Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен



бет71/95
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#88941
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Байланысты:
паразитология кітап

Еділ атырауының Rana ridibunda гельминтофаунасыныц жастык өзгерістері (В.Б. Дубинин бойынша)



Баканың

Парази п ердің жалпы саны

Барлық

Жасы

Trematodes

Cestodes

Nematodes

паразиттердің
түрлері

Бақашабақтар Осы жылдық

3

"

1

4

шабактар

1

-

4

15

1 жас

1

-


4

15

2 жас

15

-


5

20

3 жас

1

1

5

16

4 жас

17

1

7

25

5 жас

20




7

28



Л.Г. Волгарь-Пастухова (1959) Дунай атырауында кездесетін кұйрықсыз амфибиялардың 6 түрінің паразитофаунасының жастык динамикасын зерттеді. Ол бакашабакт арда паразиттіктіршілік ететін дамуы аралық иесіз жүретін немесе дернэсілдері судан белсенді енетін гіаразиттерді ЛІагіа alata жэне Distomum асепюсаісі/егит аныктады. Паразитофауна кұрамының күрт өзгеруі метаморфоз жүру уакытында байқалады.
Паразитофаунаның иесінің жасына (мөлшеріне) тәуелділігі мэселесі кейбір американдык жүмыстарда карастырылған. Т. Брандтың (1936) мэліметтері бойынша. солтүстік америкалык бакалардыи 6 түрінің паразитофаунасы бір жылдык циклді болтан жэне автор баканың ларвальды кезеңін зерттемеген. Rana catesbiana-

186


нын дараларын зерттеу барысында автор: 100 мм-ден үлкендерін жэне 100 мм-ден кішілерін екі топка бөліп карастырған. Бірінші топтың өкілдерінің паразиттермен закымдануы 100% кұрайды, ал екінші топтың бакаларында бұл көрсеткіш 89.4% сәйкес. Әрбір бақада паразяттік тіршілік ететін организмдердің орташа саны бірінші топта 47.3 тең. ал екінші топта 10.42 кұрайды. Ересек жетілген цестодалар тек кана ірі бакаларда кездеседі. Ірі бакаларда нематода класының өкілдерінің саны жас бакаларға Караганда, көп (14 жэне 8), зақымдану көрсеткішінің пайызы да жоғары (100 жэне 60,6) жэне иесінің бір дарасында тіршілік ететін паразиттердің саны 16,6 және 1,6 кұрайды. Скребнийлердің дернэсілдері екі топтада паразиттік тіршілік етеді, дегенмен, ірі бакаларда жиірек кездеседі (78% жэне 5,25%) жэне саны да жоғары (12.6 және 0.3) болады.
Солтүстік Каролина штатында таралған Salamandr'ma-ның 19 түріне Ж.Ранкин (1937) зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1000 данасы сойылып қарастырылды. Ж.Ранкиннің зерттеулері амфибиялардың ларвальды сатысын да камтиды. Бірак жастың паразитофаунаға әсерін бейнелейтін көрсеткіштер амфибиялардың тек 3 түрін камтиды. Тритондарда (Tritirus) паразиттік тіршілік ететін сорғыш (Plagitura) ересек түрлеріне (52%) Караганда, дернәсілдерінде (88%) жиі кездеседі. Ал Gorgoderina туысының сорғыштары тек ересек тритондардың куығында паразиттік тіршілік етеді. Ересек немато- далар ересек тритондарда жиі кездеседі (88,6 %), дернэсілдерінде тіршілік ететін өкілдері 4 % қүрайды. Себебі, кейбір өкілдсрі, мыса- лы Capillaria inciegualis дернәсілдерде мүлдем кездеспейді, ал ере­ сек тритондардың 81 % паразиттік тіршілік етеді.
Амблистомада (Amblystoma орасит) ішек сорғыштары мен куык сорғыштары және нематодалар мен кенелердің тек ересек түрлері кездеседі, ал скребнийлер дернәсілдерінде паразиттік тіршілік етеді. Омырткасыз жануарлардың паразитофаунасының жастык өзгерістері туралы мэліметтер өте аз. Бірак, омырткалы жануарлардың паразитофаунасының жастык динамикасының заңдылықтарын бейнелейтін көрсеткіштер мен мағлұматтар бар. Тұщы суларда жэне теңіздерде мекендейтін моллюскалардың трематодалардың партениттерімен закымдану экстенсивтілігі мен интенсивтілігінің жоғарылауы байкалган. Е.К. Чубриктің( 1954, 1957) мэліметтері бойынша, Баренц теңізінің Мурманск жағалауында кең таралған Purpura lapillus қүрсакаякты моллюскалардың жыныстык жетілуі 3-4 жылы жүреді. Осы моллюскалардың трематодалардың

187


партениттерімен закымдану көрсеткіші дамуының алғашқы екі жы- лында 0 тең. Ал үшінші жылы закымдану көрсеткіші - 0,1%. 4 жылы
- 1,3%, 5 жылы - 3,0%, 6 жылы - 24,0%, 7 жылы - 32,5% жэне 8 жылы
43,5% кұрайды.
Трематодалармен закымдану көрсеткішінің өсуін тұщы су мол- люскаларында Е.Н. Фролова (1958) байкаған. Ұксас мәліметтер кейбір теңіз шаянтэрізділеріне де тэн. А.В. Успенская (1950, 1955) бүйіріменжорғалаушы Gammarus-тың Podocotyle atomon мета- церкарияларымен жэне крабтың Hvas araneus-тың скребнилердің дернәсілдерімен закымдану көрсеткіштерінің жоғарылауы жасы ұлғайған сайын байкалған.
Метаморфозы айкын байкалатын омырткасыз жануарлардың, олардың ішінде бірінші кезекте насекомдардың паразитофаунасындағы жастык өзгерістерін жаксы көруге болады. Жоғарыда амфибияларда байкалған өзгерістер насекомдарға да тэн болып келеді, дернэсіл са- тысында паразиттік тіршілік ететін өкілдер, имаго сатысындағы пара- знттерден ерекшеленеді. Бұл айырмашылык, имаго мен дернэсілдердің экологиясына жэне коректену ерекшеліктеріне байланысты. Экологиялык айырмашылыктары өте ерекше болған жағдайда, пара- зиттер кұрамындағы айырмашылыктар да байкалады.
И. Теодоридес (1955) коңыздардың паразиттерін зерттеу ба- рысында алған нэтижелері бойынша, колагер коңызының (СеГопіа) дернәсілдері сапрофагтар. Негізінен олар органикалық косылыстарға бай орталарда жэне кида тіршілік етеді. И. Тео- доридестің мэліметтері бойынша, колагер коңызының (Сеіопіа) дернәсілдерінде келесі паразиттер: грегарина Gregarina cetonia, амеба Hartmanella zografi, талшыктылар класының өкілі Polymastix melolonthae, нематодалар Thelastoma macramphidium, Cephalobellus brevicaudatus, Spirura talpae, скребнилер Macracanthorhyhchus hirudinaceus (дернәсілдері), насекомдардың дернәсілдері Scolia hirta жэне Billaea pectinata тіршілік етеді. Cetonia-нъщ ересек даралары тек гүлдермен коректенеді, сондыктан оның организмінде паразит­ тер мүлдем кездеспейді.
Көптеген иелердің паразитофаунасы иесінің жасына карай біркатар заңды өзгерістерге үшырайды. Бүл өзгерістер паразитофаунаның жалпы күрамына немесе паразиттердің арнайы мүшелеріне байланысты болуы мүмкін. Өзгерістер эртүрлі себеп- тсрге байланысты түзіледі. Бір жағдайда, өзгерістерді тұдырушы фактор болып дернәсілдердің кіші көлемі табылады, себебі мұндай

188


дараларға ірі паразиттер бекіне алмайды. Келесі жағдайда өзгерістер жас жануарлардың морфологиялык ерекшеліктеріне байланысты болады, мысалы, балапандардың фабрициев капшығы. Үшінші жағдайда, жас иесінің экологиялык ерекшеліктері, мысалы, ұзак уакыт аралығында үяларда немесе індерде тіршілік етуі. Қоректену ерекшеліктері жэне коршаған орта факторларының ерекшеліктері де өзгерістерді тұдырушы фактор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет