Резюме
Использование информационных технологий в преподавании физики
Сыдықова Ж.Қ. – к.п.н., ст. преподаватель, КазНПУ имени Абая, кафедра методики преподавании математики, физики и информатики
Ануарбекова Г.Д. - ст. преподаватель, КазНПУ имени Абая, кафедра методики преподавании математики, физики и информатики
Кайдарбек Ш. – магистрант КазНПУ им. Абая по специальности 6М011000 – Физика, 1 курс
В данной статье рассмотрены способы применения информационно-коммуникационных технологии в обучении физики. А также показано эффективность применения информационно-коммуникационных технологии на лабораторно-практических занятиях физики. С помощью примеров проиллюстрировано применения компьютерных технологии в методах решения задач по физике.
Ключевые слова: компьютерных технологии, методика обучения физики, решения задач по физике.
Summary
Application of interactive methods at educating of physics
Sydykova Zh.C. - candidate of pedagogical sciences, KazNPU named after Abai
Anuarbekova G.D. - item teacher, KazNPU named after Abai, department of methodology teaching of mathematics, physics and informatics
Kaidarbek Sh., - 1th course master specialty of physics
In this article the methods of application are considered informatively-communication to technology in educating of physics. And also efficiency of application is shown informatively-communication to technology on laboratory-practical employments of physics. By means of examples applications are illustrated computer to technology in the methods of decision of tasks on physics.
Keyword: computer technologies, methodology of educating of physics, decisions of tasks on physics.
ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАС ӨСКІН
МОЛОДЕЖЬ В НАУКЕ
YOUTH IN SCIENCE
ӘОЖ 327 (574)
ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ, МӘНІ
С.М.Сұлтанбай – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 5В041400 – «Графика» мамандығының 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымд. профессор Сманова А.С.
Мақалада қазақтың сәндік қолданбалы ою-өрнегінің дамуы мен мәні, белгілері, орны жайлы ақпараттар беріліп, өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т. б., ою-өрнектер ортақ дүниелер екені айтылады. Ою-өрнек тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері жайлы мәліметтер беріледі. Сәндік өнердегі өрнектерді зерттеудің қажеттілігін теориялық негіздеп, тақырыптың өзектілігін, мақсат, міндеттерін, зерттеу жұмысының жүйелігі негізінде нақтылап қарастырылған.
Түйін сөздер: өнер, ою, өрнек, қазақ ою-өрнегі, сәндік қолөнер, өсімдіктектес ою-өрнек, геометриялық ою-өрнек, космогониялық ою-өрнектер, зооаморфтық ою-өрнектер.
Зерттеу өзектілігі. Ұлттық ою-өрнектерді оқып, танып білудің маңызы кезкелген өнер адамы үшін өте жоғары, халқымыздың ою-өрнегі әлі де көптеген біз біле бермейтін мән-мағынаға толы асыл мұралардың бірі. Сондықтанда, жас ұрпаққа дәріптеудің орны бөлек.
Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, уакыт өте келе киім-кешектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты өрнектер күнделікті қолданыстағы бұйымдарға, заттарға сурет ретінде түсіріле бастады. Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою-өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Шеберлер ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтануымыз бүгінде қажеттіліктің бірі болып отыр.
Ою-өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев былай деген екен:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен
Ешкінің мүйізінен,
– деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті[1].
А.Бернштамның тұжырымы бойынша «қазақ ою үлгісіне ұқсайтын сәулет өнерінің өрнектері қарахандықтар әулеті кезінде Орта және Таяу Шығыс елдеріне тараған» деген. Ою-өрнек композициялық құрылымын халқымыздың зерттеушілері, ағартушы этнографтары: Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Б.Байжігітов т.б., да өз зерттеулерінен тыс қалдырмаған.
«Өнер – таусылмас азық, жұматас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлардан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар.... Оның бірі – ою-өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
Зерттеу мақсаты. Ою-өрнек өнерін теориялық негіздеп, оның көне және озық үлгілерін сөрелеп шығу, тарихын, қоғамдық әлеуметтік, тәрбиелік мәнін ашу, осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Ою-өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуын зерттеу.
- Ою-өрнек түрлерімен таныстыру.
- Ою-өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасымен таныстыру.
- Жеке шығармашылық тұлғаның дамуын зерттеу. Қолөнер шеберлерінің шығармашылығымен таныстыру.
- Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
- Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою-өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.
Зерттеу нысаны. Ою - өрнек өнерді тұтыну қажеттігін, өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
Қазақ ою-өрнегінің әр түрлі тарихи кезеңдердегі композициялық ерекшеліктерін анықтап, олардың даму жолдарын зерделеп, ғылыми негіздерін жүйелеу.
Зерттеудің жаңалығы. Ғасырлар бойы келе жатқан ою-өрнектерді ғылыми тұрғыда талдап, жаңа заман талабына сай өзгерістер енгізу жолдарын қарастыру.
Қазіргі заман талабына сай шеберлердің шығармасының дүниеге келуі зерттеу мен білгірлікті, еңбекқорлықты, ғылымдылықты, талант пен дарындылықты қажет ететіндігін ұғыну.
Жұмыстың орындалу әдістері. Зерттеу тақырыбына байланысты туындап отырған мәселеге қатысты ғылыми әдістеме көздерін теория түрінде талдау.
Ою - өрнек өнеріне деген танымдық шығармашылықты, іс әрекетті талдау.
Жұмыстың нәтижесі. Ата-бабаларымыздың жинақтап дайындаған бай тәжірибесін қолдана отырып, ою-өрнектің технологиясын таңдап алудағы іскерлікті, шеберлікті қалыптастыру. Өрнектелген бұйым арқылы ұлттық өнерге деген көзқарасты, қызығушылықты дамыту.
Қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан сақ, Андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті б. з. б екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б 7 - 10 ғасырда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» - деп, ал парсы тарихшылары «сақ»- деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де маңызы зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы мұра екендігін көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде келтіреді.
Қазақ ою-өрнек өнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар көптен бері шұғылданып келеді. Еліміздің этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушілері дайындаған еңбектерде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жиналды.
Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегінде бұл мәселені жан-жақты зерделегенін көреміз. Ғалым қазақ халқы қолөнерінің барлық түріне сипаттама бере келе, ұлттық ою-өрнектері мен кілем тоқу өнеріне арнайы тоқталады. Әлкей Хақанұлы өрнектер мен оюлардың әр түріне талдау жасап, олардың өзара үйлесуін, симметриясын және т.б. сәйкестендіріп зерттеді [2].
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.).
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі – үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады.
1-сурет. Өсімдік сипатты ою-өрнектер.
Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын,түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.
2-сурет. Геометриялық ою-өрнектер
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40-50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердіңүшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғасырдың 60-80 жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің “жұлдыз”, “шұғыла”, “төртқұлақ”, “бітпес”, “шимай” деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама жақсы дамығандығын аңғартады.
Көрнекті ғалым, этнограф-тарихшы М.С.Мұқанов өз ғылыми зерттеулерінде де қазақ ою-өрнегіне қатысты толық мағлұмат береді. Әсіресе, ғалым ою элементтерінің аттарының материалдық дүниедегі жан-жануарлардың дене мүсіндеріне қарай, өсімдік сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелеріне немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшеліктеріне қарай қойылғанын көрсетеді. Тіпті олардың арасында аңыз-ертегілерде айтылып жүрген аждаһарлардың бейнесінен бастап, бүгінгі күнгі космосты игеру тақырыбына дейінгі атаулар мен элементтер де кездеседі.
Ғалымның еліміздің ою-өрнегіне қатысты экспедиция кезінде кездестірген мәліметтерінің ғылыми маңызы зор. Сондай түйіннің бірі марал мүйіз өрнегіне байланысты. Ол Жетісу өңірінде кеңінен таралған, ал бұл жануарды өсіріп отырған Шығыс Қазақстан жерінен осы өрнекті кездестіре алмаймыз, - деп Марат Сәбитұлы ел арасынан жинаған материалдарға сүйене отырып тұжырымдайды [2].
Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элементтері өздерінің бастапқы мәнін жойып, жаңа мағынада өмірге қайта оралып отыр. Бүгінгі таңда ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе дүниеге келген оюлардың элементтері аз кездеседі десек те болады. Бұл жағдай қазіргі заманда ою-өрнектің өз құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.
Ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағының ықпалы зор. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Кілемге, тұскиізге, басқұрға, киімге, ыдысқа, қару-жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. Мәселен, кілемге салынған ою-өрнектерге тоқталсақ. «Поднос» кілемінің ою-өрнектері көбінесе екі қатар орналастырылған көпбұрыштардан тұрады. Олардың арасы қос мүйіз сарынымен безендірілуі мүмкін. Түсі әдетте қызыл болып келетін кілемнің бетінде орналасқан өрнектер бір-бірімен аралары жеткілікті алшақ болып, қараған адамға байсалды, жайбарақат әсер береді. Кілемнің бұрыштары қошқар мүйіз нақышымен орындалған үшұрышты фигуралармен әшекейленеді. Осы тектес кілемдердің ою-өрнектерінде квадрат кесінді поднос өрнектері жиі кездеседі. Олар қошқар мүйіз, балдақ сияқты ірі өрнектермен безендіріледі.
Сонымен қатар, арабы кілеміне қатысты «бұл VІІ-Х ғ.ғ. арабтардың жаулап алуы және араб халифаты кезеңінде енген, ал қазақтардың түркмендерден алып пайдалануы мүмкін» [3].
1.Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата, 1986. Т.1. 256 с.
2.Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алма-Ата, 1979. – 120 с.
3.Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы, 1998. 234 с.
Резюме
История и развитие орнаментов, значение
С.М.Сұлтанбай – студент 4 –курса, по специальности 5В041400-Графика КазНПУ имени Абая
Научный руководитель: к.п.н., ассоц.профессор Сманова А.С. smanova_s@mail.ru
В статье говорится о казахском народном прикладном искусстве, о развитии, значений, символик орнаментов ассоциирующихся с красотой и нежностью, благородством казахского народа. История орнаментов корнями уходит глубоко в историю, и имеет сложную теориюпередающие всю сложность декоративных искусств.Выявлена актуальность, цели, задачи по данной исследуемой тематике.
Ключевые слова: искусство,узор, орнамент, казахский орнамент, декоративное искусство, растительные орнаменты, геометрические орнаменты, космические орнаменты, зооморфные орнаменты.
Abstract
History and development of ornaments, value
S. M. Sultanbay is the student 4 – course, in the specialty 5v041400-Grafika KAZNPU of a name of Abay.
Research supervisor: к.п.н., Smanov A. S. assots.professor.
In article it is told about the Kazakh folk applied art, about development, values, symbolics of the ornaments which are associated with beauty and tenderness, nobility of the Kazakh people. The history of ornaments disappears roots deeply, and has difficult teoriyuperedayushchy all complexity of decorative arts. Relevance, the purposes, tasks on this researched subject is revealed.
Keyslova: iskusstvo, pattern, ornament, Kazakh ornament, decorative art, vegetable ornaments, geometrical ornaments, space ornaments, zoomorfny ornaments.
УДК 821.512.122.09
ТАРИХИ ШЫНДЫҚТЫҢ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ШЕШІМІ
Өскен Ә.М. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті, Филология және көптілді білім беру институтының 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Магистр, аға оқытушы Аширов Ж.С.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының басындағы өте күрделі кезең. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін және сол жердің өлшеусіз байлығын мәңгілік иелену үшін отаршыл орыс империясы өзінің озбыр саясатын күннен күнге күшейте түсті. Жер иесі қазақ халқын жерінен айырып, оларды шөлейт жерлерге айдап салып, қазба байлықтарын өздері иеленіп, қалғанын шетелдік капиталистерге сата бастады. Осындай озбырлық соңы жаппай халықтық наразылыққа ұласып, соңы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты. Мақала осы тарихи кезеңді қамтитын Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары және М.Әуезовтың «Қилы заман» повестінде суреттелетін тарихи шындықты талдауға арналған.
Тірек сөздер: Тарихи шындық, Ұлы Октябрь революциясы, интернационал, акционерлік қоғам, капиталист, көркемдік шешім.
«Әдеби шығарма негізінде дерек, факт жатуы, тарихи дәуір шындығын көрсету үшін жазушының шығарма желісін бастан-аяқ тек қана тарихи болған оқиғаға құруы шарт емес. Алайда шығарманың материалдық болмысын, өзегін тарихи белгілі, ақиқат оқиғалар құрмайынша, белгілі тарихи дәуірдің шындығын шынайы суреттеу тағы да қиын», - деген Ж.Дәдебаевтің пікірінен қандай да болмасын қаламгер өмір шындығының ішкі сырын терең бойлап игермей, оны шығармасына бірден қолдана бермейтініне көз жеткіземіз [2, 12б.]. Өмірдегі шынайы оқиғаларды жазушы шығарма өзегіне енгізбес бұрын оларды жан-жақты зерттеп, өзінің ұшқыр ойымен, шығармашылық қиялымен көркемдеп өңдеп, қағаз бетіне түсіреді. В.Г. Белинский тарихи факт дегеннің шебер үшін кірпіш пен тас қана екендігін, олардан сәулетті ғимарат жасау тек суреткердің ғана қолынан келетін ғажайып іс екендігін айтқан [7, 80б.]. Ия, тарихи факт болмаған жерде, қанша жақсы жазылған шығарма болсын, ол керемет тарихи шығарма бола алмайды. Жәй, ой мен қиялға негізделген ертегі болып қала берері анық. Осы жерде, тарихи фактқа негізделген шығарма жазу үшін жазушының рөлі өте жоғары болмақ. Жазушының өмір материалдарының мол тобын іздеп, оны байқап бақылауы да, танып байымдауы да қиындығы мол, қияметі көп жұмыс. Шындығында, өмір материалдарынан өнер туындысын жасау процесінде жазушының көп ізденісі мен сол тарихи оқиғаларды жинақтап, көркемдік шешімін тауып, оқырманға бере білгендігі маңызды. Тарихи факт – өмірде болған оқиға десек, сол оқиғаны жазушының халыққа түсінікті етіп, әдеби тілдің нормаларына сала отырып, қағаз бетіне түсіріп, жеткізе біліуін көркемдік шешім деп атаймыз.
Осы тарихи оқиғаларға негізделе отырып жазылған шығармалар қазақ әдебиетінде жетерлік. Сол шығармалардың бірі Ғ.Мүсіреповтың іргелі де биік, «Жат қолында» роман-диалогиясы. «Жат қолында» "роман-диалогиясының оқиғалық арнасы өткен ғасырдағы Орталық Қазқстан өңіріндегі өнеркәсіп орындарының құрылып, орнығуы негізінде қалыптасқан қоғамдық жаңа қарым-қатынастың көрінісімен байланысты екендігі мәлім. Мұнда суреттелген түрлі әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер сипаты тұтастай алғанда тарихи шындықпен қабысып, астасып жатыр",-дейді Ибраева Айзат. Ия, расымен-ақ «Жат қолында» роман-диалогиясы нағыз нарихи деректерге сүйене отырып жазылған шығарма. Егер ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамын көргің келсе дәл осы роман-диалогияны оқу керек деген тұжырымға келеміз.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанға Ресейлік капитал кеңінен ене бастады. Оның негізгі бағыттары, пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізатын ұқсататын өнеркәсіп пен сауда саласы болды. Завод-фабрикалардың Ресей патшалығының қол астындағы қазақ жерінде көптеп салына бастайды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы орыс, шетел капиталистерінің, кәсіпкерлерінің қазақ жерінің мол, қазба байлықтарын зерттеп, өз пайдаларына қолдана бастағандығымен ерекшеленеді.
Романдағы тарихи шындық деңгейінде нанымды бейнеленген оқиғалардың бірі – Қарағанды өңірінің орыс кәсіпкерлері Ушаков пен Рязановтың иелігіне көшу кезеңі болып табылады. Тарихи деректерге жүгінсек, 1852 жылы орыс саудагері Ушаков 86 сомға Ақмола уезіндгі мыс кен орнын, 4 жылдан кейін 250 рубльге Қарағанды көмір бассейнін сатып алды. 1863 жылы осылардың негізінде Спасск мыс өңдеу зауыты құрылды. Онда жыл сайын орта есеппен шамамен 250000 рубльге 30000 пұт мыс құйылды. Ал 1894 жылы Попов «Дала тас көмірі» (Степной каменный уголь) атты қоғам құрды[6, 416.].Бұл тарихи фактілер, ал көркем әдебиетте қалай суреттелген...
«Бас-аяғы осы, даусыз-дамайсыз, көлденең қазақтың бір сөзі қыстырылмай, Қарағанды мен Нілді сатылып та қалды. Жер мен жесір дауын кәсіп қылып алған кәнігі, қиядан қылаң беріп көз ілестірмейтін майталмандар бұл жолы айқасуға түсе алмай, қапы кетті. Бабында келген жез аяқтар қонақ үйде екі жағына кезек аунап, кейде екі байға кезек ауытқып қойып, бұл дауды жалқы қалдырмай егіз-егізекті, айыр-айқас тармақты етіп шығаруды ойлап жатқанда, Игілік бітіріп те қойды»[5, 42б.]
Ғ.Мүсіреповтың таңдаулы «Жат қолында» роман-диалогиясының ерекшелігі сонда, мұнда завод-фабрикалардың қазақ жерінде жұмыс жасай бастағандығы туралы жазылғанын жоғарыда айтып өттік. Сол завод-фабрикаларда жұмыс істейтін қазақ, орыс, украин жұмысшыларының басшыларға деген наразылықтары туады. Наразылықтарының басты себебін тарихи фактілерден көруімізге болады...
1905 жылғы 1 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында шерулер мен жиналыстар болды. Қозғалыстар Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындардың барлығын дерлік қамтыды. Шеруде жұмысшылардың жалақысын көбейту талап етілді. [6, 436.] Дәл осы жағдай романда да берілген:
« – Енді біздің қолымыз Рязановқа жете алмайды. Пожалуйста, өздерің келісіп, осы арада төленетін етіңдер. Өлген жұмыскерлердің семьялары бізге тапсырып отыр, жоқтаушы – біз! Әлдеқайда тентіреп жүрген бала-шағалар Рязановқа барып, теңдік сұрай алмайтынын нағып білмейсіз? – деп, Шило қарт шүйліге сөйледі Ушаковқа» [5, 254б.] Дәл осы бір эпизоды арқылы біз, суреткер Ғ.Мүсіреповтың тарихи оқиға мен өмір шындығын ұштастыра білгенін байқауымызға болады.
«Фон-Штейн жұрттың үнін тез өшіргісі келгендей, тағы да жаңағы жұмсақ қоңыр дауысын көтерместен:
– Жүз жиырма бес мың! – деп алға қарай бір-ақ шырқап шықты... Біреу бір тиын қосса, фон-Штейн мыңдарды қосқалы отырғандай екен...» [5, 483б.], - деген диалогтан, қазақ жері орыс капиталистерінің қолынан шығып, шетел(Англия, Германия) капиталистерінің қол астына сатылып бара жатқандығын көреміз. Бұл тарихи шындық. «1904 жылы шетел кәсіпкерлері (концессионерлер) жалға Спасск-Воскресенск, Успенск мыс қорын, Спасск мыс өңдеу зауытын, Қарағанды көмір бассейнін алды. Олардың бақылау пакеті ағылшын-француз кәсіпкерлерінде, Америка, Германия, Швеция, Испания және т.б. елдердің акционерлері мен финансистерінде болды. 1906жылы Лондонда «Атбасар мыс кен орны» акционерлік қоғамы құрылып, 1907 жылы олар Жезқазған мыс қорын жалға алды. Сонымен ғасырдың соңына қарай Қазақстанның негізгі кен орындары шетелдік кәсіпкерлердің қолына өтті»[6, 416.]. Романның соңы ұлттың азаттық алу кезеңі революцияның басталуымен аяқталады.
Қырғыздың біртуар жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Қилы заманды» оқи отырып, егер Октябрь революциясы болмаса, көшпенді қазақтар мен қырғыздардың одан арғы тағдыры не боларын мезгіл өткен соң ойлаудың өзі қорқынышты. Айтуға аузым бармайды – мүмкін тіпті біз болмас та едік. Ал мәңгілік өмір сүргісі келмейтін халық бар ма? Тек жалғыз осы үшін – Октябрь революциясының Россияда туып, империялық отаршылдықты талқандап, сол арқылы менің халқымды біржола жойып жіберуден құтқарып қалғандығы үшін ғана мен өле-өлгенше революцияны мадақтап өтуге әзірмін және балаларымның балаларына: күніміздің туғанын Октябрьден санаңдар! – деп өсиет қалдырамын»,- дейді өзінің пікірінде.
Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» және «Жат қолында» роман-диалогиясының тарихи жалғасы сияқты жазылған дарынды жазушы М.Әуезовтың «Қилы заман» повестінің тарихи шындығы мен көркемдік шешіміне тоқталып кетсек. «Қилы заманның» негізгі тарихи фактісі немесе тарихи желісі – 1916 жылы Жетісу губерниясы, Жаркент уезі, Қарқара Жәрмеңкесіндегі «Албандар» көтерілісі туралы жазылған шығарма. Жалпы, осы тұрғыдан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи деректер не дейді екен...
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардың, бірінші кезекте Сырдария мен Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алқаптар тартып алынды.
«Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді. Сонымен қатар, 1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді. Осы оқиғалар, яғни, отаршылдық езгінің күшеюі, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы, салықтың шамадан көп мөлшерде алыну және сонымен қатар ең бастысы 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдырын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) «Реквизициялау туралы» жарлығы бұрыннан Россия патшалығының езгісінде келе жатқан бұратана халыққа негізі себеп болды да, көтеріліс бұрқ ете қалды"[3, 636б.].
Осы орайда, М.Әуезовтың бұл повестінің басты ерекшелігі, 1916 жылдағы халықтың өмірін суреттеуге құрылған повесть болғандықтан, жекелеген кейіпкерлердің ғана емес, тұтас халықтың бейнесі әсіресе бүкіл елдің басына төнген сын-сынақ кезіндегі іс-қимыл үстіндегі мінезі мен ерекшелігі суреттеледі. Яғни, шығарманың басты кейіпкері – халық. Осы пікір туралы Л.Әуезова: "халықтың ұдайы көрініп отыруы айқын сезіледі. 1916 жылғы көтерілісті зерттеу барысында М.Әуезов көптеген фактілерді талдай отырып, халықтың тарихи процестегі прогрессивті, жетекші рөлін типтендіруге ұмтылды»,- деп жазды. [4, 293б.]. Повесте оқиға негізі жалпы халықтың қатысумен жүзеге асады. Негізгі кейіпкерлері тарихта болған Ұзақ Саурықбаев, жолдасы Жәмеңке, Серікбай сынды жігіттер.
«– Соғыс болып жатыр, көмек керек. Патша сендерге бұйырады. Елдің бәрі бейнет көріп, өліп, қырылып жатқанда, сендер қымыз ішіп жайлауда көшіп қызықтап жүре беруге болмайды. Мынау бұйрық келді. Тыңдаңдар...
Жарлықта 19 бен 32-нің арасындағы азаматты әскер керегі үшін, тезінен жинап үкімет қолына тапсыруға керек деген. Бұл жігіттер соғысқа қару ұстап кірісетін әскер емес. Соғыс көмегіне күш қосатын бір жылдық есебінде майданның желкесіндегі қара қызметті атқарады. Жарлықтың бұл жерінде «тыл» деп жазылған сөзі бар екен... "[, 181-182б.]. Тарихи деректер мен повестегі көркемдік шешімдер бірдей нәрселерді айтып тұр. Қара халықтан әскерге емес, тылға, яғни окоп қазуға, қара шаруамен айналысуға алатыны жайлы мәліметтер екеуінде де бір нәрсені көрсетіп тұр.
Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы, көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушыларды, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды. Дәл осы пара беріп, куәліктердегі жастарын ұзартып немесе кішірейту приставқа, ұлыққа жағымпаздықты повестегі Рақымбай, Оспандардың бейнесінен көруге болады. Сонымен қатар повесте Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай, Тұрлықожалар бастаған албандар көтерілісінің негізгі ұраны: «1. Ресей патшалығының қол қойған уағдасы бойынша қазақтан әскер алмауы тиіс, сол үшін жан салығын, мал салығын, табыс салығын төлеп отырмыз. Сол төленген шығынды қайтарып берсін. 2. Әскер мен соғыс салығы үзбей төленіп келеді, солар қайтарылсын. 3. Өзге ұлттар сияқты қазақтар да арнайы әскери дайындықтан өткізілсін. Олардың қолына қару берілсін. Әйтпесе күрек ұстау үшін майданға бармаймыз». Романда көтеріліс бастаудағы негізгі ұрандары осылай болды. Тарихи материалдар да осыны көрсетеді.
Ұзақ Саурықбаев, Жәмеңке Мәмбетов, Серікбай Қанаев тарихта болған адамдар және Жетісудағы албандар көтерілісінің басшылары. Осы көтеріліс басшыларын абақтыға жапқаны да тарихи шындық. Повесте абақтыға жабылған көтерілісшілер абақтыдан қашып бара жатып өмірден өтуі суреттеледі. Повесть соңы Албандардың Қытайға бас сауғалауымен аяқталады. Бұл да тарихи шындық. Зейін Шашкиннің «Тоқаш Бокин» атты тарихи-романында да Жетісудағы қазақ жұрты, Тоқаштың ауылының да Құлжаға қаша көшуі суреттеледі. Зейін Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романы тарихи шындыққа негізделіп жазылған роман.
«Қай жазушы болса да өз заманының шындығынан алыстап кете алмайды, онымен бірге жасап, көңілдегі ойын замананың проблемалары арқылы көтереді. «Адамды заман билемек» деп Абай тегін айтпаған. Заманмен кереғар болып, онымен ашық тартысқа түсу арқылы ешбір жазушы батыр атағын алмаған. Ол қайта онымен ымыраға келе отырып, дәуір, заман қайшылықтарын көркем образдар арқылы ашқан. Сол арқылы заманына, Чернышевский тілімен айтқанда, үкім шығарған» [2, 162б.] – деген С.Қирабаевтың пікірінен, қоғамдағы алуан түрлі өзгерістер ізі, халқымыз бастан кешкен кезеңдер шындығы қашанда көркем өнерге өзек болып келетінін аңғарамыз. Ғ.Мүсіреповтың ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басын суреттеген «Оянған өлке» және «Жат қолында» романы мен М.Әуезовтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тарихи оқиғаны арқау етіп алған «Қилы заман» повесті тарихи оқиғаларды оқырманға ұсынып, соншалықты нәзік, соншалықты түсінікті қылып, көркемдік шешімін таба алғандығымен ерекшеленетін шығарма деп айтуымызға әбден болады.
Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т.5. Алматы, «Дәуір», «Жібек жолы», 2014ж.
Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, «Ғылым», 1991ж.
Қазақстан тарихы. Алматы, «Атамұра» баспасы-2002ж.
Ауезова Л. История Казахстана в творчестве М.Ауезова, Алматы «Санат» - 1997ж.
Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. Алматы, «Жазушы»-1974ж.
Қазақстан тарихы. Алматы, «Атамұра»-2008ж.
Толстой Л.Н. Полн. собр. соч. в 90 томах. 1928-1958. Т.60.
Ибраева А. Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке», «Жат қолында» роман-диалогиясының шығармашылық тақырыбы. Алматы, «Арыс»-2004.
Резюме
Историческая правда и художественный вымысел в казахской прозе
Оскен А.М. - студент 4 курса КазНПУ имени Абая
Вторая половина ХІХ века и начало ХХ века было самым трудным моментом для казахского народа. Российская Империя начала свою жестокую политику в захвате казахской территорий и его необятного пространства. Земля владелец отбирал земли простого народа, а их отправлял в пустынные местности. Они становились хозяевами их минеральных ресурсов и полезных ископаем, а остальные продавали зарубежным капиталистам. Такая невыносимая нечестность стало началом для оттечественной революций. Это статья описывает историческую правду в романах «Пробужденный край», «В чужих руках» Г.Мусрепова и в повести «Лихая година» М.Ауезова.
Ключевые слова: Великая Октябрьская революция, интернационал, акционерное общество, капиталист.
Summary
Historical truth and fiction in Kazakh prose
Osken A.M. - student 4 courses of KAZNPU of a name of Abay
In the half of XIX century and in the beginning of XX century was a very difficult time for Kazakh nation. The Russian Empire had started their awful police to conquer a great Kazakh territory and to get a uncountable wealth Kazakh land. A earth owner selected Kazakh people's landscape and sent them to the desert lands. After they became an owners of their minerals, other recurs was selling to the foreign capitalists. Such wild cruelty was a factor of the national revolution what awakened people's opposition. This article will say the historic truths in G.Musrevov's novels «The awakened edge» , «In hands of the enemy» and M.Auezov's stories as «Dashing time».
Keywords: The Great October Revolution, International, Joint Stock Company, the capitalist.
БІЗДІҢ АВТОРЛАР // НАШИ АВТОРЫ // OUR AUTHORS
Ануарбекова Г.Ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы)
Амантай Ә.Ә. - Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Арынова Г.С. - білім магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы)
Әділхан А. – Абай атындағы ҚазҰПУ 6М010900 – «Математика» мамандығының 2-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Бекболатова К.М. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2-курс PhD докторанты (Қазақстан, Алматы)
Джаксигельдинова Э. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Алматы)
Ержанбек О. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Алматы)
Жумалиева Л.Д.- Абай атындағы ҚазҰПУ, 6D010900 – «Математика» мамандығының докторанты (Қазақстан, Алматы)
Иманберлина К.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Қайдарбек Ш. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М011000 – «Физика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Қаратаев Абай – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Құрақ М.Ш. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Мұраталиев Ж.C. - Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Нысан Г.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М011000 – «Физика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Нургазимов Е. Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М012000 – «Кәсіптік білім» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
НебесаеваЖ.О. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс PhD докторанты (Қазақстан, Алматы)
Сманова А.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ, Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым. профессор (Қазақстан, Алматы)
Сыдықова Ж.Қ. Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к (Қазақстан, Алматы)
Султанова К. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Алматы)
Сұлтанбай С.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 5В041400 – «Графика» мамандығының 4-курс студенті (Қазақстан, Алматы)
Толымбекбаева Маржан – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 1-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Толымбекбаева Меруерт – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010900 – «Математика» мамандығының 2-курс магистранты (Қазақстан, Алматы)
Тнысова Л. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Алматы)
Турдиева Д. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты (Қазақстан, Алматы)
Өскен Ә.М. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті, Филология және көптілді білім беру институтының 4-курс студенті (Қазақстан, Алматы)
Шынжырбаева А.Д. - Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы (Қазақстан, Алматы)
Халил-заде Фуад Афган - Баку Mемлекеттік Университетінің аспиранты (Баку, Әзербайжан)
Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы «Жас ғалымдар» сериясының ғылыми мақалаларды қабылдау
ЕРЕЖЕСІ
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Жас ғалымдар» сериясындағы мақалалар қоғамдық және жаратылыстану, педагоика мен әдістеме ғылымы бағыттарындағы ғылыми зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды. Хабаршы «Жас ғалымдар» сериясына 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілер мен ғылымға бейімі бар студенттердің ғылыми мақалаларын жариялайды.
Мақала көлемі кестелерді, суреттерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және негізгі мәтін алдында жазылатын түйінді қосқанда 15 беттен аспауы керек. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 пт әрпімен, аралық 1 интервалмен, үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 3 см және оң жағынан – 1,5 см қалдырылып теріледі. Бірінші беттің ортасына қалыпты әріптермен автордың аты-жөні, оның астына мақаланың аты, төменіректе жай жақшаның ішінде жұмыс орындалған ұйымның аты мен қаласы жазылады.
Суреттер саны 5-тен аспауы керек (биология, физика-математика, химия салалары бойынша 10-нан аспауы керек) және иллюстрациялар (графиктер, схемалар, диаграммалар) компьютерде салынуы керек.
Барлық формулалар мен символдар (математикалық, физикалық, химиялық) Microsoft Equation және Microsoft Word редакторында теріліп, нөмірленіп, сілтемелер жасалады.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1, 15 б.] көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі төмендегіше жазылады:
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 440 б.
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы: Ғылыми монография. –Алматы: Үшқиян, 2009. -488 б.
Қоянбекова С.Б. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. Фил. ғыл. док... дис.: 10.02.02. Қолжазба. -Алматы: Абай ат-ғы ҚазҰПУ, 2008. -346 б.
Шойбекова Ғ.Б. Ұлттық танымның сөз тудырудағы рөлі // Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. -Алматы, 2004. -204-207 бб.
Мақала төмендегі құжаттармен қоса екі данада және СD дискімен қабылданады:
1. Түйін (1/3 кем емес) екі тілде (қазақша-ағылшынша немесе орысша-ағылшынша);
2. Жеке парақта автор жөнінде толық мәлімет көрсетіледі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орыны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы).
3. Студенттер мақаласын жіберген жағдайда (студенттің аты-жөні, оқу орыны мен факультеті, мамандығы, ғылыми жетекшісінің сараптама пікірі, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы; ғылыми жетекшісінің аты-жөні мен ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орыны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы).
Редакцияға түскен ғылыми мақалалар рецензияланбайды. Қолжазба қайтарылмайды. Көшіріп басқан жағдайда «Хабаршыға» сілтеме жасау міндетті.
Жарияланған материалдардың нақтылығына авторлар жауап береді.
Ғылыми пікірлер мен толғамдар редакция көзқарасымен сәйкес келе бермейді.
Хабаршы «Жас ғалымдар» сериясына 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілер мен ғылымға бейімі бар студенттердің жұмыстары қабылданады.
Правила приема научных статей в журнал «Вестник КазНПУ им. Абая» серия «Молодые ученые»
The rules of publishing scientific articles in journal “Vestnik. Series of “Young scientists. KazNPU named after Abai”
Статьи ихз серии «Молодые ученые» журнала «Вестник КазНПУ имени Абая» охватывает актуальные вопросы научных исследований в области общественных и естественных наук, а также в области методики преподавания. В серии Вестника «Молодые ученые» публикуются работы молодых исследователей в возрасте до 40 лет и студентов, склонных к исследовательской работе.
Статья представляется в двойном экземпляре. Размер статьи не должен превышать 15 страниц (от 6-ти страниц), включая таблицы, рисунки, аннотацию в начале статьи перед основным текстом (аннотация до 1/3стр. через 1 интервал, 12 пт ), список литературы, напечатанных в редакторе Word, шрифтом Times New Roman14 пт, с пробелом между строк 1 интервал, поля - верхнее и нижнее – 2 см, левое – 2 см, правое – 2 см. Количество рисунков не более пяти (для серий биологическая, физико-математическая, химическая - не более 10). К статье прилагается:
- к статье необходимо приложить аннотацию (не менее 1/3 стр.) на двух языках (на казахском и английском или на русском и английском)
- на отдельной странице и сведения об авторах (Ф.И.О., ученая степень, ученое звание, адрес, место работы, телефон, факс, e-mail). Далее посередине страницы прописными буквами (курсивом) инициалы и фамилии авторов, ниже также посередине заглавными буквами - название статьи; затем посередине строчными буквами; в круглых скобках - название организации (ий), в котором выполнена работа, и город. Прилагается электронный вариант на CD-диске.
- в случае подачи статьи к публикации студентами необходимо указать: ФИО студента, название вуза, факультет, специальность, аналитический отзыв научного руководителя, адрес, телефон, факс, е-mail; ФИО и ученую степень, ученое звание, мето работы, адрес, телефон, факс, е-mail научного руководителя.
– иллюстрации (графики, схемы, диаграммы) должны быть выполнены на компьютере или в виде четких чертежей, выполненных тушью на белом листе формата А4
– математические формулы в тексте должны быть набраны как объект Microsoft Equation.
Химические формулы и символы должны быть набраны при помощи инструментов Microsoft Word. Следует нумеровать лишь те формулы, на которые имеются ссылки.
- ссылки на литературные источники даются цифрами в прямых скобках по мере упоминания [1,15 c.]. Список литературы оформляется следующим образом:
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. – М.: Просвещение, 1963. -255 с.
Аверьянов А.Н. Динамика противоречий // Вопросы философии. 1976. № 5.
Гумбольдт В. Фон. Язык и философия культуры. М.:Прогресс, 19857 451с.
В случае переработки статьи по просьбе редакционной коллегии журнала
датой поступления считается дата получения редакцией окончательного варианта. Если статья отклонена, редакция сохраняет за собой право не вести дискуссию по мотивам отклонения.
Научные статьи, поступившие в редакцию, не рецензируются. Рукописи не возвращаются. При копировании материалов обязательная ссылка на журнал «Вестник».
За достоверность материалов ответственность несут авторы.
Научные отзывы и рецензии могут не соответствовать мнению редакции.
К публикации в серии Вестника «Молодые ученые» принимаются работы молодых исследователей в возрасте до 40 лет и студентов, склонных к исследовательской работе.
ХАБАШЫ. ВЕСТНИК. VESTNIK
«Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы
Серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования» Series of «Young scientists. Search. Problems. Investigations»
№ 2, 2016
Хабаршы. «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы. – Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Ұлағат» баспасы, - 2016. № 2. - 117 б.
Вестник. Серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования». – Алматы, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, типография «Ұлағат», - 2016. № 2. – 117 с.
Vestnik. Series of «Young scientists. Search. Problems. Investigations». – Almaty, Almaty. KazNPU. Abai, Publisher "Ulagat". - 2016. № 2. – 117 с.
Достарыңызбен бөлісу: |