ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Николай Гаврилович Чернышевский (1828—1889)



бет12/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Николай Гаврилович Чернышевский (1828—1889)

Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский 1828 жылы 24 июльде Саратов қаласында священниктің семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, онан кейін жергілікті семинарияда оқып, кейін Петербург университетінде оқыды. Университетте оқыған кезінің өзінде крепостнойлық бұғаудың езгісінде жүрген қарапайым халықтың өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге көзқарасы крепостнойлық құрылысқа қарсы шаруалар қозғалысының барған сайын құлаш жайған жылдарында қалыптасты.

Н. Г. Чернышевский 1851—1853 жылдардың аралығында Саратов гимназиясында оқытушылың қызмет атқарады. Чер-нышевскийдің ұстаздық қызметі оның педагогикалық еңбекті сүйетіндігін көрсетті.

Оның сабақтарынан жастар алғаш рет Белинскийдің, Гогольдің және басқа алдыңғы қатарлы жазушылардың тамаша шығармалары жөнінен мәліметтер еститін.

1853 жылы Н. Г. Чернышевский магистрлық ғылыми атақ алу үшін Петербургке барады, онда ол “Өнердің шындыққа

эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта диссертация қорғайды.



Чернышевский Петербургте негізінен жазушылық және әдеби сын жұмысына ауысады, бастапқыда “Отечественные записки” және “Современник” журналдарында, ал 1865 жылдан бастап “Современник” журналында қызмет істейді.

Үдеп келе жатңан шаруалар толңыны кезіндегі революцияшыл қызметіне байланысты, 1862 жылы 7 июльде Н. Г. Чернышевский тұтқынға алынып, Петропавловск қамалына отырғызылды, кейін Сибирьге мәңгі жер аударылады. Тек 1883 жы-

130

лы алдымен Астраханьда, кейіннен Саратовта тұруға рұқсат



алған еді.

Чернышевский айдауда 20 жылдан астам жүрді. Бірақ осынша азап жылдарын басынан кешірсе де, бұл тамаша революционер өзінің революцияшыл жолынан кайтпады. Ол Петропавловск қамалында “Не істеу керек?” романын, айдауда жүріп “Пролог” романын жазады.

Өзінің туған ңаласына келгеннен кейін Н. Г. Чернышевский зор творчестволық жұмыспен айналысып, халқы және жас ұрпақ үшін жаңа еңбектер беруді арман етеді, бірақ бұл арманы орындалмады. Жалынды патриот, еңбекші халықтың бостандығы мен бақыты жолында күрескер, ұлы ойшыл, революционер Н. Г. Чернышевский 1889 жылы 17 октябрьде қайтыс болды.

Н. Г. Чернышевскийдің революцияшыл қызметі мен көзқарасын

В. И. Ленин жоғары бағалады. “Чернышевский 50-жылдардан бастап 88-жылға дейін тұтас философиялық материализмнің дәрежесінде бола білген, неокантшылардың, позитивистердің, махистердің және басқа сондай шатастырушылардың өрескел сорақылықтарын лақтырып тастай білген орыстың бірден-бір шын ұлы жазушысы” х,— деп жазды В. И. Ленин.

Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Н. Г. Чернышевский заманының ірі материалисі болды, ол дүние материалдық және объективті деп таныды. Нақты материалдық дүние адам білімдерінің негізі, сондықтан ол — бірінші, ал біздің ойлауымыз — материалдық дүңиенің жемісі, сондықтан ол — екінші деп есептеген.

Қоғам өмірінің оқигаларын түсіндіруде Чернышевский тарихи материализмге қарай өрлеп отырды, бірақ ол идеализмнен де түпкілікті арыла алмады. Социализмге ескі шаруалар қауымдары арқылы өтуді арман етті, өйткені ол социализм орнататын күш пролетариат екенін білмеді жэне ол кезде білуі де мүмкін емес еді. Бірақ Чернышевский өзінің теориясымен ғылыми социализмге барлық утопистерден әлдеқайда жақын келді, өйткені ол өзінің үмітін революцияға артты. “Русъті қолдарына балта алуға шақырыңдар!” — деп жазды ол. Демек, Чернышевскийдің утопиялық социализмі оның революциялық демократизмімен тығыз байланысты болды.

Тәрбиенің_ролі'>Тәрбиенің ролі Чернышевский өз заманында кең талқыланып

мен мәні жатқан қоғамдық-педагогикалың мәселелерге араласты, соның бірі — адамның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жөнінен айтқан ойлары.

1 В. Й. Л е н и н. Шығармалар. 14-том, 397-бет.

131


Бұл мәселеге ол саяси мән берді, себебі үстем тап ойшылдары адамның қалыптасуын алдын ала туғаннан белгілеп, адамның кім болары баланың нәсіліне байланысты деген теріс ойлар тарататын. Бұл пікір сол кездегі орыс крепостной шаруаларының ауыр халінің, сауатсыздығының, мәдениетсіздігінің шын себептерін жасырып бүркемелеуге бағытталған еді.

Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез-құлқының, адамгершілігінің, басқа да қа-сиеттерінің өзгешелігі оның тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өмір жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады. Оның “Ғылыми ұғымдар очерктері” еңбегінде әр мамандықтағы адамдардың, мысалы: жер өңдеушілердің, ақсүйектердің, қолөнершілердің түсінігіндегі, мінез-құлқындағы және әдетіндегі өзгешеліктер тумыстан біткен өзгешеліктер емес, олардың қоғамда алатын орнына, еңбегі мен тұрмыс жағдайларына және тәрбиесіне байланысты деп есептеген.

Батыс Европаның социалист-утопистері көрсеткендей, Чернышевский адамды өз айналасын қоршаған дүние мен тәрбиенің дәрменсіз нәтижесі демеген, революционер болғандықтан, ол адам өзі өмір сүріп отырған ортасына, жағдайына белсенді араласуы тиіс, ұнамсыз ортамен күресуі керек деген. Міне, осылайша

Н. Г. Чернышевский тәрбиені адамның қалыптасуындағы негізгі факторлардың бірі деп дәлелдеп, оның ролі мен маңызын анықтауда көп ілгері тұрды. Бірақ Чернышевский де кейде тәрбиенің ролі мен мүмкіншілігін асыра бағалады.

Тәрбиенің маңызы жөніндегі мәселемен тығыз байланысты түрде Чернышевский самодержавиелік крепостнойлық құрылыс жағдайындағы Россиядағы тәрбиені, үкіметтің “ағарту”

саясатын негізінен сынап өтті. Өзінің “Ырымшылдық және логика ережелері” деген мақаласында елдің қарақғылығы мен сауатсыздығын сипаттады: “Россия империясында түрушы 65 немесе 70 миллион тұрғыннан 5 миллиондай оқи білетін адамдар бар деп есептеледі, бұл цифрдің өзі де артығымен алынған болар”',— деп қайғыра жазды. Көп мақалаларында ол мектептердің мүшкіл халін суреттейді: “Мектеп тарбиесінде Россияда да, Батыста да тоқыраушылық орын алған. Мұнан 300 жыл бүрынғыдай мектепте оқыту әдістері де төмен, баланың өз бетінше ойлауы түбірінен жойылған2. Осы көзқарастарынан кейін Чернышевский мектептің ағарту ісінің бұл жағдайы жаңаша ойластырылған негізде өзгеруі тиіс деген қорытындыға келеді.



1 II. Г. Ч е р н ы ш е в с к и й. Шығармаларының толық жинағы. IV том, 695-бет.

2 Бұл да сонда, XV том, 89-бет.

132


Тәрбиенің XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық

Маңсаттары педагогикалық қозғалыстың ықпалымен Чернышевский орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлерінің жалпыға бірдей білім беру талаптарын қолдады. Бірақ ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар екендігін көрсетті. Чернышевскийдің дәлелдеуінше, халықтың материалдық халжағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай право болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады.

Өзінің “Земледельческая газета” және “Июль монархиясы” мақалаларында бостандық пен ағарту ісінің бір-бірінен бөлінбестей байланыстылығын көрсетті, халық саяси өкімет билігін өз қолына алмай, ағарту жүйесі нағыз халықтың болмайтынын жете көре білді. “Саяси билік, материалдық әлауқат және білімділік осы. үш нәрсе бір-бірімен тығыз байланысты,— деп жазды ол,— кімде-кім қайыршылықта күнелтсе, ол өзінің ой-өрісін дамыта алмайды, ал ой-өрісі тар адам билікті өз өмірінің пайдасына жұмсай алмайды. Саяси билікті пайдалана алмайтын адам езгіден, демек, қайыршылықтан, надандықтан арыла алмайды” '.

Революционер Чернышевский халық ағарту ісін түбірлі

қайта құрудың басты жолы — халық революциясы деп білді.

Бұл мәселеде ол интернационалдық бағытта болды: ағарту ісіндегі ұлттық тежеушілікке қарсы шықты, білімді бүкіл халыққа жеткізу жолындағы күрес тек орыс халқының ғана ісі емес, өзге халықтардың да, бүкіл дүние жүзі адамдарының борышы дел есептеді. Осы мәселеге байланысты Чернышевский әр халықтың ана тілінде оқуын табанды түрде жақтады.

Н. Г. Чернышевский тәрбие мен оқытудың маңсаттары мен міндеттерін де революцияшыл-демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тәрбиенің мақсаты — қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, “азаматтық істерге” араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу.

Тәрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың аса маңызды қасиеттерінің бірі — отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді. “Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның отанға еткен еңбегімен, оның адамгершілік азаматтығы оның патриоттық күшімен өлшенеді”,— деп жазды. Ол бұл образды өзінің атақты “Не істеу керек?” романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді.

Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу,



1 Н. Г. Ч е р н ы ш е в с к и й. Толық шығармалары. VII том, 97—98-беттер.

133


жаңа қоғам күресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды.

Оқудың мазмұны Н. Г. Чернышевский жан-жақты жетілген жас

мен әдістері өспірімдер тәрбиесін жүргізудегі шешуші жол — жалпы білім беру, ал оны оқытып, үйрететін, онымен қаруландыратын орын мектеп деп есептеді. Ол халық мектептерін дамыту ісіне аса зор маңыз берді.

Чернышевскийдің зер сала көңіл бөлген мәселесі — осы мектепте берілетін білімнің көлемі мен бағыты жөніндегі мәселе еді. Ол осы кезде орыстың белгілі педагогы Н. И. Пироговтың “Өмір мәселелері” деген мақаласында негізделген мектепте алдымен жалпы білім беру жөніндегі ойларын қолдайды.

Жалпы білім Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның болашақ мамандықтарына негіз болады. Жан-жақты жетілдіруді көздейтін жалпы біліммен қаруландырмайынша, адамды білімді және маман деп түсінуге болмайды деді ол. Әрбір адам өзіне тән өмір саласының арнаулы жолына түсуіне қарамастан, жалпы білім оның болашағының мызғымайтын негізі болатындығын көрегендікпен дәлелдеп шықты. “Александр Сергеевич Пушкин...” деген еңбегінде жалпы біліммен қаруланған білімді адамды суреттейді: “Ол кең көлемді білімді, ойлауға машықтанған, сезімтал адам” '.

Білімнің бағыты жөнінде ойластыра келе, Чернышевский табиғат және қоғам туралы, яғни ғылыми жаратылыс және қоғамдық білімдер беруді талап етті. Материалист болуына байланысты Чернышевский жаратылыстану ғылымын аса жоғары бағалады. Бұл ғылымды ол айналасын қоршаған дүние туралы адамда дұрыс көзқарас қалыптастыратын, ескі наным, сенімдермен күресу құралы деп есептеді. Сөйткенмен де Чернышевский саяси-қоғамдық көзқарастарды қалыптастыратын ана тілінің, әдебиеттің, тарихтың маңызын да жоғары бағалап отырды.

Жаңадан құрылатын мектеп, Чернышевскийдің көрсетуінше, жаңа дидактикалық негізде, ескі мектептің әдістерінен басқа, жаңа оқыту әдістерімен жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру, оқыту әдістері мен тәсілдері оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дүрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуге тиіс деп есептеді. Материалдың көлемін, сипатын жане оңыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да, анықта-

1 Н. Г. Ч е р н ы ш е в с к и й. Толық шығармаяары. II том, 311 312-беттер.

134


маларда да қорытындылар мен тұжырымдардың анық та дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлай білуін дамытудың және де өздігінше білім алатын дағдыларын егудің маңызды құралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.

Чернышевский әсіресе мұғалімнің сабақтағы баяндауы мен әңгімесіне баса назар аударды, сабақтың тартымды формада, қарапайым да ұғымды, көп сөзді болмай, орынды дәлелдер, айқын мысалдар, анық деректер келтіріліп жүргізілуін талап етті.



Адамгершілік Н. Г. Чернышевский жас өспірімдерге,

тәрбисі болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген:патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кіші пейілділік, әдептілік т. б.

Патриотизм, Чернышевскийдің көрсетуінше, адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Орақ іске қызмет ету үнемі адамгерщілікті керек етеді дей отыра, Чернышевский гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сезімімен қарауы, қайырымды болуы, зиянды әрекеттер мен істерге қарсы шығуы, адам баласының мұқ-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес, мейрімсіз күрес жүргізе білуі тиіс. Ол жастарға М. В. Ломоносов пен Н. В. Гоголь патриотизмін үлгі етті.

“Саяси экономияның негіздері”, “Н. А. Добролюбов”, “Гоголь дәуірінің очерктері...” деген және тағы басңа шығармаларында

Н. Г. Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы, адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері іүіен әрекеті — кең мағынадағы еңбек деп есептеді. Сондықтан жастар табанды түрде еңбекке, жалпыға пайдалы жүмысқа тәрбиеленуі, оны сүйе білуі тиіс. Болашақ қоғамның барлық мүшесі өз әлдеріне қарай еңбекке араласады дей отыра, “Не істеу керек?” романында (“Вера Павловнаның төртінші түсі”) болашаң қоғамдағы ерікті де сергек еңбекті суреттейді. Чернышевскийдің ойынша, мектептің басты міндеті — оқушыларды еңбекті құрметтей білуге және оның дағдыларын үйрете білуге тиіс, бүл тек сөз арқылы иландырумен бітпейді, кайта балалар әр түрлі еңбек салаларына тікелей араласуы керек.

Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.

Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мұғалімге жүктеледі деп есептеді, сондықтан мұғалімнің

педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән бер-

135


ді. “Саяси экономияның очерктері” деген еңбегінде мұғалімді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп бағалады.

Ғылыми және идеялық мазмұны жағынан Н. Г. Чернышевскийдің педагогикалық көзқарасы, педагогика туралы Маркске дейінгі ойшылдар айтқан пікірлердің ең құндысы болып табылады. Педагогика мен ағарту ісіндегі реакцияшыл көзқарастарға қарсы күресте оның көзқарасы Россияның прогрессившіл күштерінің тамаша құралы болып табылады.



Николай Александрович Добролюбов (1836—1861)

Орыс халқының ұлы ойшылы, тамаша сыншысы және публицист, педагог Николай Александрович Добролюбов 1836 жылдың 24 январында Нижний Новгородта (қазіргі Горький қаласы), священниктің семьясында туды. Ол бастапқы білімді үйінде және діни мектептен алды. Діни семинарияда орта білім алғаннан кейін, Петербургтегі Бас педагогикалық институтқа түсіп оқиды.



Н. А. Добролюбов педагогикалық мәселелермен студент кезінде-ақ әуестенген, 1856 жылы “Современник” журналында оның Бас педагогикалық институттың тым мүшкіл халін суреттеген мақаласы жарық көреді. Н. Г. Чернышевскийдің бағалауынша, бұл мақала жұртшылыққа “тамаша әсер етеді”. Осы студенттік кезінде “Современник” журналына “Тәрбиедегі беделдің мәні туралы” деген әйгілі педагогикалық мақаласын жариялайды.

1857 жылы Н. А. Добролюбов институтты жемісті аяқтасымен, “Современник” журналының редакциясына тұрақты қызметке орналасады, мұнда ол алғашқы күннен бастап өзінің тамаша публицистикалық мақалалары арқылы асқан іскерлігі мен дарындылығын байқатады. Бірақ Н. А. Добролюбовтың тым әр салалы және жемісті қызметі ұзаққа созылмайды, жастайынан жабысқан өкпе ауруы күшейе береді. 1860 жылы шетелге емделуге барады, бірақ дерттің беті қайтпайды, 1861 жылы августа Петербургке қайта оралып, осыдан төсек тартып жатып қалады да, 1861 жылдың 17 ноябрінде 25 жасында дүние салады.

Н. А. Добролюбов институттан кейін творчестволың

136


жұмыспен төрт жыл шамасындай ғана шүғылдана алды, бірақ орыстың революцияшыл демократиялык, педагогикасының көсемдерінің бірі болған ол осы тым қысқа мерзімнің өзінде бірнеше болашақ ұрпақтардың да, өз замандастарының да сүйікті ақылшысы және ұстазы дәрежесіне көтерілген еді.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет