Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет6/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ТЕСТ

1) Қазақстан Республикасының рәміздері.

А. Әнұран В.Отан

С.Астана Д.Мемлекет

2) Қазақстанның елордасы қай қала?

А. Ақтөбе В. Астана

С. Алматы Д. Қызылорда

3) Қазақстанда неше облыс бар?

А. 10 В.20

С.14 Д. 11

4) Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?

А. Ақмола В. Алматы

С. Қызылорда Д. Орынбор

5) Қазақстанның төртінші астанасы қай қала?

А. Астана В. Алматы

С.Қызылорда Д. Орынбор

6) Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы болып аталады?

А.1996 В. 1995

С. 1998 Д. 1997

7) Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?

А. Ертіс В: Іле

С. Есіл Д. Тобыл

8) «Мемлекет» сөзінің аудармасын тап.

А. Столица В. Улица

С. Город Д. Государство

9) «Астана» сөзінің аудармасын тап.

А. Столица В. Станица

С. Зарница Д. Страница

10) Қазақстан – көп ұлтты ___________

А. Адам В. Жас

С. Облыс Д. Мемлекет

11) Дұрыс жалғауды таңда: Мемлекет____

А. –лер В. –дер

С.-тер Д.-тар

12) Дұрыс жалғауды таңда: Қала ______

А. –лер В.- лар

С.- дар Д.- тар

13) Дұрыс жалғауды таңда: жер______

А.-ім В.-м

С.-сі Д.-ым

14) Сәйлемді аяқта: Маған менің қалам_____________

А. Ұнады ма? В. Келді

С. Орналасқан Д. Ұнайды

15) Ауылда мал________________

А. Өсіреді В. Отырады

С. Жұмыс Істейді Д. Тұрады


55–сабақ

ОКЕАНАРИУМ ІШІНДЕ
1-тапсырма. Мәтінді түсініп, оқыңдар.

Акула
Қазір акуланың 350-дей түрі бар. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, тістері өткір.

Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.


2-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, оларға морфологиялық талдау жасаңдар.
3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша диалог құрастырыңдар.


4-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөздерді және сөз тіркестерін аударыңдар.

Встречаются в соленой воде, длина туловища, острые зубы, хищная рыба, способность чувствовать,нападает.



56–сабақ

«Ақ Орда» – Астананың көрікті жерлерінің бірі


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимараттың ауданы 36 720 шаршы метр. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты орналасқан.
2-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, әңгімелеп беріңдер.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік, септік жалғауларын қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан... – Қазақстан. Қазақстан – көп ұлтты республика.

Қазақстан... астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент... – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



57– нәтиже сабақ

«Астана – арман қала» бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.



Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет