Сабақтың атауы Мақсаты Жалпы шолу



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі408,62 Kb.
#1030
түріСабақ
1   2   3



Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты

1.Дулат Бабатайұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту;

 2. Дулатты оқуды одан әрі жаңартып, білімін толықтыруға, ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал жасау, бағыт беру;  

3. Дулат шығармашылығын оқи отырып, елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.


Топқа бөлу

Асықтар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 «Поезд»жаттығуы

Ойын ортада жүргізіледі. 1, 2-ге саналып шығуымыз керек. 1-номердегілер қолдарын 1-рет соғып,аяқтарымен еденді  2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылтады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поез жүру дыбысы естіледі.



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Өмірбаяны

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:

Менің атым – Байғыз қарт, 
Көзге түсер сиқым жоқ, 
Орынсыз күлер күлкім жоқ, 
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ. 
Көзге қораш бойым бар, 
Теңізден терен ойым бар
Шынардан биік санам бар, 
Атан өгіз ағызған 
Ақылдан алпыс салам бар. 
Қорған құрыш сөзім бар, 
Бұлттан өтіп, мұнарды 
Болжайтұғын көзім бар... 
Қайратымнан атым зор 
Белгілі атым өлемге. 
Қорашсынсаң денемді, 
Кеудем – ақыл сарайы, 
Кірем десең, кел, міне, – дейді.

Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.

Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

Өксігіңді ойласам, 


Ұйқы беріп, қайғы алам,
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді? 
Дулат сынды сорлыда 
Ұйқы, тыныштық бола ма?

 

Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" – Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!



Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.

Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.

Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.

Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:

Кеудеме қайғы толған соң, 
Тұнық жырмен жуынам, – деген сөздің түсуі де содан.


Мағынаны тану

Дулат Бабатайұлының өміріне шолу

Бейнефильм көру.



Поэзия минуты (мәнелеп оқу, суретпен салу) Дулат ақын 

1 топқа – «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңі

2  топқа  -  «Аягөз» өлеңі  

3  топқа   -   «О, Барақ жас», «Замана» өлеңдері 

4 топқа – «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі


Ой толғаныс

Дулат өлеңдерінің тақырыптары

№ 1 топқа – заман жайы

№ 2  топқа  -  қожа-молдаларды сынайды 

№ 3  топқа   -   келешек жастар

№ 4 топқа – ел әкімдері

 «Ана тілі – асыл қазынам» ойтолғау.

(Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай)


Оқушылар сұрақтарға жауап ретінде шағын жобалар жасайды.



Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Үйге тапсырма

Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау



Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

«Еспембет» дастаны

Мақсаты

Білімділік: Дулат Бабатайұлының дастаны туралы түсінік беріп, мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтау, ойлау
қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелік: Туған жерінің елжанды азаматы болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
♦ Сабақ түрі: Аралас сабақ
♦ Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
♦ Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайдтар, бүктеме

Топқа бөлу

Шарлар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы

Мақсаты: эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылджықты дамыту.

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз.Ол үшін кішкене жүрекшелерге осы топ қатысушыларына арналған тілек жазамыз.

Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда  тіріліп келеді. Бұл біздің тренингтің жүрегі үнемі дүрсілдеп тұрады.



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Дулат Бабатайұлының өмірбаяны, шығармашылығы. «Қазаққа» өлеңі.
Қайталау сұрақтары:
1. Дулат ақын қай ғасырда өмір сүрген?
2. Ол кезеңдегі тарихи жағдай туралы не айта аламыз?
3. Дулат Бабатайұлы қай өңірден шыққан?
4. Семей жерінен шыққан әдебиет өкілдері кімдер?
5. Айтыскер, әншілерден кімдерді білеміз?
6. Дулат Бабатайұлы несімен ерекшеленеді?
7. Қандай шығармаларын білеміз?

Оқушылар үй тапсырмасына дайындығын сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді



Мағынаны тану

«Еспенбет» дастаны
Бүгінгі жаңа сабағымыз, оқушылар, Дулат Бабатайұлының батырлық дастаны - «Еспенбет».
Дастан деген ұғымды қалай түсінеміз?
Дастан - (парсы сөзі – тарихи әңгіме, батырлар жыры)
Ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі.
Бұл дастанның басты тақырыбы – ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.
Батыр дегеніміз кім?
Қандай батырларды білеміз?
Бұл батырлардың осы күнге дейін ел есінде қалып, әдебиет әлемінде жүру себебі: әр батырдың өз ерлігі, қайталанбас тарихының болуы.
Ал, оқушылар, Еспенбет батыр жайында естігендерің бар ма?
Ендеше, мен бүгін сіздерді Еспембет батырмен, оның ерлігімен таныстырайын. Тыңдайық.
Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды.

Ой толғаныс

1.Жазба әдебиет

 

2. Әке-шешесіз жетім өсуі.



 

3. Сүйген жары айтылмайды.

 

4. Туған елінен, жерінен жырақта өсіп  ер жеткен



 

5. Жыраулар поэзиясы



 

Ұлттық психология

 

Батырлықты дәріптеу



 

Қазақ-қалмақ соғысы

 

Ат – ер қанаты



 

Елін, жерін жаудан қорғауды мақсат ету т.б.

 


1.Ауыз әдебиеті үлгісі

 

2.Әке-шешесінің ерке балалары



 

3. Батырдың қасынан табылатын сүйген жарының болуы

4. Туған елінің топырағында аунап-қунап өскен

 

5. Түркі тектес халықтарға ортақ туынды



Поэманың идеясын таныту:

Ақын Дулат Бабатайұлы:

Еспембеттей ер қайда?

Еспембеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда? – дей отырып, елін, жерін қорғайтын Еспембеттей ер туса деген өз идеясын жұртқа жеткізуді мақсат тұтқан.


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

І. Ойтолғау жазу:

  1- қатар «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан... 

  2- қатар  «Ер туған жеріне...»

 3- қатар  «Елге қорған ер туса...» немесе «Ер ел үшін туады»



ІІ. Поэмадағы тұрақты сөз тіркестеріне  картотека теру.



Пәні

Қазақ әдебиеті

Класы




Тақырып

Махамбет өмір сүрген қоғам

Мақсаты


Махамбет өмір сүрген дәуірден мағлұмат алу, білімді ғылыми тұрғыдан терең меңгеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тұжырымды ой айта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

  • ақын өмірі мен өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат алады;

  • шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайды;

  • АКТ- ні тиімді пайдаланып, сандық сауаттылықтары артады;

  • ұйымшылдық, бірлік қарым – қатынас қалыптасады;

  • өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұны мен идеясын ашып талдай білуге дағдыланады;

  • танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады.




Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен сәлемдеседі

және топтарға бөледі.

«Тазару» психологиялық жаттығуын орындатады.

Мұғаліммен амандасып, «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Шығармашылдар» атты топтарға бөлінеді.

Психологиялық жаттығу жасайды.




.

Қызығушылық

ты ояту

  1. мин)

«Ән- көңілдің ажары»

Е.Құдайбергеновтың орындауында терме тыңдату «Мен, мен едім»

Кімнің термесі, автор туралы не білетіндерін ортаға салады.




Үнтаспа


Мағынаны тану

(15 мин)

(15 мин)

І топ: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, Махамбет көтеріліс кезінде

ІІ топ: Махамбеттің балалық, жастық шағы. Шығармалары, басты тақырыптары

ІІІ топ: Махамбет туралы қосымша мәліметтер мен деректер жинау.

ІҮ топ: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасау. І топ: Махамбеттің хан, сұлтандарға жау болу себебі неде? Көтерілістің жеңілу себептері. «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңі ІІ топ: Ақын өлеңдерін оқу, талдау. ІІІ топ:«Ел үшін туған асыл ер» эссеІҮ топ: Махамбет күйлерінің шығу тарихы, орындаушылар


Топ болып берілген тапсырмаларды орындап, өзара түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Берілген тапсырмаларды орындап, топтар арасында талдайды.


Топ басшылары бағалайды.

Критерий бойынша топтар бірін- бірі бағалайды.



Бағалау парақшалары

Оқулық, ноутбук, ұялы телефон, ватман, маркер, стикер.

Оқулық, ұялы телефон, шығармалар жинағы, стикер.

Ой толғаныс

(10 мин)

«Сиқырлы таяқша»



Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін, көзқарас, пікірлерін бірін бірі қайталамай жеткізеді.

Мұғалімнің жиынтық бағалауы






Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Сүйінбай- ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі

Мақсаты

а) білімділік: Сүйінбай Аронұлының өмірі, ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, айтыс өнеріндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.
ә) тәрбиелік: Сүйінбай шығармаларының тақырыбын аша отырып, оқушыларды Сүйінбай аталарындай әділ, батыл болуға, адам бойындағы жат мінездерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
б) дамытушылық: Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Сүйінбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологияларының әдістері. 
Сабақтың көрнекілігі: Сүйінбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Сүйінбайдың суреттері, Сүйінбайдың ескерткіштері бейнеленген суреттер.

Топқа бөлу

1-топ - «Тапқырлар» тобы.
2- топ - «Алғырлар» тобы.
3-топ - «Білгірлер» тобы.
Топтың атын, ұранын белгілеу. Топтың ұраны:
1. «Талапты бала талпынған құстай».
2. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін».
3. «Оқыған жетер мұратқа»
Топтың жетекшісін сайлау. Топ жетекшілеріне бағалау парағы беріледі. (Өзін-өзі бағалау және өзгені бағалау)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



«Ойлан, тап».
1. «Зар заман» ақындарының шығармаларын табыңыз.
2. Өлеңнің авторын табыңыз.
3. Бейне сұрақ: Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын?
4. Бейне сұрақ: 1836-1837 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, әрі жалынды жыршы, әдебиет әлемінің ақыны?
5. Бұл өлең жолдарының авторын табыңыз.
6. «Ұқсастық пен даралық» әдісі бойынша «Зар заман» ақындарын жазу.

қушыларға Сүйінбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:


1. Тақтада бейнеленген ақынды танимыз ба?
2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны?
3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?
«БҮҮ» әдісі
Білемін Үйренгім келеді Үйренгенім
ІҮ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ, жоспары:
1. Сүйінбайдың ақындық жолға келуі. 
2. Сүйінбай - шебер тілді, жүйрік ақын. 
3. Айтыс өнерінің майталман жүйрігі.
Сабақтың эпиграфы

Мағынаны тану

Ой шақыру.
Мұхтар Әуезов
Сүйінбай Аронұлы Алатау бөктеріндегі Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туылып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. 
Оның өлеңдері мен айтыстарында ХІХ ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей-кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқтаушысы болған. Атқамінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей қып беттеріне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. 
Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал ақын Қожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:
Сүйінбай он жасында қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен,
Алланың көрмеймісің құдыретін, - 
деп, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шыққанына таңданады.
Сүйінбай 13-14 жасында ең алғаш рет “Түс” деген өлеңін шығарады. Бұл өлеңде болашақ ақын Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғандығын баяндайды. 
Болашақ ақынның айтуы бойынша түсіне Қызыр баба келіп, көген аласын ба, өлең аласын ба дегенде, Сүйінбай «өлең, өлең» деп айқайлап, ұйқысынан оянған екен. Осыдан бастап оның ақындық қасиеті дами бастаған.
Белглі бір адамның бойындағы басқаларда жоқ ерекше қасиеттері, соның ішінде ақындық өнері туралы да халық: «тұқымында бар», «өлең қонған» дейді. Мұның мәнісі: тегінде – аталары немесе нағашыларында бар ақындық түбінде ұл-қыздарының біріне көшеді немесе адам жаратылысынан бойына дарыған ерекше қасиет-қабілетпен дүниеге келеді дегенді білдіреді. 
Бұл жағынан келгенде жыраудың арғы атасы Күсеп әрі ақын, әрі қобызшы болса, нағашы атасы Қабан Жетісудағы ақындық, жыраулық өнердің ірі өкілі болған. Сүйінбай бозбала кезінде жеті тәулік бойы нағашы атасының көшінен қалмай, ілесіп жүріп, батасын алыпты. 
Сүйінбай өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының алуан жыр-дастандарын, аңыз-қиссларын живн-тойларда жатқа айтып, өз жанынан да өлең шығарады.
Сүйінбайдың ақын аты шығып, ел таныған шағы жиырма бестер шамасындағы кезі болса керек. Өзінің айтқандары да сол шамаға келеді. 
Сүйінбайдың туындылары оның табан астында тауып айтатын ғажайып тапқыр, сөздің мөрті келгенде “ешкімнің атағына бас ұрмайтын, басынан құс асырмайтын” әділ де турашыл, арғы-бергіні сергек санамен саралаған даңғыл, дана ақын болғанын көрсетеді.
Сүйекеңді қырғыз елінің мықтылары да ақындықтың көшбасшысы ретінде бағалаған. 
Бір ғасыр бойы өмір сүрген жыр алыбы Жамбыл атамыз да осы Сүйінбайдың ақындығына тәнті болып, іздеп барып жыраудың батасын алған. Жамбыл Сүйекеңді ұстазым деп пір тұтқып, оның бағасын:
Бата берген Сүйінбай, -
Жырдың тіккен туындай...
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы...
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай... – 
деп берген.
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. 
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін алға тартып жырлайды. Ерлік, елдік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идея. 
Ақын шығармаларының бір парасы тікелей осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған.Оның «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен» деген өлеңдері осы тақырыпта жазылған:
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен..
Сүйінбайдың «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде атынан көрініп тұрғандай, жақсы мен жаман адам, оларға тән қасиеттер бір-біріне қарама-қарсы қойылып сипатталған. Ол – өмірде асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, осы өлеңінде жырлаған:
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай...
Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай...
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Сүйінбайдың шығармашылығында арнау өлеңдер қомақты орын алады. Оның «Датқалар», «Төрелерге», «Үмбетәліге» сияқты өлеңдері арқылы ол сол кездегі «атқамінерлердің», төрелердің әділетсіздігі, жағымпаздығы, қарапайым халыққа жасаған қиянаттарын, тайсалмай беттеріне шыжғырып, басып айтады. 
Ал «Бала Жамбылға бата» деген арнау өлеңінің шығу тарихы бар. 
О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған,
Бақытты өмірлі боп жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған,
Жапаға риза болсын айта барғын,
Осымен өкпелемей жүрсін маған.
Мұндай батасын алған Жамбыл Сүйінбайды өмір бойы есінен шығармай: «Менің пірім – Сүйінбай деп, ұлы ақынымызды пір тұтумен өткен.
Сүйінбай – ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылға жақын үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. 
Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің де оған аса жоғары баға беруі мұны дәлелдей түседі. 
Айтыстарының қай-қайсысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады. Қайырымсыз байларды мінеп, есесі кеткен нашарды жақтайды, ел ішінің бірлігін жырлайды, әділдікті, батырлықты дәріптейді. Бір қызығы, бұл өнерді Сүйінбай өзін құстың бір түрі – кәдімгі қарғамен айтыстырудан бастаған. 
Жоғарыда айтылғандай, ақын бала кезінде жетім қалып, бай ағайындарының алдымен қозы-лағын, кейін қойын бағып, тамағын асырайды. Сөйтіп жүрсе де, зерек, ақылды бала үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерінен байлардың, атқа мінерлердің зорлығын, өктемдігін көріп, қатты налиды. Сондай күндердің бірінде бірімен-бірі таласып, ұшып-қонып шуылдасқан қарғаларға он екі жасар Сүйінбайдың назары түседі. Соларға қызықтап қарап отырып, әрі Сүйінбай, әрі Қарға болып, өзімен-өзі айтысады. Бұл өзі — әлеуметтік мазмұны мәнді әрі өлеңдік сапасы да жоғары, едәуір ұзақ, қызықты айтыс. Бұл айтысты Сүйінбай өз елінің жағдайын суреттеуден, әділеттілік жоқ, жуандар қарапайым халықты қанайды деуден бастайды. Әрі қарай Қарға да олардың ішінде жуандар барлығын, өзара руға бөлініп жауласатындығы туралы баяндайды. Бірақ тағдырға шара бар ма деп налиды. Айтыс соңында Сүйінбай: «Бүйтіп берекесіз шулағанша, бірігіп егін салыңдар, бастарыңды қосып, әділ, турашыл болыңдар» - деп кеңес береді де, өріп кеткен қозы-лағының артынан жүгіреді.
Айтыс өнеріндегі осы әдепкі адымынан-ақ Сүйінбайдың әділдік, шындық, бірлік, адал еңбек жолын таңдағанын көреміз. Сонымен қатар Сүйінбайдың Тезек төремен, Қатағанмен айтыстары туралы да аңыз-әңгімелер көп.
Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, айтыс өнерінің ірі өкілі. 
Елдігіміздің аса маңызды нышаны – тұңғыш теңгемізде Сүйекең бейнесінің болғаны халықтың қадірменді ақынына деген зор сүйіспеншілігін танытса керек.

Ой толғаныс

«Кім білімпаз?»
1. «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп бағалаған жазушы.
2. Сүйінбайдың ең алғашқы өлеңі қалай аталады?
3. Сүйінбай неше жасында елге ақын ретінде танылды?
4. Сүйінбай ең алғаш рет немен айтысқа түсті?
5. “Менің пірім – Сүйінбай” деп Сүйінбайдың ақындығына тәнті болған кім екенін табыңыз. 
6. Сүйінбай шығармашылығында қомақты орын алатын қандай өлеңдер? 

«Әдеби диктант».


 Сүйінбай Аронұлы – 

 Сүйінбайдың мынадай өлеңдері бар:

 Мұхтар Әуезов: 
«Бес жол өлең» әдісі бойынша оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергендігін анықтауға болады. Оқушылар алған ақпаратты түйіндеп айтуға, өздерінің ойларын аз сөзбен, бірақ нақты жеткізуге жұмыстанады.

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

«Еркін жазу» әдісі бойынша өтілген тақырыптан бар білгендерін қорытындылап, өз әсерлерін, пікірлерін дәптер бетіне түсіріп, оқиды.


Бағалау

Бағалау парақшалары

Үйге тапсырма

Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы туралы қосымша деректерден іздену.
Эссе “Сүйінбай – қазақ халқының мақтанышы”

Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне жазады


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет