2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен қазақ халқының өмірлік тәжірибесі мен салт дәстүрін, әдет ғұрыпын насихаттайтын «Бесіктен бақиға дейін» атты Гүлбаран Етекбаеваның кітабы «Либриус» баспасынан жарық көрген екен. Автор айтқандай кітаптың бүгінгі жас ұрпаққа берер тағылымдық, танымдық мәні зор [5]. Автор бұл кітаптың алғысөзінде Абай Құнанбаевтың, Ахмет Байтұрсынов, Александр Левидің айтқандарынан мысал келтіре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге ұмтылады. Кітап өте ұғыныңқы тілмен, аналық мейіріммен жазылған. Алайда өңірлік салт дәстүрлерімізді терең зерттеп, хатқа басып кеткен Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін», А. Нүсіпоқасұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке» кітабының негізінде жазып, кейбір мәтіндерін толықтай көшіріп басқан.
Достарыңызбен бөлісу: |