Сабақтың атауы Мақсаты Жалпы шолу



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі408,62 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Мақсаты


Жалпы шолу

Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын  арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті оқыту әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игерту.



Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



«Сұрақ бізден, жауап сізден».

1 минут уақыт беріледі. Жылдамдыққа арналған сұрақтар. 

1. ХІХғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге қандай мазмұндағы кітаптарды, қай діннің қағидаларын үйретумен шектеледі? “Шариғат-ұл – иман”, “Әпитек”

2.Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы қандай қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды? Омбы, Орынбор, Семей, Орал

3. Ішкі Орда ханы Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектепте сабақ қандай  тілде жүрді? Орыс және татар тілінде

4. «Бекей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім? В. И. Даль

5.  А.С.Пушкин Оралда қандай поэмамен танысты? “Қозы Көрпеш –Баян сұлу”

6. 1837 жылы қандай оқу орны ашылды? Сібір кадет корпусы

7.  Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен айналысатын  Орынбор қаласындағы әскери училище ашылған жыл?  1825 жыл 

 

8. В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенунік қызметін атқарған?  1833-1841 жж.



9. 1813ж.қандай қалада әскери училище ашылды? Омбы

10. Қазақ жерін топографиялық зерттеумен айналысқан орыс саяхатшылары? .П. Ковалевский, Н.А. Северцев, П.И. Небольсин

11.Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды? 1841  жыл

12.  “Капитан қызы” еңбегінің авторы? А.С.Пушкин

13.Қай жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды? 1848-1849 жж

14.1831ж.18-қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды? Семей қаласы

15.В.И.Даль қай жылдары және қандай көтерілісті басқарған батырларға жанашырлық білдірді? 

Исатай мен Махамбет

ІІ айналым

«Тұлғаны таны». 

Шарты: оқушылардың жасырған тұлғасын көмек арқылы табу. Әр көмек берген сайын 1 ұпай шегеріледі.  


Мағынаны тану

Материал іздеу


поиск
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі шектеулі

Бетономешалки

Бетономешалки для дома и стройки. Гарантия 1 год! Доставка в регионы РК. Бетономешалки Вихрь Закажите прямо сейчас!

Строительство бань,саун!

Строительство и отделка бань,саун!

Фрески на заказ в алматы

Фотообои фрески на заказ любых размеров от арт прома!от 3500тг за кв.м 87273171959,87478393807

Добавить объявление

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті оқыту әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүние жүзі тарихы, география, ән

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, алтын теңгелер, таратпа тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

2. Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

І айналым

«Сұрақ бізден, жауап сізден».

1 минут уақыт беріледі. Жылдамдыққа арналған сұрақтар.

1. ХІХғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге қандай мазмұндағы кітаптарды, қай діннің қағидаларын үйретумен шектеледі? “Шариғат-ұл – иман”, “Әпитек”

2.Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы қандай қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды? Омбы, Орынбор, Семей, Орал

3. Ішкі Орда ханы Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектепте сабақ қандай тілде жүрді? Орыс және татар тілінде

4. «Бекей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім? В. И. Даль

5. А.С.Пушкин Оралда қандай поэмамен танысты? “Қозы Көрпеш –Баян сұлу”

6. 1837 жылы қандай оқу орны ашылды? Сібір кадет корпусы

7. Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен айналысатын Орынбор қаласындағы әскери училище ашылған жыл? 1825 жыл
8. В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенунік қызметін атқарған? 1833-1841 жж.

9. 1813ж.қандай қалада әскери училище ашылды? Омбы

10. Қазақ жерін топографиялық зерттеумен айналысқан орыс саяхатшылары? .П. Ковалевский, Н.А. Северцев, П.И. Небольсин

11.Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды? 1841 жыл

12. “Капитан қызы” еңбегінің авторы? А.С.Пушкин

13.Қай жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды? 1848-1849 жж

14.1831ж.18-қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды? Семей қаласы

15.В.И.Даль қай жылдары және қандай көтерілісті басқарған батырларға жанашырлық білдірді?

Исатай мен Махамбет

ІІ айналым

«Тұлғаны таны».

Шарты: оқушылардың жасырған тұлғасын көмек арқылы табу. Әр көмек берген сайын 1 ұпай шегеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған. ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясаты тек батырлардың ғана емес, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінің де шарықтауына жол ашты. Ақындар мен суырыпсалма жыршылар қазақ халқының ерлік күресін, ержүректігін, батырлар мен қолбасшылардың халыққа адалдығын, берілгендігін жан жақты жырға қосты. Сонымен қатар халқын сатқан хандарды, сұлтандарды, билерді де ашық сынап отырды.

Бұл жырлардың тарих үшін маңызы орасан зор.

1. Авторлар тарихи оқиғаларға тікелей қатысқан, көзімен көрген.

2. Қазақ халқының батыр ұлдары туралы тамаша шығарма туғызу арқылы өткен заманның дәстүрлерін, тарихи тұлғалардың нақты есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізді.

3. Қазақ халқының жаңа ұрпағын тәуелсіздік жолындағы ерлікке, отаншылдыққа, қазақ халқының рухани мұраларын қастерлеуге тәрбиелейді.

Халықтан шыққан аса ірі ақындар қатарына :

Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже сынды ақын жыраулар болды. Бұл ақын жыраулардың деректері Тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарда архивтерде тұмшаланып жатып, қазіргі таңда назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптасты.

Сөзіңе – сөнбес жұлдыз тең,

Жалыныңда айбын бар

Керек емес даңқыңа

Белгі темір, кеспек қыш.

От жырларын халқына -

Өшпес мәңгі ескерткіш!- дегендей XIX ғасырдың I жартысындағы өмір сүріп, өз жырларымен сол заман шындығын жырлаған қазақ әдебиетінің өкілдері туралы шығармашылық тапсырмаға кезек беріледі.

ІІІ айналым

Шығармашылық тапсырма қорғау.

1 топ:


Дулат ақын,

Заман жыры толғаған,

Бодандықтан тәуелсіз,

Жұрт болуды қорғаған.

Отарлаған патшаға,

Әділет іздеп,

Жыр найзасын жолдаған- дегендей алғашқы шығармашылық тапсырманы қорғауға І топты шақырамыз.

1 топ:


A. Дулат Бабатайұлы

B. Шортанбай Қанайұлы

2 топ:

A. Шернияз Жарылғасұлы

B. Шөже Қаржаубайұлы

3 топ:


A. Сүйінбай Аронұлы

B. Мұрат Мөңкеұлы


ІV. Сергіту сәті.

V. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

ІV айналым

«Картамен жұмыс».

Шарты: ХІХ ғ. І жар. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілерінің туып өскен жерін кескін картада белгіле. 1 минут уақыт беріледі.

V айналым

А. «Кестемен жұмыс».

Шарты: 1минут 30 секунд уақыт беріледі. Бірінші бітірген топқа 1 ұпай беріледі.

Сипаттама Жауабы

Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады. Серігі қаза болғаннан кейін де, ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ол кім? Махамбет Өтемісұлы


Тапқыр,тілге жүйрік,Жамбыл Жабаевтың ұстазы болған. Сүйінбай Аронұлы

Жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен, 1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған. Махамбеттің серігі болған кім? Исатай Тайманұлы


Жастай екі көзінен бірдей айырылса да,қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады. Шөже Қаржаубайұлы

Шөже Қаржаубайұлының өнерін жоғары бағалаған, «суырып салма ақын» деген баға берген, Сібір кадет корпусының түлегі. Шоқан Уәлиханов

Орта Жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Оның “Өсиетнама» дастанын 1880 жылы патша үкіметі тыйым салған. Дулат Бабатайұлы


Ой толғаныс

Екі жақты күнделік


Кітапта жазылған

Менің ойым


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

1. Оқу, түсінік айту

2. Кесте толтыру





Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Абыл Тілеуұлының туған, тәлім алған ортасы

Мақсаты

Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сәлемдеме хат» жаттығуы

Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту.

Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз осы кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



«Әдебиет» туралы не білеміз?

Таныстырылымды тамашалайды, әңгімелеседі

Мағынаны тану

Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.

Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Өлеңдері ауызша тараған. Алғаш баспа бетін көрген толғауы — “Арғымақ атта сын болмас” (“Сана”, 1924, №2-3, Ташкент). Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. Абыл — айтыстың да шебері (“ Балдай қызбен айтысы”, “Нұрымды санауы”, “Сушы қызбен сөз жарыстыруы”, “Шерниязбен кездесуі”). Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.

Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Ақберен” (1972), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған


Ой толғаныс

БББ кестесін толтыру

Бағалау

Оқушыларға бағалау парақшаларын үлестіру

Үйге тапсырма

Мазмұндау



Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Абыл Тілеуұлының дастандары

Мақсаты

Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Көрнекілігі

Үлестірмелі парақшалар, топтастыру,БББ кестесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Менің кеңістігім» әдістемесі (музыка)

Қатысушыларға альбом бетіне дөңгелек және одан басқа дөңгелектерге шапақ шашылып тұрған суретті салу. Ортадағы дөңгелекке «Мен» деп жазу керек, ал басқа планетадағы дөңгелектерге сөйлемдердің соңын жазу керек. Мысалы:

Менің сүйікті сабағым...

Менің сүйікті тамағым...

Менің сүйікті түсім...

Менің сүйікті жыл мезгілім...

Менің ең жақсы досым...


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Топтастыру


Абыл




Мағынаны тану

 АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ
(1777-1864)
18-ғаcыpдың екінші жаpтснда өмір сүргeн бұрнғ ақн-жраулapдң дәстүрін жалғаcтырyшылaрдың бірі-суырыпсалма ақын-Абыл Тілеyұлы.Ол Маңғыстаyда туып-өсіп,бүкіл Атыpау аймағына танылған ақын.Әкеcі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын,қарaқалпақ,түpікмен елдерін aралап,өзі тұтаc ақындаpмен өнер сайыстырған.
Бұрын әдебиeтте Абылдың «Арғымақ aттa сын болмаc»,«Ескерту» дейтін тoлғаулары ғана мәлім болатын.Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын,тағы екі-үш тoлғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған.Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хpестоматиясында»,1972 жылы «Ақбеpен» жинағында басылып шықты.
Абылдың көп өлеңдeрі ұмытылған.Бізге жеткeні оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау peтіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз,термелeрі ғана.Осы бар азды-көпті шығаpмаларынa қарағaндa,Абыл өз заманындағы әдебиеткe айтарлықтай үлес қоcқaн талант иесі екенін байқaймыз.
Абылды өзінен кеиінгі көп ақындаp жақс білгeн,өздеpіне ұстаз тұтқан.Мұрат,Нұpым,Қашаған,Ақтaн,Сәттіғұл сияқты бір тoп ақындар легі Абылдың талантына бaс иген.Оның өлеңдері негізінен аyызша таpалғaн.Алғаш бaспa бетін көрген толғaу-1924жылы басылып шыққaн «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.

Арғымақ атта сын бoлмaс, Аcқар таyда сын болмaс, 


Қиған қамыс құлaқсыз. Бaуыры болса бұлaқсыз.
Азаматқа сын болмас, Ақ киікке сын болмас,
Арты бoлса тұяқсыз. Аpты болсa лақсыз.
Айдын көлде сын болмас, Жеті арнада сын болмас,
Жағасы болсa құрақсыз. Аяғы болса тұрaқсыз.

Тіршілікте артыңда із қалу кеpек деген ой aйтады.


«Сексеннің бізде келдік жeтeуіне», «Отырған қарcы алдымда Қанымайым», «Қар жауaр күн-түн оның қабағынaн» атты шығармалaрында хaн-сұлтандардың теріс қылығын әшкерeлеу,ел қaмын жеу,ізгілік,адaмгершілік мәcелелері сөз болады.
Өміpінің соңғы кезінде Баймaғамбет,Қайыпалды сұлтандармен кездесіп,бетпе-бeт айтқaн батыл cөздеріне қаpағандa,oл шындықты айтудан тaйынбаған,xан алдындa қасқайып тұрып,оның мінін көpceтуге батылы жеткен ақын. Баймaғамбеткe айтқаны:
Бопайдан тyған әкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр-ау мінген тaқтан.
Дәлірeк дажал сынды дәрeжeңді,
Деп жүрсің Құдай қорып,қыдыр баққан...
Ер өлді дeп eтек бұлап жылaйтұғын
Бaйеке-ау,қай ісің бар елгe жаққан?!

Қайыпалдыға айтқаны:


Жүp едім,тақсыр,сені дара біліп,
Халыққа жазықсыздан салдың бүлік.
Бұлaнның бүиірінен жебe тиcе,
Бұл оны қаиғырмаиды жара біліп.
Немeсе:
Баймағамбeт өзіңнен артт дeсе,
Ұстайды cондa сенің жының, тақсыр.
Қолдаған сол cұлтанд гyбeрнатор,
Өзгеден артық пa еді дінің, тақсыр.
Хиуаның қонышына кіpіп кеттің,
Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?!
Ақын сұлтанның ісін жaқтырмaй,бар жайды бетіне баcады.
Абылдың толғаулары көпке нaсихат ретіндe айтылып,адaмгершілік,ізгілік жолын меңзeйді.
Дүниеде дертті кіcі oйнaп күлмес,
Еp білер қaдіріңді,сұлтан білмес.
Кірпігі аpғымaқтың кіржік тартса,
Жабыдай ол жазылып көтерілмес.
Жадырап жаз шықпaса,күн жылынып,
Балаcы шaруаның егін екпеc.
Шалғысы лaшынның cалғырт таpтса,
Ілep деп қаз баласы қaйғы шекпес.
Абыл Тілеуұлы-айтыстың дa шебері.Бізге «Балдай қызбeн айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыpуы», «Нұрымды сынауы», «Шeрниязбен кeздесyі»деген aйтыстары жетіп отыp.
Абыл-шeшендікте алдына жан сaлмаған,тәжірбиесі мол,көп жасап,сан-саналы өлең шығарып өткен сaңлақ ақындардың бірі.

Ой толғаныс

Топтарға тапсырма

1-топ


Абылдың жырларына сипаттама

2-топ


Жыраудың суретін салу

3-топ


Мәңгі жырлар эссе жазу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Қорғайды. Талдайды.

БББ кестесін толтыру


Бағалау

Бағалау парақшасын толтыру

Үйге тапсырма

Автор туралы мәліметтер жинақтау


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет