Ситуациялық есептер.
Есеп №1. Науқас Макпал, мұрыннан қан ағу шағымымен түскен, петехии пайда болды, терідегі экхимоз. Анамнезінде, блалық шағында экссудативті-катаральді диатез болған. Ішкі органдары жағынан өзгеріссіз.Қан анализінде: Эр – 3,4х1012/л, Нв 120 г/л, лейкоцит-6,8х109л, с-7%, л-20%, м-3, э-7, СОЭ-12 мм/час.
Сұрақ: Сіздің диагнозыңыз?
Есеп №2. Науқас Ғалия, 4 жас. Алғашқы ауру белгілері жамбас буынында R – граммада деструкциялық процес, жамбас-бел буыны және жамбас сүйегінде байқалады. Объективті қарағанда терінің бозаруы және кілегей қабықтың, терідегі майда көптеген петехиялық элементтер, перифириялық лимфа бездері асбұршақ және грек жаңғағының өлшеміндей, бауыры 3 см, қабырғалық аймақтың ұйқы безі 5 см –ден төмен.
Сұрақ: Сіздің диагнозыңыз?
Есеп №3. 4 жастағы бала, алдын жақсы дамыған, кенет бозарып, сарғаю, несептің қоңырлануы байқалды. Сары аурумен ауырған науқаспен қатынаста болмаған. Бұған дейін бала, орта отитпен ауырғанда бактерин қабылдаған, қан анализінде айқын анемия, ретикулоцитоз, моноцитоз нейтрофильдің солға жылжуы. ЭТЖ-нің артуы, тікелей емес билирубин 160 мкмоль.
Сұрақ: Сіздің диагнозыңыз?
1.Тақырыбы: Аурухана жағдайында эндокринді жүйесінде патологиясы бар науқас балаларды жүргізу.
2.Оқу сағат саны – 7,2 сағат.
3.Тақырыптың маңыздылығы
Түрлі мемелекеттердегі халықтардың арасында қант диабетінің таралуы 2-ден 4% алуда. Қазіргі уақытта әлемде 120 млн.жуық қант диабетімен ауыратын науқас саналуда.
Гипертиреоз (диффузды токсикалық жемсау, тиреотоксикоз) – генетикалық тұрғыдан бейім адамдарда қалқанша безінің диффузды ұлғаюымен және гиперфункциясымен сипатталатын, сонымен қатар ағзалар мен жүйелердің тиреоидты гормондардың гиперпродукциясы әсерінен токсикалық өзгерістерімен (тиреотоксикоз) сипатталатын қалқанша безінің аутоиммунды ауруы. Ел арасында 0,2-0,5% кездеседі. Әйел адамдар жиірек ауырады (5-7 есе жиірек).
Гипотиреоз - қабыну және аутоиммунды процестердің әсерінен Қалқанша безінің қызметінің төмендеуімен жүретін ауру.
Семіздік – қалыпты дене салмағының 20% және одан жоғары мөлшерде ағзада майдың жиналуы.Семіздік тек медициналық емес әлеуметтік проблема. Себебі дамыған елдерде семіздік жалпы халық арасында 20-30% алады.
4.Сабақтың мақсаттары:
интерндерге эндокринді жүйе ауруларын синдромдар бойынша диагностикалауды үйрету,
-науқастарды заманауи әдістер бойынша профилактикалық мониторингке үйрету
Интерн білуі тиіс:
Негізгі симптомдар мен синдромдарды, эндокринді аурулардың асқынуы
профилактика және реабилитация мүмкіндіктерін, операциялық емін,
эндокринологияда жиі қолданылатын дәрілік заттардың қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлерін,
эндокринді науқастарды стационарлық емдеу немесе арнайы маман консультациясының қажеттілігін;
Интерн істеуі тиіс:
Диагностикалау:
-глюкоза алмасуының бұзылыстарын;
-2 типті қант диабетін;
-алиментарлы семіздікті;
Әдістерді істеуі керек:
-перифериялық қандағы гликемияны экспресс әдіспен анықтау (портативті глюкометрді қолдану);
-зәрдегі ацетон мен қантты экспресс анықтау (сызықша тест).
Бағалау:
-семіздік дәрежесін;
-барлық типті қант диабетінің ауырлық дәрежесін;
-глюкометрия нәтижесін.
5.Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
- Базистік білім бойынша:
1.Эндокринді жүйенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
2.Эндокринді жүйеде жиі кездесетін аурулардың негізгі симптомдары мен синдромдарын.
3.Семіздік дәрежесін.
4.Барлық типтегі қант диабетінің ауырлық дәрежесін.
- Тақырып бойынша:
1.Барлық жастағы науқастар арасындағы эндокринді жүйеде жиі кездесетін аурулардың негізгі симптомдары мен синдромдарын.
2.Глюкоза алмасуының бұзылысын, 2 типті қант диабеті, алиментарлы семіздікті диагностикалау.
3.Эндокринді жүйе ауруларын дифференциалды диагностикалау.
4. Перифериялық қандағы гликемияны экспресс әдіспен анықтау (портативті глюкометрді қолдану)
5. Зәрдегі ацетон мен қантты экспресс анықтау (сызықша тест).
6. Глюкометрия нәтижесін бағалау.
6. Ақпаратты-дидактикалық блок.
Гипертиреоз (диффузды токсикалық жемсау, тиреотоксикоз) – генетикалық тұрғыдан бейім адамдарда қалқанша безінің диффузды ұлғаюымен және гиперфункциясымен сипатталатын, сонымен қатар ағзалар мен жүйелердің тиреоидты гормондардың гиперпродукциясы әсерінен токсикалық өзгерістерімен (тиреотоксикоз) сипатталатын қалқанша безінің аутоиммунды ауруы.
Диагностикалық мақсатта негіздік алмасуды (тиреотоксикоз кезінде жоғары болады), қалқанша безінің радиоизотопты сканерлеуі (гиперфункциясы кезінде қалқанша без йодты қалыптыдан интенсивтірек сіңіреді), ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі. Қанда қалқанша безінің гормондарын анықтағанда көбеюі анықталады.
БҚА – жалпы ақуыз, холестерин, липопротеидтер аз; билирубин, глюкоа ұлғайған.
ЭКГ – Осындай өзгерістер анықталады.
Асқынулары. Науқастың өмірінеқауіпті, аса ауыр асқыну тиреотоксикалық криз болып табылады, осы жағдайда барлық симптомдар коматозды жағдайға дейін әкелуі мүмкін. Есі сақталған, есңгіреу мен галлюцинациямен жүретін психозға дейінгі қозу адинамия, бұлшықет әлсіздігімен алмасады. Беті айқын қызарған, көзі ашық, сирек жұмады. Дене қызуы 40-41 С дейін жоғарылаған. Тоқтамайтын құсу; қатты терлеу тері құрғауымен алмасады, іш өту және іштің ауырсынуы. АҚс-жоғарылаған, АҚд-төмендеген, пульсі жиі, аритмиялы, әлсіз толықсыған. Жедел жүрек жетімсіздігі дамиды. Бауырдың ұлғаюы, сарғаю болуы мүмкін. Кома дамуы да мүмкін.
Басқа асқынулар: қанайналым жетімсіздігі, , қалқанша безінің рагі (жемсаудың түйінді түрінде)
Гипотиреоз - қабыну және аутоиммунды процестердің әсерінен Қалқанша безінің қызметінің төмендеуімен жүретін ауру.
Клиникалық көрінісі: Науқас апатиялы, әлсіз, ұйқышыл, есте сақтау қабілеті төмен, депрессияға бейім. Әлсіздік дамып, ішек қызметі бұзылады (іш қату), интелекттің төмендеу белгілері пайда болады. Қалқанша безінің туа пайда болған аплазия немесе гипоплазиясы болғанда кретинизм дамиды.
Қарау кезінде беттің ісінуі, ерін мен мұрынның қалыңдауы, семіруге бейімділік, терінің құрғауы, бозаруы, ісіну, дене температурасының төмендеуі байқалады. Тырнақ пен шаштың жұқаруы, сынғыштығы, тіс жегісі анықталады.
Аускультация кезінде жүрек тондары тұйықталған, пульсі баяулаған, жүрек жиырылу жиілігі мин 40 соққыға дейін төмендеген. Жүрек шекаралары ұлғайған. Негізгі алмасу қалыптыдан төмен.
ЭКГ-де синустық брадиардия, вольтаждың төмендеуі анықталады.
Қанда – гипохромды анемия, лейкопения, ЭТЖ-ның жоғарылауы. Зәрде – протеинурия. БҚА – холестерин жоғарылап, ақуыз деңгейі төмендеген.
Гипотиреоз жеңіл, орта және ауыр ағымды болады (гипотиреоидты комамен асқынады).
Қант диабеті (ҚД) – инсулин өндірілуінің жетімісіздігінен болатын, созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру. Ол барлық заттардың алмасуының бұзылысына, ең алдымен көмірсу алмасуының бұзылысына әкеледі. Содан қантамырлардың зақымдануына (ангиопатиялар), жүйке жүйесінің зақымдануына (нейропатиялар) және басқа ағзалар мен жүйелер зақымдалуына әкеледі.
Қант диабетімен барлық жастағы ерлер де , әйелдер де бірдей ауырады. ХХғ. аяғында әлемде 120млн ҚД-мен ауыратын науқас саналған. ДДСҰ-ң болжамы бойынша ХХІғ. басында бұл санақ 160 млн жетеді.
ҚД-ның 2 негізгі типін ажыратыды: инсулин тәуелді немесе 1 тип және инсулин тәуелсіз немесе 2 тип.
Сонымен қатар глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, жүктілердегі қант диабеті жеке бөлініп алынған.
Инсулин тәуелсіз ҚД – инсулин секрециясының бұзылысымен және инсулинге перифериялық тіндердің сезімталдығының бұзылысымен сипатталатын гетерогенді ауру ретінде қарастырылады.
Қауіп+қатер факторлары: тұқым қуалаушы бейімділік, семіздік. Генетикалық фактор, көп тамақтану, семіздік себептері болып табылады. Диабеттің туындауына себеп болушы факторлар: тамақтануда жоғары калориялы тамақтарды, тезсіңірілетін көмірсуларды, ішімдікті, тәттілерді қолдану және өсімдіктекті жасушаның жетіспеушілігі, аз қимылдау, стресстік жағдайлар.
ҚД-ның диагностикасы.
ЖҚА - анемия (СБЖ, диарея кезінде)
ЖЗА - несептің жоғары тығыздығы (1,030-дан жоғары) глюкозурия, кетоацидоз кезіндегі ацетон.
БҚА – гипергликемия. Кетоацидоз кезінде – ҚНТ қышқыл жаққа ығысуы.
Глюкозотолерантты тест – қант жүктемесімен қисығы. Қандағы глюкоза деңгейі қалыпты, ал қауіп қатер факторлары болғанда жүргізіледі.
Көз түбін тексеру – диабеттік ретинопатия белгілері.
Ұйқы безінің УДЗ – панкреатиттің болуы.
Қант диабетінің лабораторлы диагностикасының этаптары.
7.Сабақтың мазмұны:
- Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б.), диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.
-Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).
-Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).
8. Қосымша
Интерндердің ағымды білімін тест арқылы бағалау:
1.Гипертиреоз кезіндегі түр әлпеті
А) сирек жылтыр көз
Б) кең, дөңгелек бет
С) тоқтаған көз
Д) қасүсті дөңесінің айқын көрінуі
Е) барлығы дұрыс
2.Гипотиреоз кезінде терісі
А) тегіс, ылғалды
Б) қалыңдаған
С) жылы
Д) құрғақ, жарылған
Е) кей жерлері атрофияланған
3.Қалқанша бездегі жоғары гормон түзілуі болады
А) гипоталамикалық орталықтың тежелуінде
Б) гипофиздің қызметі жоғарылағанда
С) гипофиздің қызметі төмендегенде
Д) гипоталамикалық орталықтың қозуында
Е) барлығы дұрыс
4.Гипертиреоздың басты себебі
А) тұқымқуалаушылық
Б) ревматизм
С) психикалық жарақаттар
Д) Гипофиздегі ауытқулар
Е) барлығы дұрыс
5.Гипотиреоз дамуының себептері
А) қалқанша без аплпзиясы
Б) тиреодэктомия
С) тиоурацил қабылдау
Д) созылмалы тиреоидит
Е) барлығы дұрыс
6. Гипотиреоз кезінде қалқанша безде морфологиялық анықталады:
А)гипоплазия
Б) атрофия
С) гиперпластикалық өзгерістер
Д) аплазия
Е) аталғандардың барлығы
7. Гипертиреозда микроскопиялық анықталады:
А) фолликулдар эпитиелиінің қайта құрылуы
Б) көлемді қан толуы
С) фолликулдардың кистозды ұлғаюы
Д) лимфоциттер жиналуы
Е) аталғандардың барлығы
8. 24 сағат ішінде қалқанша безде радиоактивті йодтың жиналуы:
А) 17%
Б)50%
С)20-40%
Д)20-29%
Е)12-20%
9.Тиреотоксикоздағы негізгі алмасу
А) 20-30% төмендеген
Б) 30-100% жоғарылаған
С)10-50% жоғарылаған
Д) 20% төмендеген
Е) өзгермеген
Студенттің қорытынды білімін тексеретін тесттік бақылау:
1.Тиреотоксикоздың патогенезінің негізінде
А) Т-хелперлер дефициті
Б) Аллергиялық реакциялар
С) Т-супрессорлар дефициті
Д) гипофизгормондарының көп синтезделуі
Е) аталғандардың барлығы
2.Тиреотоксикозбен ауыратын науқастар шағымы
А) ұйқы бұзылуы
Б) қол қалтырауы
С) жүрек қағысы
Д)терлегіштік
Е) аталғандардың барлығы
3. Қалқанша безінің 2 дәрежелі ұлғаюына тән
А) көзге көрінеді
Б)пальпацияланады
С) без пальпацияланып, көзге көрінеді
Д) ек» қабырға бөлігі пальпацияланады
Е) толық мойын
4.Оң Краус симптомы деген
А) экзофтальм
Б) көз алмай қарау
С) жақын қашықтықта фиксация бұзылысы
Д) көздің айқын жылтырауы
Е) конвергенция әлсіздігі
5.Тиреотоксикоз кезінде биохимиялық анализде анықталады
А) жалпы ақуыздың жоғарылауы
Б) холестерин төмендеуі
С) глюкоза төмендеуі
Д) билирубин жоғарылауы
Е) липопротеидтер жоғарылауы
6. Тиреотоксикоздың асқынулары
А) тиреоиоксикалық криз
Б) тыныс жетіспеушілігі
С) СЬЖ
Д) инсульт
Е) аталғандардың барлығы
7. Тиреотоксикоз емінде қолданылады
А) йод препараттары
Б) бета-блокаторлар
С) глюкокортикоидтар
Д) седативтер
Е) аталғандардың барлығы
8. Микседема болады
А) қалқанша без қызметнің жоғарылауынан
Б) гипоталамс қызметінің төмендеуінен
С) қалқанша без қызметнің төмендеуінен
Д) гипоталамс қызметінің жоғарылауынан
Е) аталғандардың барлығы
9. Микседема болады
А) біріншілік
Б) екіншілік
С) үшіншілік
Д) перифериялық
Е) аталғандардың барлығы
10. Гипотиреозбен ауыратындар
А) қозғыш
Б) сөйлегіш
С) апатиялы
Д) жылағыш
Е) аталғандардың барлығы
Ситуациялық есептер:
Есеп: №1
Науқас М. 12-жаста, жүректің ауруына, тахикардияға,шаршағыш, бұлшықет әлсіздігі, жүрек соғуына, терлегіш, қолдарының дірілдеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданды. Шағымдары 1,5 жыл бұрын пайда болған. Зиянды әдеті- қомағайлық.
Көріндісі: күйі қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты. Дене қызуы суфебрильді. Тәбеті төмен. Қалқанша безі ұсталынады. Қарағанда экзофтальм. Өкпесінде өзгерісіз. Жүрегі солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары айқын, I-тон күшейген, ұшында систоликалық шу. Ps 100 рет мин, ритмикалық. Қ/Қ 130/85мм с.б. Тілі таза, ылғалды. Ішін ұстағанда жұмсақ және ауырмайды. Бауыр және талақ ұлғаймаған. Көпіршікті симптомдар теріс. Ішті тітіркену симптомы теріс. Ішек қозғалысы естіледі. Үлкен дәреті уақытылы, формасы бір қалыпты, патологиясыз. Кіші дәреті еркін, ауырмайды. Соқылау симптомы екі жақтада теріс.
Сұрақ: 1.Сіздің диагнозыңыз?
2. Жүргізу жолдары.
Есеп: №2
Науқас С. 9-жаста, шағымдары: әлсіздік,іш қату,есте сақтау қабілеті төмендеуі. Анамнезінен: 1-жыл бойы шағымдары мазалайды. Анасы қалқанша без ауруымен ауырған.
Көріндісі: күйі қанағаттанарлық. Тері жамылғысы құрғақ, бозарған ісіңкі, дене қызуы төмен. Тістері құртаған,шашы мен тырнағы сынғыш, жұқарған. Беті ісіңкі,мұрны мен ерні қалыңдаған. Тәбеті жоғары.Тері асты майлы қабаты айқын, бір қалыпты тараған.Сүйек-буын жүйесі қалыпты. Өкпеде өзгерісіз. Жүрек тоны тұйықталған, Рs бәсең, жүрек жилігінің жиырылуы төмен 42 рет минутында. Жүрек шекарасы ұлғайған. Қ/Қ 120/70 ммс.б. Тілі ылғалды,таза. Ішін ұстағанда жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және талақ ұлғаймаған. Көпіршікті симптомдар теріс. Ішті тітіркену симптомы теріс. Ішек қозғалысы естіледі. Үлкен дәреті уақытылы, формасы бір қалыпты, патологиясыз. Кіші дәреті еркін, ауырмайды. Соқылау симптомы екі жақтада теріс.
Негізгі алмасуы 50%.
ЭКГ-да вольтаждың төмендеуі, синустық брадикардия байқалады.
Қанда-гипохромды анемия, йод деңгейі төмен.
Зәрде-протеинурия.
ҚБС-белок деңгейі төмен, холестерин жоғары.
Сұрақ: 1.Сіздің диагнозыңыз?. Алгоритм диагностикасы.
2. Жүргізу жолдары.
Есеп: №3
Науқас Иванова С. 12-жаста, қабылдау бөлімшеге алып келді, есінде, сандырақтап және галлюцинация қозулы күйде, іші ауырып, тоқтаусыз құсуда.
Көрнісі: беті қызарған,көзі ашық ашылған,сирек қимылдатады.Дене қызуы көтерілген 40С-ке дейін.Қатты тершеңдік. Қ/Қ 160/50 мм с.б., пульс100-рет минутында, аритмиялық, әлсіз.
Сұрақ: 1.Сіздің диагнозыңыз?. Алгоритм диагностикасы.
2. Жүргізу жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |