау және талдау

2.2


Музыка шығару және импровизациялау

1.1.1.2

таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау

1.2.2.1

дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару





Халық ертегілері
1-тапсырма

Музыка тыңдау және талдау
Қазақтың халық ертегілерінің ішінде тек тіл, сөз арқылы ғана тыңдалатын емес, сонымен қатар күй тілімен айтылатын ертегінің бар екенін айтып өтіңіз. Қазақ халық аңыз-күйі «Ақсақ құлан» тыңдалып, мазмұнымен таныстырылады. «Күй», «аңыз-күй» сөздері таныстырылады.

«Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетіліп, күй тілінің бейнелі сюжеті анимациядағы бейнеленуімен салыстырыңыз.


2 тапсырма

Музыка шығару
Халық ертегілерін өз бетімен оқып, танысып оған шағын музыкалық суреттемелер шығаруды тапсырыңыз. Ертегі

күй тілінің қобыз аспабында өрнектелуін көрсете отырып, түрлі музыкалық-ырғақты қимылдар мен шағын суреттеме ойластырыңыз.




1-тапсырма
Қазақ халқының ұлы күйшілері мен халық күйлері арасында кездесетін аңыз-күйлер мен ертегілер туралы мәліметтер беріңіз. Қазақ халқының музыка өнерінің бастауында тұрған Қорқыт ата туралы аңызбен таныстырыңыз. Халық күйлері, Қорқыт ата күйлері «Аққу», «Ұшардың ұлуы» және т.б. тыңдатыңыз.

2-тапсырма
Өлеңмен жазылған «Аққу» ертегісімен таныстырыңыз.

Ондағы домбыра аспабы мен аққу құсының өзара байланысын әңгімелеп, оқушыларға ертегі туралы шағын өлең жолдары мен қысқа қайырым шығаруды тапсырыңыз.




Дәстүрлі қазақ ертегісі:
Дыбыс-бейнежазу құрылғысы
Ертегілер кітабы
"Ақсақ құлан" күйі

https://www.youtube.com/watch?v=7lDWtxLMh2g

https://www.youtube.com/watch?v=CjfqVJ1JMTg


1.2

Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет

2.2

Музыка шығару және импровизациялау


1.1.2.1 әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.2.2.1

Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару



Халық биі

Орындау
1-тапсырма

Қазақтың халық әнін үйретіңіз, мысалы, «Қамажай». Оқушыларға бейнебаянды көруді ұсыныңыз. Әнге би қимылдарын қосыңыз.

Әндегі қарапайым ырғақтық суреттерді тырсылдату және шапалақтау.

Балаларға арналған ұрмалы-шулы аспаптарды пайдаланып, музыкалық сүйемелдеу қосып, би қимылдарымен әнді орындатыңыз.

Жазбаны пайдаланып, әнге би қимылдарын қоюды ойластырыңыз.
2-тапсырма

Аспапта орындау

Қазақ музыкалық аспаптары қолданылған музыкалық шығарманы таңдап алыңыз. Оқушыларға үзіндіні тыңдату және олардан естіген аспаптарында ойнаған секілді қимылдар жасауын сұраңыз. Аспаптардың суреттерін немесе аспаптардың өзін көрсетіңіз.

Үзіндіні қайталап тыңдатыңыз және оқушыларға музыканы бейнелеп беруін тапсырыңыз. Бір-бірімен идеяларымен бөлісуді сұраңыз.




1-тапсырма
Жеңіл музыкалық сүйемелдеу жасап, қарапайым би қимылдарын қоя алатындай әнді таңдап алыңыз.

Оқушыларды қазақтың жеке би қимылдарымен таныстырыңыз. Әнді би қимылдарын қоса қайта дайындаңыз.

Алдыңғы сабақтың соңында жасалған жазбаны қолдана отырып, биді дайындаңыз. Бейнетаспаға жазып, сабақта пайдадануды ұсыныңыз.


2-тапсырма
Шулы музыкалық аспаптарда «Қамажай» әнінің ырғағын соғып орындатыңыз. Сонымен қатар би ырғағында орындалатын шығармаларды оқушылармен таңдаңыз. «Вальс», «Полька» би ырғағын қазақ халық би әуенімен, Д. Нұрпейісованың «Қосалқа» күйімен, «Би» күйімен салыстырыңыз.

Қазақтың халық әні «Қамажай»

https://www.youtube.com/watch?v=j9ZxORAV8JA

https://www.youtube.com/watch?v=JchV2MM2mvc


Биді үйренуге көмектесетін ғаламтордағы клип


Балаларға арналған музыкалық аспаптар

1.1


Музыка тыңдау және талдау

1.1.1.2

Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау



Наурыз” мейрамы
1-тапсырма

Музыка тыңдау және талдау
«Наурыз-думан» әнін балалардың көпшілігі жақсы біледі. Орындау барысында Наурыз туралы видеокөрсетілім ұйымдастыруға болады. Басты әуенді музыкалық-шулы аспаптармен сүйемелдейміз.

2-тапсырма
Көрсетілім

Оқушыларға автор құқығын беріп, өз идеяларын түсіндіріп беруге шақыру.

Жұп ішінде осы музыканы талқылауды сұраңыз.

Мұғалім, мүмкіндігініше, оқушылардың музыкасының жазбасын келесі сабақта өтетін материал ретінде пайдалана алады.





1-тапсырма
Оқушылармен бірге Наурыз-думанға музыкалық сүйемелдеу ойлап табыңыздар. Мерекелік көңіл-күйді барынша жақынырақ бере білетін ұрмалы-шулы аспаптарды таңдаңыздар. Әннің негізгі мазмұны мен мағынасын түсіндіріңіз, оқушылар өз суреттерімен, әсерлерімен, ата-аналарынан естіген әңгімесімен бөлісе алуы үшін «Наурыз» пікірталас клубын ұйымдастырыңыз.

2-тапсырма

Оқушыларды «Наурыз» мерекесіне шақырыңыз. «Сен Наурыз мерекесіне қандай дайындықпен келдің?» деген сұрақтар қойып, қазақ халқы өмір-тіршілігінде наурыз мерекесінің орны мен мәнін түсіндіріңіз.

Күн мен түннің теңелуі, үлкендердің батасы, ел амандығы туралы тілектер, т.б. туралы ауызша диалог ұйымдастырыңыз.


Өткен сабақтағы ән


Динамикалық белгілері бар карта
«Наурыз-думан» Т.Сарыбаев

Видеозаписи про праздник « Наурыз»

«Наурыз вальсі» З.Бейімбетова

https://www.youtube.com/watch?v=topjwB6E4I4

https://www.youtube.com/watch?v=42znRt7puII

Балаларға арналған музыкалық аспаптар


Мұғалім таңдап алған музыка
Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихы, мәдениеті

http://www.youtube.com/watch?v=STTTSBU0GJs

i
Құрманғазының Күйі Сарыарқа

http://www.youtube.com/watch?v=wmKyPt2FcbE
Н.Тілендиев. «Аққу» күйі



Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып

7-бөлім: Тағамдар мен сусындар.

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдерде, музыка сабақтарында алған білімдерін көрсетуді, орындауды, қарапайым импровизация жасауды, орындалған жұмыстарына пікір айтуды, өз шығармаларын таныстыруды үйренді.




Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша оқушылардың оқыту мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мәтінінің мазмұнына қараңыз.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы мен терминологиясы

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

- музыкалық терминологияны қолдана отырып, жеке және топта шығарманы талқылап, талдайды;

- жұптық және топтық жұмыстар орындайды;

- өз пікірін және сезімдерін айтады;

- коммуникативті дағдыларын дамытады.


  • жанр;

  • марш;

  • ән;

  • би;

  • кідіріс (пауза), ырғақ, қысқа, ұзын

  • нота, жоғары, төмен

  • сазсырнай;

  • оркестр, дирижер.



Талқылауға арналған сұрақтар:
Аспап үні қандай? Неге?

Аспаптар сырт бейнесімен қандай көкөніске немесе жемістерге ұқсайды?

Музыка қандай көңіл-күйді жеткізеді?

Себебін айта аласыз ба?……

….. сіз бұл дыбысты таңдадыңыз? Темпі қандай?

Музыкаға қандай қимылдар сай? Берілген музыкаға билеуге бола ма? Неге?



Қысқаша шолу

Берілген бөлімде оқушылар «Тағамдар мен сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жаңа ән репертуарын үйреніп, тыңдауға арналған әртүрлі музыкалық шығармалармен танысады, «марш» жанрымен танысады, «ән», «би», «күй» жанрларымен салыстырады. Оқушылар әрі қарай музыкалық сауаттылық негіздерімен танысады, алған білімдерін тәжірибеде бекітеді. Оқушылар соль және ми ноталарының орналасу биіктігін анықтап, терция интервалын таза орындай алады. Сонымен қатар, жоғары, орта және төмен регистрлі дыбыстарды танып анықтауды, тыңдалған музыканы талдап, талқылауды үйренеді, коммуникативтік дағдыларын түрлі топтарда жұмыс жасап дамытады. Музыка шығару, орындау барысында өз пікірін айтуды үйренеді. Басқа бөлімдерде қарастырылған ырғақтық және дыбыс биіктігін есту дағдыларын дамыту жалғастырылады. Осы бөлімдегі оқу материалдардың мазмұны қазақ халық, сонымен қатар қазақстандық және басқа да әлем композиторлардың шығармаларын тыңдау, орындау арқылы қазақ, басқа елдер мәдениетіне деген сыйластық сияқты құндылықтарды қамтиды.



Оқу бағдарламасына сілтеме



Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері

Мұғалімге арналған нұсқаулық


Оқыту ресурстары

1.3 Музыкалық сауаттылық


1.2


Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет

1.1.3.1

жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау

1.1.2 .2

Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау

1.1.2.1

әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау



Музыка ырғағы

1-тапсырма. Музыка сауаттылығы.

Өлеңді тыңда.

Топта талқылап өз ойыңды, идеяңды ортаға сал:


  • Берілген өлең-жырды қалай оқып берер едің?

  • Оқылымда не жеткіліксіз?

2-тапсырма. Аспапта ойнау.

Кідірісті (пауза) сақтай отырып, музыкалық ырғақты орында.

Берілген ырғақ суреттерін аспапта орында. Берілген ырғақты сақтай отырып, қазақ тағамдары немесе сусын атауларын орындап көр.
3-тапсырма. Аспапта ойнау

«Жарайсың» әнінен үзінді орында. Үзінді ырғағын бубен аспабында орындап көрсет.


1-тапсырма.

Мұғалім өлеңді бір демде, үзіліссіз оқып беріңіз. Оқушылардан оқылым туралы өз ойларын топта талқылауды сұраңыз.



2-тапсырма.

Мұғалім оқушыларды «Тағам және сусындар» ортақ тақырыбының мазмұнына сәйкес 4 топқа бөле алады (алма, алмұрт, банан, апельсин). Оқушылардың санына қарай жеміс (шие) суреті салынған карточкаларды дайындаңыз. «Төрттік» және «сегіздік» дыбыс ұзақтықтары бейнеленген карталарды көрсетіп қайталаңыз. Әр топқа өзіне берілген төрттік өлшемдегі ырғақ суретін орындауды сұраңыз.



3-тапсырма.

«Жарайсың» әнінен үзіндіні қараңыз.

Әнде кездесетін кідірістерге, ырғақ суреттеріне, дыбыс ұзақтылықтарын салыстырып, талдаңыз. «Молодец, жарайсың, very good» және «Вперед, сәттілік, all the best» сөздерін үш тілде бірге айтыңыз.

Мұғалім таңдап алған өлең.


Топқа бөлу үшін жеміс-жидектер бейнеленген карталар, жидек (шие) түрінде суреттелген ырғақ белгілері бар карталар, музыкалық шулы аспаптар – бубен, үшбұрыш, маракас, тб (мүмкін болса, бірнеше аспаптар).

сөзі: М.Адибаев

муз:А.Тани «Жарайсың» әні.
Наурыз мерекесі туралы әндер

1.1


Музыка тыңдау және талдау
1.2

Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет


2.2

Музыка шығару және импровизациялау

1.1

Музыка тыңдау және талдау



1.2

Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет

1.3 Музыкалық сауаттылық

1.3 Музыкалық сауаттылық

2.1

Идея және материалдар жинақтау



3.1 Музыканы бағалау және көрсету

1.1.1.2

Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау

1.1.2.1

әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.2.2.1


Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару

1.1.1.1

Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау

1.1.2 .2

Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау

1.1.3.1

жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау

1.1.3.2

қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату

1.2.1.1

Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну

1.3.1.1


өз шығармашылық жұмысын көрсете білу


Жоғары, төмен
1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Бейне жазбаны қарап, талда.



  • Қазақтың музыкалық аспабы сазсырнайдан дыбысты қалай шығарамыз?

  • Сазсырнай сырт бейнесімен қандай көкөніске ұқсайды?

  • Музыка қандай көңіл-күйді жеткізеді?

2-тапсырма. Аспапта ойнау.

«Ара» әнінің жазбасына қара. Қол белгілерімен көрсетіп, әуенді жоғарырақ, төменірек айт.

Шулы аспаптарда «Ара» әнінің ырғағын орында.

3-тапсырма. Орындау.

А. Танидің «Наурыз көже» әнін үйрен.

Әннің бір жолын қатты, келесі жолын ақырын орында.

Тапсырма 4. Шығару және импровизация

Суреттен "Наурыз көженің" құрамындағы тағамдарды тауып, есіңе түсір.

Сурет бойынша соль және ми ноталарынан тұратын әуенді ойлап шығар.


Сап түзейміз және әндетеміз
1-тапсырма. Тыңдау және талдау.
П.И. Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармасын тыңда.


  • Шығарманы тыңдаған кезде қандай сезім туды?

  • Қарқыны қандай?

  • Қандай қимыл-қозғалыс көрсете аласың?

  • Марш музыкасына билеуге бола ма? Неге?


Қосымша тапсырма

"Викторина"

Жанр бойынша жасырылған музыканы тап.
2-тапсырма. Аспапта орындау.

Муз: А.Тани, сөзі А.Естенов «Жемістер маршы» әнін үйрен.

Топпен шулы аспаптарда марш ырғағын орында.

3-тапсырма. Музыкалық сауаттылық


  • Марш екпіні нешеге дейін саналады?

  • Маршқа сай ырғақты топпен таңда.


Жемістер концерті
1-тапсырма. Музыкалық сауаттылық

Шығарманы тыңдап, топта талдау:



  • Шығарманы кім орындап жатыр?

  • Фортепиано мен оркестр орындауының қандай айырмашылығы бар?

  • Қандай аспап бояуларын (тембр) естідіңіз?

  • Оны қалай анықтадыңыз?



2-тапсырма. Орындау.

«Жемістер маршы» әнін қайталаңыз.

музыкасы А. Танидікі, сөзі: А.Естенов.
3-тапсырма. Идея жинақтау

Өз идеяңызды ұсыныңыз:



  • Сіздің орындауыңызды қалай жетілдіруге болады?

  • Тағы қалай толықтырасыз?


4-тапсырма. Презентация

Топтық орындауыңызды дайындаңыз:



«Алмалар тобы»:

Шулы аспаптарда әннің ырғақтық суретін орындаңыз.



«Қызанақтар» тобы:

Әндегі біркелкі соққыны шулы аспаптар көмегімен көрсетіңіз.



«Шиелер» тобы:

Әнді дауыспен орындаңыз.




1-тапсырма

Мұғалім сазсырнай музыкалық аспабымен таныстырғаны жөн, оқушыларға тыңдау үшін ансамбльдің орындауында «Балдырған» күйін қойыңыз. Көрсетілім мен тыңдау аяқталғаннан кейін сазсырнайдағы дыбыс шығару тәсілдері мен орындау ерекшеліктері жайында оқушылардың пікірлерін сұраңыз.



2-тапсырма

Мұғалім оқушыларды «Ара» әніне мұқият қарауларын сұраңыз:





А-ра бал-ды жи-най-ды, нет-кен тәт-ті дә -мі

Әуенді кез келген буынға, мысалы, «ля», «лё», «пам» айтып, қол белгілер техникасын пайдаланып, орындауларын өтініңіз. Әннің ырғақтық суретін бекіту үшін, ырғақты соғып көрсетуді өтініңіз. 3-3-тапсырма

Оқушылармен «Наурыз көже» әнін ережеге сай орындаңыз.

Әннің бір жолын қатты, екінші жолын ақырын орындауға тапсырма беріңіз.



Тапсырма 4

Берілген суреттердің ішінен «Наурыз көженің» құрамына жататын тағамдарды естеріне түсірулерін өтініңіз. Берілген бес суретке қарапайым сөздер ойлап тауып, оларды «соль» және «ми» дыбыстарда орындауды ұсыныңыз. Топтарға өз әуендерін парталарына салуды ұсыныңыз.



1-тапсырма

П.И. Чайковскийдің "Марш деревянных солдатиков" шығармасын фортепиано аспабында орындалған нұсқасын тыңдауды ұсыныңыз. Сыныппен талдау жүргізіңіз. Шығарманы екінші рет қосып, сапқа тұрып музыка екпінінде жүруін сұраңыз. Оқушылардан марш ұғымы жөнінде білімдерін анықтаңыз. Марш музыкасына сәйкес қандай қимылдар жасауға болатынын анықтаңыз? Неліктен марш жанры пайда болды?


Сонымен қатар, қосымша тапсырма ретінде әртүрлі жанрлардағы (күй, ән, би, марш) музыканы жасыра аласыз.

2-тапсырма

ән қандай көңіл-күйде орындалатынын, тыңдау кезінде қандай қимылдар жасауға болатынын біліңіз. Бұл тапсырмадан кейін әнге сәйкес сурет таңдауды ұсыныңыз. Тапсырмаларды топта орындаңыз. 1-топ бірқалыпты соқса, 2-топ ырғақты соққы суретін орындай алады.

3-тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беру үшін, мұғалім үлестірме карталарын тарата алады. Карталарда марш ырғағына сәйкестендірілген төрттік өлшемге саналатын «төрттік», «сегіздік» ұзақтықтары және «төрттік кідіріс» (пауза) суреттері бейлегенгені дұрыс.



1-тапсырма

П.И. Чайковскийдің «Марш деревянных солдатиков» шығармасын

симфониялық оркестр орындауында тыңдатыңыз. Шығармада қандай аспаптардың дыбыс бояуын естігенін біліңіз. Симфониялық оркестр және дирижер туралы қысқаша мәлімет беріңіз.

2-тапсырма

музыкасы: А. Танидікі, сөзі: А.Естеновтікі «Жемістер маршы» әнін ережеге сай қайталаңыз.



3-тапсырма

Ән орындауда нені жетілдіру керек деген сұрақты қарастырып, нұсқаларын талқылаңыз.



4-тапсырма оқушыларды үш топқа бөліңіз. Бұл тапсырманы төменде берілген рөлдік ойын түрінде өткізіңіз: Мұғалім дирижер рөлінде: сөйлемнің басталуы мен аяқталуын, динамикасын, темпін көрсетіп, басқарады.

Бұл тапсырмалар арқылы оқушылар оркестр туралы алған білімдерін бекітіп, өз орындауларын тәжірибеде көрсете алады.



Музыкалық аспап немесе сазсырнай аспабының суреті.

А. Құдайбергеновтің

«Балдырған» күйі

http://www.youtube.com/watch?v=Xtdhwjt1MDw

сөзі: М. Адибаева музыкасы: А.Тани «Наурыз көже» әні

(Мұғалім таңдауына музыкасы А. Пахмутова, сөзі Ю.Черныхтің «Кто пасется на лугу?» әні).

топтарға бөлуге арналған, сусындар мен тағамдардың (қызылша, бидай, сүр етпен қазы-қарта, қияр, айран) суреттері бар кішігірім үлестірме парақшалары, екі динамикалық парақшалар (f) мен (p).


Наурыз мерекесі туралы әндер

П.И. Чайковский "Марш деревянных солдатиков" (фортепиано аспабының орындауында)

музыкасы: А.Тани, сөзі: А. Естенов "Жемістер маршы" әні.

«Төрттік», «сегіздік» ұзақтықтары және «төрттік кідіріс» (пауза) бейлегенген үлестірме карталары


П.И. Чайковскийдің «Марш деревянных солдатиков» шығармасы

(симфониялық оркестр орындауында)

Музыкасы: А.Тани, сөзі: А.Естенов

«Жемістер маршы» әні




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет