Бағалау өлшемдері
|
Дүниежүзі елдерінің индексі мен рейтингісінің сипаттамасын сипаттайды;
Елдердің графикалық түрде берілген рейтингісін талдайды;
Көрсеткіштердің бірі бойынша елдердің рейтингісін графикалық түрде ұсынады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: түртіп алу арқылы оқу
Жазу дағдысы: графикалық түрде «Дүниежүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерінің сипаттамасы» тақырыбында сызбанұсқа құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: индикатор, индекс, бақыт индексі, адам потенциалының даму индексі
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экономикалық бағытындағы тәрбие (ақпараттық және экономикалық мәдениет элементтерін қалыптастыру).
Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау
|
|
және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы).
|
Пәнаралық байланыстар
|
Информатика
|
Тақырып бойынша
алдыңғы білімдері
|
Салыстырмалы елтану
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарла нған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.
«Домино» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
|
Тірек етістіктермен слайд
|
Сабақтың ортасы 20 мин
|
Жаңа материалды меңгеру (Жеке жұмыс) 1-тапсырма
«Түртіп алу арқылы оқу» әдісі
(Ж) Оқу материалы бойынша қандай сұрақтар туындады және қандай ақпарат тың, саған белгілі болған материалды жұппен талқыла.
Бір көрсеткіш бойынша (таңдауы бойынша) елдердің рейтингісін графикалық түрде көрсетудің маңызы неде, қандай негіздер келтіре аласың?
Дескриптор:
Түртіп алу арқылы тақырыпты оқу.
«V» – білемін (тақырыпты оқығанға дейін мен білдім), «+» – жаңа мәлімет білдім!
«?» – сұрақтар туындады, осы әдіс туралы көп білгім келеді.
Бір көрсеткіш бойынша (таңдауы бойынша) елдердің рейтингісін графикалық түрде көрсетудің маңызына негіздер келтіреді.
ҚБ. Мұғалім + оқушы.
«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі
2-тапсырма.
Оқып шығып, сұрақтарға жауап бер. Қолданбалы статистиканың зерттеу нысаны ретінде бақылау мен тәжірибе нәтижесінде алынған статистикалық мәліметтер қарастырылады. Статистикалық мәліметтер – бұл нысандар (бақылау, оқиғалар) мен белгілердің (айнымалылар) және олардың сипаттамаларының жиынтығы. Мысалы, зерттеу нысаны – дүниежүзі елдері, белгілері – географиялық және экономикалық
көрсеткіштер, олардың сипаттамалары – құрлық, жергілікті жердің теңіз деңгейінен
|
|
|
биіктігі, орташа жылдық температура, өмір сапасы бойынша елдердің тізіміндегі алатын орны, жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі бойынша алатын орны, қоғамның денсаулық сақтауға, білім алуға, әскери қорғанысқа жұмсайтын шығыны, өмір жасының орташа ұзақтығы, жұмыссыздықтың, сауатсыздықтың үлесі, өмір сапасының индексі т.с.с.
Сұрақтар:
Статистикалық мәліметтерді талда;
Бір көрсеткіш бойынша (таңдауы бойынша) елдердің рейтингісін графикалық түрде көрсет. Дескриптор:
Статистикалық мәліметтерді біледі.
Статистикалық мәліметтерді талдайды.
Бір көрсеткіш бойынша (таңдауы бойынша) елдердің рейтингісін графикалық түрде көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |