Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы


Бүйректің функционалдық жағдайын бағалау



бет10/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,37 Mb.
#34118
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бүйректің функционалдық жағдайын бағалау.

Клиникалық практикада бүйректің функционалдық қасиеттері, бүйрек функциялары негізгі базалық жағдайда және жүктемелік функционалдық сынақтары жағдайында (мамандандырылған стационарлық бөлімдерде) тексеріліп, анықталады. Базальды жағдайда кең қолданылатын бірнеше әдістерді қарастырайық.

Зәрдің тығыздығы мен көлемін анықтайтын кең таралған функционалды, және бүйрек түтікшелерінің жеке бір функцияларын бағалайтын сынақтар: Зимницкий сынағы, концентрациясы араластырылған сынақ, кейде жүктемесі күрделірек әдістер (аммонимен және басқа заттармен).

Зимницкий сынағы. Бұл әдістің жақсы жері ауру әдеттегідей тамақ ішіп сусындап (тәулігіне 1,2 литрдей сұйықтық алғанда) отырады. Сондықтан ол байқауды ауруханаға жатқаннан 3 күннен соң жасайды. Ертеңгілік бала дәреттенгесін (оны таңертеңгі анализге өткізеді) сағат 9-дан келесі күннің таңғы 6-на дейі, зәрді әрбір 3 сағат сайын бөлек ыдыстарға жинайды, бәрі 8 ыдыс болады. Оның алдыңғы 4 мөлшерсы(9,12,15 және 18с) күндізгі зәр, ал, соңғы төртеуі -түндікі (21,24,3 және т.с.с.) болады. Тәуліктік ішкен сұйықтықты есептейді. Сау адамдарда зәрдің тәуліктік көлемі ішілген сұйықтың 67-75% құрайды. Тәуліктік зәрдің көлемін есептегенде, сұйықтықтың тыныспен және буланумен бөлінуін ұмытпаған жөн, сондықтан ішілген сұйықтың 20% ауытқуды құрайды. Қалыпты жағдайда тәуліктік зәрдің 2/3 – 2/4 бөлігі күндізгі, қалғаны түнде. Никтурия (түнде бөлінген зәрдің түндегіден артуы), бүйрек ауруларының немесе жүрек-тамыр жетімсіздіктерін дәлелдейді. Салыстырмалы тығыздық 1005-1025-те тербеледі, қалыптыда осы мөлшерлардың ішінде ең болмаса біреуінің тығыздығы 1015-тен кем болмау қажет. Зәрдің әрбір мөлшерсында көлемін, тығыздығын анықтайды.

Олигурия – зәрдің тәуліктік көлемінің азаюы – сұйықтықты жеткіліксіз алғанда, дененің жоғары қызбасында (тыныстаудағы perspiratio insensibilis күшейгеннен), құсқанда және іші өткенде, жүрек – тамыр кемістігінде, нефриттің басында (әсіресе ісіну пайда болар кезеңінде), негізінен олигурияға сын көзбен қарау керек.

Анурия – егер диурез қалыптыдан 1/5 кем болса. Анурия әруақытта бүйрек кемшілігін көрсетеді (әсіресе, ол жедел түріне тән).

Полиурия қалыптымен салыстырғанда диурездің 2 есе өсуі. Полиурияда диурездегі су реабсорбциясының бар болғаны 1% -ке төмендегені, диурездің 300-500мл.-ге өсіреді. Полиурия физиологиялық жағдайда, бала шамадан тыс сұйық қолданғанда кездеседі. Полиурия диабетте (қантсыз және қант), сол сияқты жүрек және бүйрек ауруларындағы ісінулері қайтқан кезде, СБЖ дамудың компенсаторлы фазасында немесе ЖБЖ-нен жазыла бастағанда байқалады.

Зимницкий сынамасымен қатар сұйылту және концентрацялық сынамалар қолданылады. Балаларда концентрациялық және сұйылту сынамаларының бірқатар ерекшеліктері бар, сонымен, балалар суды шектеуді де, сулық жүктемені де қиыншылықпен көтереді. Осы мақсатта 5-15 жасар аралықтағы балаларға сағат таңертеңгі 8-де 25-30 мл./кг. (5-10 жас) немесе 20 мл./кг (10-15 жас), тәттілеу суды тал түсте, кешке – құрғақ тамақты (нан, күріш, ет) береді. Сағат 8-ге баланың қуығын босатады, сосын сағат 8-ден 12-ге дейін әрбір 30 мин. сайын, одан кейін 12-ден 20 сағатқа дейін әрбір 2 сағ. сайын, 20-дан келесі таңертеңгі сағ. 8-ге дейін бала қалай дәреттенгісі келсе, солай зәрін жинайды. Әрбір мөлшерның көлемін, тығыздығын өлшейді. 1-ден 5 жасқа дейін тексеруді ересек балалар сияқты жүргізеді. Емшектегі балаларға суды сағ. 8-де 30 мл/кг көлемінде беріп болғасын, оны емізеді (сүт-қоспасын береді).

Бағалау:

- бірінші 4 сағ. көлемінде зәрдің көлемі ішілген сұйықтан артық болу керек;

- зәр тығыздығы 1004 төмен болмау керек;

- зәр тығыздығы әрі қарай өсіп, 1025-тен жоғары болу керек.

3 айға дейінгі балаларда бүйректің концентрациялық функциясы дамымаған. Сондықтан, зәр тығыздығы аз өзгереді. 3-5 айдан кейін зәрдің тығыздығы тербеле бастайды.

Су жүктемесіне 4 сағ.дейін және одан кейін баланың салмағын өлшейді. 4 сағ. бойына массасының жоғалған салмағы бөлінген зәрден артық болады, өйткені сұйықтық тері және тыныс арқылы бөлінеді (баланың массасына ішілген сүйықтың көлеміде кіреді). Бүйрек функциясы төмендегенде, 4 сағ. бойына ішілген сұйықтың бәрі бөлінбейді, мөлшерлардың көлемдері шамамен бәрінде бірдей, ал зәр тығыздығы 1006-1007-дан төмен емес, ол деген ішілген сұйықтық толығымен шыққан жоқ (кейде тәулік бойы).



Бүйректің едәуір функционалдық бұзылуында зәр тығыздығы бірінші мөлшерларда 1010-1012 деңгейінде қалуы мүмкін. Зәрдің бөліну қызметін тексеруге арналған сынақпен, шумақтық фильтрация мен азоттық шлактарды шығару функцияларының қалыпты фонында, түтікшелердің реабсорбциялық функциясының жоғарылағаны тексеріледі

Бүйректің концентрациялық қабілетінің кемшілігінде зәрдің кейбір мөлшерларында көлемі біртіндеп өсе бастайды, бірақ оның тығыздығы 1020-1025-тен көтерілмейді (гипостенурия түтікшелер реабсорбциясының төмендеуінен). Бұндай сынақтарды жүргізуге болмайды: аурулардағы ісінулер, жүрек жетімсіздігі, жоғары артериалдық қысым, азотемия. Бірақ, су алмасуын реттеуге бүйректен басқа да ағзалардың қатысатынын, сынақтардың нәтижелері осылардың жағдайына да байланысты екенін көрсеткен жөн (жүрек, бауыр, жүйке жүйелері, қалқанша без, бүйрекүсті бездері, гипофиз). Зәр тығыздығын өлшеу негізінде, оның осмолярлығын, олардың араларында белгілі бір бағыныштылықтың бар екені анықталады.

Ерте жастағы балаларда тексеруді, өз еркімен, шектелмей дәреттенетін әдіс – Розельман сынағымен жүргізеді.

Зәрді биохимиялық зерттеудің маңызы қандағы заттар концентрациясының зәрмен шығуын салыстыру. Бұл қатынастар судың, аминқышқылдарының, азот шлактарының немесе минералды заттардың ағзада жоғалуы мен іркілуінің патофизиологиялық механизмдерін табуға көмектеседі.

Мочевинаны және креатининді, бүйректің функционалдық жағдайын, атап айтқанда шумақтық фильтрацияны анықтайтын зерттеулерді биохимиялық тестілер тексереді.

Қан мочевинасы 3,5-8,0 ммоль/л

Қан кретинині 0,062-0,123 ммоль/л, 70-106мкмоль/л

Мочевина деңгейінің жоғарылауы клиникасымен сәйкестенсе, әрине креатинин жоғарыласа шумақтық фильтрацияның бұзылғанын көрсетеді (ГН, ПН, ТИН, ЖБЖ, СБЖ).

Басқа да сынақтар бар –эндогенді креатининнің клиренсі және басқа да нефронның фильтрациясын көрсететін әртүрлі жүктемелік сынақтар – балаларда кең қолданылатын, мамандандырылған бөлімдерде жүргізілетін және бүйректің функционалдық жағдайын толығырақ анықтайтын - Фольгард сынағы.

Үдерістің белсенділігін, сол сияқты терапияның тиімділігін бағалауға текке ғана арнайы анализдер мен сынақтар емес, стационарлық жағдайда орындалатын, қанның жалпы анализі, қанның биохимиялық анализдері – жалпы протеин және оның фракциялары, липид алмасуының көрсеткіштері.

Қанның жалпы анализінде нормохромды анемия (үдерістіңтің созылмалығы, лейкоциттер, ЭШЖ-ның жылдамдауы– үдеріс белсенділігінің көрсеткіштері). Қанның биохимиялық аналзиінде – гипопротеинемия, гипоальбумиемия, диспротеинемия: глобулиннің б1 фракциясының жоғарылауы ауыр, әлсіз ағымды, баяу үдерістерге тән. б2 фракция – бұл үдеріс өткірлігінің, ауырлығының көрсеткіші, глобулиннің в – фракциясы май алмасуымен байланысты, г – фракциясы ұзақ ауыр үдерістерде, шын НС-те – төмендейді, ал НС жүйелі аурулар фонында жүрсе ол көрсеткіш жоғарылайды. Тек липид алмасуының көрсеткіші ғана – холестерин және липидтер, НС-ның белсенділігімен паралелльді өзгереді және жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігін көрсетеді. Биохимиялық қалыпты көрсеткіштер:

Плазманың жалпы протеины – 65-85 г/л.

Альбуминдер – 58,8-69,6%.

Глобулиндер: б1 – 1,8-3,86%,

б2 – 3,7-13,1%,

в – 8,9-13,6%,

г – 8,4-18,3%.

Холестерин - 3,72-8,79 ммоль/л.

Липопротеидтер – 35-55 бірлік/л.

Нефрологиялық бөлімдердің негізінде бүйрек патологияларының диагнозын анықтау үшін кең түрде диагностиканың инструменталдық әдістері қолданылады: құрсақ кеңістігінің шолу рентгенограммасы, экскреторлы урография, микционды цистоуретрография, радиоизотопты ренография, ретроградты және тікелей цистометрия, бүйректік ангиография, бүйректі УДЗ, цистография, цитоскопия, радиоизотопты әдістер, ангиография, пневморен, биопсия.



ГН-тің жекеленген зәрлік синдромы

Қазіргі кезде аурудың жекеленген зәрлік аз симтомдық немесе ісіну, гипертензионды симптомдарымен қосылған түрлері жиірек кездеседі. Балалардың жалпы жағдайы бұзылмаған, ал зәр өзгерістері ангина, скарлатинадан кейін жоспарлы тексерулерде кездеседі. Мұндай баяу ағым созылмалы нефриттің бірінші көрінісі болуы мүмкін. Аурудың ең басынан туылған және тұқымқуалаушылық нефропатиялардан, урологиялық патологиялардан ажырату керек. (Қосымша алгоритмдерді қараңыз).


2. ГН-тің жекеленген зәрлік синдромдық түрін диагностикалаудың алгоритмы


Жекеленген зәрлік синдром

(протеинурия тәулігіне 1г/л-ден аспайды. Эритроцитурия көру аймағында 10-15, 1мл 5000-30000; Лейкоцитурия 10-50 п/зр., 5.000 – 30.000 в 1 мл.)






Жекеленген зәрлік синдромды ГН.




Жүйелі аурулар-дағы бүйректің зақымдалуы




Зәр жүйесі дамуының ақаулары мен аномалиялары




Тұқым-қуалаушылық нефрит-тер.




Тұқымқуалау-шылық зат ал-масу бұзылы-сындағы неф-ропатиялар. Интерстициал-ды нефриттер.




пиело-нефрит




Жанұя-лық анамнез




Туысқандарындағы зәр жүйе-лерінің аномалияларымен ақаулары.




Туысқанда-рындағы нефрит, саңырау-құлақ, көз патология-лары.




Туысқандарын-дағы зат алмасу бұзылулары: уролитиаз; холелитиаз; подагра, семіздік




Анасында пиело-нефрит



Диспластикалық белгілері




Іштің немесе белдің ауыруы. Дизурия




Тері, кілегей, қабат, буын, бұлшықет, лимфа түйін-дерінің зақымдалуы. Лихорадка, серозиттер-висцериттер




Естудің нашарлауы, патология-лары. Инфекция-лық аурулар-да зәр синд-ромының күшеюі. Гипотония




Нерв-артриттік конституция. Іштің, белдің ауысуы. Мүмкін уролитиаз, дизурия.




Клиника-лық симптом-дар



Температураға реакция. Іштің, белдің ауыруы. Дизурия

Жокх




Диагнозды анықтайтын зерттеулер.



Лабора

тория

**

LЕ – клеткалары, антинуклеарлы фактор. ДНК-ға антидене, гипер гамма-глобулинемия, лейкопения, гиперлейкоцитоз, гиперэозинофилия (УБ)




Қан анализінде қабыну белгілері жоқ.

____

Оксалат, урат, кальций экскре-циаларының артуы, амино-ацидурия, стимуляциялайған кристаллурия, мембранолиз, көрсеткіштерінің көтерілуі




Нейтрофильді лейкоцитурия, бактериурия, бактериямен жабылған антиденелер



Рентгенконт-расты, радио-нуклеоидты, ультрадыбыс-ты.




Диафрагманың жо-ғары тұруы, ангио-графияда микро –аневразимдер ультрадыбысты.




Даму ақауларын табу




Кейде аномалииялар




Конкременттер табылуы мүмкін




Жиі даму ақаулары, обструкцияның басқа түрлері




Морфобиоптика-лық өзгерістер




ГН-тің әртүрлі типтері




Әртүрлі ка-либрлы та-мырлардың зақымдалуы, капиллярдың фибриноидты некрозы ба-зальды мембрананың қалыңдауы, тубуло-интер-стициалды өзгерістер




Бүйрек тіндерінің дизэмбриогенезы интерстициалды фиброзы




Мезангиопролифератив-ты тубуло -интерсти-циалды өз-герістердің бірігуі. Дизэмбрио-генез белгілері болуы мүмкін.




Тубуло- ин-терстициал-ды өзгеріс-тер. Лимфо-макрофагальды инфильт-рация. Крис-таллдардың болуы.




Тубуло интерстициалды өзгеріс-тер. Ошақты склероз, полинуклеарлы инфильтрация



* ГН-тің жекеленген зәрлік синдром диагнозы, зәрде осындай өзгерістермен жүретін аурулардың жоқтыәын дәләлдегеннен кейін ғана қойылады және морфобиопсиялық тексерулермен расталады.

** Аурудың динамикасында бірнеше жылдардан кейін, ГН-ке тән клиникалық және лабораториялық симптомдардың өршуі мүмкін.
Қысқартылған сөздердің тізімі

АКТГ – адренокортикотропты гормон

БСА – бүйректің созылмалы аурулары

БТА – бүйректің тас ауруы

БКД – бүйректік қантсыз диабет

ДНК –дезоксирибонуклеиновая кислота

ГКС – глюкокортикостероидтар

ГН – гломерулонефрит

ГУС – гемолитико – уремиялық синдром

ЖБЖ – жедел бүйрек жетіспеушілігі

ЖГН – жедел гломерулонефрит

ЗТА – зәрлік тас аурулары

ЗШЖИ – зәр шығару жолдарының инфекциясы

ИГА – идиопатиялық гематурия

ИН – интерстициальды нефрит

ИТП – идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

ҚНР – қуық несепағар рефлюксі

ҚНЖ – қышқылдық негіздің жағдайы

НС – нефротикалық синдром

НСМӨ – нефротикалық синдромның минимальды өзгерістері

НПВП – нестероидные противовоспалительные препараты

ОНЖ – орталық нерв жүйесі

ПН – пиелонефрит

РН – рефлюкс нефропатия

СБЖ – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

СГН – созылмалы гломерулонефрит

СКФ – скорость клубочковой фильтрации

СКВ – системная красная волчанка

ТИН – тубулоинтерстициальды нефрит

ТП – тубулопатиялар

УД – ультрадыбысты

ФСГС – фокалды сегментарлы гломерулосклероз

ЦҚК – циркуляциядағы қан көлемі

ЦС – цитостатик

ЭФ – электроферез

ЮГА – юкстогломерулярлы аппарат

3,5 АМФ – аденозинмонофосфат
0

Тестілер
1… патологиялық протеинурия болып табылады.

а) Постуралды (ортостаткалық)

в) Фебрилді

с) Наркотиктерді қабыдлағанда

д) Ақуыздық тамақтануда

г) Физикалық жүктемеде


2. Гломерулонефритке қандай зәрлік синдром тән ?

а) гематурия

б) лейкоцитурия

в) ісінулер

г) гипертензия

д) сүйектік деформациялар


3. Пиелонефритте қандай зәрлік синдром басымырақ?

а) гематурия

б) лейкоцитурия

в) протеинурия

г) дизурия

д) абдоминалды синдром


4. Тубулопатияларда қандай зәрлік синдром басымырақ?

а) гематурия

б) сүйектік деформациялар

в) оксалурия

г) пиурия

д) протеинурия


5. Изостенурия деп зәрдің салыстырмалы салмағының ... теңелуі. :

а) 1000 - 1010

б) 1010 - 1012

в) 1016 - 1020

г) 1020 – 1025

д)1025 - 1030


6.Массивті протеинурия ... синдромға тән.

а) нефротикалық

б) нефритикалық

в) оксалатты нефропатияға

г) циститке

д)пиелонефритке


7. Пиелонефритте осы синдром басымырақ.

А) Іштің ауыруы

Б) Гематурия

В) Ішектік диспепсия

Г) Бастың ауырпуы

Д) Протеинурия


8. Барлық 3 стаканда да бірдей айқын лейкоцитурия ... анықталады.

А) уретритте

Б) циститте

В) қуықтың дивертикулуында

Г) гломерулонефритте

Д) бүйрек туберкулезінде


9. Балалардың зәрінде ацетонның исінің болуы ... зат алмасуының бұзылғанын көрсетеді.

А) аминқышқылдары

В) көмірсуы

С) май


D) су

Е) тұз
10.Зимницкий сынамасын жинау үшін зәрді қандай аралықта жинау керек?

а) 1 сағат

б) 2 сағат

в) 3 сағат

г) 5 сағат

д) 6 сағат
11.Созылмалы гломерулонефриттегі диспансерлік бақылаудың ұзақтығы... жыл.

А) 1


Б) 2

В) 3


Г) 5

Д) өмір бойы


Ситуациялық есептер.
1 есеп 1. Бала, 5 жаста баланың әке-шешесі клиникаға түскенде баласында тәбетінің жоқтығына, қабақтарында, бетінде, жыныс ағзаларында, бел аймағында дамып келе жатқан ісінулердің артуына шағымданды. Бала әлсіз, терісі бозғылт, құрғақ, полигиповитаминоздың белгілері, асцит, гидроторакс, біраз гепатомегалия байқалады. Қан талдауында: жалпы белок-40 г/л, альбуминдер-10 г/л, холестерин-7,0 ммоль/л, қалдықты азот - 65 ммоль/л. Зәр талдауында: протеинурия -3,5г/тәулігіне, олигурия, салыстырмалы салмағы -1,026-1,030. Диагнозы: нефротиккалық синдром, белсенді сатысы, ауыр, жедел ағымды, жедел бүйрек жетімсіздігі.

Сұрақ: Жедел бүйрек жетімсіздігіне тән басты белгілер қайсы?

A) Олигоанурия

B) Ісінулер

C) Протеинурия

D) Гипертония

E) Азотемия
2 есеп. Бала 11 жаста. Жедел ауырды, анамнезінде 10 күн бұрын стрептодермия болған. Басының қатты ауырғаны және соңғы 3-4 күнде несебінің түсінің «ет жуындысна» дейін өзгеруі мазалайды. Қан қысымы 140/90 мм с.б. Жалпы зәр анализінде ақуыз 0,168%, эритроциттер к.алаңын жабадыо, лейкоциттер к/а10-8, Аддиса –Каковский сынағында: лейкоциттер - 3млн, эритроциттер - 100млн-нан көп.

Сұрақтар:

1.Қандай диагноз?

2.Зәрлік синдромды интерпретацилаңыз.


3 есеп. 6 жасар қызбала қабылдау бөліміне зәрінің қызыл түске өзгергеніне шағымданып түсті. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері дұрыс. Патологиялық белгілер табылмаған. Жалпы зәр анализінде эритроциттер – к/а 1-3-2 .

Сұрақ:


Зәр түсінің өзгеруі неге байланысты болуы мүмкі?

А) қарақат жеген

Б) қызылша жеген

В) миоглобинурия


4 есеп 12 жасар ауру У. нефрологя бөліміне басының қатты ауыруына, беті, аяқтары мен ұмасының ісінгеніне, жағдайының нашарлағанына шағымданып түсті. Анамнезінен баланың соңғы 3 жылдай созылмалы гломерулонефритпен ауырып, осы бөлімде емделгені анықталды. Осы айдың аяғында бала ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін, оның жағдайы күрт нашарлап, жоғарыда аталған шағымдар болды. Сол сияқты ауру, жүрек соғысының жиілеуі мен ауыратынын айтты. Бала тәулігіне сирек, 1-2 рет қана дәреттенеді, өте аз мөлшерде.

Сұрақ: Тексеру жоспары.

5 есеп. 12 жастағы науқас, стационарға «шұғыл жәрдем» картасымен оң жақ бел аймағының жедел кеспе ауру сезімімен түсті. Соңғы күндерде несептің түсі өзгерген - қызыл.

Сұрақтар: І.Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

2. 3ерттеу жоспары.

6 есеп 12 жасар бала дәрігерге есту қабілетінің нашарлауына шағымданды. Зәр анализінде: гематурия, протеинурия, кезеңдік бактериурия, көру қабілетінің нашарлауы.

Альпорт сидромы диагнозын анықтау үшін ... тексеру басымырақ қажет.

А) туған-туыс анамнездерін

В) жалпы зәр анализін

С) жалпы қан анализін

D) аудиограмманы,

Е) краниограмманы



1. Тақырыбы: : Аурухана жағдайында қан түзу жүйесі патологиясы бар науқас балаларды жүргізу

2. Оқу сағат саны: 7,2 сағат

3. Тақырыптың өзектілігі: Барлық балалардың қан ауруларын 3 топқа бөлуге болады: анемия, лейкоз, геморрагиялық диатез.

Анемия – клинико гематологиялық синдром, клиникасы: терінің түссізденуімен (ақшылдануымен сипатталады, щикі мүшелердің өзгерісі, қанық құрамындағы эритроцит пен гемоглобиннің азаюы.) балалық шақта осы аурумен з кездеседі; Аса көп қан кету шақта аз кездесу. Бұл ауру өте ауыр өтеді және қан кету түріне және активті өтуіне байланысты көмек көрсету керек.


4. Дидактикалық мақсаты:

  • Дәрігер-интерн:

  • Әр түрлі жастағы балалардың қан түзу органдары мен қан жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін, баланы зерттеу әдістерін және оның көрсеткіштерін бағалау, балалар ата-аналармен жүмыс істеу деонтологиясын үйретуді;

  • Негізгі симптомдар және синдромдар, балаларда кеңінен таралған аурулардың асқынулары, оларға профилактика және ребилитация жасау, оперативтік емге көрсеткіштер, дәрілік препараттарға қарсылықтар және қосалқы көрсеткіштерді анықтау, маман консультациясы және стационарлық емге қажеттілігін анықтауды білуге тиіс.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет