/
бөлім. Педагогиканыц жалпы негіздері
Енді бізге алғашқыда қойылған сүраққа жауап айқын болып отыр -
мүғалім шығармашылығына педагогикалық теорияны білу керек пе және келесі
сүрақ оған қандай да бір педагогикалық нормалар керек пе? Егер мүғалім
үсыныстарды және жазылымдарды тек жәй орындаушы ғана емес, өз бетінше
ойланатын кәсіби қызметкер ретінде қабылдаса, онда олар оның шығар-
машылығын шектемейді, керісінше, оған кеңістік жол ашылады, оған
көмектеседі. Нормативтік білімде шығармашылық тәжірибесінің нотижелері
ғылыми қайта ойластырылған күйінде көрініс табады, сондықтан да оған ол
тосқауыл қоя алмайды. Кез келген жағдайда ережелерді білу жоне кәсіптік
сауаттылық іске кесірін тигізе алмайды. Егер А.С. Пушкин оқи және жаза
алмаса, орыс тілінің грамматикасын білмесе, онда ол орыс әдебиетінің жарық
жүлдызы бола ал мае еді.
Мүгалім шығармашылығын “түсіну, үғыну” және
Ғылым терминдерінде
басқаларға жеткізе алу үшін оны
педагогикалық
практика туралы
теория категориялар үғымдарында ойластыру
ойлау дегеніміз не?
қажет.
Педагогикалық жүмыстағы сәттіліктер
немесе сәтсіздіктер туралы ойлай отырып, бүны
тек “жобаның терминдерінде” ғана емес, “ғылым терминдерінде” де қарастыра
алу керек. Бүл дегеніміз: мысалы, осындай материалды меңгере алмады, сүрастыру
болса өте баяу өтті, оқушылар айтылғанды түсінбеді, бірақ қайсыбір тәсіл
оқушылардың санасында себеп-салдарлы байланыстарды калыптастыруды
қамтамасыз ете алмады, саналы немесе бірізділік үстанымы іске аспай қалған
деп айтылуы керек.
Бір уақыттарда эксперимент жүргізілді, онда жой тэжірибелі мүғалімдер
мен өз ісінің шебері мүғалімдердің сабақта оқулық материалын қолдану
тосіліне қатынастары салыстырылған.
Барлық мүғалімдерге “Ертедегі IX ғасырдан XII ғ. басына дейінгі орыс
феодалдық мемлекеті” деген тақырып беріледі. Әр мүғалім VII сынып үшін
тарихтан оқу қүралын пайдаланып, өз сабағын қалай қүратындығы туралы
айту керек болды. Берілген сүрақтардың біреуі мынау еді: “Сіз оқу
материалының айтылу ретін өзгертесіз бе?” Тәжірибелі мүғалімдер оқулықта
материал жақсы келтірілгендіктен, олай жасамайтындықтарын айтты. “Осы
материалды айтып беруге қандай қосымша әдебиеттерді пайдаланасыз?”
деген сүраққа, олар былай деп жауап берді: “Оқулықта материал үлкен, оны
айтып беруді әзер үлгеріп жүрміз”. Ал шебер мүғалімдердің бүған козқарасы
басқаша болды. Олар тақырыпты оқушылардың алган қандай білімдеріне
сүйенуге болады және бүл тақырып болашақта қандай жаңа білімдерді
меңгеруге даярлайды деген көзқараспен қарастырған. Бүл ретте балалардың
жаңа материалды қабылдау психологиясы ескеріледі. Бүл мүғалімдер өздеріне
мынадай сүрақтар қойды: “Оқушыларға ерекше не қиын, не жеңіл; оздері нені
өз бетімен карастыра алады; оқулық бойынша оқып жоне осы сабақты өз
созімен айтып бер.уді тапсыруға бола ма?” Қосымша әдебиет туралы сүраққа
олар былай жауап берді: “Өйткені бір не басқа оқушылар үшін қызықты
болғанына қарап, әдебиетті алуға болмайды. Әдебиетті аларда фактілерді
іріктеп, оларды өзіңнен не үшін деп сүрауың керек: Нақты пайымдаулар
қалыптасу үшін бе? Білімдерді тереңдету үшін бе? Себеп-салдар байла-
ныстарын аныктау үшін бе? Берік есте сақтау үшін бе? Қосымша материалды
не үшін колданып жатқаным анык болса, мен оны қолданамын”.
|