Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы



бет6/6
Дата25.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#5023
1   2   3   4   5   6

2.3. Гүлдерді күтіп-баптау

Өсімдіктерді орналастыру: Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, жұмыс столына бекітілген ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлап өсіру аз орын алады, оларды баптап күту қолайлы. Сондықтан шоғырлап отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды – тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр- түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әртүрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді ( пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сөрелерде және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді.

Бөлме өсімдіктерінің топырағы: Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және күлгін құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өімдіктердің қалдықтарынан: шөптен,қурап түскен жапырақтардан т.б.дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабын су, көң бөкпесін құяды. Тез шіруі үшін қорданы күрекпен әлсін-әлсін (3-5рет) араластырып отырады. 2-3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтың құнарлығын арттыру үшін қосады.

Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурап түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2-3 рет күрекпен қопарыстырады. 2-3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. Шымтезек топырағын ми батпақты саз қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде ұстайды.



Шым топырақты былай дайындайды: Жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10-15 см және ұзындығы 30 -35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады ) ауыр немесе шым топыраққа (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.

Өсімдіктерді суару: Әдетте бөлме өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құяды., соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді.Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7°С жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады.Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды.Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс.

Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру керек. Өсімдіктерді тұнған сумен суарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін топырақты таяқшамен қопсытады. Қопсытқанда таяқша өсімдіктің тамырын зақымдамайтын болсын. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек. Ірі өсімдіктерді аздаған сабын араластырған жылы сумен жуады. Ұсақ өсімдіктерді қол жуғышқа не шылапшынға қойып, үстінен су құйғышпен шашыратып жуады. Өсімдіктер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыру керек. Қыста өсімдіктерді неғұрлым жылырақ орынға көшірген жөн. Суаратын мезгілді қалай білуге болады?


Бұл оп-оңай. Гүл салынған қыш құмыраны сыртынан шерткен кезде, сыңғырлаған ашық үн шықса, онда топырақ құрғақ, суару керек деген сөз. Егер көмескілеу дыбыс шықса, онда топырақ дымқыл, суарудың керегі жоқ. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суын сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет.

Өсімдіктердің жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малып алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды –жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды ( бегония, глоксиния ), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады.

Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдап, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін -әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда  немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады.

Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмырадан топырағымен қоса қопарып алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.

Өсімдіктерді шоғырлап су ағар тесігі жоқ үлкен ыдысқа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге қояды.



Өсімдікті тыңайту. Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіп, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ертілген) бірнеше рет (1-2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшетелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ.

Тыңайтқыш ертіндісін қолданудан 2 сағат бұрын топырақтын түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак силитрасы қоспасын (21/2 ас қасық) суперфосфат (1 ас қасық), калий силитрасын (1/2 ас қасық) 10-12 л суға ертіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак силитрасы қоспасын (1/2 ас қасық), суперфосфат (2 ас қасық) және калий силитрасын 10 л суға ертіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ертіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданылған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп өсуіне жақсы ықпал жасағанмен бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.



Өсімдіктерді көбейту: Бөлме өсімдіктерін өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесінділерінен (сабағынан, жапырағынан, тұқымының ) кесінділерінен өсіреді. Ол үшін оларды сабақ, түйнек, тамыр өркендерінен бөледі.

Өсімдіктерді вегетациялық жолмен көбейту, тұқыммен көбейтуге қарағанда жиі қолданады. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы жетілген өсімдіктерден қиғаштап жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1-3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1-2 жапырақты қияды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды.

Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай кесінді тамыырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек.Әйнекті күніне бірнеше рет тазалап сүртіп, кесіндіге күніне 2-3 рет су бүркеді.Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да,кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай,тамырлануы 2-3 күннен бастап 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділер (мысалы Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады. Кей өсімдіктердің (мысалы, Бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық.

Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары: Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтың жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіруі — өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады.Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекция немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай насекомдар өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Бөлме өсімдіктеріне өте көп зиян келтіретін насекомдар — өсімдік биті, кенелер,ақұнтақ,трипстер т. б.

Өсімдік биті. Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті насекомдар. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді.

Күресу шаралары: Фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда Тагатестің, помидордың, Петунияның, Дельфиниумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріп алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады.

Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады; темекінің Махорканың үгіндісіне су құйып (1: 10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1: 3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақ тың, помидор жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8 -10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.



Өсімдік кенесі. Тұрқы 0,3 -0,4 мм бітімі сопақша ақшыл сары түсті, денесін түк басқан насекомдар. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдіккке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптап жабысып алады да, доп –домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады.

Өсімдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Бөлме жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жоғарлығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фуксия, орхидея, кактустарды т. б. өсімдіктерді зияндайды. 



Күресу шаралары: Суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1л суға 2-3г) бүркеді. өсімдікке су бүркіп алып, оған пиретрумның немесе күкірттің ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтың бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құяды) бүркуге де болады. Ал бүркуге келмейтін өсімдіктерге төмендегідей әдіс қолданады. Туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып,полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады

Гүл отырғызудың қыр-сыры.

Бөлме ішінде, терезе алдына қойып өсіретін гүлдер өте көп, әсіресе, орхидея, цимбидиум, милтония, каланхоэ, қоңыраугүл, фиттони, бегоний, фиалка, сенполия, бальзамин, эхмея, спатифиллум, рододендрон, жапондық аралия, пеперомио, раушан (роза), фуксия тәрізді гүлдерді көптеп өсірген жөн. Олар әр бөлмеге өзінше әр беріп, адамдардың демалу қабілеттерін арттырады, шаң-тозаңды бойына тартып,ауа тазалығын сақтауға көмектеседі.



Гүлдердің жақсы өсуіне таза ауа мен бөлме температурасының бір қалыптылығы аса қажет. Десек те кейбіреулері күн көзін я болмаса салқын ауаны ұнатпайды. Тәулік бойы түсіп тұратын күн көзін тек қалың жапырақты, жазық жағалардан,тропикалық аймақтардан әкелген бұталы гүлдер ғана көтере алады. Олар бөлме температурасы жылы болса, күн көзін онша қажет етпейді, ал жарық міндетті түрде керек. Қыс мезгілдерінде салқын температура жеткілікті, әрі оған олар төзімді келеді.

Гүлдерге терезе шынысының да пайдасы болып жатады: Терезе шынысы-қызғылт, қызылсары, сары, көзге көрінбейтін күлгін, инфрақызыл сәулелер түсіріп, гүлдердің қалыпты өсуіне күн көзінен жылылық нұрын төгіп тұру үшін пайдалы. Бірақ өсімдіктің көбеюі мен бүршік атауына көк, күлгін (фиолетовый), ультрафиолетовый түстер күн көзін өткізбейді. Сондықтан үй өсімдіктерінің әлсін-әлсін таза ауаға шығарып тұрған дұрыс. Үйде өсіретін гүлдерді қоректендіретін арнайы тыңайтқыштар дүкендерде сатылады.

Топырақ дайындау: Орхидея отырғызуға кәдімгі жай топырақ жарамайды Сондықтан бұл гүлді отырғызатын топыраққа қарағай мен емен тамырларынан, ағаштың қабығы мен шымтезек ,көмірдің күлін қосып арнайы тыңайытқыш дайындалады. Енді осы топыраққа марганцовка қосылған су құйып, бір кептіріп алады. Топырақтың бетіне мүк салса,топырақ ылғалдығын жоғалтпай, үнемі дымқылданып тұрады .Гүл отырғызатын ыдысқа ауа кіретін тесік қалдыру қажет. Ауамен тыныстаған топырақта өсімдіктің тамырлары кең жайылып жатады. Ал ауа жоқ ыдыста гүл кеуіп қалады. Бұл тропикалық өсімдікті 3-4 жылда бір ауыстырып отырады .

Гүлді баптау әдісі: Орхидеяның сабағы мен гүл сабағы да тым ұзын болып биіктеп өседі. Сиреп өскен тұстарының сабағы мен гүлін  бастарынан 1-2 жапырақ пен 1-2 гүл қалдырып, арнайы қайшымен қырқып, қысқартып отырады. Осындай әдіспен күтіп-баптаған гүлдің бойындағы гүлсидамдары гүл атып, ары қарай жайылып, құлпырып өседі.

Гүл отырғызушыларға кеңес: Гүлді бір тармағын я болмаса бұтағын су құйылған ыдысқа салып, тамырландырады. Гүлден алынған тұқымдық бұтағын күнге-желге тигізбей жеткізе аламыз ба? Минералды судың пластик ыдысының жоғарғы жағын кесіп алады, жартысын жаңағы алынған тұқымды орнатып, шамалы су себеді. Ыдыстың бетін кесіп алынған өзінің қақпағымен жауып, алып жүруге болады.

Гүлді көбейту үшін ыдысқа тыңайтқыш қосып өңделген топырақ салып, тамырланған қалемшені орналастырады. Жанына шыбықталған тірек ағаш қадап, әбден орныққанша байлап қояды. Топыраққа орнаған соң тым артық ұзарып өскен сабақтарын қырқып, қысқартып отыру қажет.

Гүлді ажыратып, көбейту әдісі: Гүлді ыдыстан түсіріп алып, бірнеше буынға бөліп, жеке-жеке отырғызады.Тек тамырына зақым келмесе болғаны .

2.4. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

Фукция гүлі — бұтақты өсімдік. 1 м биіктікке дейін көтеріледі. Салқын ауаға төзімді. Жапырақ бойындағы қызғылт, қызыл жолақ сызықтарымен көзге әсем болып көрінеді. Гүлдерді қызыл, күлгін қызыл, ақ болып келеді. Қатты түскен күн көзін жаратпайды, көлеңкелі жерде жақсы өседі. Жазда таза ауада ұстауға болады. Қыста бөлменің салқын ауасы жеткілікті. Жыл сайын наурыз айында сұлбасын, яғни ұзарған сабағын қырқып отыру керек. Топырақ пен бөлме ауасы ылғал беріп тұрса, фукция гүлі көп жасайды. Сондай-ақ күнбе-күн суарып тұрған жөн. Фукциядан алынған тұқымдық бұтағын суға салып тамырландырады. Бірден топыраққа да отырғызуға болады.

Каланхоэ өсімдігінің кереметтілігі

Каланхоэ өсімдігі бөлме гүлдері қатарына жатқызылады. Бұл әдемі әрі шипалы өсімдікке көп күтімнің қажеті жоқ .Тек күннің көзі түсетін терезенің алдына қойып, топырағы құрғай бастаған кезде бір суарып қойсаңыз болды.Каланхоэ жақсы өсу үшін кактусқа арналған тыңайтқышпен суарып отыру керек. Емдік мақсатқа қолдану үшін өсімдіктің жапырақтарын кесіп алып, 5-10 градуста көрсетілген тоңазытқышқа жеті күндей салып қояды. Содан соң еттартқыштардан өткізіп, шырынын бөлек сығып алады. 1литр каланхоэ шырынына 10 мл таза спирттен қосып,банкаға құйып, қақпағын жабады да тоңазытқышқа сақтайды. Осы каланхоэ шырынын аяқ тамырының (варикоз), терідегі жазылмай жүрген түрлі жараларға және күйік шалған жерлерге жақсаңыз, шипасы болады. Яғни, аталмыш шырын түрлі қабынуларға қарсы әсер ете алады. Сондай-ақ каланхоэның жаңадан сығылған шырынын тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады.Ол ауыздың улы(стоматит), қызыл иек ісігі (пародонтоз), және маңқа (гайморит) ауруларына да ем.

Алоэ өсімдігі: Алоэның сырты әдемі көрінбегенімен оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні – бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы өсімдігіңіз ,яғни алоэ жақсы көмектесе алады. Дәріханадан дәрумендер сатып алып, ақша да шығындайсыз. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны: 1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындасын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның төртен бір бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егер де бір жеріңізді кесіп, тіліп алсаңыз, дәкені алоэ шырынына батырып таңсаңыз немесе жапырақты қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады. Алоэның шырынын алу үшін, оның 2-3 жылдан кем өспегеніне көз жеткізіңіз. Емдік өсімдіктің ортаңғы және төменгі жапырақтарын пайдаланған дұрыс.Ол жерде шырын көбірек болады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

Өсімдіктер көп өсірілген жерде оп-оңай тыныс алуға болатынын байқайсыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көруге болады. Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.


Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеде гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсірген жөн. Олар үйге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Гүлдердің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстыру керек. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.

Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолдануға болады. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктер әрдайым таза, әдемі болуы керек. Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар – солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б./. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет. Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз. Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішіңізде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз. Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алсаңыз дұрыс. Гүл өсіруге қызықсаңыз, жоғарыдағы кеңестерді пайдалануға тырысыңыз. Бірақ, ең басты кеңесші сіздің ішкі жан дүниеңіз екенін ұмытпаңыз!

Тақырыбымды қорыта келе жоғарыда тілге тиек етіп отырған, бөлме өсімдіктері қазіргі кезде адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Бөлмеде өсіп тұрған тірі гүлдер тек әдеміліктің символы ғана емес.Олар көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп, оттегі бөледі, сонымен қоса адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, тез ұйқтауына көмектесетін розамарин, мелисса, пеларгония өсімдіктерін атап өтуге болады.Әрине, бәрі емес, бірақ көп гүлдердің бойында осындай емдік қасиеттері бар .Бұл жолы бөлме ауасын тазартуда алғашқы болып табылатын шырмауық өсімдігіне жеке тоқталып кетсек.Шырмауық шырмала өсетіндіктен, тіпті бүтін бір қабырғаны да жабуы мүмкін. Онда оның ауаны тазарту қасиеті де күшейе түседі. Шырмауықтың түрлері өте көп. Олардың көбі көлеңкелі жерде өсе береді, тек ала жапырақты түрі ғана жарықты жақсы көреді. Тағы бір есте сақтайтын жайт, оның топырағы үнемі ылғалданып тұруы қажет. Ал жазғы уақытта аталмыш гүлді далаға шығарып қоюға болады. Қазіргі таңда бөлме өсімдіктеріне аса көңіл бөлінуде. Осындай игілікті істер осы жылдан әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Биология және салауаттылық негізі» 1/2005. 63 бет

2. «Биология және салауаттылық» 6/2005 73 бет

3. «Биолог анықтамалығы» 1/2012 электрондық нұсқасы

4. «Қазақстан әйелдері» 2/2009 44 бет

5. «Қазақстан әйелдері» 6/2009 44 бет

6. «Қазақстан әйелдері» 11/2009 42 бет

7. «Өсімдіктер сыр шертеді» Қ. Сыбанбеков






Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет