Резюме
Сыдықова Ж.Қ. – к.п.н., ст. преподаватель, КазНПУ имени Абая, кафедра методики преподавании математики, физики и информатики, zhainagtl_sydykova@mail.ru
Арынова Г.С., ст. преподаватель, магистр образовании, КазНПУ имени Абая, кафедра методики преподавании математики, физики и информатики arin_gc@mail.ru
Нысан Г.М. – магистрант КазНПУ им. Абая по специальности 6М011000 – Физика, 1 курс, N_gulshat@list.ru
Применение интерактивных методов при обучения физики
В данной статье рассматривается применения интерактивных методов в обучении физики.Известно, что применения в обучении интерактивных методов способствует развитию творческих способностей обучающихся. В работе раскрыты вопросы проблемного обучения как один из видов интерактивных методов в обучении физики.В связи с этим демонстрировано проблемное обучение закона «Электромагнитная индукция».
Ключевые слова: интерактивные методы, проблемное обучение, методика преподавания физики.
Summary
Sydykova Zh.C. - candidate of pedagogical sciences, KazNPU named after Abai, zhainagtl_sydykova@mail.ru
Arinova G.S., item teacher, master's degree education, KazNPU named after Abai, department of methodology teaching of mathematics, physics and informatics, arin_gc@mail.ru
Nyssan G.M., - 1th course master specialty of physics, N_gulshat@list.ru
Application of interactive methods at educating of physics
In this article examined applications of interactive methods in educating of physics.It is known that applications in educating of interactive methods assists developing creative flairs of student.The questions of the problem educating are in-process exposed as one of types of interactive methods in educating of physics.In this connection the problem educating of law is demonstrated "Electromagnetic induction".
Keyword: interactive methods, problem educating, methodology of teaching of physics.
ӘОЖ 372.853.001.895
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Сыдықова Ж.Қ. – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Ануарбекова Г.Ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Қайдарбек Ш. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М011000 – «Физика» мамандығының 1-курс магистранты
Мақалада физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың жолдары берілген. Сабақтарда ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі көрсетілген. Физика есептерін шығаруда компьютерлік технологияны қолдану мысалдары келтірілген.
Түйін сөздер: ақпараттық технология, физиканы оқыту, физика есептерін шығару.
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу процесінде компьютерді пайдалануға, құбылыстар мен процестерді модельдеуге, электронды оқулықтар мен интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі уақытта физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерлік техниканы қолдану мәселесі енді. Бұл мәселенің үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Пән мұғалімдерінің міндеті сол үйлесімді жолдарды тауып, пәнді оқытуда оларды енгізіп, сабақты сапалы өткізу, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Ақпараттық технологиялар қоғамның барлық саласында, ғылыми-техникалық зерттеулерде, білім беру процесінде және т.б. кеңінен қолданылуда.
Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілеті қалыптасады;
аз уақытта көп білім алу мүмкіндігі бар;
алған білімдерін компьютерлік тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептерді шығару барысында физикалық құбылыстарды компьютерлік демонстрацияның көмегімен түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты тез, жылдам алу мүмкіндігі;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі физикалық құбылыс нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.
Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- білімге бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізе алады (интернет, қашықтан оқыту);
- олар оқушыларға тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады;
- оқыту жүйесін көп деңгейлі жетілдіру және оқу материалдарының сапасы арттады;
- компьютер көмегімен оқушы өз бетінше және өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасай алады;
- оқу курсындағы жаттығулар мен эксперименттік тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады.
Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, виртуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады.
Сабақтың барлық түрлерінде компьютерлік технологияны қолдануға болады: атап айтқанда, оқушылардың жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруінде, оқушыларға зертханалық жұмыстарды орындатуда, есептер шығаруда, оқушылардың білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі. Сабақта компьютерлік технологияны қолдану оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Оқу процесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдануда мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек:
сабақтарда жұмыс жасай алуы үшін дидактикалық материалдарды дайындау үшін сәйкес редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, текстік, графикалық ақпараттарды өндеуді;
сабақтарда презентацияларды демонстрациялау үшін MS Power Point редакторын қолданып, берілген оқу материалы бойынша слайдтарды құруды;
өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдануды;
сабақта электронды оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;
оқу бағдарламалық құралдарды қолдануды;
дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тесттерді дайындауда.
Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға болады. Олардың бірі – компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару.
Мысалы, 10-сыныпта физика есептерін шығаруда компьютерлік технологияны пайдалауды қарастырайық. 1 есеп: «Қосымшалардағы» 1 және 13-кестелерді колдана отырып, қалыпты жағдайдағы азот пен оттек молекулаларының орташа квадраттык жылдамдықтарын аныктаңдар (А.П.Рымкевич Орта мектептің 9-11 сыныптарына арналған физика есептерінің жинағы. Алматы.-Рауан.-1998.-208 б. №471(ж)).
Берілгені:
|
Талдауы:
|
Шешуі:
|
Табу керек:
|
|
|
Жауабы: ;
Есепті пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатында және пәнді оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың бір жолы ретінде есепті pascal бағдарламалау тілінде шығаруға болады.
Осы есептің pascal бағдарламалау тілінде шығарылуын қарастырайық:
Program m1;
Var , , :real;
Begin
Writeln (‘қысымды енгізіңіз);
Readln ();
Writeln (‘азоттың тығыздығын енгізіңіз’);
Readln ();
;
Writeln (‘орташа жылдамдық =’, :4:2);
Readln;
End.
Var , , :real;
Begin
Writeln (‘қысымды енгіз’);
Readln ();
Writeln (‘оттектің тығыздығын енгізіңіз’);
Readln ();
;
Writeln (‘орташа жылдамдық =’, :4:2);
Readln;
End.
Excell бағдарламасының көмегімен, программалық есепті шығару. 2 есеп (ПРГ). Excell бағдарламасы программалық есептерді шығаруға ыңғайлы. Қысымы -ға, абсолют температурасы -ға тең газдың тығыздығын анықтаңдар (А.П.Рымкевич Орта мектептің 9-11 сыныптарына арналған физика есептерінің жинағы. Алматы.-Рауан.-1998.-208 б., №497 (ПРГ)).
Газ
|
Шама
|
|
|
|
Азот
|
102
|
297
|
Оттек
|
310
|
510
|
Сутек
|
41
|
243
|
Ауа
|
101,3
|
273
|
Берілгені:
|
Талдауы:
|
Шешуі:
|
Табу керек:
|
|
|
Жауабы: ; ; ;
Есептің Excell бағдарламасында шығарылуы төмендегі кестеде берілген. Excell бағдарламасымен осы типтес есептерді шығару уақытты үнемдейді, әрі оқушылардың қызығушылықтары қалыптасады.
Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік технологияға қатыстырудың тағы бірі жолы – компьютерлік технологияның көмегімен оқушылардың білімдерін тексеру. Ол үшін мұғалім дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тесттерді құрастыруы керек.
Компьютерлік технологияның көмегімен тесттік бағдарламаны қолданудың мұғалім үшін тиімділігі бар. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалім өз уақытын үнемдейді. Оқушылар өз беттерімен білімдерін тексеріп, тест нәтижесін бірден біле алады. Төменде ispring Quiz Maker құрылған компьютерлік тест келтірілген. Оқушы өз білімін тексеру үшін «Тесті бастаңыз» батырмасын басады.
Оқушы тест сұрағына жауап беріп, тест нәтижесін білген соң, қай сұрақтан қате жібергенін және оның дұрыс жауабын көре алады.
Қазіргі уақытта тест тапсырмаларының бірнеше түрлері қолданылады. Төменде бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы келтірілген. Мұндай тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға септігі бар.
Төмендегі суретте сәйкестікті анықтауға берілген тест тапсырмасы келтірілген.
Аталған бағдарламаның бір жақсы жағы тестілеуден өтіп болған соң, оқушы жіберген қателіктерді көріп, қатемен жұмыс жасай алады.
Мұғалім сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін арттыра алады. Ақпараттық технологияны пайдалануды оқытудың тиімді әдістерінің біріне жатқызуға болады.
Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, студенттің ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден-бір шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |