технологияла ры
|
Әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
|
Оқушылар кеме туралы не білетіндерін естеріне түсіреді: қандай түрлері болады, жеке бөліктері қалай аталады?
Кемелерді жасаудың әртүрлі тәсілдерімен танысады, келесі сұрақтарға жауап береді:
Бұл көліктің қандай түрі (қозғалыс түрі бойынша), оның өлшемі қандай?
Жұмыста сендер қандай материалдар мен құралдарды қолданасыңдар?
Көліктің түсі қандай болады? Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушылар өз кемесінің дизайны мен атауын ойлап табулары қажет.
(Ө,Қ) Оқушылар өздеріне ұнаған үлгіні таңдап, оны жасау үшін жұмыс жоспарын жасайды.
Өз көлігін және барлық қажетті бөлшектерді жобалау барысында өлшейді, материалдар таңдайды, көлемді заттар жасау дағдыларын дамытады және жалғастырады.
Оқушылар кемені өздеріне ұнаған әдіспен жасайды. Сонымен қатар оригамиді таңдауға болады.
Аяқталған жұмыстарды оқушылар бір- бірлеріне көрсетеді, олардың ерекшеліктеріне көңіл аударады, содан кейін суда сынау жүргізеді.
|
Бұл сабақты дайындау барысында оқушылар өлшеу, белгілеу, сызықпен қию, жабыстыру, біріктіру және соңында барлық бөлшектерді біріктіру дағдыларын дамытады.
Сабақтың кіріспе бөлігінде суда жүзетін көлік түрлері туралы әңгімелесіп, бағыттаушы сұрақтар қойыңыз.
Оқушылардың назарын шығармашылық жұмысқа аудару үшін, оқушылардың жас ерекшелігіне сай, әр түрлі материалдардан жасалған ( қағаз, пенопласт, пластиктан жасалған бұйымдар және т.б.) кеменің үлгісін көрсетуді ұсынамыз.
Жұмысты орындау кезеңдері туралы талқылаңыз.
Оқушылардың назарын өлшемдердің дәлдігіне аударыңыз. Оқушыларға дұрыс белгілеп, жиектемені бүктеу және қию керектігін айтыңыз. Алдын ала барлық бөліктерді дайындап қою керектігін түсіндіріңіз: корпус, борт, парус, ту.
Содан соң ғана бәрін қосу керек. Оқушылар бір сабақ барысында барлық бөліктерді орындап үлгеруі мүмкін.
Оқушыларға әсіресе оригами техникасында барлық іс-әрекеттерді кезең-кезеңмен орындау керектігін
|
http://ped- kopilka.ru/blogs/svetlana- semenova/cat-2142 http://xn----- 6kcmadfbh0abcb5bybfg2a 5b.xn--p1ai/master- klass/podelki-k- prazdnikam/podelki-k-23- fevralya/183-korabl-iz- bumagi.html http://adalin.mospsy.ru/l_0 3_00/l0204.shtml
Әр түрлі көлік түрлерінің суреттері,әңгімелер, кітаптар.
Сурет салуға арналған альбом.
|