Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет8/12
Дата28.01.2018
өлшемі2,37 Mb.
#34118
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4.Сабақтың мақсаты:

Дәрігер-интерн білуге тиіс:

  • Әртүрлі жастардағы балалардың асқорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;

  • Асқорыту органдарының негізгі ауруларының семиотикалары мен синдромдарын;

  • Балалардағы асқазан-ішек жолдары ауруларының зертханалық-инструменталды тексерулерін және осы анализдердің қалыпты жағдайлардағы көрсеткіштерін, оларды қорытындылауды;

  • Созылмалы гастриттердің, дуодениттер мен гастродуодениттердің, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруының этиопатогенезін, клиникалық көріністерін;

  • Созылмалы гастриттердің, дуодениттер мен гастродуодениттердің, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруының негізгі және қосымша зерттеу әдістерін;

  • Созылмалы гастриттердің, дуодениттер мен гастродуодениттердің, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруының диагностикасын, ажырату диагнозын;

  • Созылмалы гастриттердің, дуодениттер мен гастродуодениттердің, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруының қазіргі заманғы емдеу әдістерін.

Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • Созылмалы гастриті, дуодениті мен гастродуодениті, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы бар науқас балалардан анамнезін, шағымын жинауды;

  • Созылмалы гастриті, дуодениті мен гастродуодениті, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы бар науқас балаларға клиникалық тексерулер жүргізуді (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация және т.б.);

  • Асқазан-ішек жолдарының ауруларының негізгі белгілерін анықтап, зертханалық-инструменталды тескерулерден өткізіп, нәтижелірін клиникасымен салыстырып бағалауды жүргізуді;

  • Созылмалы гастриті, дуодениті мен гастродуодениті, асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы бар науқас балаларға керекті жағдайларда жедел дәрігерлік көмек көрсетуді.

  • әртүрлі жастағы балалардың асқазанын жуу, шаю.

5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.

Негізгі білім бойынша:

  1. Әртүрлі жастардағы балалардағы асқорыту жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Балалардағы асқорытудың ерекшеліктері.

  3. Асқорыту жүйелерін зерттеу әдістері (анамнез, ауырсыну, диспепсиялар, ауыз қуысын, ішті қарау, іштің пальпациясы, Курлов әдісі бойынша бауырдың өлшемі, флюктуация, аускультация, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық тексерулер, функционалдық, биохимиялық, копрологиялық зерттеу әдістері).

Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Клиникалық зерттеу әдістері. Жалпы қарау. Пальпациялау. Асқазан-ішек жолдарын перкуссиялау.

  2. Асқазан-ішек жолдарын аспаптық зерттеу әдістері.

  3. Балалардағы асқазан-ішек жолдары ауруларын диагностикалау алгоритмі.

  4. Балалардағы асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу хаттамасы.

6. Ақпараттық-дидактикалық блок

Ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістсрі. Бала ата-анасының шағымы ең бірінші баланың деген тәбетіне байланысты болады. Егер ұзақ уақыт баланың асқа тәбеті шаппаса ондай жағдайды анорексия деп атайды. Ол жағдай көбіне баланы дұрыстап тамақтандырып, дұрыс тәрбие бере алмағанда байқалады. Жаңа туған шақалақтың асқа зауқының болмауы көбіне туа біткен жүйке жүйесінің ақауларында немесе бала туар алдында алған зақымданудан болады, сондай-ақ сепсисте нәрестенің тамаққа тәбеті азаяды. Ересек балалардың асқа тәбетінің төмендеуі асқазан ауруларында, қабынуында, қарын мен ұлтабарға жара түскенде, бауырдың созылмалы ауруларында және ұйқы безінің жедел қабынуында кездеседі.

Үнемі қарын ашу немесе тәбеттің жоғарылауы ұйқы безінің қабынуында (жазылу кезінде), қант диабетіндс байқалады. Кейдс бала белгілі бір астан жиренуі мүмкін. Мысалы, дисахариттік жарамсыздықта сүт тағамдарын, жемістерді пайдаланғанда білінеді.

Ас қорыту ауруларының белгілі бір шағымы - ол бала ішінің ауруы. Баланың ішінің ауруы әр түрлі, кеселдерде әр түрлі болуы мүмкін. Қысқа мерзімде қатты ауырып /10-15 мин/, сонан соң тарап кетуі мүмкін. Керісінше ұзақ уақыт /1-3 сағат, не одан да ұзақ/ орташа әлсіз ауыруы мүмкін. Іш ауруының қай жерде болатынын анықтау қажет: кеуде маңайында ма жоқ, әлде оң не сол қабырғалықта, не кіндік маңы ма? Шағым сұрау үстінде іш ауруының қандай жағдаймен байланысы бар екенін анықтаған жөн. Әсіресе тамақ ішкенде ме немесе тамақ ішіп болған соң бірер сағаттан соң бола ма, немесе аш қарынға бола ма? Ас қорытылу бұзылғанда мынандай да белгілер пайда болуы мүмкін: лоқсу, құсу, іштің жиі өтуі немесе керісінше іштің жүрмеуі, баланың ішінің кеуіп құрылдауы, кекіру, асқазанның қыжылдауы. Бұл белгілсрді тиянақты анықтау керек.

Қарап тексеру. Бұл әдісті ауыз қуысын қараудан бастайды. Ауыз қуысында ұртының, қызыл иегінің, тілінің беткі қабатының түсіне, тазалығына көңіл аударады. Тіл бүршігінің айқындығын аңғарады. Тістің санын тексереді. Сонан соң барып баланың тамағын қарайды. Бұл кезде жұмсақ таңдайдың кілегей қабығына, бадамша бездің бетіне, оның көлеміне көңіл аударылады.

Ауыз қуысын қарап болған соң, ішті қарап және сипап /пальпация/ тексеру бір уақытта жүргізіледі. Тіпті пальпациялау екі сатыдан; беткейлі және тереңдетіп пальпациялаудан тұрады. Шалқасынан жатқан баланың ішінің сырт пішіні оның дене бітіміне сәйкес келеді. Астениктердің іші қушық тартыңқы келсе, гиперстениктердің іші жалпақ көтеріңкі болады. Іш қуысына қарай тартылу перитонитке, дизентерияда және туберкулезден болған менингитте көрінеді. Іштің үлкейіп ісінуін іштегі ісіктің ұлғаюында, созылмалы туберкулездік перитопитте, паренхимо-тоздық мүшелер үлкейгенде және бала семіргенде байқалады. Баланы тексеру үстінде іш терісіндегі вена қан тамырларының қаншалықты дамығанына да көңіл аударылу керек. Жаңа туған балаларда кездесетін кіндік сепсисінде, кіндік аймағындағы тамыр торлары жақсы білініп тұрады. Бір жастан асқан балаларда мұндай жағдай портальдық гипертензияда байқалады. Баланың ішін саусақтың басымен тым нәзік сипалау керек. Сипалау тәсілін сол жақтағы жамбас тұсынан бастап оң мықынға (яғни сағат тіліне қарсы) қарай жылжытып аударады. Сипалау, яғни пальпация арқылы ішін сыртқы бетінің гиперестезиялық аймақтарын (Захарьина-Геда аймақтары) анықтайды, іштің бұлшық еттерінің шамадан тыс тығызданып тартылуын (defans musculaire) тексереді, Щеткин-Блюмберг белгісін іздейді. Пальпация арқылы кіндік сақинасы айналасын көру керек және бауыр, талақтың шектен тыс үлкейгенін анықтау қажет.

Іштің жоғарғы бетін пальпациядан өткізген соң терең пальпация жасауға көшеді. Ең бірінші ішекті, сонан соң тоқ ішек пен асқазайды пальпациялайды. Ішектерді тексергенде олардың жуандығын, жылжымалығын, тығыздығын байқау керек. Әсіресе сигма тәрізді ішек жақсы білінеді. Оның тығыздығы, басқан уақытта ауырсынуы көбіне дизентерия ауруында білінеді. Жалпы ащы ішекті пальпациялау оңайға түспейді. Кейбір жағдайларда бүйенді де анықтауға болады. Мысалы, бүйеннің серозды және кілегей қабаты тұмауда, дизентерияда, туберкулезде қабынса, пальпация кезінде бала ауырсынады. Бүйеннің кілегей қабатында жара пайда болғанда, немесе ішектің қозғалысы нашарлағанда, нәжіс тастары пайда болғанда бүйен ішек қолға қатты және тыгыз болып білінеді. Колитте ток ішек тыгыздалып палъпация үстінде ауырады. Терсң пальпация кезіндс қарынның үлкен және кіші иінін тексереді. Қарынның атониясында қарын созылады, сондықтан қарынның үлкен иіні өз орнынан төмен түседі. Асқазанды да перкуссиялау қажет. Онда доғал дыбыстар арқылы жасалған сұйықтықтың көлемін тексеруге болады. Дыбыстың тембрі жоғарыласа, яғни тимпанитті дыбыс естілсе ауа жиналғаны білінеді.

Аускультация арқылы ішектің түйілгенін анықтауға болады. Бұл әдіс арқылы қарынның көлемімен оның орналасқан жерін де анықтайды. Қарынды аускультациялау үшін фонендоскопты төс шеміршегімен кіндік аралығында, яғни эпигастральдық аймаққа қояды.

Ұйқы безі омыртқа бағанасының бойындағы 1 см-дей аралықта қиғаш жатады. Ұйқы безі қабынған кезде безден шыққан ауырсыну арқаға, белге тарайды. Ұйқы безі ауырғанында іштің үстінде білінетін бірнеше аймақтар, нүктелер бар. Шоффар аймағы кіндік үстінде біріне-бірі перпендикуляр болып өтетін екі сызықтан пайда болған оң жақтағы квадрат бұрышын қақ бөлетін биссектрисаның бойында, ұйқы безінің денесі орналасқан. Осы квадранттың биссектрисасында ұйқы безінің бас жағынан шыққан ауырсыну немесе Дежарден нүктесі орналасады. Сол квадрантта қабырға биссектрисаның 1/3 бөлігінде ұйқы безінің Мейо-Робсон нүктесі бар.

Бауыр. 5-6 жасқа дейінгі балалардың бауыры он жақтала қабырға доғасы астынан, орта бұғана сызығы бойынша 1-2 см асып тұрады. Вауырдың пальпациясын оң қолдың 4 саусағымен оң қабырғаның астына салып, төмен жылжи отырып орындайды (15-ші сурет). Тәсіл үстінде бауыр қырының жұмсақтығын, мөлшерін, тығыздығын, сезімталдығын және тегістігін тексереді. Қалыпты жағдайда бауырдың қыры үшкір, жұмсақ, беті тегіс келеді. Перкуссия тәсілін қолдана отырып, бауырдың жалпы мөлшерін тексереді. Курловтың әдісімсн перкуссия арқылы бауырдың енін 3 жерден анықтайды (5-7 жастан бастап). Ол үшін жоғарыдан төмен қарай доғал дыбыс шыкқанша орта бұғана сызығы бойымен, іштің орта сызығымен және оң жақтағы қолтықтың алдыңғы сызығымен қабырғаның төменгі шетінің бойына дейін, сосын осы сызықтармен төменнен жоғары қарай ақырын перкуссия жүргізеді, белгілейді. Кейін өзгерісін тексереді. Гепатит, цирроз, бауыр эхинококк, гепатоз және жүрек қызмсті әлсіздегенде бауырдың көлемі ұлғаяды. Бауырдың жедел дистрофиясында (көбіне вирустық гепатитте) бауырдың мөлшерлері тез арада тартылып кетеді. Бауырда цирроз болганда оның шеті тыгыз, үсті бұжыр болады. Холангитте, гепатитте бауырдың үсті тегіс, консистенциясы жұмсақ, төменгі шеті жұмырлау келеді. Балалардың өт қабы қалыпты жағдайда пальпацияланбайды. Ол бауырдың төменгі кенересінің және іштің тіке бұлшық етінің сыртында орналасады. Өт қабынуына тән бірнеше белгілер пальпацияның көмегімен анықталады.

Мерфи белгісі. Өт жолдары қабынған болса, қолыңыз қабырға доғасымен іштің тік бұлшық етінің сырт бетінің қиылысқан жерінен өткен тұста бала қатты ауырсынады.

Ортнер белгісі. Дем алу кезінде оң жақ қабырғаның доғасын қолдың қырымен қағып қалғанда, балада ауырсыну байқалады.

Кера белгісі. Өт қабы мен өт жолдарын дем алу уақытында пальпациялағанда, бала ауырсынады.

Френикус белгісі немесе Мюсси белгісі. Оң жақтағы төс-бұғана емізікше еттің бұғанаға жалғасқан етегінің арасын басқанда, өт қабының және жолдарының аймағында ауырсыну пайда болады.

Боас белгісі. Оң жақтағы сегізінші омыртқаны арқадан басқанда, өт жолдарында рефлекторлы ауырсыну пайда болады.

Ас қорыту мүшелерін тексергенде жиі қолданылатын тәсілдердің маңыздыларының бірі рентген сәулесін қолдану. Рентгенмен тексеруді ас қорыту мүшелерінің туа біткен ақауларын анықтағанда, іштің қатты түйіліп ауырғанында, ішектің түйілгенінде, асқазаннан, ұлтабардың, ішектердің зақымдалу себебінен қан кеткенде пайдаланады. Рентген сәулесімен алдымен өңешті тексереді. Барийдің қоспасы өңештен өткен кезде, оның туа біткен ақауы, ісіктермен қысылған тарылулар бар ма жоқ па соны тексереді. Эзофагиттер, дивертикульдердің кілегей қабаттарында жара пайда болғанда рельефтер өзгереді. Рентген тәсілімен өзгерген рельефтерді, олардың көлемін және қозғалыс қимылын (перистальтикасын) аңғарады. Рентген сәулесінің көмегімен асқазанды көреді. Қарынның пішініне көңіл бөледі. Асқазанның кілегей қабатын тексергенде ісіктер немесе полиптер, болмаса шұңқырлар жоқ па, соған көңіл аударған дұрыс. Өңеш сияқты, қарынның да перистальтикасын жақсы бақылау керек.

Ұлтабардың жағдайын білу үшін релаксациялы дуоденография қолданылады. Ол ең бірінші ұлтабардағы жараны анықтайды. Мықын, ішек пен бүйенді тексеру үшін бұл тәсіл тиімді. Тоқ ішекте иррография жасау үшін контрастық заттар көтен ішек арқылы жіберіледі. Бұл әдіспен ішектің түйілгенін, ішектердің туа біткен ақауларын не болмаса олардың қабынуын анықтауға болады.

Өт қабын жене өт жолдарын тексеру мақсатымен холецистография пайдаланылады. Холецистографияны ауыз арқылы жасау үшін холевид немесе билитраст қажет, ал билиграфинді тамырдан салады. Холецистография өт жолдарының ісінуін, көлемінің ұлғайғанын, туа біткен ақауларларын және қимылын өте дұрыс анықтайды.

Ас қорыту мүшелерін тексеру үшін радиоизотопты әдістер, ультрадыбысты пайдаланумен жасалатын әдістер кеңінен қолданылады. Өте ашық бағдарлап дұрыс шешетін әдістердің, маңыздысы эндоскопиялық тексерулер. Ас қорыту мүшелерінің жоғарғы жағын гатродуоденофиброскопия әдістерімен тексерсе, ал төменгі жағын ректоромано - және колонофиброскопиямен тексереді. Биопсия жасап ішек, қарынның бүрін морфологиялық әдістермен де тексереді. Инструментальды әдістердің ішіне асқазанды электрогастрографпен тексеруде кіреді. Ол арқылы, қарын жиырылып қимылдағаннан пайда болатын биотокты жазып алады. Асқазан гиперкинетикалық, гипокинетикалық және қалыпты жағдайларда болуы мүмкін.

Асқазанның, ұлтабардың сөлінің бөлінуін және оның қасиеттерін анықтау үшін зонд әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер арқылы қарындағы және ұлтабардағы сөлдің мөлшерін, ондағы қышқылдар мен ферменттердің деңгейін анықтайды. Зондсыз әдістерге —ацидотест, гастротест және фотокальциметрлік тәсілдер жатады. Балалар асқазанының, ұйқы безінің және бауыр ауруларын тексеру үшін көптеген биохимиялық әдістер қолданы-лады. Олар организмдегі белок, май, көмірсу алмасуларын және қанның ұю қасиеттерін тексеруге арналған тәсілдер.

Ас қорыту мүшелерінің ауруын тексеруде бүрыннан кең таралған және өте маңызды әдіс- баланың нәжісін микроскоппен қарап тексеру (копрограмма). Бұл әдіс арқылы көптеген ауру белгілері анықталады. Мысалы, асқазан мен ұйқы безінің сөл бөлу қызметі азайса, нәжісте қорытылмаған ет талшықтары және дәнекер тоқымалар болады, оны асқазандық синдром деп атайды. Ал панкреатитте немесе дуоденитте нәжіс сұйық, бейтарап майлар және ет талшықтары көбейеді. Өттің бөлінуі азайса (холепатия немесе туа біткен ақаулар)—нәжіс сұрғылт түсті, майлы қышқылдар көп болады. Энтеритте нәжісте лейкоциттер, эпителиальды торшалар анықталады, Колитте- нәжіс ащы иісті, көпіршікті болады, крахмал, иодофильді флораны, лейкоцитгерді, эпителиальды торшалар және қанның түйіршіктері көрінеді.
7.Сабақтың мазмұны:


  • Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б.), диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.

  • Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

  • Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тестілер

1. Асқазанның ерте пайда болған ауырсынуы дегеніміз - … пайда болатын ауырсыну.

а) тамақтан кейін жарты сағатқа дейін, болмаса тамақты жегенде

б) ашқарынға

в) түнде

г) 30-60 минут өткенде

д) 1,5-2 сағат өткенде

2.Балаларда созылмалы гастриттің ең жиі шақырушысы болып есептеледі:

а) Helicobacter pylori

б) аутоиммунды процесс

в) вирустар

г) саңырауқұлақтар

д) тамақты уақытылы дұрыс ішпеу

3.Созылмалы гастриттің қозу кезеңінде қолданылатын диета:

а) стол №1

б) стол №5

в) стол №6

г) стол №7

д) стол №8

4. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруларында ең маңызды диагностикалық тәсілі:

а) копрограмма

б) қанның, несептін жалпы анализі

в) эндоскопия

г) асқазан- дуоденалды зондтау

д) ультрадыбыстық зерттеу

5. Ойық-жара ауруына алғаш күдік туғандағы тактика:

а) рентгенмен қарау

б) асқазан сөлін зертханалық тексеру

в) ЭФГДС

г) УДЗ


д) бақылай тұру, жалпы қан сынағы.

6. Асқазанның ерте пайда болған ауырсынуына тән:

а) тамақтан кейін жарты сағатқа дейін, болмаса тамақты жегенде

б) аш қарынға

в) түнде

г) 3-6 сағат өткенде

д) 1,5-2 сағат өткенде

7. Асқазан ойық жарасының дамуына әсер етпейді:

а) тұқымқуалаушылық

б) эмоциональды жүктемелер

в) уақытылы және дұрыс тамақтанбау

г) өт жолдарының қабыну процесстері

д) созылмалы инфекция ошақтарының токсикалық әсері

8.Асқазан ойық жарасына тән емес:

а) қыжылдау

б) лоқсу


в) ықылық тию

г) жүрек айну

д) құсу

9. Гастродуоденитпен ауыратын науқастарды тамақтандыру ерекшеліктеріне жатпайды:



а) тамақты жиі, аз порциямен, бір уақытта қабылдау

б) рационда бірінші аптасында айран, сорпа, кисель беріледі

в) аш қарынға түймедақ шайы, аю құлақ шайы жылы күйде ішу

г) сұйықтықты шектеу

д) “Боржоми”, “Есентуки-17”, Смирнов минеральды суды тамақ алды 30-40 мин. бұрын ішу

Ситуациялық есептер.

Есеп 1. Бала 9 жаста, шағымы кекіру, құсу, жүрегі айниды, кейде қыжылдайды, тамақтан соң ішінің ауырғаны қояды, 1-1,5 сағаттан кейін ауырады, кейде аш қарынға да, түнде де ауырады.

Сұрақтар: Осы симптомокомплексті талдап көрсетіңіз, болжам диагнозыңызды қойыңыз.

Есеп 2. Қабылдау бөліміне іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу шағымдарымен науқас түсті. Жалпы қарау кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, тілінің ақ жабындымен қапталғаны анықталады, пальпация жасағанда ұйқы безінің аумағында ауырсыну анықталады?

Сұрақтар: 1. Сіздің болжам диагнозыныз?

2. Құсу кезіндегі жәрдем.



Есеп 3. Бала 13 жаста, 12-елі ішектің ойық жара ауруымен дәрігердің байқауында тұрады, бірнеше рет ауруханада емделген. Таңертеңгі нәжісі қара көмір тәріздес - қара-қошқыл түсті болған. Ауырсыну эпигастралды және пилородуоденалды аймақта. Объективті түрде қарағанда созылмалы интоксикация, полигиповитаминоз симптомдары байқалады, тахикардия, суық тер, артериялық қысымы төмен, басының айналуы, құлағының шыңылдағаны байқалған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастрий, пилородуоденалды аймақтарында ауырсыну байқалады.

Жалпы қан анализінде: гемоглобин мен гемотокрит төмендеген. Эндоскоппен тексергенде: 12-елі ішектің кілегейлі қабатының деффектісі - жаңа жара, қанды жараны анықтайды. Асқазанның басқа бөліктерінде және 12-елі ішектің кілегейлі қабатында - жедел қабыну белгілері байқалады. Барий арқылы рентгенологиялық тексеруде: ағзаның қабатының тереңінде контраст анықталды.



Сұрақ: 1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Емдеу жоспарыңыз?



1.Тақырыбы: Аурухана жағдайында несеп шығару жүйе патологиясы бар науқас балаларды жүргізу.

2.Оқу сағат саны – 7,2сағ.

3.Тақырып өзектілігі.

Несеспшығару жолдарының инфекциясы-НЖИ, несеп жүру трактысынде 1 мл зәрдегі бактериялардың 10 т колониядан көп өсуі. Кәзіргі кезде НЖИ-ның классификациясына сай НЖИ-на: асимптомды бактериурия, жедел пиелонефрит, жедел цистит, созылмалы пиелонефрит, қуық-несепағар рефлюксы (ҚНР). НЖИ, ЖРВИ, пневмониялар және басқа жедел инфекциялар фондарында біріншілік болуы мүмкін, балалар аурулары құрылымында, әсіресе неонатальды кезеңде алдыңғы орында тұр. НЖИ –ның таралуы, барлық зәршығаружүйесі аурулурының популяциясындағы орны, жеткілікті орасан және 80% -ке дейін құрайды. Барлық аурулардың ішінде өзінің жиілігі жағынан НЖИ ЖРВИ-нан кейінгі екінші орынды алады.



4. Дидактикалық мақсаттар:

Дәрігер-интерн білуге тиіс:

  • бүйректің қалыпты және патологиялық жағдайдағы анатомиясы мен физиологиясын;

  • балалардағы НЖИ-ң этиологиясын, патогенезін, клиникасын, дифференциалдық диагностикасын, асқынуларын;

  • экскреторлы уроградияны, компьютерлік-томографиялық, бүйректің пункциялық биопсиясын жүргізуге көрсеткіш және қарсы көрсеткіштерді;

  • НЖИ-да қолданылатын антибактериальды препараттардың көрсеткішін, қарсы көрсеткішін және жанама әсерін;

  • балалардағы НЖИ -н диагностикалауды, емдеу хаттамаларын және стандарттарын;

  • жедел пиелонефрит, жедел гломерулонефрит, созылмалы гломерулонефрит, жедел бүйрек жетімсіздігі, созылмалы бүйрек жетімсіздігі сияқты ауруларды болжауды;


Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • бүйректі пальпациялау әдісін;

  • бүйрек функциясының бұзылыстарын анықтауды;

  • жалпы зәр анализі мен каогулограмманың нәтижелерін, қанның биохимиялық анализ (креатинин, мочевина, зәр қышқылы, Na, Cl, кальций фосфор) көрсеткіштерін, бүйрек концентрациясы жұмысының, шумақтық фильтрация көрсеткіштерін биоптаттың гистологиялық анализі, бүйректің рентгенологиялық, компьютерлік томографиялық тексеру және ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін бағалауды;

  • зәр жолдарының инфекцияларын емдеуді.


5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.

негізгі білімдері бойынша:

  • әр жастағы балалардың зәр шығару жүйесінің АФЕ-ін.

  • несеп шығару ағзалары патологиясының семиотикасы симптомдары, синдромдары;

  • -балардағы клинико-лабороториялық тексеру өдістерінің ерекшеліктері,

  • -зәршығару ағзалары аураларының фармокотерпиясы ерекшеліктері.

тақырыпқа байланысты сұрақтар.

  • НЖИ –ның классификациясын. Анықтамасы. Этиологиясы, қауіпті факторлары.

  • Клиникасы. Диагностикасы. НЖИ-ның дифференциалды диагнозы.

  • НЖИ-ын емдеудің негізгі принциптары

  • Балалардағы циститтер.Этиологиясы. Патогенезі. Классификациясы. Клиникасы.

  • Диагностикасы. Емі. НЖИ-ның прогнозы, профилактикасы, диспансеризациясы.


6.Ақпараттық-дидактикалық блок.

Несепшығару жүйесінің инфекциясы (НЖИ)

НЖИ дегеніміз, несепшығару жүйесіндегі ағзалардың қабыну деңгейі көрсетілмей және бүйрек паренхимасын зақымдамай өтетін инфекциялану.



Классификациясы.

Несеспшығару жолдарының инфекциясы-НЖИ, несеп жүру трактысынде 1 мл зәрдегі бактериялардың 10 т колониядан көп өсуі. Бактериурия – зәрде қуықтан бөлінген бактерилардың болуы.



Асимптомдық бактериурия – балада диспансерлік немесе бағытталған тексеруде табылған бактериурия, ешқандай шағымдары және несеп ағзаларының клиникалық симптомдары жоқ .

Жедел пиелонефрит – бүйректік паренхима мен астаушалардың, бактериалды инфекцияның зардабынан дамыған қабыну ауруы.

Жедел цистит – қуықтың бактериалды туынды қабынуы.

Созылмалы пиелонефрит – бүйректің НЖИ-ның қайталау шабуылы нәтижесінен фиброзды және тостағанша-астаушалар жүйелерінің деформацияланып зақымдалуы. Бұл зақымдалулар ережеге сай, зәршығару трактыларының анатомиялық аномалиялары немесе обструкция фонында жүреді.

Қуық-несепағар рефлюксы (ҚНР) – несептің қуықтан несепағарларға ретроградты-қайта кері ағуы. ҚНР-біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік ҚНР туа пайда болған және қуық-несепағар сағасының сілемей қабатыасты өзгерісімен жүретін, даму аномалиясынан антирефлюксты механизмнің бұзылуына байланысты.

Екіншілік ҚНР - несепағар немесе уретраның артқы клапанының обструкциясынан туындайтын, гипо немесе гиперрефлекторлы типті қуықтың нейрогенді дисфункциясының динамикалы бұзылысы.



ҚНР-ң классификациясы ҚНР-тің халықаралық жіктелуі цистографияға негізделген, және оның келесі дәрежелерін қарастырады:
І деңгейі – тек несепағарға лақтыру (заброс). Рентгеноконтрасты зат тек несепағарда;

ІІ деңгейі – астаушаға кеңеюінсіз және астаушалардың деформациясыз несепағарға, тостағанша лақтыру. Рентгеноконтрасты зат несепағарда, астауша мен тостағаншаларда, бірақ олар кеңейіп, деформацияланбаған;

ІІІ деңгейі – несепағардың аздаған дилатациясы және қисықтығы, астауша тостағаншалардың аздап кеңеюі.

ІУ-деңгейі – несепағардың аздаған дилятациясы және қисықтығы, астауша, тостағаншаның аздап кеңеюі және толық күмбездің тік бұрышының облитерациялануы.


У-деңгейі несепағар, астауша, тостағаншаның анық дилатациялары, астаушаларда капиллярларлық ойыстықтың жоғалуы.

Каталог: kafedra -> pediatr dets xir -> internatura
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет